Конкурс туралы хабарландыру барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар



Дата11.07.2016
өлшемі82 Kb.
#190319
БОС ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА

ЖАРИЯЛАНҒАН КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар:

Е-R-1 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; немесе жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе ғылыми дәрежесінің болуы; немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес болуы

Е-3 санаты үшін жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.

Е-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-G-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары

Санаты



Қызметтік жалақысы

қызмет атқарған жылдарына байланысты



теңгеден

теңгеге дейін

ЕR-1

109548

147986

Е-3

78798

106345

Е-4

59579

80720

ЕR-4

56376

76235

ЕG-3

53813

72391

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты, Аса ауылы, Абай көшесі 123, №206 бөлме, индекс 080200, тел. 8 (726)33 2-25-02, факс 2-25-02 электрондық пошта: zhambуl_asa_akim@mail.ru, бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, (ЕR-1 санаты, 1-бірлік, №02-01).


Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басқару. Аудан аумағында мемлекеттік сәулет және қала құрылысы, құрылыс саясатын жүргізу, қала құрылысын игеру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заң нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және бекітілген сәулет, қала құрылысы жобалау құжаттамасының сақталуын бақылау, бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларын, қала құрылысы тәртібін сақтай отырып іске асыру. Құрылыс, жөндеу жұмыстары ұсыныстар енгізу, құрылысы аяқталған нысандарды қабылдауды ұйымдастыру, қатысу. Ауданның абаттандыру, көріктендіру жұмыстарын жүргізу. Бөлім атқаратын функциялар бойынша аудан әкімі мен әкімдік актілерінің жобасын әзірлейді. Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауды жүргізу. Бөлімнің Ережесіне сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - өнер немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.

Мамандығы - сәулет немесе құрылыс.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

2. Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы, (Е-3 санаты, 1-бірлік, № 01-03-03)

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің қабылдаулары мен кездесулерінің жұмыс жоспарының, баяндамаларының жобасын әзірлеу. Мәдени-спорттық, басқа да іс-шаралардың жоспарларын дайындап, өткізілуін ұйымдастыру. Аудан әкімінің әлеуметтік салаға қатысты актілері мен Әлеуметтік сала бойынша күнделікті және ай сайынғы есепті дайындау. Жастар және жасөспірімдермен, әскер қатарына шақыру, жасөспірімдерді тіркеу учаскелерінде есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру және әкімдік қаулыларының жобаларын дайындау. Аудан әкімі мен орынбасарларының және аппарат басшысының, бөлімше басшысының басқа да тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік органдармен ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу және есептіліктерді ұйымдастыру. Аудандағы сайлаушылар санының есебін жүргізу және тоқсандық салыстырудан өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - білім саласында немесе құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы - білім саласында (жалпы) немесе құқықтану немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы).

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

3. Жамбыл ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің бас маманы, (негізгі қызметкердің бала күтімі еңбек демалыс уақытына), (E-4 санаты, 1-бірлік, №01-07-02).

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі аппараты мен ауылдық округтерде құнды заттардың ай сайынғы есебін жүргізу. Айлық, тоқсандық, жылдық баланстарды, бухгалтерлік кәртішкелер есебін, айналым ведомостьтарын, басқада бухгалтерлік жүйедегі жұмыстарды жүргізу. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырып, өткізу. Техникалық қызмет көрсету персоналының еңбек шарттарын жасап, басқа да құжаттарын жүргізу. Есеп кітабын және айлық жалақы,демалыстарды есептеу, қазынашылық құжаттары: төленетін қаржы реестрін, тапсырыс реестрін, өнім берушінің келісім-шарттары реестрін, анықтамалар реестрін, табыс салығының кітабын жүргізу. Қаржы тапсырыстары келісім-шарттардың орындалуын, төленетін қаржылар есебін, есептердің мерзімінде және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы - экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе статистика.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

4. Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы, (ER-4 санаты, 1-бірлік, № 6-02)


Функционалдық міндеттері: Білім мекемелеріндегі медициналық қызмет, білім беру ұйымдарындағы үйден оқытылатын және мүгедек балалармен жұмыс. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың денсаулығын нығайту, дене-бітімін жетілдіру, салауатты өмір салтын нығайту жөніндегі шаралардың орындалуы. Дамуында немесе мінез құлқында ауытқушылықтары бар кәмелетке толмағандарды үйден оқытылуға сағат бөлу туралы ұсыныстар енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – білім саласында. Мамандығы - білім саласында (жалпы).

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



5. Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің бас маманы (ER-4 санаты, 1-бірлік, №12-03)

Функционалдық міндеттері: Мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру. Жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы ұсыныстар енгізу. Тиісті әкімшілік бірліктің аумағында жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Мал көмінділері (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды қамтамасыз ету. Бөлімге жүктелген тапсырмалардың мерзімінде орындалуын бақылау. Күнделікті кіріс, шығыс құжаттарымен жұмыс жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – ветеринария саласында.

Мамандығы – ветеринария (жалпы).

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

6. Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі еңбек демалыс уақытына) (ER-4 санаты, 1-бірлік, №08-03)

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің іс қағаздарын жүргізу. Кадрлармен жұмыс. Аудан бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары туралы қажетті ақпараттарды жоғары органдарға беріп отыру, ақпараттық жүйесі жұмысын қамтамасыз ету. Бөлімде мұрағат құжаттарын рәсімдеу. Бөлім қызметкерлерінің әскери есебін жүргізу. №1 ОЛ нысанды есепті тапсыру. Өз саласы бойынша бағдарламалармен жұмыс жүргізу, аудан әкімі мен әкімдік актілерінің жобасын әзірлеу, тиісті мәліметтерді тапсыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе білім саласында немесе жаратылыстану ғылымдары.

Мамандығы – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе информатика.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

7. Ақбұлым; Полатқосшы ауылдық округі әкімі аппараттарының бас маман-есепшісі, (EG-3 санаты, 2-бірлік, №03-06; №16-07).

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округтегі құнды заттардың ай сайынғы есебін жүргізу. Айлық, тоқсандық, жылдық баланстарды, бухгалтерлік кәртішкелер есебін, айналым ведомостьтарын, басқада бухгалтерлік жүйедегі жұмыстарды жүргізу. Сенім хаттардың есебін жүргізу, шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру, іс-сапарлар кітабын жүргізу, мүліктік түгендеу тізімдемелерін жүргізу. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырып, өткізу. Техникалық қызмет көрсету персоналының еңбек шарттарын жасап, басқа да құжаттарын жүргізу. Есеп кітабын және айлық жалақы, демалыстарды есептеу, қазынашылық құжаттары: төленетін қаржы реестрін, тапсырыс реестрін, өнім берушінің келісім-шарттары реестрін, анықтамалар реестрін, табыс салығының кітабын жүргізу. Қаржы тапсырыстары келісім-шарттардың орындалуын, төленетін қаржылар есебін, есептердің мерзімінде және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы – экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе менеджмент.


«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.


8. Қызылқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық агенті, (EG-3 санаты, 1-бірлік, №13-05)

Функционалдық міндеттері: Округ аумағындағы салық төлеушілердің тізімін жасап, тұрғындарға салық төлеу жайлы хабарламаны дер кезінде таратып, тұрғындардан салық және өзге де төлемдерді жинау. Шаруашылық кітаптарына және салық төлеушінің бет есебіне тұрғындардың салық төлегені туралы мәліметті мерзімінде енгізу. Түспеген салықтық төлемдер бойынша және аппараттың қаржы-шаруашылық жұмыстарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

9. Бесағаш ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман әскери-есеп жүргізушісі (негізгі қызметкердің бала күтімі еңбек демалыс уақытына), (EG-3 санаты, 1-бірлік, №05-05).

Функционалдық міндеттері: Шақырылушылардың және әскери міндетті азаматтардың есебін жүргізу. Әскери міндеттілер мен шақырылушыларды қорғаныс істері жөніндегі уәкілетті органдарының шақыруы бойынша баруын қамтамасыз ету, шақыру есебі журналын жүргізу. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету. Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың жұмысын жүргізу. Әскери міндеттілер мен шақырылушылардың әскери есеп құжаттарындағы өзгерістер туралы мәліметтерді мерзімінде тіркеп, қорғаныс саласындағы уәкілетті органның есеп құжаттарымен салыстыру жұмыстарын жүргізу. Әкімнің басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - білім саласында немесе құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдары.

Мамандығы – білім саласында (жалпы) немесе құқықтану немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы).

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

10. Ақбастау; Бесағаш; Жамбыл; Қаратөбе; Қызылқайнар; Пионер; Тоғызтарау ауылдық округі әкімі аппараттарының ветеринария ісі жөніндегі бас маманы, (EG-3 санаты, 7-бірлік, №2-04 №05-06; №8-07; №11-06; №13-06; №15-04;№17-04)

Функционалдық міндеттері: Ветеринария саласын реттейтін ҚР Заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының тиісті әкімшілік аумақта орындалуын қамтамасыз ету. Жануарлар арасындағы жұқпалы аурулардың алдын алу және оларды жою жөнінде ветеринария саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып, іс-қимыл жасау, жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы ұсыныстар енгізу. Тиісті әкімшілік бірліктің аумағында жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Ветеринария саласындағы мәселелер бойынша халық арасында ағарту-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Тиісті уәкілетті органдарға ұсынылатын есептіліктерді жасау. Әкім аппаратының іс-шаралар жоспарын орындауға қатысу және басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – ветеринария саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары.

Мамандығы – ветеринария (жалпы) немесе мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы 06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі - Қағида); 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификаттың немесе оның нотариалдық куәландырылған көшірмесі.

Сертификат алу үшін келесі тестілеу бағдарламалары қарастырылған:



E-3, E-R-1 - санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге, мемлекеттік тілді білуге және логикаға арналған тестілерді қамтиды;

Е-4, E-R-4, E-G-3 - санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге, мемлекеттік тілді білуге және логикаға арналған тестілерді қамтиды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі 123 үй (2 қабат) мекен-жайда орналасқан Жамбыл ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурстық комиссияның үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.



Жамбыл ауданының әкімі Р. Дәулет

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет