Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар



Дата17.07.2016
өлшемі331.82 Kb.
#205332
Мойынқұм ауданы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға

ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

Е-R-1 санаты үшін: білімі - жоғары;

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;



Мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Е-R-3 санаты үшін: білімі - жоғары;

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



Мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Е-G-3 санаты үшін: білімі - жоғары;

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;


Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары




Санаты

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде

тенгеден бастап

тенгеге деін

1

Е-R-1

142412

192382

2

Е-R-3

96607

129920

3

Е-G-3

69957

94108

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты, 080600, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі №147 үй, кабинет №36, анықтама үшін телефондар, код: 8(72642) 2-44-87, 2-49-42, факс 2-44-87, электрондық пошта: moinkum_akimat@mail.ru, бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:


1. Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, 1 бірлік, санаты Е-R-1 (кадрлық коды №01-06-01).

Функционалдық міндеттері: Мәдениет және тілдерді дамыту саласы бойынша қабылдаған аудан әкімінің өкім, шешімдерін, аудандық әкімдіктің қаулыларын және жоғарғы орган актілерінің орындалуын бақылау. Нарықтық экономика бағытында мәдени-ағарту мекемелерінің жұмыстарына практикалық көмек көрсету және қызметін ұйымдастыру. Жергілікті атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, ұйымдардан тілдер туралы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақ тілі мен басқа тілдерді жетілдіру жөніндегі салалық бағдарламалар әзірлеу. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік тілде іс жүргізілуін енгізу бойынша шаралар дайындау және жүзеге асыру. Аудандық мәдени іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде ауданның мәдени-ағарту мекемелерінің жұмыстарын үйлестіреді. Азаматтардың жазбаша келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде орындалуын бақылайды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының, ішкі еңбек тәртібінің қызметшілер тарапынан сақталуына бақылау жасайды. «Е-қызмет» бағдарламасының жұмысына жауап береді. Бөлімнің құзіретіне кіретін тапсырмаларды орындайды және бақылайды. Аудан әкімінің тапсырмасын тікелей орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – білім саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы.

Мамандығы – білім саласындағы (жалпы) немесе мәдениеттану немесе экономика немесе қаржы немесе құқықтану.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Мәдениет туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.


2. Мойынқұм ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің есеп-санақ, экономикалық жоспарлау секторының меңгерушісі, 1 бірлік, санаты Е-R-3 (кадрлық коды №01-08-02).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын жүзеге асырады және бақылайды. Аграрлық кешенге кіретін кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің өндірістік, қаржылық, жылдық есеп-санағына қатысып, шаруашылық жұмыстарын реттеуде пайдаланып жүрген заңдардың дұрыс сақталуын бақылау. Бөлімнің жылдық қорытындылары бойынша есеп-санақ жүргізген есебінің мерзімінде тапсырылуына бақылау жасау. Бөлімдегі іс –қағаздарының нұсқаулық пен ережелерге сай жүргізілуіне бақылау жасап, қабылданған қаулы, шешімдердің орындалуын қадағалап отыру. Облыс және аудан әкімінің қабылдаған қаулы, өкім, шешімдерінің, оның орынбасарларының тапсырмаларын, аудан әкімдігінің орындалуын ұйымдастыру және іске асуына бақылау жасау. Болашағы бар ауылдық аумақтарды экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру. Даму жоспарын әзірлеу оның жұмысын жүргізу. Экономикалық ықпалдың басты тұлғалары болып табылатын жерді, негізгі қорларды, еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалана отырып ет, сүт, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұйымдастыру, тамақ өнеркәсібі өндірісін дамыту жұмыстарын үйлестіру. Аудан көлемінде барлық заңды және жеке тұлғалардағы мал басының өсуі мен мал өнімдерін өндіруді болжамдап, мал шаруашылығы саласында басты көрсеткіштердің жылдық және ұзақ уақыт жоспарларын жасай білу, ұсақ шаруашылықтарды ірілендіруге атсалысу, малды асылдандыру бағытында жұмыстар жасау. Тұжырымдамалық құжаттар әзірлеуге қатысу, бөлім құзіретіне енетін мәселелер бойынша аудан әкімінің өкім-шешімдерінің жобаларын әзірлеу және сараптау сонымен қатар бөлімнің бұйрығының жобасын дайындайды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының, ішкі еңбек тәртібінің қызметшілер тарапынан сақталуына бақылау жасау, бөлім қызметкерлерінің жұмыс табелін, еңбек демалысы кестесін жүргізеді. Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және бөлім басшысы тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Бөлім басшысы жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы.

Мамандығы – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе биотехнология немесе азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірісінің технологиясы немесе стандарттау, сертификаттау және метрология немесе тағам қауіпсіздігі.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы», «Ветеринария туралы», Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



3. Мойынқұм ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық жоспарлау секторының меңгерушісі, 1 бірлік, санаты Е-R-3 (кадрлық коды №01-10-02). (уақытша, негізгі қызметкер бала күту демалысынан шыққанға дейін).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын жүзеге асырады және бақылайды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басым бағыттарын айқындау, сараптау және жоспарлай білу, жергілікті бюджетті қалыптастыруға және жоспарлауға, бюджеттік инвестициялардың басым бағыттарын анықтау жұмыстарын үйлестіреді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік және орта мерзімдік даму жоспарларын дайындаумен айналысады, ол туралы анықтамалық-ақпараттарды жоғары органдарға тапсырады және оның іске асырылуына жауапты болады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының айлық, тоқсандық, жылдық көрсеткіштеріне сараптама жасайды, орта мерзімдік жоспарлап белгіленген болжамдық көрсеткіштердің орындалуын қадағалайды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы анықтамалар мен индикаторлық көрсеткіштерін және ауданның төлқұжатын әзірлейді, аталған есептерде базистік және ағымдағы жылдық есептерді салыстыра отырып талдау және сараптау жұмыстарын жүргізеді. Бөлімнің бұйрықтарын, тұрақты комиссиялардың шешімдерінің орындалуын бақылайды, оның заңдылығына жауапты. Бөлім бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу және құрастыру мәселелерімен айналысады. Шығыстар сметасының, кредиторлық берешектер туралы, қаржы бөліміне қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есептерді тапсырады. Еңбекақының есептелуін, ақшалай қаражаттардың қозғалысының талдамалы және синтетикалық есеп жүргізуін, бухгалтерлік баланстың құрастырылуын жасайды. Қазынашылық арқылы ақшалай қаражаттардың аударылуын жасайды. Экономикалық жоспарлау секторының жұмысын басқаруды жүзеге асырады, секторға жүктелген мақсаттар мен міндеттердің атқарылуын ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және бөлім басшысы тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Бөлім басшысы жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы

Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексін», «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



4. Мойынқұм ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі, 1 бірлік, санаты Е-R-3 (кадрлық коды №01-10-03). (уақытша, негізгі қызметкер бала күту демалысынан шыққанға дейін).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын жүзеге асырады және бақылайды.

Алдағы жылдарға арналған аудандық бюджет жобасын әзірлеумен, оны мәслихат сессиясына ұсынуға, оған тоқсан сайын өзгерістер мен толықтырулар жасаумен тікелей айналысады және оның сапалығына тікелей жауапты болуды үйлестіреді. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін уақытылы орындау үшін шешімдер қабылдап, ұсыныстар енгізеді. Жергілікті бюджеттің ақша қорының жобасын дайындайды және оған талдау жүргізеді, бюджет қаржысының игерілуіне болжауды және талдауды жүзеге асырады. Мемлекеттік мекемелердің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің талаптарының сақталуын қадағалайды. Жоғары органдардан келетін іс-қағаздарының сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді, өзге де мекемелермен арадағы құжат алмасуды үйлестіреді. Бюджеттік жоспарлау секторының жұмысын басқаруды жүзеге асырады, секторға жүктелген мақсаттар мен міндеттердің атқарылуына жауап береді. Ортамерзімдік фискалдық саясатқа негізделген бюджет және салық саясатын қалыптастырады. Облыстық басқарма арқылы келетін құжаттардың уақытылы орындалуын бақылайды. Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және бөлім басшысы тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Бөлім басшысы жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы

Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексін», «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



5. Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-01-02).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін жүзеге асыру жөніндегі округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, іс–шараларды жасайды және олардың орындалуын жүзеге асырады. Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің жұмысқа шығу табелін жүргізеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының іс-шарасын жүргізеді және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының, ішкі еңбек тәртібінің қызметшілер тарапынан сақталуына бақылау жасау, аппарат қызметкерлерінің жұмыс табелін, еңбек демалысы кестесін жүргізеді. Әкімнің сайты бойынша жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын жүргізеді. Округ көлемінде ауыл әкімінің тұрғындармен және мекеме ұжымдармен ұйымдастырушылық-ақпараттық байланысын ұйымдастырады. Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс жоспарының жобасын дайындайды. Әскери міндеттілердің есебін жүргізеді. Мемлекеттік награда жұмысын жүргізеді. Тұжырымдамалық құжаттар, аппарат құзіретіне енетін мәселелер бойынша аудан әкімінің өкім-шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысады. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы - жалпы

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы», «Атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Әскери қызмет туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



6. Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-02-03).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Азаматтардан түскен арыз шағымдарды тіркейді, тоқсандық статистикалық есебін «Айқын» бағдарламасы арқылы жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартарын жүргізеді. Сайлаушылар тізімін анықтап отыру, алқабилерге кандидаттар тізімін анықтап отыру. Награда жұмыстарының құжаттарының дайындалуын және тиісті жерге тапсырпды. Қоғамдық ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру іс – қағаздарын жүргізуді қадағалау. Округ көлемінде ауыл әкімінің тұрғындармен және мекеме ұжымдармен ұйымдастырушылық-ақпараттық байланысын ұйымдастырады. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы», «Атаулы әлеуметтік көмек туралы», Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



7. Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-06-04).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Өзіне сеніп тапсырылған қаржылық-материалдық құныдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есепке байланысты ақпаратар мен мәліметтерді белгіленген мерзіміне сай уақтылы тапсырып отыру жұмыстарын үйлестіреді. Шаруашылық, оперативтік операциялар бойынша бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін қаматамасыз етеді және бақылайды. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және оларды мемлекеттік мұрағатқа өткізілуін қаматамсыз ету. Бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын, қаржы – материалдық ресурстардың, жылу, электр қуатына, жанар – жағар май және кеңсе заттарына байланысты ұсыныстар енгізіп, ұйымдастырады. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы - экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексін», «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



8. Мойынқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-07-05).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Өз құзіреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының есебін береді. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Электрондық шаруашылық кітап есептерін жүргізеді және есебін тапсырады. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша тиісті жұмыс атқарады. Мерекелік іс шаралардың орындалуын қадағалайды. Округ аумағында төтенше жағдайлардың алдын-алу және табиғи өрттердің алдын-алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырып, іске асырады. Дін саласына қатысты іс-шараларды жүзеге асырады. Терроризм және экстремизмге қатысты шаралардың орындалуын ұйымдастырып, жүргізеді. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді. Азаматтардан түскен арыз шағымдарды тіркейді, «Айқын» бағдарламасы бойынша тоқсандық статистикалық есебін жүргізуге қатысады. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы», «Дін туралы», «Білім туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



9. Қылышбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-08-02).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін жүзеге асыру жөніндегі округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, іс- шараларды жасайды және олардың орындалуын жүзеге асырады. Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс жоспарының жобасын дайындайды. Округ әкімі аппаратындағы іс-қағаздарды, кіріс, шығыс хаттарды тіркеу жұмыстарын жүргізеді және шаруашылық кітап есептерін жүргізеді. «Алтын алқа», «Күміс алқа» көпбалалы аналардың және басқада марапатқа ұсынылған азаматтардың құжаттарын жинақтайды және ұсынуға әзірлейді. Азаматтардан түскен арыз- шағымдарды тіркейді, тоқсандық статистикалық есебін, жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі, зейнетақы төлеу орталығының, мемлекеттік қызмет көрсету стандартын, жастарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы және әскери-есеп столының жұмысын жүргізеді. Округтегі шағын және орта бизнесті, ауылшаруашылығын дамыту мақсатында жұмыс жасайды. Мерекелік іс шаралардың орындалуын қадағалайды. Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс жоспарының жобасын дайындайды. Дін саласына қатысты іс-шараларды жүзеге асырады. Терроризм және экстремизмге қатысты шаралардың орындалуын ұйымдастырып, жүргізеді. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, осы санаттағы нақты лауазымға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдылық және нормативтік-құқықтық актілерін білу. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы», «Атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы», «Дін туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



10. Қылышбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-08-04).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Өз құзіреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Округ аумағында төтенше жағдайлардың алдын-алу және табиғи өрттердің алдын-алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырып, іске асырады. Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің жұмысқа шығу табелін жүргізеді. Ақылы қоғамдық жұмысшылардың жұмыстарын қадағалау, табелін жүргізіп аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өткізіп отырады. Округ әкімі жанындағы атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын тағайындайтын учаскелік комиссияның жұмысын жүргізеді. Округ экономикасын дамыту мақсатында аудан әкімдігінің бөлімдерімен және басқада жергілікті мекемелермен тығыз жұмыс жүргізеді. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Округтегі шағын және орта бизнесті, ауылшаруашылығын дамыту мақсатында жұмыс жасайды. Мерекелік іс шаралардың орындалуын қадағалайды. Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссия жұмыстарының орындалуын жүзеге асырады. Дін саласына қатысты іс-шараларды жүзеге асырады. Терроризм және экстремизмге қатысты шаралардың орындалуын ұйымдастырып, жүргізеді. Округ әкімі аппаратының кадр жұмысын және «Е-қызмет» бағдарламасының жұмысын жүргізеді. Округ әкімінің атқарған жұмысы туралы есебін және баяндамасын әзірлейді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының іс-шараларын және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының, ішкі еңбек тәртібінің қызметшілер тарапынан сақталуына бақылау жасау, аппарат қызметкерлерінің жұмыс табелін, еңбек демалысы кестесін жүргізеді. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы», «Білім туралы», «Дін туралы» «Әскери қызмет туралы», «Атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



11. Қызылотау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-05-03).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Азаматтардан түскен арыз шағымдарды тіркейді, «Айқын» бағдарламасы арқылы тоқсандық статистикалық есебін жүргізеді. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының есебін береді. Округ әкімі аппаратындағы іс-қағаздарды, кіріс, шығыс хаттарды тіркеу жұмыстарын жүргізеді және шаруашылық кітап есептерін жүргізеді. Республикалық, облыстық жәрмеңкелерді ұйымдастырып жұмыстарын жүргізеді. Округтегі шағын және орта бизнесті, ауылшаруашылығын дамыту мақсатында жұмыс жасайды. Мерекелік іс шаралардың орындалуын қадағалайды. Дін саласына қатысты іс-шараларды жүзеге асырады. Терроризм және экстремизмге қатысты шаралардың орындалуын ұйымдастырып, жүргізеді. Сайлау жұмысын жүргізеді. Медиаторлардың құжаттарын әзірлеп аудан әкімдігіне өткізеді. Округ бойынша егін шаруашылығы есебін жүргізіп аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және аудандық статистика бөліміне тапсырады. Округ әкімі жанындағы атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын тағайындайтын учаскелік комиссияның жұмысын жүргізеді. Ақылы қоғамдық жұмысшылардың жұмыстарын қадағалау, табелін жүргізіп, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өткізіп отырады. Округ әкімі аппаратының кадр жұмысын және «Е-қызмет» бағдарламасының жұмысын жүргізеді. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы», «Атаулы әлеуметтік көмек туралы» «Дін туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



12. Ұланбел ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-10-03).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Өзіне сеніп тапсырылған қаржылық-материалдық құныдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есепке байланысты ақпаратар мен мәліметтерді белгіленген мерзіміне сай уақтылы тапсырып отыру жұмыстарын үйлестіреді. Шаруашылық, оперативтік операциялар бойынша бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін қаматамасыз етеді және бақылайды. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және оларды мемлекеттік мұрағатқа өткізілуін қаматамсыз ету. Бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын, қаржы – материалдық ресурстардың, жылу, электр қуатына, жанар – жағар май және кеңсе заттарына байланысты ұсыныстар енгізіп, ұйымдастырады. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы – экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексін», «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



13. Хантау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-11-04).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін жүзеге асыру жөніндегі ауыл әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, іс- шараларды жасайды және олардың орындалуын жүзеге асырады. Сайлаушылар тізімін жүргізеді. Ақылы қоғамдық жұмысшылардың жұмыстарын қадағалау, табелін жүргізіп аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өткізіп отырады. Ауылдық округ экономикасын дамыту мақсатында аудан әкімдігінің бөлімдерімен және басқа да мекемелермен тығыз жұмыс атқарады. Ауылдық округ бойынша егін шаруашылығы есебін жүргізіп аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және аудандық статистика бөліміне тапсырады. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары кәсіптік

Мамандығы – жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы», «Атаулы әлеуметтік көмек туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



14. Хантау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-11-05).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Өз құзіреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының есебін береді. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Округ әкімі аппаратындағы іс-қағаздарды, кіріс, шығыс хаттарды тіркеу жұмыстарын жүргізеді және шаруашылық кітап есептерін жүргізеді. Округ аумағында төтенше жағдайлардың алдын-алу және табиғи өрттердің алдын-алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырып, іске асырады. Дін саласына қатысты іс-шараларды жүзеге асырады. Терроризм және экстремизмге қатысты шаралардың орындалуын ұйымдастырып, жүргізеді. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін жүзеге асыру жөніндегі округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, іс – шараларды ұйымдастырады. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының тізімін жүргізіп жұмысын үйлестіреді. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы», «Білім туралы», «Әскери қызмет туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



15. Ақсүйек ауылы әкімі аппаратының бас маман-есепшісі, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-14-04).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Өзіне сеніп тапсырылған қаржылық-материалдық құныдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есепке байланысты ақпаратар мен мәліметтерді белгіленген мерзіміне сай уақтылы тапсырып отыру жұмыстарын үйлестіреді. Шаруашылық, оперативтік операциялар бойынша бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін қаматамасыз етеді және бақылайды. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және оларды мемлекеттік мұрағатқа өткізілуін қаматамсыз ету. Бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын, қаржы – материалдық ресурстардың, жылу, электр қуатына, жанар – жағар май және кеңсе заттарына байланысты ұсыныстар енгізіп, ұйымдастырады. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы – экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексін», «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



16. Ақбақай ауылы әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-13-02).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Шаруашылық кітап пен сайлаушылардың тізімін жүргізеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының, ішкі еңбек тәртібінің қызметшілер тарапынан сақталуына бақылау жасау, аппарат қызметкерлерінің жұмыс табелін, еңбек демалысы кестесін жүргізеді. Өкім-шешімдердің жобасын дайындайды. Награда құжаттарымен айналысады. Ауыл көлемінде ауыл әкімінің тұрғындармен және мекеме ұжымдармен ұйымдастырушылық-ақпараттық байланысын ұйымдастыру. Азаматтардан түскен арыз- шағымдарды тіркейді, «Айқын» бағдарламасы арқылы есебін жүргізеді, тоқсандық статистикалық есебін жүргізеді. Ауыл әкімінің атқарған жұмысы туралы есебін және баяндамасын әзірлейді. Ауыл әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және ауыл әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Ауыл әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



17. Шығанақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-15-03).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Азаматтардан түскен арыз шағымдарды тіркейді, «Айқын» бағдарламасы бойынша тоқсандық статистикалық есебін жүргізеді. Электронды үкімет бағдарламасының жұмысын үйлестіреді. Діни экстремизм және төтенше жағдайларды алдын алу шараларын ұйымдастырады. Округ көлемінде округ әкімінің тұрғындармен және мекеме ұжымдарымен ұйымдастырушылық-ақпараттық байланысын ұйымдастырып, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін жүзеге асыру жөніндегі округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, іс – шараларды ұйымдастырады. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы», «Атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Дін туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



18. Шығанақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-15-04). (уақытша, негізгі қызметкер бала күту демалысынан шыққанға дейін).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін жүзеге асыру жөніндегі округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, іс – шараларды ұйымдастырады. Ауыл тұрғындарының жиындарын ұйымдастырады. Округ әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін әзірлейді және заңдылығын жүзеге асырады. Округ әкімінің іс-қағаздарын жүргізеді және әзірлейді. Округ әкімі аппаратының жұмыс жоспарын және кадр қызметін жүргізеді. «Алтын алқа», «Күміс алқа» көпбалалы аналардың және басқада марапатқа ұсынылған азаматтардың құжаттарын жинақтайды және ұсынуға әзірлейді. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



19. Мыңарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-16-03).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін жүзеге асыру жөніндегі ауыл әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, іс- шараларды жасайды және олардың орындалуын жүзеге асырады. Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің жұмысқа шығу табелін жүргізеді. Бухгалтерлік есепке байланысты ақпараттар мен мәліметтерді белгілеген мерзіміне сай уақтылы тапсырып отыру, Шаруашылық, оперативтік операциялар бойынша бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін. Бухгалтерлік және оларды мемлекеттік мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз ету. Бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын, қаржы материалдық ресурстардың, жылу, электр қуатына, жанар –жағар май және кеңсе заттарына байланысты төлемдерді уақтылы аударылуын жүзеге асырады. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексін», «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



20. Мыңарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-16-04).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін жүзеге асыру жөніндегі ауыл әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, іс- шараларды жасайды және олардың орындалуын жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын, сайлаушылар тізімін жүргізеді. Ақылы қоғамдық жұмысшылардың жұмыстарын қадағалау, табелін жүргізіп аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өткізіп отыру. Округ әкімі жанындағы атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын тағайындайтын учаскелік комиссияның жұмысын жүргізеді. Округтің шаруашылық кітабын жүргізеді. Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссия жұмыстарының орындалуын жүзеге асырады. Округ көлемінде ауыл әкімінің тұрғындармен және мекеме ұжымдармен ұйымдастырушылық-ақпараттық байланысын ұйымдастырады. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



21. Мыңарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-16-05).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Өз құзіреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының есебін береді. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Ауыл әкімі аппаратындағы іс-қағаздарды, кіріс, шығыс хаттарды тіркеу жұмыстарын жүргізеді және шаруашылық кітап есептерін жүргізеді. Республикалық, облыстық жәрмеңкелерді ұйымдастырып жұмыстарын жүргізеді. Округ аумағында төтенше жағдайлардың алдын-алу және табиғи өрттердің алдын-алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырып, іске асырады. Дін саласына қатысты іс-шараларды жүзеге асырады. Терроризм және экстремизмге қатысты шаралардың орындалуын ұйымдастырып, жүргізеді. Сайлау жұмысын жүргізеді. Медиаторлардың құжаттарын әзірлеп аудан әкімдігіне өткізеді. Тұжырымдамалық құжаттар, бөлім құзіретіне енетін мәселелер бойынша аудан әкімінің өкім-шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысады. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы», «Білім туралы», «Дін туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері  министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;


2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен жай бойынша орналасқан Мойынқұм ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі №147 мекен жайда орналасқан Мойынқұм ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет