Конкурс туралы хабарландыру орналастырылды «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» мм



Дата11.07.2016
өлшемі59 Kb.
#190389
2016 жылғы 10 наурыздағы «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурсында ішкі конкурс туралы хабарландыру орналастырылды
«Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ
Қызылжар ауданы жергілікті орындаушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына ішкі конкурс жариялайды.

1. «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ экономика және ауыл шаруашылық мәселелері жөніндегі бас маман.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Аудан әкімі орынбасарының тапсырмаларын орындау. Ауданның әлеуметтік және экономикалық процесінің дамуына, бюджеттің және салық төлемдерінің орындалуына ақпараттық-аналитикалық жұмыс және мониторинг жүргізу. Шағын және орта бизнес. Агроөндірістік кешен және өңдеу кәсіпорнының даму жағдайына талдау жасау. Ауыл шаруашылық құрылымдарға мониторинг жүргізу. Іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру және есептілік құрастыру. Іс-шаралар өткізу тәртібін ресімдеу, хаттамалар жүргізу, аудан әкімі орынбасарының жетекшілік ететін салалары бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылау. Жоғары тұрған мемлекеттік өкімет және басқарма құжаттарының орындалу мерзімдеріне бақылау жүргізеді. Жетекшілік ететін мемлекеттік мекемелерге құжаттардың уақытында жетуіне және қаралуына бақылау жүргізеді; жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қабылдайды; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізеді. Аудан әкімі орынбасарының басшылық ететін комиссияның хатшысы болып табылады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «ауыл шаруашылық ғылымдар», немесе «құқық» бейіндері бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

     1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.



2. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ құқықтық жұмыстар, жерге орналастыру және әскери есеп үстелі бойынша бас маман.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-G-3. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Ауылдық округтің кәмелетке толмаған азаматтарының дәрігерлік қаралудан өтуін қадағалау. Әскери комиссариатта әскерге шақыруға жарамды ауылдық округі тұрғындарының уақтылы және толық медициналық тексерістен өтуін қамтамсыз ету. «Жалпыға бірдей әскери міндет туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің «Әскери қызметті өтудің Ережесі» Қазақстан Республикасының Заңдарын. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Қатардағы сержанттар мен запастағы офицерлердің есебін жүргізу. Ауылдық округтегі білім және денсаулық мекемелерімен бірлесе отырып, мәдени-спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру.Тыл еңбеккерлерінің құжаттарын рәсімдеу, әскери міндеттілердің есебін жүргізуді қамтамасыз ету және оған байланысты іс жүргізу, аудандық комиссариатпен, соғыс ардагерлерімен, соғыста қаза тапқан ардагерлердің отбасыларымен, Ардагерлер Кеңесімен байланыс жасау. Жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын басшылыққа ала отырып, жастардың еңбек құқығын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді, ішімдікке, қылмысқа, жастар арасында нашақорлыққа қарсы кешенді шаралар ұйымдастыруды өткізу. Әрдайым ауылдық округтің мектептерімен тығыз байланыста болу. Ауылдық округ аумағында өткізілетін жаппай мәдени іс-шаралаға қатысу және отбасылық балалар мерекерін, конкурстар, спорттық жарыстар ұйымдастыру. Денешынықтыру және спорттың дамуына қолдау көрсету. Ауыл жастарын селоны көркейту және абаттандыру, ағаш отырғызу және басқа да қоғамдық жұмыстарға жұмылдыру. Салық инспекциясымен бірлесе отырып заңды және жеке тұлғалардың жерлеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар жер қатынастары бөлімімен егістік егу үшін алынған жерлерге түгендеу жүргізіп, мақсатты түрде пайдаланылммайтын жерлерді анықтау. Әскери міндеттілер мен шақырушылардың алғашқы есебін ұйымдастыру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: «білім», немесе «құқық»,немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (құрылыс), немесе «қызметтер» (жерге орналастыру) бейіндері бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

     1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішке конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық почта мекен-жайына не E-gov» электронды Үкімет порталды немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ және уәкілетті органның интернет-ресурсында мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегрлендірілген ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет