Конкурс туралы хабарландыру



Дата17.07.2016
өлшемі36.14 Kb.
#206359
Корпус «Б»

бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы

хабарландыру

Бөкей ордасы ауданы әкімі аппараты: 090200, БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 31 үй, 3 қабат, 28 кабинет, анықтама үшін телефондар: 8-(71140) 21130, 21190, факс 8-(71140) 21230, электрондық адресі: akimat_bokeyorda@mail.ru бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

Бөкей ордасы ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е-R-1 санаты (индексі 05-01-01), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 164205 теңгеден 192545 теңгеге дейін.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы мамандықтары бойынша жоғары білім.

Функционалдық міндеттері: Аудандық бюджеттің орындалуын қадағалау, жергілікті бюджеттің кассалық қол қойылуын жасақтау, жергілікті бюджеттің түсімінің мониторингінің және жергілікті бюджеттің бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету, ағымдағы нысаналы трансферттерді мақсатты және нәтежиелі пайдалану жұмыстарын жүргізу және e-minfin сайтына салу, анықтамалар мен қаражаттың қозғалыс тізімін әзірлеу, жұмысты бақылау бағытында талдау ақпараттарын әзірлеу. Облыстық және аудандық жоғарғы органдарға бюджет жөнінде есеп беру.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: E-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4,D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      4) ғылыми дәрежесінің болуы;*

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.*

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс. Компьютерде жұмыс істей білуі қажет. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

      * Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

      Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:


  • нысан бойынша жазылған өтініш;

  • тиісті персоналды басқару қызметімен куәландырылған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері құжат тігілетін мұқабада орналастырылған күйде әкеліп берген, поштамен немесе электрондық пошта адресіне электронды түрде жіберген құжаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.


Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның әңгімелесу отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.



Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет