Конкурс туралы хабарландыру



Дата17.07.2016
өлшемі35.9 Kb.
#206360
Корпус «Б»

бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Бөкей ордасы ауданы әкімі аппараты: 090200, БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 31 үй, 3 қабат, 28 кабинет, анықтама үшін телефондар: 8-(71140) 21130, 21190, факс 8-(71140) 21230, электрондық адресі: akimat_bokeyorda@mail.ru бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е-G-3 санаты
(индексі 19-01-02), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69956 теңгеден 93275 теңгеге дейін.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім.

Функционалдық міндеттері: ҚР Президентi мен Үкiметiнiң Заңдарының, нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң, облыс, аудан әкiмдерiнiң, басқа да жоғарғы органдар шешiмдерi мен өкiмдерiнiң орындалуын бақылау. Ауылдың әлеуметтiк мiндеттерiн шешуге атсалысу, қоғамдық-саяси шараларды ұйымдастыру және өткiзу. Ауыл тұрғындарының, шаруа қожалықтарының шаруашылық кітаптарын жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және есептерді дайындау. Ауылдық округ әкiм аппаратының шаруашылық жұмыстарымен айналысу. Әлеуметтік бағдарлама бойынша төленетін төлемдерге ауыл тұрғындарының құжаттарын жинақтап, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне уақтылы тапсыру. Еңбек биржасына тіркелген жұмыссыздар есебін жүргізу, қоғамдық жұмыс істейтін адамдардың жұмысын қадағалау, ауылдық округ әкімі аппаратының ақпараттық жұмыстарын және іс қағаздарын жүргізу. Бюджетке тұрғындардан түсетін салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің уақытылы жиналуын ұйымдастыру. Ауылда шағын кәсiпкерлiктi дамытудың жағдайларын жасау. Бұл жөнінде аудан әкімі аппаратына және басқа да тиісті органдарға белгіленген үлгіде шұғыл есептер беру.

Е-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;     

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

       4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

      * Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

      Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:


Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері құжат тігілетін мұқабада орналастырылған күйде әкеліп берген, поштамен немесе электрондық пошта адресіне электронды түрде жіберген құжаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.


Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның әңгімелесу отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.



Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.
26.04.2016

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет