Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: е-r-3 санаты үшін: білімі жоғары



Дата04.07.2016
өлшемі136 Kb.
#177975
түріКонкурс

БАҚ-ң жариялану күні:

«Ақ жол» 25.08.2015 жыл




«Знамя труда» 25.08.2015 жыл

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-R-3 санаты үшін: білімі - жоғары;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) ғылыми дәрежесінің бар болуы.



Е-R-4 санаты үшін: білімі - жоғары;

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.



Е-G-3 санаты үшін: білімі - жоғары;

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.



Е-G-4 санаты үшін: білімі – жоғары; немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық; немесе кәсіптік білім.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық жалақысы


Санаты


Еңбек сіңірген жылдарына байланысты





min

max

Е-R-3

74313

99938

Е-R-4

56376

76235

Е-G-3

53813

72391

Е-G-4

48047

64704


Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің аппараты

(080100, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, № 107, каб. №20 тел: 8(726-37) 2-28-11, 8(726-37) 2-25-26,

Факс: 8(726-37) 2-17-54, электрондық почта: baizak_akimat@mail.ru)

бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.
1. Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бухгалтерлік есеп және қаржыландыру секторының меңгерушісі, (№07-09), /E-R-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Секторға жалпы басшылық жасау, әлеуметтік төлемдер бойынша азаматтарды қабылдау, тиісті түсініктемелер беру. Смета шығыстары мен штаттық кесте дайындау, бағдарламалар бойынша бекітілген қаржының тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есеп жүргізу, банк құжаттарын, төлем тапсырмаларын талдау және тиісті мекемелерге берілетін мәліметтерді бақылау. Қызметкерлердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын реттеп, еңбек өтілін анықтайтын комиссия жұмысын үйлестіру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес.

Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстанның – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Тұрмыстық қатынастар туралы», «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы», «Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік- құқықтық актілер туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.



2. Байзақ ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің «Бюджеттік жоспарлау» секторының бас маманы «Б» корпусы, (02-04), /E-R-4 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Аудан бюджетін жоспарлауға қатысады және бюджеттік бағдарламалар бойынша талдау жасайды. Ағымдағы және дамуға арналған мақсатты трансферттердің орындалуы мен мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметкерлердің штат бірліктерінің саны мен жалақы қорының есебін жүргізу. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер мен олардың атқарылуына талдау жүргізу.

Бөлімге жүктелген тапсырмалардың мерзімінде орындалуын бақылау, мекеменің бақылауындағы құжаттардың уақтылы орындалуын қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес.

Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

«Қазақстанның – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.



3. Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту және ардагерлер мен мүгедектер ісі секторының бас маманы «Б» корпусы, (07-05), /E-R-4 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес жұмыссыздарды даярлау, қайта

даярлау және білітілігін арттыруға, қоғамдық жұмыстарға және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілуін ұйымдастыру, арнаулы мамандығы бар жастардың жастар практикасынан өтіп, іс-тәжірибе жинақтауы үшін жұмыс берушілерге орналастыру.

Жеке оңалту бағдарламалары бойынша мүгедектердің қажетті сурдо

тифло техникалармен, жеке көмекші қызметтерімен, санаторий-курорттық жолдамалармен қамтылуы үшін құжаттарын рәсімдеу.

Секторға келіп түскен құжаттарды мерзімінде орындау, қажетті мәліметтер мен ақпараттар әзірлеу.

Автоматтандырылған «Жұмыспен қамту» және «Еңбек нарығы», «Е-Собес», «МОДҚ (ЦБДИ)» бағдарламаларын жүргізу.

Ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып жұмыспен қамту мәселесіне қатысты жұмыс берушілермен жасалынған келісім шарттардың орындалуын үйлестіру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ортадан кейінгі құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылығын жоспарлау.

Мамандығы: құқықтану немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе автоматтандыру және басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе техник-жоспарлаушы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Тұрмыстық қатынастар туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



4. Байзақ ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджет атқару және коммуналдық меншік жөніндегі сектордың бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шыққанға дейін), (09-03), Е-R-4 санаты бойынша 1-бірлік.

Функционалдық міндеттері:

Аудан бюджетінің бюджеттік бағдарламаларының орындалуы туралы мәліметтердің жиынтығын жасау. Аудандық бюджеттің орындалуы туралы есептегі көрсеткіштердің жиынтығын жасау (бекітілген, нақтыланған, түзетілген). Аудандық бюджеттің орындалуы туралы оперативтік мәліметті жасау. Аудандық бюджеттің өзара қатынасы бойынша жоспарлары өзгерістерінің есебін жүргізу. Жергілікті атқарушы органның қорының пайдалану туралы айлық мәлімет жинақтау. Аудандық бюджеттің орындалуы туралы айлық, тоқсандық есептерін талдау және бақылау, аудандық бюджеттің есебі бойынша қорытынды дайындау. Аудан бойынша түсімдердің нақтыланған жоспарын жүргізу. Ағымдағы қаржы жылына болжамдалған бюджет кірісінің орындалуына және аудан мекемелері бойынша бюджеттің атқарылуын орындалуына мониторинг жүргізеді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің еңбек ақы төлеуге қаралған қаржылық жоспарына және оның төленуіне мониторинг жүргізеді.

Коммуналдық меншіктегі мүліктерге мониторинг жүргізеді, аудандық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру процесін ұйымдастырады, жекешелендіру обьектісін бағалауды қамтамасыз етеді, обьектілерді сатуға дайындайды және келісім шарттар жасайды (жеке және заңды тұлғалармен). Аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді, ауданның құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады. Мемлекеттік мүліктер тиімді және мақсатты пайдалануын бақылайды. Коммуналдық меншіктегі мүліктерді жалға беру жұмысын ұйымдастырады, есебін жүргізеді.

Бюджеттің орындалуы мен міндеттерді үйлестіру жұмыстары бойынша мекеме-ұйымдармен (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен) сектор тарапынан өзара байланыс жасайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе ортадан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы – Экономика немесе қаржы және несие немесе есеп және аудит.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңдарын және «Бюджет кодексін» осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Компьютерде жұмыс істей алу

5. Байзақ ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шыққанға дейін), (№12-2), /E-R-4 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Аудандағы мекеме ұйымдардағы дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің және бағынысты ұйымдардың бухгалтерлік есебін және қаржылық шаруашылық жұмыстарын жүргізу. Дене шынықтыру-сауықтыру, спортты және басқа қызметтердің жиынтық есептерін және сараптама материалдарын дайындау. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мамандарының сапалық және сандық жағынан қамтамасыз етілуін сараптау. Бөлімнің жұмыс жоспарын жасалуын, номенклатураға сәйкес іс-қағаздарының жүргізілуін қамтамасыз ету. Бөлімге келіп түскен арыз шағымдарды тіркеуге алып, уақытылы жауап беруді және бөлім бойынша бұйрықтарды шығару жұмыстарын жүргізу.

Бөлім мамандары мен жаттықтырушы-оқытушылардың біліктілігін көтеру және қайта даярлықтан өтуін қадағалау.

«Дене шынықтыру және спорт туралы», «Еңбек туралы» Заңдарының және көпшілік – спорт жарыстары кезіндегі техника қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық норма ережелерінің сақталуын қадағалау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – білім саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы: дене шынықтыру және спорт немесе экономика.

«Қазақстанның – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Еңбек, Жер Кодекстерін, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



6. Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маман, (№23-05), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринарлық іс шаралардың орындалуын және оларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепті жүргізіп, жинақтап,талдап оларды уәкілетті органға табыс етуін қамтамасыз етеді. Азаматтарды жеке сұрақтар және арыз шағымдармен қабылдау.

Ауылдық округ маңындағы халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау және оларды емдеуді ұйымдастыру, ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуімен таралуынан қорғау, жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаның ластаудың алдын алу және оны жоюды жүзеге асыруынан қадағалау. Ауылдық округтегі лицензиялық мал дәрігердің жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастырады және бақылайды.

Аудан әкімі мен ветеринарлық бөлімі ауылшаруашылық бөлімі жергілікті атқарушы органдар және санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен бірлесіп іс қимыл жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Ветеринария.

Мамандығы: ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



7. Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшенің ветеринар бас маман, (№25-04-03), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепті жүргізіп, жинақтап, талдап оларды уәкілетті органға табыс етуін қамтамасыз етеді. Ауылшаруашылық, экономикалық салалары бойынша мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады. Аудан әкімі мен ветеринарлық бөлімі ауылшаруашылық бөлімі жергілікті атқарушы органдар және санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен бірлесіп іс қимыл жасау. Жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс – шаралардың орындалуын және оларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Азаматтарды жеке сұрақтар және арыз – шағымдармен қабылдау. Бөлімше басшысының басқада тапсырмалар орындау.

Ауылдық округ аумағында халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеуді ұйымдастыру, ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағын басқа да мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау, жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын – алу және оны жоюды жүзеге асырыуын қадағалау. Ауылдық округтегі лицензиялық мал дәрігердің жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастырады және бақылайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Ветеринария.

Мамандығы: ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



8. Ботамойнақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, (№ 17 – 08), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы саласы бойынша мал дәрігердің жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастырады және бақылайды.

Ауылдық округ аумағында айналымдағы егістік жерлерді тиімді пайдалануын қамтамасыз ету, шаруа қожалықтары мен жұмыстар ұйымдастырып, ірілендіру бағытында және мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізу. Мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың жерді тиімді пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларын үйлестіру. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жұмыстарды жүргізу. Азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдайды. Ауылдық округі аумағында спорттық іс шараларды ұйымдастырып, жүргізу.Жергілікті салықтардың түсімін қадағалау. Ауылдық округ аумағында халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, қоршаған ортаның ластануының алдын-алу және оны жоюды жүзеге асыру.

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімдерімен және аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен бірлесіп, іс-қимыл жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе білім немесе ветеринария немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.

Мамандығы – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе білім (жалпы) немесе ветеринария (жалпы), немесе құқық (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, Ветеринария саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



9. Үлгілі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, (№ 16-04 ), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы саласы бойынша мал дәрігердің жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастырады және бақылайды.

Ауылдық округ аумағында айналымдағы егістік жерлерді тиімді пайдалануын қамтамасыз ету, шаруа қожалықтары мен жұмыстар ұйымдастырып, ірілендіру бағытында және мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізу. Мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың жерді тиімді пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларын үйлестіру. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жұмыстарды жүргізу. Азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдайды. Ауылдық округі аумағында спорттық іс шараларды ұйымдастырып, жүргізу.Жергілікті салықтардың түсімін қадағалау. Ауылдық округ аумағында халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, қоршаған ортаның ластануының алдын-алу және оны жоюды жүзеге асыру.

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімдерімен және аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен бірлесіп, іс-қимыл жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе білім немесе ветеринария немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.

Мамандығы – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе білім (жалпы) немесе ветеринария (жалпы), немесе құқық (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, Ветеринария саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



10. Үлгілі ауылдық округі әкімі аппаратының есепші бас маман, (№16-03), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Ауылдық округтегі салық төлеушілердің жалпы саны және салық мөлшерін анықтау, өндірілмей келе жатқан салық қарыздарын өндіру шараларын жүзеге асыру. Округ аумағында жаңадан ашылған салық төлеушілерді тіркеуге алып, түсініктеме жұмыстарын жүргізу. Салық төлеушілерге төленген салық үшін дер кезінде түбіртек (квитанция) беру және салықтардың қаржысын банкке өткізу. Округ әкімі аппаратының есеп – қисап жұмыстарын жүргізу, тиісті органдарға уақытылы есеп беру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы – экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Бюджет, Салық Кодекстерін, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



11. Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округі әкімі аппаратының есепші бас маман, (№ 23-04), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Округ әкімі аппаратының есеп-қисап жұмыстарын жүргізу, тиісті органдарға уақтылы есеп беру. Жұмсалатын қажетті қаржыларды жоспарлап, оны мәслихатта бекіту. Бөлінген қаржының дұрыс, әрі толық игерілуін ұйымдастыру.

Ауылдық округ әкімі аппаратының материалдық құндылықтарының есебін жүргізу. Жұмысшы-қызметкерлердің айлық жалақыларын басқада төлемдердің уақтылы берілуін қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, «Бюджет кодексі», «Салық кодексі», осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



12. Қостөбе ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізуші бас маман, (№ 23-03), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Ауылдық округ әкімі жоқ кезінде міндетін атқару. Аппараттың регламенті мен жұмыс жоспарын дайындау. Аппарат қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртібінің орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысын жоспарлау, болжамдау, ұйымдастыру. Іс қағаздары мен азаматтардан түскен арыз – шағымдарды тіркеп, мерзімінде орындалуын қадағалу және оларға талдау жасау. Округтегі құжат айналымын электрондық пошта арқылы бір жүйеде жүргізілуін қамтамасыз ету. Ауылдық округ аумағында идеологиялық жұмыстарын ұйымдастырып, басшылық ету.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – педагогикалық немесе заңгерлік немесе жалпы техникалық немесе ауылшаруашылық. Мамандығы – Педагогика (жалпы) немесе заңгерлік (құқықтану) немесе экономика немесе жалпы техникалық немесе ауылшаруашылық .

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, Еңбек Кодексі, «Аппараттағы іс-қағаз жүргізу» Ережесі, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей алу.



13. Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі әкімі аппаратының қаржы агенті бас маман, (№28-05), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Салық төлеушілердің жалпы салық және салық мөлшерін анықтау, өндірілмей келе жатқан салық қарыздарын өндіру. Жаңадан ашылған салық төлеушілерді тіркеуге алып, түсініктеме жұмыстарын жүргізу. Салық төлеушілермен кездесіп, салықты мерзімінде төлеудің қажеттілігін түсіндіру. Ауылдық округте жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың жер заңдарын, жерді тиімді пайдалану - мен қорғау жөніндегі шаралардың орындалуына бақылау жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында.

Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе статистика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, Салық Кодексі, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



14. Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының құжаттама құрылымдық бөлімшенің әскери есеп жүргізуші бас маман «Б» корпусы, (32-03-03), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Ауылдық округ аумағындағы жасөспірімдерді диспансеризациядан өтуін қамтамасыз ету, ауылдық округ аумағындағы әскерге шақырушы жастарды дәрігерлік тексеруден өткізу үшін әскери комиссариатқа мерзімінде және толық баруын қамтамасыз ету. Запастағы жауынгерлер, сержанттар мен офицерлердің есебін жүргізу. «Әскери қызмет туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндет туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» заңдарының орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округ аумағында білім беру, денсаулық қорғау мекемелерімен бірлесіп іс-қимыл жүргізу. Ауылдық округ аумағында ауыл шаруашылық, төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс жұмыстарын ұйымдастырып, басшылық ету. Мәдени-спорт шараларына басшылық жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе білім немесе құқық.

Мамандығы: экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе білім (жалпы) немесе құқықтану немесе халықаралық құқық.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік –құқықтық актілерін білу.



15. Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық округі әкімі аппаратының әскери есеп жүргізуші жетекші маман «Б» корпусы, (16-05), /E-G-4 санаты -1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Ауылдық округ аумағында жасөспірімдерді диспансеризациядан өтуін қамтамасыз ету. Ауылдық округ аумағында әскерге шақырушы жастарды дәрігерлік тексеруден өткізу үшін аудандық қоғаныс істері жөніндегі бөлімге мерзімінде және толық баруын қамтамасыз ету. Запастағы жауынгерлер, сержанттар мен офицерлердің есебін жүргізу. «Әскери қызмет туралы», «Жалпыға бірдей міндет туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңдардың орындалуын қамтамасыз ету. Салық төлеушілердің жалпы санын және салық мөлшерін анықтау, өндірілмей қалған салық қарыздарын өндіру. Жаңадан ашылған салық төлеушілерді тіркеуге алып, түсініктеме жұмыстарын жүргізу. Салық төлеушілердің салық пен декларацияны мерзімінде өткізілуін қадағалау. Мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтарды жер заңдарын, жерді тиімді пайдалану мен қорғау жөніндегі шаралардың орындалуын жасау. Ауылдық округ аумағында білім беру, денсаулық қорғау мекемелерімен бірлесіп іс-қимыл жүргізу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы: жалпы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндет туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру сәйкесті салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

16. Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының құжаттама құрылымдық бөлімшесінің жетекші маман «Б» корпусы, (32-03-04), /E-G-4 санаты -1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Округтегі шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады. Ауылдық округтің шаруашылық жөніндегі №1 нысандағы кітаптарын, алфавиттік кітаптарын нұсқауға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету. Ауыл әкімі аппаратындағы жергілікті компьютерлердің жұмыс барысын қадағалау. Сайлауға қатысты жұмыстарға ықпал жасап,сайлаушылар санын анықтау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

Мамандығы:жалпы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Сайлау туралы», Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру сәйкесті салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы 06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі-Қағида);

2) 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға құқық беретін сертификатты алу үшін келесі тестілеу бағдарламалары қарастырылған:

Е-R-3 санаты бойынша тестілеу бағдарламасы:

мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ).

E-R-4, Е-G-3 және Е-G-4 санаттары бойынша тестілеу бағдарламасы:

мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру

соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Байзақ ауданы әкімі аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген

құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, № 107, (№20 - кабинет) мекенжайында орналасқан Байзақ ауданы әкімі аппаратында әңігімелесуден өтеді.



Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет