Модуль В. "Ата-анамен қарым-қатынас"
Тапсырма. Жас ерекшелік топтарында ата-аналар жиналысын әзірлеу және өткізу. АКТ-ны қолдана отырып, (тренинг немесе шеберлік сынып) презентация жасау
Мақсаты: ата-аналар жиналысын өткізу іскерлігін көрсету.
Нысанның сипаттамасы: ата-аналар жиналысы. (тренинг немесе шеберлік сынып)
Тапсырманы орындауға арналған уақыт лимиті: 1 сағат 30 мин
Тапсырманы ұсынуға уақыт лимиті: 15 минут.
Тапсырма:
1.Мақсаты мен міндеттерін анықтау.
2.Материалдар мен жабдықтарды таңдау.
3.Ата-анамен жұмыстың құрылымы мен барысын әзірлеу.
4.Мазмұнды таңдау.
5.Жұмыс аяқталғаны және ата-анамен жұмысты көрсетуге дайын екендігі туралы сарапшыларға хабарлау.
6.Еріктілер аудиториясы мен ата-аналар жұмысын өткізу
Күтілетін нәтиже:
Мақсаты мен міндеттерін қамтитын ата-аналар жұмысының конспектісін рәсімдеу.
Еріктілермен фрагментті көрсету.
Аудиториямен жұмыс жасаудағы шеберлігін көрсету
6
Модуль C. "Мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын ұйымдастыру"
Tапсырма 1. Мектепке дейінгі жастағы балалармен қимыл-қозғалыс ойындарын әзірлеу және өткізу.
Мақсаты: Өтпелі тақырыпқа сәйкес қимыл-қозғалыс ойынын жоспарлау және өткізу қабілетін көрсету.
Тапсырманы орындауға арналған уақыт лимиті: 1 сағат 30 мин
Тапсырманы ұсынуға уақыт лимиті: 15 минут
Қимылды ойындар тақырыптары:
«Сұр қасқыр» ойыны
«Аққу-қаздар» ойыны
«Бояулар» ойыны
Тапсырма:
Ойынның мақсаты мен міндеттерін анықтау.
Материалдар мен жабдықтарды таңдау.
Ойынның құрылымы мен барысын әзірлеу.
Еріктілермен қимылды ойындарды өткізу
Қимыл-қозғалыс ойынын көрсетуге дайын екендігі туралы сарапшыларға хабарлау.
Қауіпсіздік техникасы мен санитарлық нормаларды сақтау
7
Достарыңызбен бөлісу: |