Конкурсын жыл сайын өткізудің ережелері Жалпы ережелер



Дата29.02.2016
өлшемі81.03 Kb.
#32507
түріКонкурс
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының

2009 ж. «28» тамыз № 437-од бұйрығымен бекітілген



«Жылдың үздік жас метрологы»

конкурсын жыл сайын өткізудің ережелері


  1. Жалпы ережелер




    1. «Жылдың үздік жас метрологы» конкурсын өткізудің ережелері (бұдан әрі - Ереже) «Жылдың үздік жас метрологы» конкурсын ұйымдастыру және өткізу тәртібін, сонымен қатар конкурстың жеңімпаздарын анықтау және оларды марапаттау ережелерін анықтайды.

    2. «Жылдың үздік жас метрологы конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті» (бұдан әрі - ТРМК) болып табылады.

    3. Конкурсты өткізудің негізгі мақсаттары:

1) мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің дамытуға мүмкіндік туғызатын ғылыми және қолданбалы метрологиялық қызмет саласындағы жетістіктері үшін жас метрологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру;

2) метрология саласындағы мамандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3) жас мамандардың өз кәсібіне қызығушылығын арттыру;

4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы конкурсқа ұсынылған ғылыми жұмыстар, конкурс нәтижелері және жеңімпаздар туралы метологиялық қызметтерді және қалың жұртшылықты ақпараттандыру;

5) метрология саласында білікті кадрларды дайындау идеясын насихаттау.


    1. Конкурсқа қатысуға метрологиялық қызметтердің, жоғары оқу орындарының, жоғары білімді метрологиялық қызмет саласындағы жұмыстарды атқаратын ғылыми және басқа ұйымдардың жас мамандары (35 жастан үлкен емес) жіберіледі және жоғарғы оқу орындарының түлектері (10.12.09 ж. № 613-од ТРМК бұйрығына өзгертулер енгізу).


2. Конкурсты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі


    1. Конкурсқа қатысу үшін ұйымдастырушыға мынадай тақырыптар бойынша ғылыми жұмыстар жіберіледі:

1) жалпы және заңнамалық метрология;

2) өлшеу теориясы;

3) эталондар және өлшеу құралдары;

4) физикалық, химиялық өлшеулер саласындағы және өлшеудің басқа түрлерін зерттеу;

5) ақпараттық технологиялар мен жүйелер.

6. Конкурс жыл сайын, келесі мерзімдердің сақталуымен өткізіледі:

1) қонкурсқа қатысу үшін өтініштер мен материалдарды қабылдау –20 қантарына дейін конкурс өтетін жылдың (10.12.09 ж. № 613-од ТРМК бұйрығына өзгертулер енгізу);

2) материалдарды қарау, конкурстық жұмыстарды бағалау – конкурс өтетін жылдың 5 наурызына дейін (10.12.09 ж. № 613-од ТРМК бұйрығына өзгертулер енгізу);

3) конкурсқа қатысушылардың сөз сөйлеулерін тыңдау, баяндаманың ұсынылу сапасын бағалау - конкурс өтетін жылдың 10 сәуіріне дейін;

4) конкурсты қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау - конкурс өтетін жылдың 20 мамырында өтетін Бүкіләлімдік метрология күнін мейрамдау құрметіне орай ұйымдастырылатын іс-шараларда.



  1. Конкурсқа қатысушылар Конкурсты ұйымдастырушының мекен-жайына мынадай материалдарды жіберу қажет:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысанда Конкурсқа қатысуға өтініш;

2) 2-қосымшаға тиісті талаптарға сәйкес рәсімделген ереженің 5-тармағына сәйкес тақырыпта, екі данада, қазақ және орыс тілдерінде баяндама және баяндаманың электрондық нұсқасы;

3) қатысушының ғылыми және практикалық қызметі туралы ақпарат;

4) Конкурсқа қатысуға мүмкіндіктер туралы ұйым басшысының немесе ұйымның құрылымдық бөлімшесі басшысының ұсынысы;

5) баяндаманы ашық басылымда жариялау мүмкіндігі туралы ғылыми кеңестің немесе ұйым комиссиясының сараптамалық қорытындысы.


  1. Конкурсқа ұсынылған ғылыми жұмыстарды бағалауды ТРМК төрағасының бұйрығымен құрылатын «Жылдың үздік жас метрологы» атағын беру жөніндегі комиссия жүзеге асырады.

  2. Конкурсты ұйымдастырушы Комиссияның қарауына Конкурсқа қатысушылардың материалдарын ұсынады.

  3. Ғылыми жұмыстарды бағалау 3-қосымшада келтірілген ғылыми баяндамаларды бағалау критерийлері бойынша екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде Конкурсқа қатысушылардың жазбаша баяндамаларын қарау нәтижелері бойынша Комиссияның әрбір мүшесі 3-қосымшаның 1-6 критерийлері бойынша баллдар қояды. Екінші кезеңде Конкурсқа қатысушылардың ауызша сөз сөйлеулерін тыңдау нәтижелері бойынша Комиссия мүшелері 3-қосымшаның 7 критерийі бойынша баллдар қояды. Барлық критерийлер бойынша баллдардың жалпы саны қосылып келтірілген формула бойынша қорытынды баға анықталады.

  4. Комиссия осы Ереженің 7-тармағына және Комиссия отырысының хаттамасына сәйкес ұсынылған материалдар негізінде:

  1. «Жылдың үздік жас метрологы» атағы берілетін жеңімпазды;

  2. екінші және үшінші орынды иеленген жүлдегерлерді анықтайды.

  1. Конкурс жеңімпазы бірінші дәрежелі дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталады және «КООМЕТ-тің үздік жас метрологы» аймақтық конкурсында Қазақстанды таныстыру мүмкіндігіне ие болады, Конкурс жүлдегерлері екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.

«Жылдың үздік жас метрологы» конкурсын

өткізудің ережелеріне

1-қосымша


Конкурсқа қатысуға өтініштің нысаны
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті

01000, Астана қ., Орынбор көшесі, 11

Өтініш
«Жылдың үздік жас метрологы» конкурсына қатысу үшін

________________________________________________________ .

(Өтінушінің ТАЖ)

Жұмыс орны _________________________________________________

Лауазымы ____________________________________________________

Білімі ________________________________________________________

Жұмыс өтілі __________________________________________________

Ұйымның мекен-жайы және тел. _________________________________

Мекен-жайы және тел. _________________________________________

Ұялы тел. ____________________________________________________

e-mail: _______________________________________________________
Өтінішке қосымша:


  1. Баяндама тақырыбы ____________________ ____парақта, 2 данада;

  2. Баяндаманың электрондық нұсқасы;

  3. Ғылыми және практикалық қызметі туралы ақпарат;

  4. Ғылыми кеңес отырысының хаттамасынан үзінді;

  5. Жариялау мүмкіндігі туралы сараптамалық тұжырымдама.

___________________ ______________________

(қолы) (тегі, аты-жөні)

200_ ж «____»_____

(күні)

«Жылдың үздік жас метрологы» конкурсын



өткізудің ережелеріне

2-қосымша


Баяндаманы рәсімдеуге талаптар


  1. Бірінші бетінде аннотациясы бар баяндаманың көлемі ағылшын және орыс (егер мәтін қазақ тілінде болса) немесе ағылшын және қазақ (егер мәтін орыс тілінде болса) тілдерінде 4-5 толық парақтан (суреттер мен әдебиеттер тізімін қоса) тұруы тиіс.

  2. Баяндама материалдары Times New Roman (немесе ұқсас) 12 қаріппен, біріңғай интервалмен, аннотация көлбеу қаріппен (11 қаріп) жазылады. Баяндама мәтіні А4 форматты ақ қағазға басылып шығарылады.

  3. Парақ нөмірі қойылмайды. Өріс өлшемдері: 20 мм – жоғарғы және төменгі жақтары, 25 мм – сол жағы, 15 мм – оң жағы.

  4. Баяндаманың тақырыбы бас əріптермен басылады.

  5. Авторлардың тізімі жұмыс орнының, лауазымының көрсетілуімен тақырыптың астына жазылады. Марапаттар, ғылыми дәрежесі мен атағы көрсетілмейді.

  6. Тақырып пен авторлар тізімі, авторлар тізімі мен аннотация, аннотация мен баяндама мәтінің арасында 1 жол бос қалдырылады.

  7. Баяндама мәтіні құрылымды және ғылыми зерттеуді сипаттауға тән барлық негізгі бөліктері болуы тиіс: кіріспе (зерттеудің өзектілігін, құрылуын және мақсаттарын сипаттайды); мәні (негізгі зерттеу материалының баяндалуы); қорытынды (зерттеу нәтижелерін, олардың ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңызын сипаттайды).

  8. Мәтінде кездесетін формулалар, символдар, айнымалылар Microsoft Equation объектісі ретінде басылуы тиіс.

  9. Формулалар дөңгелек жақшаларда нөмірленеді.

  10. Мәтінде библиографиялық сілтемелер тік жақшада беріледі.

  11. Суреттер мен кестелер нақты, тұтас болуы тиіс. Редакторлар: Photoshop, CorelDraw, Table Editor, Microsoft Excel.

  12. Баяндама материалдары қағазда 2 данада ұсынылады және электрондық почта бойынша (e-mail: kazinmetr@list.ru) жіберіледі.

  13. Тек екінші данаға авторлар қол қояды.

  14. Баяндама материалдарына міндетті түрде жариялау мүмкіндігі туралы сараптамалық тұжырымдама қоса беріледі.

«Жылдың үздік жас метрологы» конкурсын

өткізудің ережелеріне

3-қосымша
«Жылдың үздік жас метрологы» конкурсын өткізуге ғылыми баяндамаларды бағалау критерийлері


Жаңашылық

1

Тақырыптың өзектілігі

Салмағы 0,1

Баллы 1 ден 5 дейін


Егер өзекті дамып жатқан ғылыми бағытқа келгенде жұмыс өзекті (немесе мақсаты ғылыми жұртшылықпен маңызды деп танылған тапсырмаларды шешу)

2

Ғылыми жаңашылдық

Салмағы 0,3

Баллы 1 ден 5 дейін


Егер жаңа (бұрын белгісіз) ғылыми нәтижелер алынса, жұмыс ғылыми жаңашылдығымен сипатталады

3

Түпкілігі

Салмағы 0,2

Баллы 1 ден 5 дейін


Егер тапсырманы шешу үшін бұрын қоданылмаған әдістер (немесе нәтиже бұрын қолданылмаған түрде ұсынылса) пайдаланылса жұмыс түпкілікті

4

Халықаралық ынтымақтастық үшін әлеуеттілігі

Салмағы 0,1

Баллы 1 ден 5 дейін


Егер пайдаланылуы мүмкін халықаралық жобалар болса, жұмыс халықаралық ынтымақтастық үшін маңызды болып табылады

Баяндаманы ұсыну сапасы

5

Ғылыми қатаңдық пен негізділік

Салмағы 0,1

Баллы 1 ден 5 дейін


Егер онда берілген тапсырманы шешуге түзету амалдары пайдаланылса, ал ұсынылған материалдар алыңған нәтижелердің дұрыстығын дәлелдесе, жұмыс ғылыми қатаңдығы мен негізділігімен ерекшеленеді

6

Рәсімдеу сапасы

Салмағы 0,1

Баллы 1 ден 5 дейін


Сапалы рәсімделген жұмыс тиімді құрылымға және қажетті сурет материалдарына ие, рәсімдеудің жалпы қабылданған стандарттарының сақталуымен анық және қатаң тілде баяндалуы тиіс.

7

Ұсыну сапасы

Салмағы 0,2

Баллы 1 ден 5 дейін


Егер баяндама тиімді құрылымға (сурет материалдарын қоса) ие болса, регламент сақталса, тілі анық және түсінікті, сұрақтарға жауаптар түзу, дұрыс және дәлелді болса, жұмысты ұсыну сапасы жоғары

Осы критерийлер бойынша:

Баллдардың максималды қосындысы – 5

Баллдардың минималды қосындысы – 1

(аралық мәндердің жуықталуы 0,1 баллға дейін)


Қорытынды бағалау мына формула бойынша анықталады:

,

Мұндағы - i-ші критерийдің салмағы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет