Конкурстық құжаттама Уәкілетті салалық орган Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жалпы ережелер



Дата25.02.2016
өлшемі215.19 Kb.
#22257
түріКонкурс




№ исх: 14-02-159 от: 26.11.2014

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрінің

«___» ________ 2014 жылғы

№_____ бұйрығына қосымша


2015-2017 жылдарға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру

шеңберінде ғылыми зерттеулерді өткізу үшін

конкурстық құжаттама
Уәкілетті салалық орган - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
1. Жалпы ережелер
1. Осы конкурстық құжаттама атомдық энергия саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және жүзеге асыруды, басқару үрдісін үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті салалық органы - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру қағидасына сәйкес жарияланған 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулер бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсына (бұдан әрі - Конкурс) қатысуға рұқсат етілген өтінімдер формасына талаптарды бекіту мақсатында әзірленген.
2. Конкурс нысаны болып табылатын ғылыми зерттеулер бағдарламалар мен бағыттар атауы.
2. Ғылыми-техникалық бағдарламалар:

1) Қазақстанның экономикасын инновациялық жетілдіру үшін ядролық-физикалық әдістерді және технологияларды әзірлеу.

2) Қазақстан Республикасында атом энергетикасының дамуы.

3) Қазақстандық термоядролық материалтану Токамак реакторын ғылыми-техникалық қолдауға құру және пайдалану.

4) ДЦ-60 ауыр иондар үдеткішінің базасында физика, химия және алдыңғы қатарлы технологиялар саласында кешендік ғылыми зерттеулердің дамуы.
3. Бағдарламалар шеңберінде ғылыми зерттеулердің бағыттары:

1) Қазақстанның экономикасын инновациялық жетілдіру үшін ядролық-физикалық әдістерді және технологияларды әзірлеу.

Медицинаға және өнеркәсiпке арналған радиоизотоптық өнiмдер өндiрiсінің технологияларын дамыту.

Геология, өнеркәсіп, қоршаған ортаны қорғау үшін ядро-физикалық және спектроскопиялық талдау әдістер кешенін дамыту.

Материалдарды және тағам өнімдерін радиациялық өңдеудiң технологияларын дамыту.

Материалдарды өңдеудің иондық-плазмалық технологияларын дамыту.

Иондық-іздік жарғақтарды өндiру және қолдану технологиясын дамыту.
2) Қазақстан Республикасында атом энергетикасының дамуы:

Атом энергетикасының физика мен техникасы.

Атом энергетикасында ядролық, радиациялық технологиялар мен материалдар.

Атомдық энергетиканың радиациялық және экологиялық қауіпсіздігі.

Атом саласының кадрлар даярлау жүйесін және кәсіпорын қызметінің ақпараттық сүйемелдеуін құру.
3) Қазақстандық термоядролық материалтану (ҚТМ) Токамак реакторын ғылыми-техникалық қолдаумен құру және пайдалану:

Плазма, сутегі иондары мен гелийдің ҚТМ материалдарының бетіндегі және аумақты қабаттарына әсер ету ықпалдарының эксперименттік және теориялық зерттеулері.

ҚТМ зерттеулерді өткізу әдістемелерін және ҚТМ жоғары температуралы плазмасының материалдармен әрекеттесу процесіндегі физикалық параметрлерін бақылау құралдарын пысықтау.

Термоядролық реакторды құруға арналған инновациялық технологияларды әзірлеу және эксперименттік негіздеу.

Курчатов қаласындағы КТМ Токамак жұмыс істеу үшін жедел қызметкерлерді дайындау және жұмыстарды ақпараттық қолдау.
4) ДЦ-60 ауыр иондар үдеткіші негізінде физика, химия, биология және алдыңғы қатарлы технологиялар саласында кешенді ғылыми зерттеулерді дамыту:

ДЦ-60 үдеткішінде жаңа иондарды алу технологиясын пысықтау. Иондар шоғын бақылау мен басқару әдістерін жетілдіру.

Астрофизикалық және термоядролық қолданулар үшін жеңіл ядроларда ауыр иондармен қоздырылған ядролық реакциялардың қималарын өлшеу.

Ауыр иондармен сәулелендіру арқылы материалдардың физика-механикалық касиеттерін түрлендіру.

Ядро-энергетикалық қондырғылардың құралымдық материалдарының құрылымының, фазалық құрамының, механикалық және магниттік қасиеттерінің өзгеруіне ауыр иондарды ендірудің ықпалын зерттеу.

Электрмагниттік сәулелерден қорғау үшін көміртектік нанотүтікшелі полимерлік материалдар негізінде қалқалардың тиімділігін басқарудың радиациялық технологиясын әзірлеу.

Нысаналар атомдарымен ауыр иондардың өзара әрекеттесуінде рентгендік сәуле шығару қималарын өлшеу.

Мыс тобы металдарының - полиэтилентерефталат құрамды наноқұрылымдық катализаторларын әзірлеу үшін іздік жарғақтарды қолдану.

ДЦ-60 үдеткішінде ғылыми-технологиялық эксперименттерді жүргізу және мамандарды даярлау үшін әдістемелік базаны әзірлеу мен мақұлдау.
3. Өтінімді ұсыну тілі
4. Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға өтінім мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
4. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім формасына қойылатын талаптар
5. Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) ілеспе хат осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгі бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде;

2) ғылыми этиканың нормаларын және принциптерін сақтау және ұсынылатын материалдардың растылығы туралы өтініш осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгі бойынша;

3) бағдарлама орындаушылары ұжымының біліктілігі, жұмыс тәжірибесі және ғылыми жетістіктері туралы мәлімет осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгі бойынша;

4) зерттеулердің қысқаша сипаттамасы осы конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгі бойынша;

5) Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгі бойынша;

6) Өтінім берушінің аккредитация туралы куәлік көшірмесі;

6. Өтінім мәтіні, ілеспе хат пен қысқаша сипаттама нақты тұжырымдалуы және келесі параметрлерді есепке алып біркелкі шрифтпен жазылуы қажет («WORD for WINDOWS» мәтіндік редакторының 97 және одан жоғары нұсқасын қолдана отырып):

сол жақ жиегі - 2,5 см, оң жақ жиегі - 1,5 см, колонтитулалары - 2,5 см;

шрифт - «TimesNewRoman» өлшемі №12 (қосымшада өлшемі кіші шрифт қолдануы мүмкін, бірақ өлшемі №10-нан кіші емес);

жоларалық интервал - бір;

азат жол (бірінші жол шегінісі) - 1,25 см;

тақырып пен мәтін, мәтін және қол қою арасындағы интервал - жоларалық бір интервал;

өтінім парақтары және оған қосымшалар нөмірленуі керек;

өтінім көлемі А4 форматты 20 (жиырма) парақтан аспауы тиіс;



өтінімнің электронды нұсқасы мен бағдарламаның қысқаша сипаттамасы MicrosoftWord форматында (*.DOC немесе *.DOCX) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленеді, осыған қоса өтінімнің атауы бағдарлама тақырыбының алғашқы бес сөзін қолдану арқылы көрсетіледі.

7. Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға арналған өтінім, ілеспе хат және бағдарламаның қысқаша сипаттамасының электрондық нұсқасының мазмұны қағаз түріндегі нұсқаға сәйкес келуі қажет. Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға арналған өтінімнің мемлекеттік, орыс және ағылшын тіліндегі мәтіндерінің мазмұны бірдей болуы тиіс.

8. Барлық құжаттар 2 данада ұсынылуы қажет. Электронды тасымалдаушылар мұқаба іш жағына орналастырылған хат қалталарға салынады.

9. Барлық құжаттар тігіледі, онда тігілген және нөмірленген парақтар саны туралы жазба көрсетіледі, және өтінім берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен, дөңгелек мөрмен (заңды тұлғалар үшін) немесе белгіленген тәртіпте расталған жеке тұлғаның қолымен бекітіледі.


5. Типтік күнтізбелік жоспар
10. Жұмыстың типтік күнтізбелік жоспарында бағдарлама кезеңдері, қойылған міндеттер, олардың маңыздылығы негіздемесі, желілік кесте (қойылған міндеттер, мерзімі (айды көрсету арқылы) енгізіледі.

Типтік күнтізбелік жоспардың үлгісі осы конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасында көрсетілген.


6. Әлеуетті орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптары
11. Конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің акредиттелген субъектілері, сонымен қатар білім берудің автономиялы ұйымдары мен оларға бағынышты ұйымдар, соның ішінде бірлесіп орындаушылар ретінде қатыса алады.

12. Әзірленетін мақсатты ғылыми-техникалық бағдарлама (бұдан әрі - МҒТБ) конкурстық құжаттаманың 3-тармағына сәйкес ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-құрастырымдылық жұмыстарды жүргізудің бағыттарынан құрылу қажет.

13. МҒТБ ұқсас ғылыми зерттеулерді орындауда тәжірибесі бар ұжымдық орындаушылармен жүзеге асырылады.

Орындаушылармен сонымен қоса ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі кепілденуі қажет - зерттеушілердің қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес қорытынды нәтижелерге жетуді қамтамасыз ету мүмкіндігі.

14. Конкурс нәтижелері бойынша уәкілетті салалық орган белгіленген тәртіпте ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша басты ұйымды анықтауға құқылы, бағдарлама шеңберінде оның орындаушылары - ұйым қызметін сүйемелдеуді және үйлестіруді жүзеге асырады.

Бас ұйым үйлестіретін ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламанының жүзеге асырылуы үшін жауапкершілік алады.

15. Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде күтілетін нәтижелер сұралған қаржы көлеміне сәйкес негізделген болуы қажет.

16. Қаржыландыруға мақұлданған бағдарламалардың жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасында іске асырылу қажет.

17. Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру шеңберіндегі бөлінген қаржы өтінімде көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге бағытталуы қажет.

18. Бағдарлама шеңберінде алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелері «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ заңмен белгіленген тәртіпте міндетті түрде мемлекеттік есепке алынуы тиіс.

19. Өтінімде өтініш берушінің авторлық және/немесе басқа құқықтарына әлеуеттік зиян тигізетін, коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат болмауы тиіс.

20. Бағдарламаны орындау және/немесе аяқтаудан кейін зерттеулер, монографиялар мен басқа ғылыми жұмыстардың нәтижелерін жариялау кезінде авторлар қаржыландыру көзіне сілтеме жасауға міндетті.

21. Зерттеу жүргізуде ұйым басшыларына, сонымен қатар ғылыми жетекшілер ретінде қатысуға рұқсат беріледі.

22. Бағдарламаны орындаушы - ұйым басшыларына ғылыми зерттеудің орындаушылары орындайтын үйлестіру және/немесе әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалық-мақсатты қаржыландырудан қаражат ұстап қалуға рұқсат берілмейді.

Бас ұйымның бағдарламалық-мақсатты қаржыландырудан жұмыстарды үйлестіруге қаражат ұстап қалу бағдарламаны қаржыландыруды жалпы көлемінен 1%-дан аспау қажет.

23. Ғылыми зерттеулер нәтижелері республикалық және шетел басылымдарында жариялануы немесе патенттермен рәсімделуі қажет.

24. Уәкілетті салалық органның шешімімен қабылданбайды:

мазмұны мен әзірленуі осы конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес өтінімдер;

мәліметтердің плагиаты, фальсификацияcы, фабрикациясы, бірлескен жалған қос авторлық, материалдық-техникалық базасы туралы жалған мәліметтер табылған өтінімдер;

мемлекет бюджеті қаражатынан және/немесе басқа көздерден бұрын қаржыландырылған немесе қаржыландырылатын бағдарлама;

өтінім қабылдау мерзімі өткеннен кейін түскен өтінім.
7. Қорытынды ережелер
25. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға арналған келісім-шарт Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен № 575 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы қаулысымен бекітілген типтік Келісім-шартқа сәйкес бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсының жеңімпазымен жасалады.

26. Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсының шешімі мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануға және Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен www.energo.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс.

«___» ____ 2014 жылғы

Конкурстық құжаттамаға

1-қосымша
ІЛЕСПЕ ХАТ
1. Конкурс бағдарламасының атауы.

2. Ғылыми зерттеу саласының атауы (мысалы: токсикология, оптика, роботты техника және т.б.).

3. Зерттеудің түрі (қолданбалы зерттеулер, тәжіребелік-құрастырымдылық жұмыстар).

4. Сұралатын қаржыландыру сомасы (Бағдарламаны жүзеге асырудың барлық мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңгемен).

5. Бағдарламаны бастау және аяқтауы туралы болжанған мерзімі.

6. Бағдарламаны жүзеге асыру орны.

7. Өтінім берушінің дербес деректері:

Жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы, ЖСН, байланыс деректері.

Заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаның толық атауы, заңды мекен-жайы, БСН, байланыс деректері.

8. Бағдарлама жүзеге асырылатын ұйым жетекшісінің дербес деректері:

жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, байланыс деректері.

9. Бағдарламаның ғылыми жетекшісі туралы мәлімет:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы, байланыс деректері, ғылыми дәрежесі/атағы, жұмыс орны мен атқаратын лауазымы;

2) бағдарламаның ғылыми жетекшісі соңғы үш жылда ғылыми жетекші ретінде болған бағдарламалар/жобалар туралы деректер (ғылыми зерттеулердің тақырыптары, зерттеулер өткізілген орны мен уақыты, қаржыландыру көздері, бағдарламалар/жобалар аяқталу дәрежесі).

10. Өтінімде клиникаға дейінгі зерттеулер, адамдар мен жануарлардың қатысуымен медико-биологиялық эксперименттердің және клиникалық сынақтардың бар болуы (жоқ болуы) туралы мәліметтер.
Өтінім берушінің атынан

құжаттарға қол қою үшін

уәкілеті бар тұлға лауазымы қолы / тегі /

(М.О.)
Бағдарламаның ғылыми жетекшісі қолы / тегі /

«___» ____ 2014 жылғы

Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша
ӨТІНІШ





ұйымның - Өтінім берушінің атауы





Бағдарлама ғылыми жетекшісінің Т.А.Ә.

1. Бағдарлама бойынша ұсынылып отырған ақпараттың растылығына және бірегейлігіне, сонымен қатар ғылыми этика қағидаларының сақталуына, оның ішінде ғылыми деректердің бұрмалануына плагиат және жалған қос авторлықтың болуына әкеліп соғатын ғылыми деректердің фабрикациялануына, фальсификациялануына жол бермеуге кепілдік береміз.

2. Егер бағдарламаны сараптамадан өткізуге қажетті жиынтық құжаттар толық болмаған жағдайда бағдарламаны конкурсқа қатысуға жібермеуге негізделген себеп болса, онда оған қарсылық білдірмейміз.

3. Ұйымдастыру сипатындағы және бізбен уәкілетті салалық органмен өзара әрекет ету мәселелері бойынша бізді жедел хабардар ету үшін уәкілетті екендігін хабарлаймыз:





Өтінім беруші өкілдігінің Т.А.Ә, ЖСН, телефоны және e-mail
Бағдарламаны қарау туралы барлық мәліметтерді уәкілетті тұлғаға хабарлауыңызды сұраймыз.

Өтінім берушінің атынан

құжаттарға қол қоюға уәкілетті

тұлғаның лауазымы қолы / тегі /

(М..О.)
Бағдарламаның ғылыми жетекшісі қолы / тегі /
«___» ____ 2014 жылғы

Конкурстық құжаттамаға

3-қосымша

Бағдарлама орындаушылары ұжымының біліктілігі,

жұмыс тәжірибесі және ғылыми жетістіктері туралы

МӘЛІМЕТ
1. Мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның (МҒТБ )атауы.

2. Орындаушылар ұжымының біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

1) орындаушылар ұжымы қатысушыларының ғылыми дәрежелері мен атақтары;

2) осы конкурсқа дейінгі соңғы бес жылдағы ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар және бағдарламалар, халықаралықты қосқанда, оның ішінде бағдарламаның пәндік саласында (басшылық және/немесе іске асыруда қатысу);

3) орындаушылар ұжымы қатысушыларының ҒЗТКЖ орындау нәтижелеріне құрастырылымдық/технологиялық құжаттама әзірлеудегі тәжірибесі;

4) жобаны орындаушылар ұжымының қатысушылар құрамы санының және теңгерімділігінің, онда бағдарламаны сәтті жүзеге асыру үшін қажетті мамандар бар болуының негіздемесі.

3. Орындаушылар ұжымы қатысушыларының ғылыми жетістіктері:

1) зерттеулер бағыты бойынша жарияланған ғылыми жұмыстардың саны мен деңгейі (монографиялар, ғылыми жарияланымдар, ғылыми конференцияларда шығарылған баяндамалар және басқалар);

2) зияткерлік қызметтің нәтижелері (өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге, ЭЕМ арналған программаға патенттер (куәліктер) алуға берілген өтінімдердің саны, алынған патенттердің, куәліктердің саны);

3) ҒЗТКЖ орындау нәтижелерін өндіріске енгізуде қатысу.


Бағдарламаны орындаушылар ұжымы конкурстың талаптарымен танысты және олармен келіседі.

Бағдарламаның ғылыми жетекшісі қолы / тегі /


«___» ____ 2014 жылғы

Конкурстық құжаттамаға

4-қосымша


ЗЕРТТЕУДІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
1. Реферат
Бөлімде бағдарламаның қысқаша мазмұны (250 сөзден аспауы тиіс), бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, пайдаланылатын әдістеме, күтілетін нәтижелерді сипаттаумен көрсетіледі.
2. Түйінді сөздер

Бөлімде бағдарламамен байланысты 10-ға (он) дейінгі түйінді сөздер көрсетіледі.

Мысалы: 1. Генетика, 2. Геном, 3.Клондау, 4. Цитогенез, 5. ХХХ.

*Бағдарламаның қысқаша сипаттамасы А4 форматтағы бір парақтан аспауы тиіс.

«___» ____ 2014 жылғы

Конкурстық құжаттамаға

5-қосымша


Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсына қатысуға

ӨТІНІМ
1. Жалпы ақпарат

1) Мақсатты бағдарламаның атауы;

2) Мақсатты бағдарламаның әзірлеушісі;

3) Мақсатты бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері;

4) Маңызды мақсаттық индикаторлары мен көрсеткіштері;

5) Мақсатты бағдарламаны іске асырудың мерзімдері мен кезеңдері;

6) Кіші бағдарламалардың тізбесі (бар болған жағдайда);

7) Бағдарламаны жүзеге асырудың (толық мерзіміндегі және жылдар бойынша, мың теңге) қаржыландыру көлемі;

8) Мақсаттық бағдарламаны жүзеге асырудағы күтілетін соңғы нәтижелер және әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері.
2. Даму мәселелері мен тенденцияларының қазіргі күйін талдау

Бөлімнің мазмұнында мәселенің қойылымы, оның туындауының талдауын, оның әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық басымдықтарымен байланысының және мәселені бағдарламалы шешудің мақсаттылық негіздемесімен қоса болуы тиіс.

Осы бөлімнің мазмұнында мәселенiң бағдарламалық-мақсатты әдiспен шешудің қажеттілік негіздемесі, осы шешімнің түрлі нұсқаларының талдауы, қарастырылып отырған салада бағдарламалық-мақсатты әдiсті қолданусыз туындаған күрделі жағдайдың дамуын болжамы және мәселені бағдарламалық-мақсатты әдiсті қолданып шешумен байланысты негізгі қауіп-қатерлерді сипаттау болуы тиіс.

Бөлiмде мақсатты бағдарламаны iске асыруда туындайтын әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық зардаптардың сипаттамасы, экономикалық дамуға мақсатты бағдарлама үлеснің жалпы бағасы, сонымен бiрге мақсатты бағдарламаның ғылыми, ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық тиiмдiлiгінің және бюджеттiк қаражаттардың жұмсалу тиiмдiлiгiнің бағасы болуы қажет.


3. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері

Бөлімнің мазмұнында мақсатты индикаторларды және көрсеткіштерді көрсете отырып, мақсатты бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерінің тұжырымдамасы болуы тиіс.

Мақсатты бағдарламаның мақсаттарына қойылатын талаптар:

1) қол жетімдігілі (мақсаттар әлеуетті қол жетімді болуы тиіс);

2) өлшемділігі (мақсаттарға жетуді тексеру мүмкіндігі болу тиіс);

3) уақыт кестесіне байланыстыру (мақсатқа жету мерзімі және мақсатты бағдарламаны жүзеге асыру сатылары тиісті мақсаттарды анықтаумен бекітілуі тиіс).

Мақсатты бағдарламаның міндеттеріне қойылатын талаптар:

1) мақсатты бағдарлама мақсаттарына жету үшін міндеттердің қажеттілігі және жеткіліктілігі;

2) міндетті шешу мерзімі тиісті мақсатқа жету мерзімінен аспауы тиіс.

Мақсатты индикаторлар мен көрсеткіштер мақсатқа жетудің, негізгі міндеттерді орындаудың және мақсатты бағдарламаның негізгі іс-шараларының шынайы бағасының құралы болып табылады және оны іске асырудың жылдары бойынша жоспарлануы, сандық бекітілген және ұлттық статистикалық бақылаудың деректері бойынша өлшенімді болуы тиіс.

Бөлімге мақсатты бағдарламаның қалыптастырылған масқаттарына жету үшін қойылған міндеттерді шешу қажеттілігінің негіздемесі және негізгі кезеңдерді іске асыруды сипаттаумен және мақсатты индикаторлар мәнін және жыл, іске асыру кезеңі мен іс-шаралары бойынша, көрсеткіштерін көрсетумен, сондай-ақ мақсатты бағдарламаны іске асыруды жедел түрде тоқтату шарттары, міндеттерді шешу және мақсатты бағдарламаны іске асыру мерзімінің негіздемесі қосылады.

Бұл бөлімде келесі мәліметтер болуы тиіс:

1) іс-шараның атауы;

2) әр іс-шараны жүзеге асырудың мерзімдері (басталуы және аяқталуы);

3) іс-шарадан күтілетін нәтижелер;

4) іс-шараның орындалуының құны;

5) іс-шаралардың және күтілетін нәтижелердің индикаторлар мен көрсеткіштермен өзара байланысы.
4. Бағдарламаның кадрмен және материалды-техникалық қамтамасыз етілуі

Бөлім келесідей ақпараттарды қамтиды:

1) зерттеу тобының құрамын, олардың ұстанымын, біліктілігін және бағдарламадағы жұмыс бағыттарын сипаттау;

бағдарламаның ғылыми жетекшісінің түйіндемесі (тегі, аты,әкесінің аты, ғылыми дәрежесі/атағы, ұсынылып отырған зерттеу жұмысының бұрынғы жүргізілген зерттеу жұмыстарымен байланысына қысқаша түйіндеме, ғылыми жетекшінің бағдарлама тақырыбына қатысты негізгі жарияланымдары, қолдағы бар патенттері туралы мәліметтер беріледі);

Зерттеу тобының қатысушыларының тізімі, бағдарламадағы ұстанымдары;

бағдарлама тақырыбына қатысты зерттеу тобының негізгі жарияланымдары (онға дейін) патенттер, авторлық куәліктер;

бағдарламаның ғылыми жетекшісімен жоспарланған зерттеу тобы штаты (негізгі персонал), сондай-ақ көмекші персонал көрсетіледі.

2) бағдарламаның кезеңдерін, қойылған міндеттерді, олардың маңыздылығы негіздемесі, желілік кесте енгізілген типтік күнтізбелік жұмыс жоспары (қойылған міндеттер*уақыт (ай бойынша).


Типтік күнтізбелік жоспардың үлгісі


№ р/с

Бағдарлама міндеттерін жүзеге асыру бойынша тапсырмалар, шаралар атауы

Ұзақтығы (ай бойынша)

Жұмыстардың басталу мерзімі (күн/ай/жыл)

Бағдарламаны жүзеге асыру жылдары

1-жыл

2-жыл

3-жыл











































 

 

 

 

 

 

 

зерттеу жүргізу үшін қажет өтінім берушіде бар материалды-техникалық базаны сипаттау;


Өтінім берушіде бар материалды-техникалық базаны сипаттау үлгісі

№ р/с

Жабдық түрі

Моделі және шығарылған жылы

Қолда бар бірліктердің саны

Жағдайы (жаңа, жақсы,нашар)

Жеке меншік, жалға алынған (кімнен)























































отандық және шетелдік зерттеу инфрақұрылымын (зертхана) пайдалану, түсіндірмемен бірге;

негізгі отандық және халықаралық байланыс, бағдарламадағы шетелдік ғалымдардың қатысуы;

бағдарламаға жас ғалымдардың, PhD-докторанттардың қатысуы;

ұтқырлық негіздемесі:

а) жоспарланған іссапарлар мен машықтанулардың бағдарламаны табысты жүзеге асыруға әсер етуін бағалау.

б) бағдарлама бойынша басқа ұйымда немесе басқа елде ғылыми зерттеу жүргізетін орындаушылардың жұмыс кестесінің әсер етуін бағалау.
5. Мақсатты бағдарламаға сұралып отырған қаржыландырудың жалпы көлемі

Бөлімде мақсатты бағдарламаны іске асыру үшін қажетті жалпы қаражат көлемі, әр міндетті және міндет шеңберіндегі әр іс-шараны жүзеге асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі болуы тиіс, қажет болған жағдайда, мақсатты бағдарламаны іске асырумен байланысты ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бас ұйымның қызметіне шығындар бөлек көрсетіледі.

Ағылшын тілінде ресімделген өтінімдерде шығындар АҚШ долларымен, доллардың теңгеге шаққандағы курсымен (өтінім берген күнгі ҚР Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша) көрсетілуі тиіс. Бағдарлама бюджетін жұмыс жоспарына сәйкес бағдарламаның ғылыми жетекші бөледі, және осы бағдарламамен байланысты емес басқа да тыс шығындарға бағытталмауы тиіс. Барлық шығындардың жалпы сомасы қаржыландыруға сұрап отырған соманы білдіреді және ол «Жалпы ақпарат» 1-тармағында берілген қаржыландыруға сұралып отырған сомаға баламалы болуы тиіс.

Бөлімде соднай-ақ басқа да қаржыландыру көздерінен (республикалық бюджет қаражатынан бөлек) қаражат тарту мүмкіндігі болуы тиіс. Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруды негіздеу мақсатында мақсатты бағдарламаның іс-шараларын орындау үшін қаржыландырудың қажеттілігін және жеткіліктігін бағалауға мүмкіндік беретін құжаттар мен есептер, мақсатты бағдарламаның көрсеткіштері мен мақсатты индикаторлардың жетістіктері ұсынылады.


Бюджет бабына келесі шығындар қосыла алады:
1) еңбекақы - барлық салықтар мен есептеулерді ескере отырып, ғылыми зерттеуді жүргізуге қатысқан ғылыми қызметкердің еңбегіне сыйақы;

2) ғылыми іссапарлар - зерттеу жүргізумен байланысты іссапаралар, алайда ол мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен ақы төленетін мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы аумағында қызметтік іссапарлары туралы ережемен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 6 ақпанындағы №108 «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджет есебінен шетелге іссапар шығындарын бөлу туралы» Қаулысымен бекітілген іссапар шығындары нормасынан аспауы тиіс;

3) бөгде ұйымдардың қызметі - зерттеуді орындау үшін қажетті басқа ұйымдардың қызметін, ұжымдық пайдалану ұлттық зертхана қызметтері, соның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы.

4) материалдар сатып алу - зерттеулер жүргізу үшін қажетті материалдар.

5) жабдықтарды сатып алуға және/немесе программалық жасауға шығындар бағдарламаны жүзеге асырудың барлық мерзіміндегі бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға өтінім берілген жалпы соманың 20% (жиырма) аспауы тиіс.

6) ғылыми-ұйымдастыруды сүйемелдеу - іске асырылып отырған бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялауға және жарияланымдарды дайындауға шығындар; жоспар бойынша талдамалық зерттеулер; іске асырылып отырған бағдарлама бойынша алыпған патенттердің нәтижелері.

7) өтінім беруші жеке тұлға болған жағдайда ғимаратты жалға алу;

8) жабдықтарды жалға алу;

9) зерттеулерді іске асыру үшін қолданылатын жабдықтар мен техникаларды күтіп-ұстауға пайдалану шығындары.
Шығын сметасының үлгісі


Шығындар бабының атауы

20__ жылға шығындар

мың теңге



20__ жылға шығындар

мың теңге



20__ жылға шығындар

мың теңге



Бағдарламаны жүзеге асырудың барлық кезеңіне шығындар,

мың теңге



Еңбекақы













Ғылыми іссапарлар













Бөгде ұйымдардың қызметі













Материалдар сатып алу













Жабдықтар және программалық жасауды сатып алу













Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу бойынша шығындар













Орынжайды жалға алу













Жабдықты жалға алу













Жабдықтар мен техникаға қолданыстық шығындар













Барлығы












Бағдарламаға Бюджеттік кодекс негізінде бюджет бойынша бөлуге өзгерістер енгізілуі мүмкін.


______________

­­­­­­­­­­­­





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет