Конкурстық ҚҰжаттамасы



бет1/3
Дата17.07.2016
өлшемі0.68 Mb.
түріКонкурс
  1   2   3


«БЕКІТЕМІН»

Атырау облысы табиғи ресурстар

және табиғат пайдалануды

реттеу басқармасының басшысы
_______________А. Құттұмұрат-ұлы
2015 ж. «__23_» шілде_90-ө_ бұйрығы

Арнайы тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу қызметтерін өткізу бойынша мүдделі жұртшылық, тұрғындар,

студенттер мен жастар арасында қоғамдық тыңдауларды

өткізу ережесін насихаттау бойынша

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАСЫ
Тапсырыс беруші – «Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма» ММ, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, индекс 060010, БСН 050140002850, ИЖК KZ63070102KSN1501000, Кбе12, БЖК KKMFKZ2A, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті.

Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының интернет-ресурсы – www.atyrau.gov.kz



Тапсырыс берушінің өкілі – Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бисембиев Орақ Ануарбекұлы, байланыс телефоны: 8(7122) 35-47-53, электронды пошта - atr_priroda@mail.ru

Ұйымдастырушы – «Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма» ММ, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, индекс 060010, БСН 050140002850, ИЖК KZ63070102KSN1501000, Кбе12, БЖК KKMFKZ2A, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті.

Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалнуды реттеу басқармасының интернет-ресурсы – www.atyrau.gov.kz



Ұйымдастырушының өкілі – Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының табиғат қорғау бағдарламалары бөлімінің басшысы – Телеубаева Гүлайым Қадырбекқызы, байланыс телефоны: 8 (7122) 27-11-20, электронды пошта - atr_priroda@mail.ru

Конкурстық комиссияның хатшысы – Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының табиғат қорғау бағдарламалары бөлімінің бас маманы Қадырова Аругул Мұратқызы, байланыс телефоны: 8 (7122) 27-11-20, электронды пошта - atr_priroda@mail.ru

Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.




  1. Жалпы ережелер


1. Конкурс Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін насихаттау жөніндегі қызметтердің (бұдан әрі – қызмет) өнім берушісін таңдау мақсатында өткізіледі.

2. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс үшін бөлінген сома 1 000 000 (бір миллион) теңгені құрайды, соның ішінде мынадай лот бойынша:


Лот



Көрсетілетін қызметтердің атауы

Бөлінген сома,

теңге



Мүдделі жұртшылық, тұрғындар, студенттер мен жастар арасында қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін насихаттау

1 000 000




3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) сатып алынатын қызметтердің тізбесін (Конкурстық құжаттамаға 1-қосымша);



2) техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын (Конкурстық құжаттамаға 2-қосымша);

3) заңды үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді (Конкурстық құжаттамаға 3-қосымша);

4) қызметтерді орындау үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді (Конкурстық құжаттамаға 4-қосымша);

7) баға кестесінің нысаны (Конкурстық құжаттамаға 5-қосымша).

8) маңызды жағдайлар көзделген мемлекеттік сатып алу туралы үлгі Шарттың нысаны (Конкурстық құжаттамаға 6-қосымша).
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық

құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

4. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2015 жылғы «30» шілде сағ. 10:00 мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, 5 қатар, 528 бөлме.

5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2015 жылғы «30» шілде сағат 10:00 мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен рәсімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін 2015 жылғы «05» тамыз сағ. 16:00 мин. Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, 5 қатар, 528 бөлмеде кездесу өткізеді.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген пошталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы


Конкурсқа қатысуға өтінім

9. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жұмыстарды орындауға конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

10. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінімі мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;

заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;

әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызметтерді орындауға көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді;

3) әлеуетті берушінің және (немесе) оның бірлесіп орындаушылардың арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:

әлеуетті өнім берушінің және оның бірлесіп орындаушылардың осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;

Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың бірлесіп орындаушыларды тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылардың жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;

4) Көрсетілетін қызметтердің

- техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін және (немесе) көлемдерін,

- сапа кепілдігі көрсетілетін қызметтердің кестесі (әдістері) және шартттары туралы мәліметтерді қамтылған техникалық ерекшелік.

5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

11. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі – конкурстық өтінімдер ашылатын күннен бастап кемінде 45 күн.



12. Конкурстық құжаттамада көрсетілгеннен қолданылу мерзімі неғұрлым қысқа конкурстық өтінім кейінге қалдырылады.

13. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес орындалады.

14. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің бағасы теңгемен көрсетілуі керек.
Конкурсқа қатысуға өтінімді рәсімдеуге қойылатын талаптар

15. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін - мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

16. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.

17. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

18. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы (индекс 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, 5 қатар, 528 бөлме), конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «МҮДДЕЛІ ЖҰРТШЫЛЫҚ, ТҰРҒЫНДАР, СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАРДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІН НАСИХАТТАУ БОЙЫНША қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс» және «2015 жылғы «10» ТАМЫЗ сағат 10:00-ге ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

19. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекенжайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, 5 қатар, 528 бөлме мекенжайы бойынша Қадырова Аругул Мұратқызына 2015 жылғы «10» тамыз сағат 10:00-ге дейін береді.

20. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

21. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

22. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

23. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

24. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

25. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.

26. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
27. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, 5 қатар, 528 бөлме мекен-жайы бойынша 2015 жылғы «10» тамыз сағат 10:00-де жүргізеді. Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.

28. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, 5 қатар, 528 бөлме мекен-жайы бойынша 2015 жылғы «10» тамыз сағат 09:30-ден 10:00-ға дейін тіркеу журналына тіркелуге тиіс.

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

29. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

30. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

әлеуетті өнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.
Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу
31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

32. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

33. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағына көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

34. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

35. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде комиссия төраға белгілеген мерзімдерде, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:

1) өз құзыретi шегiнде, олар ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған құжаттардың толықтығы және тиесiлi ресiмделуi тұрғысынан қарайды.


      Комиссия мүшелері әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан қорытынды бередi:

  1. жобаның тапсырыс беруші қойған мақсаттар мен тақырыпқа сәйкестігі;

  2. ұсынылған жобаның ұйымның миссиясына (жарғылық мақсаттарына) сәйкестігі;

  3. ұйым миссиясының тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкестігі;

  4. тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының (іс-шараның атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізілетін мерзімі, елді мекенді, халықтың қамтылуын көрсете отырып, өткізілетін жері) болуы;

  5. жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді әлеуетті алушылардың саны;

  6. әрбір іс-шара бойынша, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін шығыстар сметасының болуы;

  7. жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша өлшемді критерийлердің болуы;

  8. жобаны іске асыруға бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту мүмкіндігі;

  9. жобаны іске асыруға жоғары білікті мамандарды тарту мүмкіндігі;




  1. әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтердің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс өнім берушілерінің тізілімінде» болуы.

1–9 тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия 0-ден бастап 1 балға дейін бағалайды. 10-тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия  0-ден бастап 5 балға дейін бағалайды.

      2) комиссия әрбір техникалық ерекшелік жөнінде әрбір көзделген критерий бойынша 0-ден 5-ке дейін балдарды көрсете отырып, бағалау парағын жасайды.


      Әрбір техникалық ерекшелікті зерделеу нәтижелері бойынша әрбір жобалық ұсыныс жөнінде комиссия әрбір критерий бойынша бағалау парағына балл қойып шығады;
    3) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi не сәйкес еместігі туралы қорытындыны ресiмдейдi және оған қол қояды;
    4) тиесiлi түрде ресiмделген қорытындыны ұсынады, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына бередi.
    5) конкурстық комиссия аталған қорытындыны ескере отырып, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау қорытындыларын шығарады.

Комиссияның әрбір мүшесінің барлық критерийлер бойынша қойған баллдары жинақталады және алынған сома жобалық ұсыныстың бағасы болып саналады.


      Конкурстық комиссияның жобалық ұсынысқа қорытынды бағалары (баллдары) кемуі тәртібімен жалпы тізімге енгізіледі.

Конкурстық комисияның шешімімен ең көп балл санын (кемінде 28) жинаған жобалық ұсынысты немесе ең жоғары баллдың бірдей санын (кемінде 28) жинаған жобалық өтінімдер конкурстың баға ұсыныстары кезеңіне дейін жіберіледі. 28 баллдан кем жинаған жобалық ұсыныс конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

36. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;



2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

37. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтына орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі
38. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

39. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: ««МҮДДЕЛІ ЖҰРТШЫЛЫҚ, ТҰРҒЫНДАР, СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАРДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІН НАСИХАТТАУ БОЙЫНША қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс» - конкурстық баға ұсынысы - 2015 жылғы «___» ___________ сағат ___-ге ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ». (конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді ұсыну мерзімі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілетін болады).

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.
7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау
40. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

41. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

42. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

43. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

44. Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) ең төмен шартты төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

45. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

46. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.

8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу

туралы шарт
47. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.

48. Заңның 37-бабының 6,7 және 8 - тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бір қаржы жылынан артық мерзімге оны жасасу туралы ережелерді қамтуы тиіс.

49. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

50. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.



51. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Конкурсттық құжаттамаларға

№ 1 қосымша



Каталог: images
images -> «білім беру инновациялары: кейс-стадилердің РӨЛІ. Таңдаулы тежірибелер»
images -> Ғалымның тарих мектебі сөз басы әйгілі Себастьян Бранд «Дүниедегінің бәрі де өткінші, бәрі де тозады, тек ғылым ғана мәңгілік, бәрінен де озады»
images -> Сабаққа қойылатын талаптар : Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау
images -> Кодекс миссиясы 3 біздің Ұстанымымыз 3 4 ҚОҒамның лауазымды тұЛҒадары мен қызметкерлерінің міндеттері 8 омбудсменмен, 14
images -> Дьюма-Ки (Duma Key)
images -> Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы
images -> Степанченко В. И. «Говорим. Гутарим, балакаем и применяем!» Часть I. Словник. Спб.: «Медиа групп», ООО «коста», 2009. – 176с


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет