Конкурсты ұйымдастырушы: «ШҚО әкімінің аппараты»



жүктеу 64.5 Kb.
Дата20.07.2016
өлшемі64.5 Kb.
«БЕКІТЕМІН»

Шығыс Қазақстан облысы әкімі

______________ Б.М. Сапарбаев.

«____» ______________ 2009 жыл

Шығыс Қазақстан облысы веб-сайттарының конкурсы туралы

ЕРЕЖЕ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Конкурсты ұйымдастырушы: «ШҚО әкімінің аппараты» ММ

Конкурсты өткізу аумағы: Шығыс Қазақстан облысы

Өтетін жері: Өскемен қ-сы.
КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ

Конкурстың мақсаты:

- облыс мемлекеттік органдарының веб-ресурстары құрамын ары қарай жетілдіру және мазмұнды толтыру үшін жағдай жасау;

- қолданыстағы веб-сайттарда әкімдіктер және мемлекеттік органдармен көрсетілетін электрондық қызметтердің сапасын көтеруге мүмкіндік жасау;

- әкімдіктер және мемлекеттік органдарының жұмыс істеп тұрған веб-сайттарына қоғамдықтың назарын аудару, онда ұсынылған электрондық қызметтердің талаптылығын көтеру;

- облыстың мемлекеттік органдарының үздік электрондық ақпараттық ресурстарын анықтау;

Конкурстың негізгі мақсаты Интернеттың Шығыс Қазақстанда шығармашылық, демалыс және кәсіби қызмет үшін жаңа орта ретінде тұруына және дамуына көмектесу:

- ақпараттық ресурстар мен сервистарды дамыту;

- қоғамның ақпараттық мәдениетін көтеру және желілік қоғамға жаңа пайдаланушыларды тарту;

- Дүниежүзілік Интеренет торабына үздік шығысқазақстандық ресурстардың өрлеуіне көмектесу;

- қазіргі заман желілік технологияларын бизнес, мемлекет, білім беру, мәдениет салаларында енгізуге жағдай жасау;

- Интернетты пайдаланудың керемет стратегияларын, әдістерін және іскерлік модельдерін іздеу;

- желілік БАҚ және Интернеттегі дәстурлі БАҚ дамытуға көмектесу жолымен ашық қоғамды қалыптастыру;

- Интернетте мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту;

- Мемлекеттік деңгейде әлеуметтік-экономикалық өзгертулерді дамытуға бағытталған Интернетті нақты және тиімді құрал ретінде пайдалану проблемасына мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, бизнес-бірлестіктердің назарын аудару.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

Конкурсқа қолданыста веб-сайттары бар Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мекемелері, қалалар мен аудандар әкімдіктері, облыстық департаменттер мен басқармалар, мемлекеттік емес ұйымдар қатыса алады.


ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Конкурстық іріктеу құрамына Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сарапшылары, сондай-ақ электрондық үкімет саласындағы сарапшылар (келісу бойынша) кіретін қазылар алқасымен жүзеге асырылатын болады.


ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ КОМИТЕТ
Ұйымдастырушы комитеттің функциялары

- ұйымдастырушы комитет Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының басшылығымен ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі, қаржылық-шаруашылық бөлімдерінің өкілдерінен құралады;

- осы Конкурс туралы Ережені және Конкурсты өткізу бойынша құжаттар жинағын әзірлеу;

- Конкурсты өткізу шарттарын анықтау (өткізу ережесі, мерзімі, бағалау критериі, кезеңі және т.б.);

- Конкурсқа қатысуға өтінімдерді жинау, осы Ережемен қарастырылған талаптар мен шарттарға өтінімді рәсімдеу және берудің сәйкестігін тексеру;

- Қатысушылардың өтінімдерін тіркеу және сарапшылар кеңесіне тіркелген Интернет-ресурстарды тапсыру.

- Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін ұйымдастыру.

Ұйымдастырушы комитеттің құқығы

Ұйымдастырушы комитеттің Конкурс туралы Ереженің талаптарына сәйкес келмеуі негізінде Үміткерді қабылдамау құқығы бар.



Ұйымдастырушы комитеттің міндеттері

- барлық Қатысушылар үшін тең жағдай құру;

- Конкурс өткізудің әйгілігін қамтамасыз ету;

- ертерек келісілген мерзімнің нәтижесі туралы мәліметтердің жайылуын болдырмау.



Ұйымдастырушы комитеттің жауапкершілігі

Ұйымдастырушы комитет осы Ережені, дайындық және Конкурсты өткізу ережелерін және процедураларын бұзылуына жауап береді.

Ұйымдастыру комитет:

- интернет-ресурстарын тексеруге мүмкіндік болмауы (техникалық салдардан);

- өтінім үлгісі толығымен толтырылмағаны үшін;

- Қатысушымен дұрыс хабарланбаған немесе өзгерген электрондық пошта үшін;

- мәліметтерді өзгерту немесе әр түрлі техникалық ақаулықтар үшін жауап бермейді.
КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

Конкурстық өтінімдерді қарастыру 3 кезеңде өтетін болады:

1. 2010 жылғы 11 қазаннан 1 қарашаға дейін - өтінім беру.

2. 2010 жылғы қараша айының 1-нан 20 дейін – конкурстық комиссияның өтінімдерді қарастыруы.

3. 2010 жылғы 30 қарашада – жеңімпаздарды марапаттаумен соңғы іс-шара (Өскемен қаласында).

Мемлекеттік органдар сайттары

Конкурсқа қатысушы үлгі бойынша (1 қосымша) өтінімді толтырып, көрсетілген мерзімде ұйымдастырушыға ұсынады. Өтінім электронды түрде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz сайтында қабылданады.

Кеңестерді Өскемен қ-сы, М.Горький көшесі, 40 үй, № 433 каб. тел. 8 (7232) 24-45-61, 203-300, KTokhmoldina@akimvko.gov.kz (Тохмолдина Қарлығаш Жәнібекқызы) электрондық пошта бойынша алуға болады.

Ұсыныс кезеңі аяқталғаннан кейін жұмысқа әр номинацияда финалистерді анықтайтын конкурстың қазылар алқасы қосылады. Осы кезеңде қазылар алқасы конкурсқа қатысушы жобаларды Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 77 бұйрығымен бекітілген (3 қосымша) Мемлекттік органдар веб-сайттарын бағалау әдістемесінде берілген критерилерді басшылыққа ала отырып, 100-балдық шкала бойынша бағалайды (2 қосымша).

Әр номинацияда ерекшелігіне сәйкес өз таңдау критерилері қосылатын болатынын ескере кету қажет.

Содан кейін конкурстың соңғы нәтижесі шығарылады. Жүлделі орындар жиналған дауыстар санына сәйкес бөлінеді.



Жүлделі орындарды келесідей бөлу қарастырылған:

1 орын.


2 орын.

3 орын.


Бұдан басқа, конкурстың келесі номенацияларында жеңімпаздар анықталатын болады:

1. «Үздік ақпараттық толтыру»;

2. «Үздік Usability сайт»;

3. Үздік дизайнерлік шешім;

4. Мемлекеттік тілдегі үздік веб-сайт;

5. «Көрермен көзайымы web-сайты»;

6. Арнайы номинация.
Мемлекеттік емес ұйымдардың саттары

Конкурсқа қатысушы үлгі бойынша (1 қосымша) өтінімді толтырып, көрсетілген мерзімде ұйымдастырушыға ұсынады. Өтінім электронды түрде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz сайтында қабылданады.

Кеңестерді Өскемен қ-сы, М.Горький көшесі, 40 үй, № 433 каб. тел. 8 (7232) 24-45-61, 203-300, KTokhmoldina@akimvko.gov.kz электрондық пошта бойынша алуға болады.

Гран-при жеңімпазы анықталатын болады.

Сондай-ақ, конкурстың келесі номенацияларда жеңімпаздар анықталатын болады:



  • Үздік ақпараттық сайт;

  • Үздік корпоративтік сайт;

  • Үздік көңіл көтеру сайты;

  • Үздік туристік сайт;

  • Үздік дербес сайт.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы силықтар және облыс әкімінің дипломдарымен марапатталатын болады.

Шешуші кезең соңғы іс-шарада конкурс қортындысын шығару және жеңімпаздарды жариялау болып келеді. Финалистер мен жүлдегерлердің аттары облыс әкімінің сайтында және Шығыс Қазақстан облысы БАҚ хабарланып отырады. Конкурстың мемлекеттік емес ұйымдар веб-сайттары номинациясы бойынша жүлделерді ұсыну үшін демеушілер ретінде облыстың IT-компаниялары қатысатын болады.


Шығыс Қазақстан облысы әкімінің

аппараты басшысының орынбасары Е.Аукенов

Шығыс Қазақстан облысы әкімі

аппаратының ақпараттық технологиялар

және мемлекеттік қызметтерді

мониторингілеу бөлімінің меңгерушісі М. Синельникова
1 Қосымша

Өтініш

Конкурсқа өтінім беру үшін төменде берілген нұсқаны толтырыңыз.

Барлық жолдар міндетті түрде толтырылу керек.
Мемлекеттік орган сайттың конкурсқа арналған өтінімінің нұсқасы

1. Сайт иесі

2. Сайттың мекенжайы

3. Сайттың ресми ашылған күні

4. Ресурстың қысқаша сипаттамасы

5. Сайтты өңдеуші

6. Сіздің сайтыңыздың артықшылығы

7. Байланыс ақпарат (Байланыс тұлғаның Т.А.Ә, телефон және E-mail)



Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне тел. 8(3232) 24-45-61, portal@akimvko.gov.kz, электрондық мекенжайы бойынша

Тохмолдина Қарлығаш Жәнібекқызына хабарласа аласыз


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет