Конкурстық комиссия төмендегі құрамда: Д. Б. Имашев басшының орынбасары, комиссия төрағасы



Дата08.07.2016
өлшемі26.48 Kb.
#184415
түріКонкурс
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға

кандидаттармен өткізілген әңгімелесудің қорытынды хаттамасы

Орал қаласы № __7__ «6» қараша 2013 ж.



Конкурстық комиссия төмендегі құрамда:

Д.Б.Имашев – басшының орынбасары, комиссия төрағасы;

И.Р.Жұмабаев – бөлім басшысы, комиссия мүшесі;

Қ.Ташимов – бөлім басшысы, комиссия мүшесі;

Ж.Ж.Халиуллин - бөлім басшысы, комиссия мүшесі;

Д.Ә.Жұматова - бөлім басшысы, комиссия мүшесі;

Ж.О.Казгулова – бөлім басшысы, комиссия мүшесі.

Р.С.Сагидуллина – бас маман, комиссия хатшысы.


Конкурстық комиссия мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Д-О-4 (4 -3), агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы Д-О-5 (8-4), кадрлық және құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы Д-О-5 (9-4) санаттары бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің бос лауазымына орналасуға әңгімелесу өткізуге кандидаттарды 2013 жылдың қараша айының 5-не шақырды.

Мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Д-О-4 (4-3) бос лауазымына екі үміткер: А.Е.Есполов, Б.Б.Сатдыков, агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы Д-О-5 (8-4) лауазымына орналасуға екі үміткер: Е.М.Амандыков, Г.Г.Аитимова, кадрлық және құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы Д-О-5 (9-4) санаты бойынша бір үміткер: А.М.Урасаевалар құжаттарын тапсырды.

Бос әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларына сәйкес, комиссия жұмысына байқаушы ретінде - Батыс Қазақстан Жастар қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары – Тоқмамбетов Серік Ануарұлы, сарапшы ретінде - «Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының облыстық ветеринарлық станциясы» МКК бас маманы – Сабыргалиев Қазболат Ғазизұлы қатысты. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша кандидаттармен әңгімелесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы – Медет Мырзаш қатынасты.

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының конкурстық комиссиясының қорытынды отырысы 2013 жылдың 6 қарашасында оздырылды.

Әңгімелесу мақсаты кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады. Конкурс комиссиясы біліктілік талаптарына және тиісті бос лауазымның лауазымдық нұсқауларына сүйене отырып, кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалауға тырысты.

Қорытынды отырыста комиссия кандидаттарды берген құжаттары, өткізілген әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалап, іріктеуді жүзеге асырды. Талқылау барысында комиссия ашық дауыс беру жолымен мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы бос лауазымына А.Е.Есполовтың, агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы лауазымына Е.М.Амандыковтың, кадрлық және құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы бос лауазымына А.М.Урасаеваның кандидатураларын бір ауыздан қолдап, оң бағаларын берді.


Отырысты қорытындылай келе, комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:

Басқарма бастығына: 1) мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы бос лауазымына А.Е.Есполовты, қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы лауазымына Е.М.Амандыковты, кадрлық және құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы бос лауазымына А.М.Урасаеваны ұсынуға;



2) Қалған үміткерлердің кандидатураларынан бас тартуға.


Комиссия төрағасы: Д.Б.Имашев
Мүшелері: И.Р.Жұмабаев
Қ.Қ.Ташимов

Ж.Ж.Халиуллин
Д.Ә.Жұматова
Ж.О.Казгулова
Хатшы Р.С.Сагидуллина

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет