Конкурстық комиссияның төрағасы; Қосмұратов Болатбек Насреддинұлы Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары



Дата03.07.2016
өлшемі47.31 Kb.
#175358
түріКонкурс
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі»

мемлекеттік мекемесінің Қызылорда облысы бойынша филиалының өрт сөндіру бөлімдеріне қатты отын (көмір) және дизелдік отынды мемлекеттік сатып

алу жөніндегі қайталау конкурстық отырысының өтінімдерді ашу

Х А Т Т А М А С Ы

Қызылорда қаласы 11 қыркүйек 2008 жыл
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:

Омаров Алмас Алиакбарұлы - «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары

қызметі мемлекеттік мекемесінің Қызылорда

облысы бойынша филиалы бастығының

орынбасары, өртке қарсы қызмет подполковнигі,

конкурстық комиссияның төрағасы;

Қосмұратов Болатбек Насреддинұлы - «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары

қызметі мемлекеттік мекемесінің Қызылорда

облысы бойынша филиалының өрт сөндіру және

авариялық құтқару жұмыстары басқармасының

бастығы, өртке қарсы қызмет майоры, конкурстық

комиссиясы төрағасының орынбасары;



Комиссия мүшелері:

Сейлова Ғалия Серкебайқызы - «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары

қызметі мемлекеттік мекемесінің Қызылорда

облысы бойынша филиалының әкімшілік

жұмыстары басқармасы бастығының орынбасары –

бас бухгалтер, өртке қарсы қызмет капитаны;

Аманбаев Берик Темірбекұлы - «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары

қызметі мемлекеттік мекемесінің Қызылорда

облысы бойынша филиалының күштер мен

құралдарды жедел басқару орталығы бастығының

орынбасары, өртке қарсы қызмет майоры;

Арыстанбаев Асқар Оразбекұлы - «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары

қызметі мемлекеттік мекемесінің Қызылорда

облысы бойынша филиалының өрт сөндіру және

авариялық құтқару жұмыстары бөлімінің аға

инженері, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты;

Құлкеев Мұханбетали Балғабайұлы - «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары

қызметі мемлекеттік мекемесінің Қызылорда

облысы бойынша филиалының техника және

байланыс құралдары тобының бас маманы,

өртке қарсы қызмет лейтенанты, конкурстық

комиссияның хатшысы.

11 қыркүйек 2008 жылы сағат 15-00 уақытта «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Қызылорда облысы бойынша филиалының мәжіліс залында конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.
2. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті өнім берушілерге берілді:

1. Жеке кәсіпкер «Кадылкурманова» Қызылорда қаласы, Мерей мөлтек ауданы, 16/71.

2. Жеке кәсіпкер «Фариза» Қызылорда облысы, Жалағаш қыстағы, Абай көшесі, 19.

3. ЖШС «АлмалыСтройТранс», Алматы қаласы, Ақсай ықшам ауданы 68/100.

4. ЖШС «Аралотын», Қызылорда облысы, Арал қаласы, Милиция көшесі номерсіз.

3. Мынадай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімдері: Алматы қаласы, Ақсай ықшам ауданы 68 үй, 100 пәтер мекен-жайында орналасқан «АлмалыСтройТранс» ЖШС конкурстық өтінімді тапсыруға сенім хаттында уәкілетті өкілінің аты-жөні көрсетілмеген, осының негізінде конкурстық өтінімдері ашылмай қайтарылды.

4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін оларды белгіленген мерзімде ұсынған мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері ашылды:

1. Жеке кәсіпкер «Кадылкурманова» Қызылорда қаласы, Мерей мөлтек ауданы, 16 үй, 71 пәтер 2008 жылдың 11 қыркүйегі күні сағат 12-16-да конкурстық өтінімдері өткізілді.

2. Жеке кәсіпкер «Фариза» Қызылорда облысы, Жалағаш қыстағы, Абай көшесі 19 үй 2008 жылдың 11 қыркүйегі күні сағат 12-05-де конкурстық өтінімдері өткізілді.

1. ЖК «Кадылкурманова»:

1. Конкурсқа қатысуға өтінім;

2. Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды бекітілген көшірмесі;

3. Жеке кәсіпкердің салық төлеу номерінің нотариалды бекітілген көшірмесі;

4. Жеке кәсіпкердің жеке куәлігінің нотариалды бекітілген көшірмесі;

5. Жеке кәсіпкер «Кадылкурманова» мен ЖШС «САІҒС Инжиниринг» арасындағы көмір тасымалдау жөніндегі 28 шілде 2008 жылы жасалынған № 17 келісім-шарттың нотариалды бекітілген көшірмесі;

6. Қазақстан Республикасы ««Көмір» ғылыми зерттеу орталығы» 30 шілде 2008 жылы жасаған көмірдің құрамын анықтау хаттамасының көшірмесі;

7. «АТФ Банк» АҚ-ның Қызылорда қаласы филиалымен 10 қыркүйек 2008 жылы, берілген айдың алдындағы 3 айдан аса өткен берешегінің жоқтығын растайтын анықтамасы;

8. «АТФ Банк» АҚ-ның төрағасы А.Пикердің Қызылорда қалалық филиалын басқаруға Қ.Тұрсынқұловқа 7 наурыз 2008 жылы берілген «АТФ Банктің» мөрімен куәландырылған сенім-хаты;

9. «АТФ Банк» АҚ-ның Қызылорда қалалық филиалының директоры Қ.Тұрсынқұловтың өзінің орынбасары Н.Пакке 7 наурыз 2008 жылы берілген «АТФ Банктің» мөрімен куәландырылған сенім-хаты;

10. 2008 жылдың 26 тамыз жағдайы бойынша салық төлеушінің салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы;

11. Біліктілік туралы мәліметтер;

12. Қатты отынды (көмір) өрт сөндіру бөлімдеріне тасымалдап жеткізу кестесі;

13. Қызметкерлердің бар екендігі және саны туралы құжат;

14. Қызметкерлерінің жоғары білімі туралы нотариалды бекітілген дипломдарының көшірмесі;

15. Жеке кәсіпкер Кадылкурманованың атына 1 қараша 2005 жылы берілген «Компьютерлік сауаттылығын» айқындайтын нотариалды бекітілген №0111 сертификат көшірмесі;

16. Жеке кәсіпкер Кадылкурманованың атына «Женщина в бизнесе» тақырыбында өткізілген оқу курсынан өткендігі жөнінде берілген нотариалды бекітілген сертификат көшірмесі;

17. Техникалық талаптары;

18. Банктік кепілдік;

19. Конкурстық өтінімдері 30 парақта.


2. ЖК «Фариза»:

1. Конкурсқа қатысуға өтінім;

2. Жеке кәсіпкердің жеке куәлігінің нотариалды бекітілген көшірмесі;

3. Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды бекітілген көшірмесі;

4. 2008 жылдың 18 шілдедегі жағдайы бойынша салық төлеушінің салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы;

5. «ХалықБанкі» АҚ-ның Жалағаш аудандық филиалымен 6 тамыз 2008 жылы, берілген айдың алдындағы 3 айдан аса өткен берешегінің жоқтығын растайтын анықтамасы;

6. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою куәлігінің нотариалды бекітілген көшірмесі.

7. Конкурстық өтінімдері 9 парақта.


5. Кокурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім берушілер қатысты:

Жеке кәсіпкер «Кадылкурманова», Қызылорда қаласы, Мерей мөлтек ауданы, 16/71 – Кадылкурманова Роза.



Комиссия төрағасы:

_____________________________________________ А.Омаров


Комиссия төрағасының орынбасары:

__________________________________________Б. Қосмұратов


Комиссия мүшелері:

_____________________________________________Ғ. Сейлова

____________________________________________Б. Аманбаев

__________________________________________А. Арыстанбаев


Комиссия хатшысы:

______________________________________________М. Құлкеев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет