Консервілеу- латын сөзі Conservatio, бұл аудармада сақтау дегенді білдіреді. Бұрынғы заманда адамдар азық-түлікті сақтаудың бірнеше жолдарын білді: мұздату, кептіру, тұздау, ашыту



Дата13.01.2020
өлшемі11.57 Kb.
КІРІСПЕ

Консервілеу- латын сөзі Conservatio, бұл аудармада сақтау дегенді білдіреді. Бұрынғы заманда адамдар азық-түлікті сақтаудың бірнеше жолдарын білді: мұздату, кептіру, тұздау, ашыту.

Консервілеудің ең жас әдісі – стерилизация (жоғары температураны пайдалану) – бүл әдіс шамамен 200 жылдан бері қолданылады. Бұл әдістің өнертапқышы француз ғалымы Аппер болды. Бірақ, оның ашылуы ұзақ уақыт белгісіз еді, сол кезеңде Наполеон соғыстары жүрді және армияның жаңа азық-түлікке деген өткір қажеттілігі болды, тек кептірілген күйіндегі тағамдар ғана қолданылатын. Сондықтан өздерінің бастапқы қасиеттерін ұзақ сақтауға және далалық жағдайларда пайдалануға болатын азық-түлік өнімдерін өндіруге конкурс жарияланды. Бұл байқауға корольдік аспаз Аппер де қатысты.

Оның ашылу мәні келесідей: шыны ыдыстар өніммен толтырылып тығындалып, берік сыммен байланған содан кейін ол су моншасына қойылды, онда ол белгілі бір уақыт қайнатылды.



Комиссия ұсынылған технологияның мәнін дұрыс түсіндіре алмады. Комиссия мүшелерінің қатарына көрнекті химик Гей-Люссак кірді. Ол газдардың қасиеттерін зерттеген маман. Ол өніммен толтырылмаған ыдыстың кеңістігіне талдау жасады, онда ауа табылған жоқ және консервілер ұзақ сақталады, себебі банкада оттегі жоқ. Өнімнің бүлінуіне микроорганизмдер себеп болатындығы жарты ғасырдан кейін белгілі микробиолог Луи Пастердің еңбектерінен кейін белгілі болады.

Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет