Конспект Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер Конспект Неолит төңкерісі Конспект



бет11/51
Дата05.12.2022
өлшемі309.38 Kb.
#466574
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
онлайн мектеп 1

Тезистер

  • Б.з.б. 530 жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскері басып кірді.

  • Бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді.

  • Рим тарихшысы Помпей Трог Томирис «әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ» деп жазды.

  • Томиристің баласы Спаргапис Кирдің қақпанына түсіп қалады.

  • Томирис Кирді өзініңәскері жасырынған тау шатқалына алып келеді, сол жерде патшасымен бірге 200 мың парсыны жойып жібереді.

  • Рим тарихшысы Помпей Трог парсылардың жеңіліске ұшырағанын хабарлайтын жаушы да қалмағанын жазды

  • Геродоттың сипаттауынша «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады».

  • Б.з.б. 530 жылы Кир өледі.

  • Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б.з.б. 519 жылы Дарий патша басқарған парсылар қайта шабуыл жасайды.

  • Дарий Бехистун жазбаларында «Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым» деп жазды.

  • Сақтарды Скунха атты көсемі басқарады.

  • Сақтардың ата-бабаның аруағына сиыну, оларға ерекше құрмет көрсету дәстүрі оларды шайқастарда жігерлендіріп отырды.

  • Грек тарихшысы Полиэн Шырақтың таңғажайып ерлігін баяндайды.

  • Парсы әскерлері шөлден қырылады.

  • Шырақ сияқты жауынгерлердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалады.

  • Б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасында парсы әскерінің құрамында гректерге қарсы сақ жауынгерлері де соғысты.

  • Сақтар парсы әскерлерімен қосылып, Мысырдағы, Грекиядағы соғыстарға қатысты.

  • Б.з.б. 4-ғасырда гректер сақ жеріне қауіп төндірді. Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған грек әскері Орта Азияға басып кірді.

  • «Жеңілмейтін әскер» атанып келген Александрдың қалың қолына сақ тайпалары қарсы тұрып, олардың алға жылжуына кедергі жасаған.

  • Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті Спитамен атты сақ басқарды.

  • Ежелгі грек тарихшысы Арриан Александр Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазды.

  • Күннің ыстығы, сақтардың жиі-жиі шабуылдауы мен соғысу тактикасы гректерді әбден әлсіретті.

  • Александр Македонскийдің Сырдарияның арғы жағынан мекендейтін сақ тайпаларын бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз аяқталды.

  • Сақтар оның Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады.

Сақтардың мәдени мұралары
Сақ заманында «аң стилі» деп аталынған бейнелеу өнері кең тарады. Еуразияның далалық тұрғындарының атәбзелдерінде, қару-жарақтарында, тұрмыстық және ғұрыптық заттарында аң бейнесі көрініс тапты. ХХ ғасырдың басында зерттеушілер мұны скиф үштігі деп атады.
Бейнелеу өнеріндегі «аң стилі» дегеніміз – өнер туындыларын әртүрлі аң бейнесінде жасау. Аң стилі мөлшермен б.з.б. VIII ғасырдан бастап пайда болды. «Аң стилі» белгілі бір діни наным-сенімге байланысты ұғымды білдіреді. Жыртқыш жануарлар мен құстардың бейнелері қару-жарақтарға немесе атқа ерекше күш беретін тұмар ретінде қолданылды.
Сақтардан көптеген ескерткіштер қалды. Олар Сырдария, Талас, Шу, Іле өзендерінің бойында, Алатау бөктерінде, Қырғызстан жерінде кездеседі. Сақ обаларынан табылған бұйымдар ежелгі грек ғалымдары айтқан мағлұматтарды дәлелдейді.
Археологтар Қызылордадан 300 шақырым жерде Шірік-Рабат қаласына қазба жұмыстарын жүргізді. Қала қыратта орналасқан. Қаланың орталығында күзет мұнаралары бар қамал (цитадел) салынған. Қала қамалдары қалың қабырғалармен қоршалған. Археологтар цитадел орталығынан жебенің қола ұштарын, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл табылған заттар б.з.б. 4-2 ғасырларға жатады.
Археологтар қазба жүргізген тағы бір қала Сырдария бойында орналасқан Бәбіш- Молда болды. Бұл қаланың да қамал қабырғалары және айналдыра қазылған орлары болған. Археологиялық деректерге қарағанда қала тұрғындары егіншілікпен айналысқан. Бұл жерден қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған.
Алматы маңындағы Есік қорғанынан «Алтын киімді адам» табылды. «Есік обасын» 1969 жылы археолог Қ. Ақышев тапқан. «Есік обасы» V-IV ғасырлармен мерзімделеді. «Есік обасынан» 26 таңбадан тұратын жазуы бар, күміс табақша табылды. Бұл сақтардың өзіндік жазуы болғанын дәлелдейді.
Сақтарда қолөнер ісі өте жақсы дамыған. Қолөнер шеберлері қауым мүшелеріне қажетті бұйымдарды жасады. Зергерлер алтын мен күмісті балқытып, қалыпқа түсірумен айналысты. Олар аттың ер-тұрманы мен тұрмыстық мүліктерді әшекейлеп, асыл тастардан көз салынған алқа, сақина-сырғалар, өңіржиектер мен әсем белдіктер жасаған. Ұсталар қару-жарақ соқты, оларды алтынмен аптаған.
Сақтарда ағаш оюмен қатар ілгек, таға, түйме сияқты заттарды жасайтын сүйек өңдеу қолөнері де дамыған. Сақтар қоғамының ең төменгі буынын отбасы құрады. Үлкен патриархалдық отбасы дегеніміз кемінде үш ұрпақтан (әке, бала, немере) тұратын, әкенің билігіне қараған отбасы болды. Үлкен патриархалдық отбасылардың жақын туыстары аталық қауымның негізі болған. Бұл – бір атаның балалары. Бұдан үлкен әлеуметтік-қоғамдық ұйым – ру шығады. Бірнеше рудан тайпа, олардың қосындысынан тайпалық одақтар құрылған.
Жалпы, ғалымдар сақтардың қоғамдық-экономикалық даму деңгейін «рулық қауымдық құрылыс» деп бағалайды. Сақ әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғысқа да ерлермен бірдей қатысып, ерлік көрсетіп отырған. Кейбір деректерге сүйенсек, сақ қыздары жауын жеңбей тұрмысқа шықпайтын болған. Және әскери өнерді ерлермен тең дәрежеде меңгерген.
Скифтерде ел басқарушы – патша тек «патшалық рудан» ғана сайланған. Сақтардың дүниетанымында құдай күн болған. Күнге табыну күншығысқа мінажат етуге, отты қастерлеуге үйреткен.
Сақтарда ата-бабаның аруағына сиыну, оларға ерекше құрмет көрсету дәстүрі болған. Сақтардың идеологиясында ел басқарушы адамдарды ерекше ұлықтау, құрметтеу болған. Олар билікке тәңірдің берген ерекше қасиеті деп қараған, патшаны тәңірдің жіберген адамы деп есептеген.
Сақтар мен скифтердің дүниетанымында үштіктің культі болған. Сақ-скиф мемлекеті үш ұлыстан тұрған. Сақтардың дүниетанымы бойынша әлем үш бөліктен тұрады: көк аспан, қара жер және жер асты әлемі. Сақтардың жерлеу ғимараттарының үш деңгейден тұруы – оба, жер беті, қабір осы идеологиядан туындаған болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет