Тезистер
«Энеолит» сөзі мыс-тас ғасыры деген мағынаны білдіреді.
Энеолит тайпалары малшаруашылығымен де, аң және балық аулаумен де айналысты.
Ал малшаруашылығымен шұғылданғандардың көп бөлігі егіншілікпен мүлдем айналыспады. Мал бағу егіншілікке карағанда тиімді болды.
Қазақстан аумағындағы энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші – Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы.
Ботайлықтарды жылқы өсірген бақташы тайпалар деп атауға болады.
Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылған.
Ботай қонысын қазу барысында 158 тұрғын үй табылды.
Ботайлықтарды бүкіл Еуразия даласында алғашқы болып жылқы малын қолға үйреткен бақташы тайпалар деп атауға болады.
Жылқыны қолға үйрету, оны салт мініп жүруді, көлік ретінде пайдалануды ойлап табу адамзат дамуында прогрестің болғанын дәлелдейді.
Бұл кезеңде адамның уақыт пен кеңістікті игеруінің негізі қаланды.
Маңғыстау өңірінде табылған ескерткіштер энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағына жатады.
Маңғыстау түбегіндегі белгілі энолит тұрақтары – Шебер, Жыңғылды, Қошқарата және т.б.
Шебір тұрағының тұрғындары теңіз ұлуларының қабықтарын моншақ етіп таққан.
Шебірліктер негізінен аң аулаумен айналысқан.
Энеолит мәдениеті бұл өңірге Еділ-Жайық бойындағы хвалын тайпалары арқылы және б.з.б. 3-2 мыңжылдықтарда Орталық Азиядан қоныс аударған келтеминар мәдениетінің өкілдері арқылы келген деген тұспал бар.
Энеолит тұрақтарында қыш ыдыстары сазбалшықтан жасалған.
Ыдыстардың түбі дөңгелек конус тәріздес, тұрқы жұмыртқаға ұқсас болған. Ыдыстардың ернеуіне жаға тәріздес қалың жиек және тарақ жүзді өрнек салынған.
Достарыңызбен бөлісу: |