Конституция термині латын сөзінен алынған. Ол латынша – constitio, мағынасы – белгілеу, орналастыру. Ал қазіргі түсінік бойынша, Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы



бет2/2
Дата25.02.2024
өлшемі46 Kb.
#493161
1   2
1 Тарих 9 сынып Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мемлекеттілікті қалыптастырудағы іс-шаралар Дидактикалық материал

1995 жылғы Конституция
1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Қазақстан халқы республиканың жаңа Конституциясын қабылдады. Ол 9 бөлім 98 баптан тұрады. Ата заңда жаңа мемлекеттіліктің негізі қаланып, қоғамдық дамуды бағыттауға және реттеуге қабілетті тұтас мемлекеттік билік қалыптастырылды. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы демократиялық, унитарлық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет. Басқару нысаны бойынша Қазақстан мемлекеті Президенттік республика болып анықталды. Қазақстанның негізгі демократиялық қағидалары – адам құндылығы, адам құқығы мен бостандықтары, идеологиялық және саяси әр алуандылық (плюрализм) заң алдындағы теңдікке негізделді. «Жалпы ережелер» деп аталған I бөлімде ҚР саяси сипаттамасы, қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген, президенттік басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси алуандылық, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған. Қазақстан Республикасы Конституциясында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп жарияланған.  Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелер «Адам және азамат» деп аталған II бөлімде жинақталып берілген. 
III бөлімде Президенттің, IV бөлімде Парламенттің, V бөлімде Үкімет құрамдарының жасақталуы, сайлану және тағайындалу мерзімдері мен заңдары, өкілеттіліктері, атқаратын қызметтері, түрлі саяси ахуалдағы әрекеттерінің бағыттары, өзге органдармен байланыстары, ел экономикасын дамыту бағытында атқаратын жұмыстары, ішкі сыртқы саясатты айқындап жүргізуі, т.б. баяндалған. 
VI бөлімде Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызметінің бағыттары, VII бөлімде соттар мен сот төрелігінің жасақталуы, атқаратын қызметінің мазмұны мен реттілігі туралы айтылған. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ережелері VIII бөлімде тұжырымдалған. Соңғы IX бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер берілген.  Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан, мемлекеттің, ал екінші жағынан, қоғамның Негізгі заңы болып табылады. ҚР Конституциясы басқа құқықтық актілерге қатысты жоғары заң күшіне ие: елімізде қабылданатын бір де бір құқықтық акті (конституциялық заң, ҚР Президентінің Жарлығы, өңірлік құқықтық шығармашылық актісі, сот шешімі және т.б. ) Негізгі Заңға қайшы келе алмайды. Ал қайшы келген жағдайда Конституция нормалары басымдылыққа ие болады
1995 жылы Конституция­мыз­дың қабылдануымен Жоғарғы Ке­ңес ұғымы Парламентпен алмас­тырылып, мемлекеттік басқару жүйесін демократияландыруға бас­ты қадам жасалды. Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуынын жаңа кезеңі Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамыздағы Конституциясын қабылдаудан басталады. Жаңа Конституция негізінде құқықтық мемлекетке бастау болған демократиялық дамуды бекіткен конституциялық заңдар қабылданды.
Жаңа Конституцияда жеке­мен­шік, мұрагерлік мәселелері, заңмен белгіленген кез келген мен­шікке ие болу құқықтары бекі­тілді, жаңа демократиялық инс­титуттар мен ережелерді енгізді. Олар – Парламенттің екі палаталық құрылымы, Конститу­ция­лық Кеңес, сот билігі тар­ма­ғының тәуелсіздігін қамтамасыз ететін сот жүйесін құру тәртібі. Сонымен бірге, Конституция президенттік басқару үлгісін түпкілікті бекітті. Икемді президенттік басқаруға өкілеттіліктер көптеп берілді.
Конституция бойынша ҚР мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет