Конституциялық құқық негіздері Қазақстан Республикасының презентация онлайн



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата15.02.2024
өлшемі2.5 Mb.
#492086
түріРеферат
  1   2
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері Скачать Реферат



Stud.kz
ID: 672005
тақырыпты енгізіңіз...

Қазақстан Республикасының
конституциялық негіздері
Жоспар
Кіріспе
Әдебиеттер
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Конституция . мемлекеттің Негізгі заңы
2. Қазақстан Республикасының конституциялық
негіздері. 
3. ҚР конституциясының құрылымы мен мазмұны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Пән: 
Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:
Реферат
Тегін:
Көлемі: 9 бет 
Таңдаулыға
:

ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Конституция - мемлекеттің Негізгі заңы
2. Қазақстан Республикасының
конституциялық негіздері. 
3. ҚР конституциясының құрылымы мен
мазмұны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Конституция - Негізгі заң. Тәуелсіз
Қазақстанның Конституциясы. Қазіргі
Қазақстан Конституциясының негізгі
бөлімдері және мазмұны.
Конституция - мемлекеттің Негізгі заңы.
Адам қоғамының заңсыз өмір сүре
алмайтыны белгілі. Ал қоғамның барлық
өмір аяларында болып жататын
құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін
қажетті нормативті актілердің саны қанша
болуы керектігін ещкім де дәл тауып айта
алмас еді. Дамыған демократиялы елдерде
әрекет ететін заңдар мыңдап саналады.
Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі -
Конституция болып табылады.
Қазақстан Республикасының
Конституциясы республикалық құрылыстың
негізін, мемлекеттік билік жүйесін және
Қазақстан мемлекеті мен азаматының
қатынасын белгілейді. Адам және оның
өмірін, құқықтары мен бостандықтарын
Конституция мемлекеттің ең қымбат
қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін
қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді.
(Бақұлов С.)
Өркениетті қоғам конституциялық
заңдылыққа бағына отырып дамиды.
Мемлекет түрлері көп болса да, олардың
конституцияда мемлекеттік құрылым
түрлері (унитарлық, федерация немесе
конфедерация), мемлекетті басқарудың
(монархия әлде республика) формалары
анықталады, мемлекеттің жоғары
органдарының құрылымы, азаматтардың
негізгі құқықтары, бостандықтары мен
міндеттері көрсетіледі. Мемлекет пен
қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституция
бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып
табылады. Өзге нормативтік актілердің бәрі
Конституцияның ережелеріне негізделіп
қабылданады. Сондықтан оның басқа
нормативтік актілерде кездеспейтін өзіне
тән белгілері болады. 
Конституция (лат. constitutio - құрылу, өкім) -
қоғамдық және мемлекеттік құрылыс
негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін,
олардың түзілу реттілігі мен қызметін,
азаматтардың құқықтары мен міндеттерін
айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы.
Конституцияның мәні мемлекеттің негізгі
заңдылық мүдделеріне, халықтың шын
мәніндегі еркіне сай келуімен және
құзіреттілігімен айқындалады. 
"Конституция" деген сөздің латыннан
аудармасы "құрылғы", "жарғы", "заң" деген
мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде
император билігінің кейбір актілері осылай
аталған. Ең бірінші конституция дүние
жүзінде 1787 жылы қабылданып, осы күнге
дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың
Конституциясы болып табылады. Еуропада
бірінші конституциялар 1791 жылы Франция
мен Польшада қабылданған.
Конституцияның басқа құқықтық
нормативтік кесімдерден мынадай
ерекшеліктері бар екенін айта кету керек:
:: Қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;
:: Құқықтың негізгі бастауы болып
табылады;
:: Ең жоғарғы заңдылық күші бар;
:: Оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
:: Тұрақтылығы. (Бақұлов С.)
Конституция - мемлекеттің Негізгі заңы
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде
мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi
еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына
берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп
ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта
лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi
және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи
жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң
егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып,
осы Конституцияны қабылдаймыз. Ата
Заңның бұл бөлiгi саяси және
идеололгиялық тұрғыдан алғанда аса
маңызды. Ӛйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда
демократиялы, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет құрудың
конституциялық негiзiн қалады. Осыдан
келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты
туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы
ретiнде адамды және оның өмiрiн,
құқықтары мен бостандықтарын айқындап,
бекiту; өз елiнде және мемлекеттер
арасында азаматтық бейбiтшiлiктi,
ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас
жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ
жерiнде мемлекеттік бiрлiктi сақтау;
республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап
тұру; ҚР-ның демократиялық негiздерiнiң
мызғымастығын бекiту. Осыған орай
республика қызметiнiң түбегейлi
қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық
татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл
халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық
даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет
өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн
демократиялық әдiстермен, оның iшiнде
республикалық референдумда немесе
Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-
бап, 2-тармақ). Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде
(I -- VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары,
бостандықтары мен мiндеттерi туралы,
конституциялық құрылыс жайлы,
мемлекеттік нысандар жөнiнде,
мемлекеттік буындардың жүйесi мен
мәртебесi туралы (Президент, Парламент,
Үкiмет, Конституциялық Кеңес, соттар,
және сот төрелiгi, жергiлiктi мемлекеттік
басқару және өзiн-өзi басқару туралы)
нормалар тұжырымдалған. Қорытынды
және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы
IХ бөлiмде Ата Заңға өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу тәртiбi,
конституциялық заңдар мен өзге де
заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады. Ата
Заң құрылымына жасалатын талдау оған
негiз болған конституциялық идеялардың
айқын көрiнiсiн бередi. --Жалпы ережелер‖
деп аталатын 1 бөлiмде жаңа
конституциялық құрылысқа сапалық
сипаттама берiлген, яғни Конституция
бойынша республикада мемлекеттік билiк
бiртұтас, ол Конституция мен заңдар
негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот
билiгi тармақтарына бөлiну, олардың
тежемелiк әрi тепе- теңдiк жүйесiн
пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау
қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл
бөлiмде осыған орай конституциялық
құрылысты айқындайтын, мемлекет пен
жеке адамдардың және азаматтық
қоғамның қарым-қатынастарынан
туындайтын негiзгi қағидалар
тұжырымдалған, олар: Қазақстан халқының
толық билiгi (егемендiгi); Қазақстан
Республикасы аумағының тұтастығы;
мемлекеттік билiктi жүзеге асыру
барысындағы пiкiр еркiндiгi;
Конституцияның үстемдiгi (жоғары
тұратындығы); мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi;
адам құқықтары мен бостандықтарының
мемлекет мүдделерiнен басымдығы;
мемлекеттік тiл саясатының кепiлдiгi, т.б.
Азаматтық қоғамда мемлекет адам мүддесi
үшiн жұмыс iстейдi, мемлекеттік билiк заң
шығарушы, атқарушы және сот билiгi
тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелiк,
тепе-теңдiк жүйесi пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының
конституциялық негіздері. 
ҚРК құрылымының негіздері дегеніміз -
Қазақстанды демократиялық, құқықтық,
айырлы және біртұтас Мемлекет ретінде
сипаттайтын ҚРК - сының негізделген
ережелері. 
Адам мен азаматтың құқығы мен
бостандығын мойындау, сақтау мен қорғау -
мемлекеттің міндеті болып табылады.
Мұндай адам мен азаматқа бағытталған
нақты мақсат бірінші рет Конституция
мәтінінде - ҚР-ның Негізгі Заңында
тіркелген. 
ҚРК-да демократияның мәні - халық билігі
деп атап айтқан. Халық өз билігін тікелей өз
өкілдері арқылы жүргізеді. ҚРК-да халық
атынан сөйлеу құқы Парламент пен
Республика Президентіне берілетіндігі
бекітілген. Яғни, ҚР Президентін және
Парламентті халықтың өзінің сайлауы
немесе мемлекет басшыларының тиісті
лауазымдарға тағайындалуы ҚРК белгілеген
тәртіп пен республика заңдары бойынша
іске асырылады. 
ҚРК жеке меншікке қол сұқпауға, жеке
кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне,
бәсекелестікті қолдауға кепілдік береді. 
ҚРК-да Діни бірлестіктер мемлекеттен
бөлінген. Мемлекет қандай да болсын бір
дінге немесе атейзмге артықшылық бере
алмайды делінген, яғни біздің
мемлекетіміздің басшыларының қандай да
бір діни ағымдарға тәуелсіз екенін білдіреді. 
ҚРК мен заңдары өз аумағының
бірртұтастығын, бөлінбеуін және қол
сұғылмауын қамтамасыз етеді. Өзінің бұл
міндетін ҚР шекаралық әскерлер мен ҚК-ді
қолдану арқылы жүзеге асыруға құқылы. 
ҚРК - ның жоғары заңды күші бар. ҚРК-на
сәйкес барлық заңдар ресми түрде
жарияланады. Жарияланбаған заңдардың
күші болмайды. Кез келген адам мен
азаматтың құқығын, бостандығы мен
міндеттерін қозғайтын нормативтік актілер
ресми түрде жалпы танысу үшін
жарияланбаса, қолдануға жатпайды. 
ҚР - республикалық басқару нысанындағы
мемлекет. Республикалық басқару формасы
дегеніміз - халық белгілі бір мерзімде
сайлаған үкімет органдарының болуы. ҚР-
да Парламент өкілеттілігін 5 жылға,
Президент өкілеттілігін 7 жылға халық
сайлайды. Өз кезегінде ҚР Президенті мен
Парламенті, Конституцияда белгіленген
тәртіппен, барлық басқа мемлекеттік
органдарды қалыптастырады. 
ҚР ҚК-і еліміздің қоғамдық құрылысын,
аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін
қарумен қорғау үшін арнайы құрылған
мемлекеттік механизмнің құрамдас бөлігі
болып табылады. Армия - мемлекеттің
жоғары заң шығарушы және атқарушы
органдары белгілейтін саясатты жүзеге
асыру құралы. Республика
Конституциясының 124-ші бабында ҚР-ның
егемендігі мен тұтастығын қорғауды ҚК
жүзеге асырады деп атап көрсетілген. 
ҚР конституциясының құрылымы мен
мазмұны 
ҚР конституциялық құрылысының мазмұны
саяси, экон. негiздерден, әлеум. саясат
негiздерiнен, iшкi саясат негiздерiнен
құралады. Олар ҚРК-ның 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8,
12, 14, 26- 12 баптарында тұжырымдалған.
Конституцияның 1-бабының 1-тармағында --
Қазақстан Республикасы өзiн
демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтiк мемлекет ретiнде
орнықтырады‖, -- деп жарияланған. Мұның
өзi Конституцияның 2-бабының 1-
тармағында көрсетiлгенiндей, --Қазақстан
Республикасы -- президенттiк басқару
нысанындағы бiртұтас мемлекет‖
екендiгiнен туындайды. Мұның мәнiсi
мынада: бiрiншiден, Президент мемл. билiк
тармағының бiр де бiрiне жатқызылмайды;
екiншiден, Президенттi халық сайлайды
және ол Парламентке тәуелсiз; үшiншiден,
Президентке кең өкiлеттiктер берiледi және
ол Конституцияға сәйкес мемл. билiктiң
барлық тармақтарына, олардың өз
өкiлеттiктерiн тиiмдi жүргiзуiне
көмектеседi, олардың өзара қарым-
қатынастарына сындарлы ықпал ете алады;
төртiншiден, ұлан-байтақ қазақ жерi
ұлттық-аумақтық бөлiнiстерге бөлiнбей, тек
әкiмш.-аумақтық бөлiнiстерге -- облыстарға,
қалаларға, аудандарға, ауылдарға ғана
бөлiнедi және олар жоғарыдағы бiр
орталыққа бағынады. Демек, мемлекеттiң
басында заңды түрде сайланған Президент
тұрып, басшылық етедi. Президенттiк
басқару нысаны елдегi саяси тұрақтылықты
және қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етедi.
Ал --Республиканың егемендiгi оның бүкiл
аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының
тұтастығын, қол сұғылмауын және
бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi‖ (2-бап, 2-
тармақ). Қазақстандағы саяси құрылыс
демократиялық болып жариялануына орай
Ата Заңның 
Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз
арқылы толығымен тегін көре аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет