Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже


Алдабергенова Замира Арғынғазықызы



Pdf көрінісі
бет8/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Алдабергенова Замира Арғынғазықызы
БҮГІНГІ МҰҒАЛІМ ҚОРЖЫНЫ: «ӨЗІМ ҚҰРАҒАН ӘДІСТЕР»
Қазақстан Республикасы жалпыға білім беру мемлекеттік стандартында:
«Оқушы - белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің
субъектісі, түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор
және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап
еңбектенетін бала» - деп қарау міндеті анықталған. Баланың өз жолын
қалыптастырып, еңбекке үйренуі, белгілі бір дағдылар мен білікке ие болуы сабақ
үрдісінде жүзеге асып қалыптасады. Сабақ – педагогикалық туынды, үлкен
шығармашылық еңбек, идея мен импровизация, шабыттың көрінісі. Сабақты
қызықты және қызықсыз деп бағалау үрдісі бар. Сабақты бағалайтын білім алушы
қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігіне, тапсырмалардың орындауға түсінікті
және тартымдылығына, қызығушылықтарының оянуына қарай сабақты «қызық»
не «қызық емес» деп бағалайды. Бала тілімен айтылатын қызықты сабақ –
табысты сабақ атауының синонимі. Табысты сабақ – оқу мақсатына негізделген
сабақ мақсатына жету жолындағы қадамдар, ізденістер, білім алушы мен
мұғалімнің өзара ынтымақтастығы, баланың жас ерекшелігіне қарай
сұрыпталатын әдіс-тәсілдер, тәжірибе мен шеберлік тоғысының негізі. Соның
ішінде баланы еңбек етуге әрекеттендіретін, білімді өз бетімен алуына мүмкіндік
беретін, тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға ұмтылдыратын белсенді
әдіс-тәсілдер бәрінен маңызды. 
Жүсіпбек Аймауытовтың айтуынша, «
Сабақ үнемі
жаңадан жаңаны табатын - өнер». Бүгінгі өнерлі, білікті мұғалім оқу мақсатына
жету жолында күнделікті сабағын шебер құрастырып, қызықты тапсырмалары
арқылы бала жанын баурап, өзіне деген сенімділікті қалыптастыра отыра
қабілетін ашып, дамыта біледі.


«ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың
ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатта «Пән мұғалімдері оқушыларды
өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті, ынталы, қызығушылығы
жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне
талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы
ұстануы тиіс. Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі оқыту
тәсілдерін қолдану арқылы тәрбиелейді және дамытады. Оқушыларды оқытудың
ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің қолданатын оқыту
тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды болып табылады»- деп
көрсетілген. Қазіргі таңда нәтижелі сабақ, табысты сабаққа қол жеткізудің жолы
инновациялық әдістерді екшеп, шеберлікпен пайдалану. Кей жағдайда күнделікті
сабақта қолданып жүрген, өзімізге ұнайтын белсенді әдіс-тәсілдер бір сабақта
тиімді болғанымен келесі сабақта баланы жалықтыратынын немесе барлық
оқушыны танымдық әрекетке тарта алмайтынын байқаймыз. Ізденіс,
шығармашылық, іс-тәжірибені зерттеу арқылы бірсарындылықтан арылып,
оқушы белсенділігін ояту арқылы нәтижеге жетуге болады. Әрқашан дайын
нәрсені пайдалану, үйренген машықтан шыға алмау, шеңбер ішінде қалып қоюмен
бірдей. СТО технологиясы, проблемалап оқыту технологиясы, дамыта оқыту
технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау
технологиясын, кейде элементтерін өз сабағымда қолданып, нәтижесін көрген
соң, өз бетіңше жаңа әдіс-тәсілдерді ойлап шығару, оның нәтижесін зерттеп
көруге іштей талпыныс туады. Мысалы «көп нүкте», «қос шеңбер», «жаңа
футбол», «ой құрау», «жұмбақ кейіпкер», «жұмбақ кесте», «идея сандығы», «алты
сызық», «ТТТ», «қажет сөз», «менің формулам», «бір қадам», «эстафета» сияқты
өзім құрастырған әдістердің де баланың сабақ орындауға талпынысын
арттыратынын көріп жүрмін. Мысалы, 7-сыныптағы «Ұлттар достығы»
тақырыбына өткізген сабағымда «жаңа футбол» әдісімен тапсырманы қалай
орындатуға болатынын көрсетейін.
Сабақ мақсаты: 7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен
деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен
салыстыру, талқылау;
7.4.4.1 етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану. Сабақта үш
тапсырма орындалды.
1-тапсырма «жаңа футбол» әдісімен берілді. Тапсырма шарты: Топқа
жеребе тастау арқылы топ жауабын қорғаушылар, топ жауабын өзге топ
жауабымен салыстыратын аңдушы, топ атынан «Неге? Не үшін?» сұрағын қоятын
шабуылшы тағайындалады. Алдымен сабақ басында ютуб арнасынан «Жерұйық»
фильмінен үзінді көрсетілген соң, төмендегідей сұрақтар қойылды:
1. Өзге ұлттар қазақ даласына өз еркімен келген бе?
2. Фильмде қазақ халқы қандай мінез-құлқымен танылады?
3. «Адамзаттың бәрін сүй,бауырым деп» деген Абай пікірінің астарын қалай
түсінесіңдер?
4. Неге фильм «Жерұйық» деп аталған?
2-тапсырма «Ой құрау» әдісімен берілді. Тапсырма шарты: 


«Бірлік болмай, тірлік болмас» тақырыбында топтағы бірінші оқушы бір сөйлем
айтады, қалған оқушылар сол сөйлемді жалғастыру арқылы мәтінді аяқтайды. Әр
оқушыға тек бір сөйлем айтуға ғана мүмкіндік беріледі.
3-тапсырмада «Көп нүкте» әдісін қолдандым. Тапсырма шарты көп нүктенің
орнына қажет сөзді қою. Әдеби тілдік норманы қаншалықты меңгергендігін,
қалай қолдана алатындығын бақылау.
Бауырмал қазақ даласы баршаны бауырына ... ... (қалау рай)
Қазақстанда ұлттар достығы ... (бұйрық рай)
Қазақтың дархандығын Герольд Белгер көп ... (ашық рай)
Ынтымақ қайда ..., ырыс сонда (шартты рай)
Сабақ мақсатына жету үшін кейде дайын әдістер сәйкес келмеген жағдайда,
өзіміз шығармашылықпен әдіс ойлап тауып, оны қолданып көруден қорықпау
керек. Әдісті сабақта зерделемейінше, оның қаншалықты тиімді екенін біле
алмаймыз. Қазақ халқының көрнекті ғалымы, ұлт ұстазы – А.Байтұрсынов:
«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтылық белгісі – бір ғана
әдісті білу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті білу, керек орында жоқ әдісті табу да
қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш,
қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» деп жазған болатын.
Ал «жұмбақ кейіпкер» әдісі қазақ әдебиеті сабағында образдарды талдауда
тиімді. Мысалы, 9-сыныпқа «Құлагер» поэмасын өткенде поэма кейіпкерлерін
анықтау және мінездеме беру тапсырмасын осы әдіске негіздеп құрастырдым.
Тапқан ол тыныштықты таза таудан.
Шомылып мөлдір көлде, орманда ұйықтап,
Сұлулық жерден өніп, көктен жауған
Жақсы жер жұмбақ жанын аялаған. 
Бұл кім?
Ол кейіпкер туралы не айта аласың?
Тәует бас, қамыс құлақ, қуарған жақ,
Құлан жал, бұлан мойын, қой жұтқыншақ.
Қоян жон, жазық жая, жауырынды,
Құс топшы, қос шынтағы қалқыңқырақ.
Бұл кім/не?
Ол кейіпкер туралы не айта аласың?
Иесі ... бір кеппе кеуде,
Ұр-көппе, томырық мінез, намыс берме.
Осы аста сағы сынып, бағы тайса,
Ол өзін дап-дайын тұр «өлдім» деуге.
Бұл кім?
Ол кейіпкер туралы не айта аласың?
«Көзімнің көбеймесе бүгін ағы,
Есімнен жаңылтпаса шайтан тағы.
Егер де шын жылқыны мен танысам,
Хақ мұның қырып-жойып бәйгі алмағы!»
Бұл кім?
Ол кейіпкер туралы не айта аласың?
Мырзалар күміс тұрман шалқалап жүр,
Кедейлер отын шауып, арқалап жүр.
Күңірентіп Сағынайдың кір моласын,
Осындай ас боп жатты Арқада бір
Бұл кім?
Ол кейіпкер туралы не айтасың?


Ал енді «жұмбақ кесте» әдісін қазақ тілі сабағында да, қазақ әдебиеті
сабағында да қолдана беруге ыңғайлы. Мысалы, жаңа тақырып мазмұнына
қатысты оқиғалардың символдық суреті салынып, кестелерге жапсырылады.
Оқушылар символдық бейне мәнін ашып, оқиға реттілігін тауып, сюжеттік талдау
жасайды. «Идея сандығы» әдісін сандықшаға салынған тірек сөздерді пайдалана
отырып негізгі ақпарат мен қосымша ақпаратты табуға немесе шығарманың
тақырыбы мен идеясын табуда қолдануға болады. Сондай-ақ «менің формулам»
әдісімен әдеби тілдік норма мақсатын жүзеге асыруға болады. Қазақ тілі
сабағында ережені жаттап айтып бергенімен ол есінде қалмауы мүмкін, ал ережені
шартты белгілермен формулаға салып жаттаса, оқушы есінде ұзақ сақталады.
Мысалы, қазақ тілі сабағында шақ түрлері тақырыбын өтіп жатқанда осы шақ пен
келер шақты немесе өткен шақты шатастырып алмау үшін арнайы формула
шығарып есте сақтауына мүмкіндік жасауға болады. Қалып е + ЖЖ =НОШ; 5+к(-
а, -е, -й)+ЖЖ =АОШ; 5+ЖЖ=ЖӨШ. 
Өзім құрастырған әдіс-тәсілдердің нәтижесі қандай?
1. Бірсарынды сабақтан арылып, оқушылардың сабаққа қызығушылығы
артады.
2. Мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасауына, өз іс-тәжірибесін
зерттеуіне мүмкіндік туады.
3. Сабақ мақсатына жету оңтайластырылады.
4. Коммуникативтік әрекеттерді жағдаятқа сай дұрыс қолдануға мүмкіндік
туады.
5. Білім сапасы көтеріледі.
6. Оқушыларды топтық, жұптық және жеке жұмыс жасауға дағдыландырады.
7. Сыни ойлау жүзеге асады.
Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ мақсатына сай, теорияға негіздеп ұштастыру
ғана нәтижелі болатындығын айтқым келеді.
Жылдам қарқынды дамып жатқан заманда баланың қызығушылығы да
біртекті емес, құбылып отырады. Сондықтан баланы жалықтырмай, пәнді игерту
үшін, белсенді әдіс-тәсілдерді жаңғыртып, оқыту формасын түрлендіріп отыруы
қажет. Бала белсенділігін арттырып, өз еркімен білім алуы үшін мұғалім үнемі
ізденіс үстінде болып, шығармашылықпен айналысып отырғанда ғана нәтижеге
жетеді. Өз сабағын өзі зерттеп, оқу мен оқыту арақатынасындағы қызметтерді
тәжірибесінде сараптай алатын мұғалімдердің еңбегі қашанда жемісті болады.
Түпқараған ауданы, М. Әбдіхалықов атындағы
мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі,
педагог-шебер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет