«Көркем еңбек оқытудын әдістемесі және теориясы»



Дата08.07.2016
өлшемі169.24 Kb.
#185521

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





СМК құжатының 3-деңгейі

ОӘК

ОӘК 042-Х.1.ХХ/03-2013

ОӘК

«Көркем еңбек оқытудын әдістемесі және теориясы»


пәнінен оқу - методикалық материалдар

№1 басылым

10.01.2013




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

«Көркем еңбек оқытудын әдістемесі және теориясы»

5В050103- «Бастапқы оқытудың әдістемесі және педагогикасы» мамандығына



ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

Семей


2013


ОӘК 042-Х.1.ХХ/03-2013

№1 басылым 10.01.2013





Мазмұны

1 Глоссарий




2 Дәріс




3 Тәжірибелі сабақ




4 Курстық жоба




5 Студенттердің өздік жұмыстары






УМКД 042-Х.1.ХХ/03-2013

Редакция №1 от 10.01.2013

Страница 4 из


ГЛОССАРИЙ

Қиып жапсыру (аппликация)- жабыстыру немесе қиыстыру арқылы

орындалған көркем шығарма.



Ермексаз -саз балшықтаң, майдан және басқа қоспалардан

дайындалған, жасанды жұмсақ масса.



Гобелен - сурет салып тоқылған кілем Париждік

бояушылардың атымен аталған.



Коллаж - әр түрлі маталарды жапсыру арқылы

орындалған көркемдік жұмыс.



Икебана - кептірілген өсімдіктерді пайдалану арқылы

орындалған көркемдік жұмыс.



Дизайн - заттардың көркемдік үлгісін жасау.

Мүсін өнері -латынша кесу, шабу,жөну деген мағынаны

білдіреді.



Мүсін - кеңістікте сомдалған көркем шығарма.

Рельеф -бедерлі мүсін.

Барельеф - жартық бетінде аз мөлшерде шығып тұратын

жазық бейне.



Горельеф - жазықтық бетінен аз көлемінің жартысынан

көп бөлігі шығып тұрса.



Форма - нәрсенің сыртқы пішіні.

Эскиз - жобалық сурет.

Композиция - латынның ою- өрнек бір заттың беттіне

реттеп орналастыру.



Батик - матаға бояумен салынған сурет.

Бисквитті қамыр - көтеріліу үшің шайқаған белок қосылады.

Бланшірлеу - аз уақытта (1-6минутке дейін) қайнаған су мен бу мен өңдеу шикізаты.

Жейде - кеудуше. - Ол жеңді, жеңсіз, түймелі және түймесіз болады, дененің үстінгі жартысын жауып тұратын киім түрі.

Вискозды мата - ағаш талшығы (шыршалы) мен химиялық заттан жасалған.

Күйдіру - қызған затпен белгі, сурет өрнегің салу.

Өндіру - бір өнімнің жасалуына кеткен уақыт мөлшері.

Гигиеналық талап - киімге сай бағыттаоған талап. Яғни киім адам денесіне ыңғаылы, жайлы болуы жұмсақ, жеңіл болуы.

Гиматий - ерлердің грекше жоғары жабыны (төртбұрышты плащ).

Тігін өндірісіндегі негізгі технологиялық дайындауды оқудағыбасты мақсат - оқушылардың жағалы және белді заттарды өз бетімен тігуді үйренуді деген сөз.

Екі қатар тігіс - тарқатылған мата мен ішкиімдерді тігуге қолданатын тігіс.

Дымдау - дайын болған бұйымның тігістерін жатқызу үшін сулау.

Сәндік гүлді өсімдіктер - өсімдіктің азғана тобы, сәнді тиімді гүлдендіру үшін өсірілетін.
Лекциялар тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар
1 тақырып:Көркем еңбек оқыту педагогика ғылымының саласы.

Сабақтын мақсаты:Еңбекке үйретудін оқыту әдістемесімен танысу, басқа ғылымдармен байланысын анықтау. Еңбекке үйрету пәнінің өзіндік ерекшеліктерімен танысу.

Қыскаша мазмұны:Қазіргі таңда батауыш мектептерде еңбек сабағында қолданылып келе жатқан еңбекке баулудың бір бөлігі ретінде саналатын техникалық еңбек түрі өте танымал. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының көбінесе қағаздан немесе картоннан және өсе келе маталармен жұмыс істеулеріне байланысты көп қолданылады. Қағаздан түрлі бұйымдар жасау және жапсырмалау жұмысын атқаруда қағаз бен картонның рөлі өте зор. Бастауыш сынып мұғалімдері бүгінгі күнге дейін балалардың қол икемдері мен күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдарды істей білу қабілеттерін дамытуда осы еңбек материалдарын қолданылып келеді.

Еңбек сабағы оқушыларды болашақта тұрмыстық құралдарын (қайшыны ұстауды, инемен жұмыс істеуді, және т.б.) пайдалануға дағдылануды жүзеге асырады. Мұғалім балаларды кішкентайынан түйме қадаудан, инеге жіпті сабақтаудан бастап үйретуге тырысуы қажет. Бала оны меңгергеннен кейін өзі ары қарай жалғастыруына көп септігін тигізеді. Бұл сабақ түрі негізінен баланың ойлау әрекеті мен қиялының дамуын арттыруға көп әсерін тигізеді. Оқушы жұмысты орындай отыра бұны қалай тағы күрделендіре, қызықты ете түссем деген ойға келуі, оның шығармашылық



Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1 Еңбекті оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері?

2 Мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны қандай бөлімдерден тұрады?

3 Қауіпсіздік ережелері мен жеке гигиеналық талаптары?


2 тақырып: Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың теориялық негіздері.

Сабақтын мақсаты:Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың мақсаты мен міндеттерінің жалпы сипаттамасын. Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың мазмұнын. Бастауыш мектепте еңбекке баулудан білім берудің мемлекеттік стандартымен танысу.

Қыскаша мазмұны:

Бұл реттіліктегі оқу материалдарының ерекшелігі, мұғалімнің жұмысты дұрыс ұйымдастыруға өзіндік нұсқау беретіні. Мәселен, пәнаралық байланыста:

- математика: тік және тура бұрыштар жайында түсінік;

- айналамен танысу: бөлме өсімдіктерінің тіршілік жағдайы. Адам еңбегін жеңілдететін тасымалдау машиналары;

- бейнелеу өнері: тура бұрышты пішіндер жайында түсінік және олардың белгілері; біркелкі заттарды өзара байланыстыра отырып, нақтылы белгілеу сияқты оқу материалдары мен іс-әрекеттер қарастырылады.

Бұл мағлұматтар оқушылардың басқа пәндерден алған білімдерін сабақтастыру, оқушы білімінің тұтастығын түзу үшін мұғалімге нұсқау ретінде беріледі.

Ал ауылшаруашылық жұмыстары көбінесе білім беру ұйымымен анықталатын пәндер тізбегі арқылы белгіленеді. Аталған пәннің белгіленуі бастауыш мектептерде ауылшаруашылық еңбегін оқытуды қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаның ерекшелігі ретінде: топсеруеннің көрсетілуін, көрнекіліктердің берілуін айтуға болады

Еңбекке баулудан берілген білім, білік, дағдыларға әрбір оқу жылының соңындағы бағдарламалық талаптарды зерттеу. Бақылау түрлері және еңбекке баулуды оқыту нәтижелерін диагностикалау.



Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1.Бастауыш мектеп курсын бастауыш мектепте еңбекке оқыту теориясы және технологиясы оқытудағы білімділік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттері.

2.Дамыта оқыту жағдайында бастауыш сыныптарға арналған бейнелеу өнері оқушыларының дидактикалық негіздері.

3. Еңбекке оқыту бастауыш мектепке арналған оқу-әдістемелік топтаманы қолданудың теориясы мен тәжірибесі.

3 тақырып: Материалдың, іс әрекетің және бұйымдарды дайындаудың техникасы мен сипаттама.

Сабақтын мақсаты:Материалдар жөнінде мағлұматтарды білу,сабақтарда білімдерді пайдалану.

Қыскаша мазмұны: -қағазбен қатырмақағаздың өндірілуі, түрлері мен қолданылуы;

-маттатану табиғи, мал өнімдерінен өндірілетін, химиялық және аралас талшықтар;

- мүсіндеу

-металл туралы түсінік

-ағашты өндеудің тәсілдері мен жұмыс істеу жолдары.

Түрлі материалдармен еңбек іс- әрекеттерінің өзгешеліктері.

Қауіпсіздік техникасының ережелері.

Мүсін. Қазақстанның ежелгі мүсін ерекшеліктері. Осы заманғы мүсін. Шағын көлемді мүсін. Ұзақ пластика. Көлем, форма, пропорция, пластика. Бастауыш сыныптардағы мүсіндеудің әдістері. Сюжеттік мүсіндеу. Мүсіндеу құрылымдарының мақсаттары мен міндеттері. Мүсіндеудің мазмұны. Ежелгі дүние мүсіндері. Қазақстанның мүсін ескерткіштері. Қазіргі заманғы мүсіндеу. Мүсіндеудің айшықты құралдары - көлем, форма, пропорция, пластика.

Қиып жапсыру үшін пайдаланатын материалдар. Олардың түрлеріне тоқталу. Қиып жапсруды орындаудың реті. Эскизін құрап үйрену. Қиып жапсырудағы көлем. Тоқыма материалмен жұмыс. Қолмен тігумен, тігістерді орындаудың техникасы. Қолмен кестелеудегі тігістердің түрлері. Қолданылуына сәйкес тігістердің түрлері: біріктіру, қосу, әсемдеу болып бөлінеді. Матадан қиып жапсыру технологиясы.

Папье –маше. Папье –маше үшін форма жасау. Бұйымдарды формалаудың технологиясы. Жазық және көлемді формадағы папье –машені желімдеп шығу, тазалау, бояу, лактеу. Оригами. Сабаннан жасалынған ойыншықтар. Сабан мен жапырақтан қиып жапсыру.



Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1 Қағаздың түрлері?

2 Оригами қағаздың өнделу тарихы?

3 Қатырма қағаздың негізгі түрлері?

4 Қағаз қалдықтарынан не жасауға болады?
4 тақырып: Халықтық сәндік- қолданбалы өнер.

Сабақтын мақсаты:Қазақ халқының сәнді қолданбалы өнерімен танысу , сабақтарда білімдерін пайдалану.

Қыскаша мазмұны: Бастауыш мектептің еңбекке баулу сабақтарындағы қазақ халқының сәнді -қолданбалы өнеріндегі ою- өрнектердің мәні мен түрлері. Сәндік – қолданбалы өнердің теориялық негіздері. Қазақтың сәндік – қолданбалы өнердің түрлері: ағашты, сүйекті оюлау, соқпалау(чеканка), теріні бедерлеу, қыш бұйымдары, кілем және сырмақ тоқу, текемет басу, зергерлік бұйымдар, кестелесу және басқалар. Ою-өрнек салу. Ою-өрнектің типтері мен түрлері(геометриялық, өсімдік және зооморфтық, солярлы және астральды ою белгілері). Оюларды стильдеу, симметрия, ырғақ. Оюлардың орындау реті. Жазықтықты, кілемді, кеңістікті сәндік – безендірудің заңдылықтары (киіз үй, жиһаз, кілем, ыдыс).

Дизайындық білім. Дизайн негіздері. Дизайн іс әрекет тәсілі ретінде. Табиғат суретші және құрастырушы. Дизайндық білім жүйесіндегі халық мәдениеті. Дизайн туралы түсінік. Қазіргі техникалық эстетика. Дизайн іс–әрекет тәсілі ретінде. Дизайынның анықтамасы негізгі ережелері. Бастауыш мектептегі еңбекке баулу сабақтарындағы дизайнерлік ойлауды қалыптастыру.



Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1. Ою- өрнектердің орындалу тәсілдері және оқытып үйрету әдістері?

2. Мүсіннің қандай түрлерін білесіз, атап беріңіз.Қазақстан мүсіншілерінің көркем шығармаларын ерекшеліктеріне байланысты әңгімелеп берініз

3. Дизайн өнері не білесіздер, әңгімелеп беріңіз


5 тақырып:Тұрмыстық еңбек.

Сабақтын мақсаты:Бастауыш мектепте тұрмыстық еңбектің мәні мен мазмұнын. Мектепте, үйде өзін–өзі қызмет ету, ата–аналарға көмек, сынып бөлмесін жинап, безендіру. Кәсіптік бағдар беру.

Қыскаша мазмұны: Жалпы алғанда бастауыш сыныпта оқытылатын еңбекке баулу пәні мазмұны мен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбек дайындығында, оларды оқыту бойынша сабақтастық және сәйкестік бар. Дегенмен, бастауыштағы және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін еңбекке баулу, даярлау мазмұны жетілдіру керек деп білеміз. Оқыту мазмұны мынадай тақырыптарды: ауыл шаруашылығы еңбегін, яғни ауыл шаруашылық білім негіздерін оқытуды, екіншіден, құрастыру жұмыстарын қамтуы қажет.

Елімізде басым көпшілік мектептер ауылдық жерлерде. Олай болатын болса, бастауыш сыныптан бастап оқушылар ауыл шаруашылығы білім негіздерін меңгеріп, еңбек түрлерін үйренуі тиіс. Бұл келесі кезекте орта мектепте жалғасын табады. Осы бағытта бірқатар жұмыстар мектеп тарапынан жасалуы керек, атап айтқанда, мектептің оқу-өндірістік үлескесін, биология оқу бөлмелерін, ауыл шаруашылығы еңбегі кабинеттерін бастауыш сыныптар үшін жабдықтау, т.б.

Елімізде техниканы ойлап, жасап шығаратын, шығармашылықпен жұмыс істейтін болашақ конструкторлар мен технологтарды даярлауды мектепке дейінгі мекемеден бастап, бастауыш, орта мектептерде оқыту және даярлаудағы бағдарлы іс-әрекеттерді ұйымдастыруды жетілдіру кенжелеп қалған бағыттың бірі. Осы себепті де құрастыру жұмыстары бастауыш сыныпта міндетті оқытылуы тиіс.

Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1. Тұрмыстық еңбеқ негіздері?

2. Сабаннан істеу технологиясы.

3. Зергерлік бұйымдар.


6 тақырып: Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу сабақтарын үйымдастыру технологиясы.

Сабақтын мақсаты:Сабақ беру әдістемесімен,сабақ өткізу формаларымен танысу.

Қыскаша мазмұны:Сабақ– еңбекке баулуды оқу тәрбие барысын үйымдастырудың негізгі формасы. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Еңбекке баулу сабақтарының тақырыбы, құрылымы, өзіндігі (балалар ұжымын үйымдастыру, жаңа материалды түсіндірү (нұсқама), тәжірибелік жұмыс (жеке жұмыс), орындалған жұмысты талдау және бағалау). Оқушылардың практикалық әрекетін ұйымдастыру. Сонымен қатар шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың өздік әрекетіне жетекшілік жасау, қауіпсіздік техникасын, санитарлы–гигиеналық талаптарды сақтауын қадағалау.

Еңбекке баулу сабақтарына әдістемелік талдау жасау. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, оны өткізуі және талдауы барысындағы еңбегін ғылыми ұйымдастыру.



Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1. Еңбекке оқыту бастауыш мектепке арналған оқу-әдістемелік топтаманы қолданудың теориясы мен тәжірибесі.

2.Еңбекке оқыту оқыту тәжірибесіндегі дамыта оқыту мәселелері.

3.Бастауыш мектеп еңбекке оқыту жаңа мазмұнының ерекшеліктері


7 тақырып:Еңбекке баулудың сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру технологиясы

Сабақтын мақсаты:

Қыскаша мазмұны:Оқушылардың үйдегі еңбек әрекеті. Сыныптан тыс сабақ түрлері. Үйірме жұмыстары. Оқушылардың өздік шығармашылық әрекеттеріне жетекшілік. Оқушылардың таңдауы үшін жүргізілетін курстар. Бастауыш сыныптарда еңбекке баулуды тереңдетіп оқыту мүмкіндіктері.

Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1. Бастауыш сынып оқушыларға еңбекке оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

2. Бастауыш мектеп еңбекке оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары.

3.Бастауыш сынып оқушыларға еңбекке оқытудағы қазіргі заман технологиялары.



Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.

1 тақырып:Көркем еңбек оқыту педагогика ғылымының саласы.



Сабақтын мақсаты:Еңбекке үйретудін оқыту әдістемесімен танысу, басқа ғылымдармен байланысын анықтау. Еңбекке үйрету пәнінің өзіндік ерекшеліктерімен танысу.

Қыскаша мазмұны:Еңбекке үйретуді оқыту әдістемесі педагогика гылымының саласы оның зерттеу объектісі, пәні, міндеттері мен әдістері.Еңбекке үйретуді оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысы.

Бастауыш сыныптағы еңбекке үйрету оқу пәні және оны оқытуды үйымдастыру. Еңбекке үйретудің мақсаты мен міндеттерінің жалпы сипаттамасы ( білім беру, дамыту, тәрбиелеу).



Студентерге тапсырма:Реферат жазу.

2 тақырып: Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың теориялық негіздері.



Сабақтын мақсаты:Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың мақсаты мен міндеттерінің жалпы сипаттамасын. Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың мазмұнын. Бастауыш мектепте еңбекке баулудан білім берудің мемлекеттік стандартымен танысу.

Қыскаша мазмұны:

Еңбекке баулудан берілген білім, білік, дағдыларға әрбір оқу жылының соңындағы бағдарламалық талаптарды зерттеу. Бақылау түрлері және еңбекке баулуды оқыту нәтижелерін диагностикалау



Студентерге тапсырма:Реферат жазу.
3 тақырып: Материалдың, іс әрекетің және бұйымдарды дайындаудың техникасы мен сипаттама.

Сабақтын мақсаты:Материалдар жөнінде мағлұматтарды білу,сабақтарда білімдерді пайдалану.

Қыскаша мазмұны:

Материалдар жөнінде мағлұматтар:

-қағазбен қатырмақағаздың өндірілуі, түрлері менқолданылуы;

-маттатану табиғи, мал өнімдерінен өндірілетін, химиялық және аралас талшықтар;

- мүсіндеу

-металл туралы түсінік

-ағашты өндеудің тәсілдері мен жұмыс істеу жолдары.

Түрлі материалдармен еңбек іс- әрекеттерінің өзгешеліктері.

Қауіпсіздік техникасының ережелері.

Студентерге тапсырма:Аппликация. Коллаж жасау.
4 тақырып: Халықтық сәндік- қолданбалы өнер.

Сабақтын мақсаты:Қазақ халқының сәнді қолданбалы өнерімен танысу , сабақтарда білімдерін пайдалану.

Қыскаша мазмұны:

Сәндік – қолданбалы өнердің теориялық негіздері. Қазақтың сәндік – қолданбалы өнердің түрлері: ағашты, сүйекті оюлау, соқпалау(чеканка), теріні бедерлеу, қыш бұйымдары, кілем және сырмақ тоқу, текемет басу, зергерлік бұйымдар, кестелесу және басқалар.

Ою-өрнек салу. Ою-өрнектің типтері мен түрлері(геометриялық, өсімдік және зооморфтық, солярлы және астральды ою белгілері). Оюларды стильдеу, симметрия, ырғақ. Оюлардың орындау реті. Жазықтыөты, кқлемді, кеңістікті сәндік – безендірудің заңдылықтары (киіз үй, жиһаз, кілем, ыдыс).

Басқа халықтардың ұлттық өнерімен таыстыру.

Мүсін. Қазақстанның ежелгі мүсін ерекшеліктері. Осы заманғы мүсін. Шағын көлемді мүсін. Ұзақ пластика. Көлем, форма, пропорция, пластика. Бастауыш сыныптардағы мүсіндеудің әдістері. Сюжеттік мүсіндеу.

Студентерге тапсырма:Ою-өрнек буклетін жасау.
5 тақырып:Тұрмыстық еңбек.

Сабақтын мақсаты:Бастауыш мектепте тұрмыстық еңбектің мәні мен мазмұнын. Мектепте, үйде өзін–өзі қызмет ету, ата–аналарға көмек, сынып бөлмесін жинап, безендіру. Кәсіптік бағдар беру.

Қыскаша мазмұны:

Сабақ еңбекке үйрету оқу тәрбие барысын үйымдастырудың негізгі формасы. Қазіргі сабаққа талаптар. Еңбекке үйрету сабақтарының тақырыбы, құрылымы, өзіндігі (балалар ұжымын үйымдастыру, жаңа материалды түсіндірү (нұсқама), тәжірибелік жұмыс (жеке жұмыс), орындалған жұмысты талдау және бағалау).

Еңбекке үйретуде сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері, мазмұны, үйымдастырылуы. Жұмыстың түрлері, олардың ерекшеліктері басқа пәндермен өзара байланысы.

Студентерге тапсырма:Қол тігістерін орындау.
6 тақырып: Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу сабақтарын үйымдастыру технологиясы.

Сабақтын мақсаты:Сабақ беру әдістемесімен,сабақ өткізу формаларымен танысу.

Қыскаша мазмұны: Сабақ– еңбекке баулуды оқу тәрбие барысын үйымдастырудың негізгі формасы. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Еңбекке баулу сабақтарының тақырыбы, құрылымы, өзіндігі (балалар ұжымын үйымдастыру, жаңа материалды түсіндірү (нұсқама), тәжірибелік жұмыс (жеке жұмыс), орындалған жұмысты талдау және бағалау). Оқушылардың практикалық әрекетін ұйымдастыру

Студентерге тапсырма:Сабақ жоспарларын жазу.
7 тақырып:Еңбекке баулудың сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру технологиясы

Сабақтын мақсаты:Үйірме жұмысының рөлі,ұйымдастыру формаларымен танысу.

Қыскаша мазмұны:Оқушылардың үйдегі еңбек әрекеті. Сыныптан тыс сабақ түрлері. Үйірме жұмыстары. Оқушылардың өздік шығармашылық әрекеттеріне жетекшілік. Оқушылардың таңдауы үшін жүргізілетін курстар. Бастауыш сыныптарда еңбекке баулуды тереңдетіп оқыту мүмкіндіктері

Студентерге тапсырма:Үйірме жұмысының күнтізбелік жоспарын құрастыру.
\ ӨБСӨЖ және СӨЖ жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.

1 тақырып:Жапстыру техникасы (квиллинг,коллаж)



Сабақтын мақсаты: Қағаз пластика түрлерімен таныстыру.

Әдістемелік нұсқау:Бүктеу және қырын сындыру.

Құралдарды қолданбай қағаз және қатырмақағаздан бұйымдар жасау: қағазды белгі салу, бүгү жолымен және қажет форматты алуды, иілген жерінен жырту,бөлшектерге бөлу . Қағаздың қатырмақағаздан айырмашылығы.Қатырмақағаз, желімнің қасиеттері. Бұйымдарды желімдеу түрлерімен таныстыру.Заттарды жасайтын зауыдтар мен фабрикалар туралы жалпы түсінік (фильм, диафильм).



Студентерге тапсырма: Квиллинг,коллаж жасау.
2тақырып:Мүсін. Ермексазбен жұмыс.

Сабақтын мақсаты: Мүсін пластикасынын түрлерімен таныстыру.

Әдістемелік нұсқау:

Мүсіндеу, мүсіндеудің құралдары, мүсіндеудің түрлері. Рельеф (бедер): барельеф, горельеф. Бедерлеп мүсіндеу. Ермексаз, сазбалшықпен жүргізілетін сабақтардың ерекшеліктері мен әдістемелері.

Мүсін. Қазақстанның ежелгі мүсін ерекшеліктері. Осы заманғы мүсін. Шағын көлемді мүсін. Ұзақ пластика. Көлем, форма, пропорция, пластика. Бастауыш сыныптардағы мүсіндеудің әдістері. Сюжеттік мүсіндеу.

Студентерге тапсырма:Кіші көлемді ойыншықтарды жасау.
3тақырып:Сәндік қолданбалы өнер. Қазақ ұлттық ою-өрнектері.

Сабақтын мақсаты: Сәндік-қолданбалы өнерімен ,ұлттық ою-өрнектерімен танысу.

Әдістемелік нұсқау:

Қағазды бүктеу арқылы оюды геометриылық пішінде орындау.(Ромб,квадрат,алтыбұрыш, сегізбұрыш.)



Студентерге тапсырма:Ою-өрнек буклетін жасау.
4тақырып:Матамен жұмыс. Кесте тігістері.

Сабақтын мақсаты: Кесте түрлерімен танысу.

Әдістемелік нұсқау:

Студентерге тапсырма:Ою-өрнек буклетін жасау.
5тақырып:Жіппен бейнелеу.

Сабақтын мақсаты: Жіппен бейнелеу түрлерімен танысу.

Әдістемелік нұсқау:Қатырма қағаз бетіне инемен немесе бізбен тесіктер тесіп,ине-жіпті сол тесіктерден өткізу арқылы өрнек шығаруға болады.

Студентерге тапсырма: :Жіппен бейнелеу композициясын орындау.
6тақырып:Тоқыма әліппесі.

Сабақтын мақсаты: Тоқыманың оң және теріс жағын тоқып үйрену.

Әдістемелік нұсқау:Суретте оң және теріс шалу арқылы тоқылған үлгі көрсетілген.Осы үлгі бойынша тоқы.

Студентерге тапсырма: Қарапайым өрнек тоқу.
. Сұрақтар мен бақылау түрлері тақырыптарының тізбесі.

1 Еңбекті оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері?

2 Мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны қандай бөлімдерден тұрады?

3 Қауіпсіздік ережелері мен жеке гигиеналық талаптары?

4 Тұрмыстық еңбеқ негіздері?

5 Дизайн түрлері? Қағаз пластикасы.

6 Қағаздың түрлері?

7 Оригами қағаздың өнделу тарихы?

8 Қатырма қағаздың негізгі түрлері?

9 Қағаз қалдықтарынан не жасауға болады?

10 Жапсырмалаудың түрлері?

11 Түрлі-түсті қағаздан қандай үйлестіру істеуге болады?

13 Үйлестіру қандай пішіндерден құралған?

14 Папье- маше технологиясы?

15 Әр түрлі заттармен жұмыс істеу (пластмасса, фанера, күйдіру әдісі).(Бросовый материал).

16 Бисермен жұмыс?

17 Ұсақ моншақтан панно дайындау технологиясы?

18 Коллаждың тарихы. Коллаждың жасау техникасы?

19 Қол өнер. Тоқыма.

20 Гобелен дегеніміз не?

21 Батик дегеніміз не? Батиктың технологиясы.

22 Мүсін өнері қандай бөлімдерге бөлінеді? Анықтамасы.

23 Сәулет өнері дегеніміз не? Сәулет өнерінің түрлері.

24 Ою- өрнектердің орындалу тәсілдері және оқытып үйрету әдістері?

25 Мүсіннің қандай түрлерін білесіз, атап беріңіз.Қазақстан мүсіншілерінің көркем шығармаларын ерекшеліктеріне байланысты әңгімелеп берініз

26 Дизайн өнері не білесіздер, әңгімелеп беріңіз

27Перспектива заңдылықтары қандай түрге бөлінеді

28 Пропорция дегеніміз не?

29 Көкжиек сызығы дегеніміз не?

30 Триптих дегеніміз не?

31 Табиғи материалмен жұмыс.

32 Сабаннан істеу технологиясы.

33 Зергерлік бұйымдар.

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім.- А., 2003.

2. «Еңбекке баулу» бағдарламалары (1,2,3,4- сыныптар).- А., 2003.

3. «Еңбекке баулу» оқулықтары (1,2,3,4- сыныптар).- А., 2001-2004.

4. Әміргазин Қ.Ж. Қазақ қолөнері.- А., 2004.

5. Өмірбекова М. Энциклопедия. Қазақтың ою өрнектері. - А.,2005.

6. Смирнов С.А. Технология как средство обучения второго поколения.-М.,2005.

7. Сатканов О.С. Еңбекке баулу әдістемесі (1-4 сыныптар). А., 1995.

8. Төленбаев С., Өмірбекова М. Қазақтың ою- өрнектерінің жасалу жолдары. - А.,1993.

9. Марғулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство.Том 1,2,3 - А.,1994.

10.Выгонов В.В. Практикум по трудовому обучению. - М.,1999.

11.Конышева Н.М. Методика трудового обучения младших школьников. -М.,1999.



12.Геронимус Т.М. Урок труда. «Я все делаю сама» : учебно методический комплекс по трудовому обучению для учащихся 1-4 классов.- М.,1998.

13.Рик Бич. Оригами. – М.,2005.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет