Төртіншіден– дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді.Жаңа әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалана білу - оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын кеңейтудің негізі . Осы технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс - әрекет талаптарын орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып, практика жүзінде қолданып, мынадай тұжырымдар жасадым: -оқушының шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;-қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;-қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;-оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөлініп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;-қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады. Тәжірибе көрсеткендей күнделікті сабағыма қарағанда жаңа -әдіс тәсілдерді пайдалана өткен сабағымдағы оқушының белсенді іс -әрекетін, қызығушылығын байқадым. Тарих сабағында оқушы шығармашылығын дамыту тарихи көркем әдебиеттерге жол сілтеу болып табылады. Қазіргі таңда ғылыми негізде және жаңа зерттеушілік бағытта құрастырылған электронды оқулықтарды тиімді пайдалану оқушының пәнге қызығушылығына жол ашады . «Робин раунд» әдісі бойынша сыныптағы оқушылар бір –бірін қайталамай сабақ мазмұнына сай пікірін айтып сабақты қорытындылай алады . « Ыстық орындық», «Сұрақтарды ұстап ал», «Ассоциация» «Джигсо» әдістері, яғни диалогтік оқыту барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай «білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады ».[1.37] сондықтан бір-бірін оқыту оқушылардың өз пікірін еркін айтуына мүмкіндік туғызары анық.Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды жан- жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болу тиіс. Мен өз тәжірибемде ғаламтордан тақырыптық бейнекөріністер алып оған талдау жасау жұмыстарына үлкен мән беремін. Осы арқылы оқушылардың тарихи түсініктері бір жерде ғана тоқталып қалмайды. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |