Көркемдік әдіс және бағЫТ. Әдеби бағыт


Образ-өнердегі көркемдік мазмұнды берудің формасы. Көркем образ. Ерекшелік сипаты



бет11/43
Дата20.05.2024
өлшемі98.92 Kb.
#501579
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
stud.kz-73494

Образ-өнердегі көркемдік мазмұнды берудің формасы. Көркем образ. Ерекшелік сипаты. Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің құйылар арнасы, ең басты және өзекті мәселесі-образ және образдылық. Көркем образ-өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категория. Сонымен бірге көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды да, көбінесе кейіпкерлер мен әдеби қаһарманды «образ» деп атаймыз. Негізінде образдың ерекшелігін екі мәселеге, яғни нақты шындық пен ойлау үрдісіне қатысты қарастыру дәстүрі қалыптасқан. Соған сәйкес, образдың обьективті-танымдық сипаттары 2 түрлі жағдайға байланысты анықталады. Образ көркемдік шындыққа тән болғанымен, өмірлік негізінде жасалатындықтан, ақиқат өмірдегі кеңістік, уақыт, қоғам, заттар мен құбылыстардан алшақ кете алмайды. Сондай-ақ, образ ақиқат болмыспен біте қайнасып кетуге де тиіс емес. Оның сыры-образдың өмір сүру ортасына қатысты. Нақтылай түсер болсақ, образ ақиқат өмірден бастау алғанымен, көптеген шарттылықтар арқылы одан ажырап, көркем туындыдағы «қиялдан туған» әлемге көшеді. Образ-шығармашылық ой жемісі. Сондықтан ойлау үрдісіне тән сипаттарға образ да ие болады. Яғни образ тек қана ақиқатты суреттеп берумен шектелмейді. Өмір шындығын жинақтай отырып, жекелеген оқиғаларды, құбылыстарды бейнелей отырып, адам баласын толғандырып келе жатқан мәңгілік сауалдардың мәніне де үңіледі. Образ-нақты ұғым. Қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құбылысты дерексіз, тиянақсыз әлденелерге бөлшектемей керісінше, оның тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Жинақтау дегеннің өзі-әдеби тип жасау әрекеті. «Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уақытпен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы болып табылады» дейді З.Қабдолов. Типтендіру – мөлшерлі «сфераға» енетін, өлшеулі «формаға» көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз харакеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін қатаң қағидаға қарап белгілемейді, оның өмірдегі жанды дерегіне қарап бағалайды. Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керекті-типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін-прототип. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Құнанбайды тарихтан белгілі Құнанбайдың таза көшірмесі деп түсінуге болмайды. Өйткені, әдеби бейнеде қаламгер концепциясы жинақталады да, соған орай көркем бейне жасалады. Сонымен бірге авторлық позицияға байланысты кейіпкер халықтық қаһарманға айналуы да, қаламгердің көркемдік жүйесіне байланысты да болады. Образға мысал: М.Әуезовтің«Абай жолы»эпопеясындағы халық Образы, Абай Образы — өнер мен халықтың немесе өнер мен сананың арасындағы арнайы байланысты негіздейтін эстетикалық категория. Кез келген образ заттық және мағыналық екі компоненттен тұрады. Осыған орай ол іштей заттық, жалпылама-мағыналық және құрылымдық деп үш түрге жіктеледі.
Образдың заттылығы бір сөзбен ғана берілген сипаттамадан бастап, оқиғаны жіліктеп, оның жай-жапсарын тереңдете суреттеуге (пейзаж, портрет, көңіл-күй) дейін қамтиды. Ол бүкіл сюжеттік желіге (өлеңнің, әңгіменің, т.б.) негіз болып тартылуы да мүмкін. Жалпылама мағыналық образ іштей дербес ұқсас, типті және мотив-образ, топос, архитип болып бөлінеді. Мысалы, мәңгі типтік образ: Дон Кихот, Гамлет, Фауст, бұларға қазақ әдебиетіндегі: Шығайбай, Қарабай, Судырахмет, т.б. жатқызуға болады. Құрылымдық образ: автологиялық, металогиялық түрлерге жіктеледі. Тарихи даму барысында көркем образдылық ұғымы мен оның компоненттері үлкен өзгерістерге ұшырап отырған. Мысалы, Ертедегі Шығыста тұспалдау, астарлау жиі қолданылса, антикалық әдебиетте — классикалық, қайта өрлеу дәуірінде — барокко, жаңа еуропалық әдебиетте романтикалық, реалистік образ қалыптасты. Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге:эпикалық;лирикалық;драмалық болып бөлінсе, жасалу тәсіліне қарай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық, т.б. болып бөлінеді. Романтикалық образ — әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Реалистік образ — әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Әдеби тек тұрғысынан образдар эпикалық, лирикалық, драмалық болып 3 топқа бөлінеді. Эпикалық образ — жазушының авторлық баяндаулары мен әдеби қаһарманның өзінің сөздері, яғни кейіпкер сөзі арқылы жасалатын образ. Лирикалық образ — сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі, сыры мен сезімі. Драмалық образ – кейіпкердің өз сөздері мен іс-әрекеттері арқылы бейнеленетін образ. Драмалық образдың басты бір ерекшелігі оның сахнада сомдалуына қатысты. Юморлық образ — күлкілі кейіпкер: юмор — өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі. Сатриалық образ — сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті көлтің көз алдында – көрінісіне шығарады, халықты одан түңілтеді. Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман әдебиетіндегі адам образының ерте замандардан күні бүгінге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі. Трагедиялық образ — әдебиетте тым ертеден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңа, адам мен қоғам, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырасыз күрестен, бітіспес тартыстан, қайшылықтан, соның өзінде де мейлінше асқақтыққа, адам жеңіп болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терең және шебер жинақтаудан туады. Геройлық (қаһармандық) образ – адамға тән небір тамаша сипаттардың жинақталуынан тұратын сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, асыл мұраттарынан туған тарихи тегі. Қаһармандық образ – еңбек пен күрес адамының көрінісі.

17)ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨНЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.
18)КӨРКЕМДІК ТАНЫМ.КӨРКЕМДІК ОЙЛАУДЫҢ ӨЗІНДІК ТАБИҒАТЫ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет