Көркемдік әдіс және бағЫТ. Әдеби бағыт


Пафос түрлерінің өзара ұштасуы мен ажыратылуы



бет30/43
Дата20.05.2024
өлшемі98.92 Kb.
#501579
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43
stud.kz-73494

53.Пафос түрлерінің өзара ұштасуы мен ажыратылуы.
Пафос (гр. pathos — сезім, құмарлық), құлшыныс, құштарлық, асқақтық, қуатты сезім мен терең шабыт мағынасында қолданылған. Ежелгі грек әдебиетінде Пафосты қаламгердің шығармашылық ойының сын-сипатын айқындауда, туындыларында заман бейнесінің бейнеленуі дәрежесін бағалауда негізгі көрсеткіш ретінде таныды. Пафос арқылы ақын-жазушының қоғамдық-әлеуметтік идеалын анықтау да қалыптасты. Көркем шығарманың идеалы мен оның Пафосының тығыз байланыста болатындығы осы екі ұғымды бірде ыңғайлас, бірде қарама-қарсы сапада қарастыруға негіз болды. Пафос қаламгердің “соты” мен “үкімі” деген де көзқарас бар. Аристотель Пафосты объективтік жайлар арқылы экспрессивтік бейнелер жасау деп есептеген. Лонгин Пафостың субъективтік негізге тәуелді екенін дәріптеп, “тәңірлік шабыт”, “таланттың әулиелік ақымақтығы” сияқты ұғымдар енгізіп, Пафосты қиялмен байланыстырды. Шиллер оны көркем туындының жанрын анықтайтын басты көрсеткіш десе, Лессинг эстет. категориялар дәрежесіне көтерді. В.Г. Белинский Пафосты жеке қасиеттермен байланыстырды. Гегель Пафосты екі мағынада қарастырды: кейіпкердің қоғамдағы, тұрмыстағы ерекше құлшынысты іс-әрекеті; шығарма авторының “жаны”, оның болмысқа көзқарасы, ақиқатқа жетудегі құралы. 20 ғасыр да Пафосты көркем мазмұнмен, шындықпен бірлікте зерттеу белең алды. Пафос түрлерін анықтау біресе жанр ыңғайында, бірде әдеби ағым мен бағыт аясында жүргізілген. Пафостың түрлерін негізінен трагедия, қаһармандық, комедия, романтика,сатиралық, драмалық деп жіктеу қалыптасқан. Пафос субъективті, объективті, шын және жалған болуы да мүмкін. Көркем шығармадағы “негізгі ой”, “өзекті идея”, “авторлық бояу”, “ұлттық реңк”, “басты желі” деген ұғымдарды Пафоспен тығыз байланыста қарастырған дұрыс.
54.Сюжет желілері.Сюжет және тартыс.Сюжет (фр. sujet — зат) — өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі — өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт — әр түрлі адамдардың көзқарасындағы қарама-қайшылық. Мұндай кайшылықтар әр түрлі әлеуметтік топтардың ымырасыз күресі, таласы үстінде қандай айқын бой көрсетсе, сонымен қатар, баяндалған оқиға, жағдайларға кейіикерлердің әр түрлі қарап бағалауынан да жақсы аңғарылады. Кейіпкерлердің қақтығысы қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен қабысып жатады, жеке адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан оқырмандар заманның, дәуірдің шындығын көріп, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады. Шығармадағы қақтығыстартыстың өрістеп дамуы үстінде кейіпкерлердің қимыл-әрекеттері, ой-сезімдері, сөздері арқылы олардың характері ашыла, айқындала тұседі. Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, жекелеген сәттері, яғни бастамасы, шиеленісуі, шарыктау шегіне жетуі және шешілу-аяқталуы да өмірлік тартыс, қайшылықтың даму-өрістеу заңдылықтарына сәйкес келіп отырады. Оқиға желісі болған соң, тартыс болған соң оның қандай да болсын бастауы, өрістеп, шиеленісіп, ширығатын кезі, аяқталуы болатыны түсінікті. Және мәселе окиғаның жай аяқталуында емес, көркем шығармадағы қактығыстар, жеке сурет-картиналар арқылы толысып, мағынасы кеңейе түсетін окиға тізбегі бара келе логикалык тиянактылык тауып, негізгі шиеленістің түйіндері шешіліп, бәрі-бәрі бір арнаға құйылып барып тынуы, сол арқылы шығарманың негізгі идеясы өсерлі толық ашылуы аса қажет. Сонымен бірге Сюжеттің беташары ретінде аңдату (пролог), ал соңында (эпилог) суреттемелер де беріледі. Олардың болуы шартты емес, тек қажетті деп саналса ғана. Сюжеттің аталған түстары, өз алдына оқшауланып көрінетін болшектері үнемі бір қалыппен жасалмайды, өмірдегі нақтылы жағдайларға орай сан түрлі болып құбылып өзгеріп отырады. Сюжеттің мағыналык мүмкіндігі баяндалатын, оқиғаға катысатын кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінезбітімі, яғни, характерлері бейнеленуі арқылы ашыла түседі. Қалай десек те, Сюжет пен кейіпкерлер, олардың характерлері арасындағы тығыз байланыс, сабақтастық бар. Ойткені окиға дегеніміз — адамның басынан кешетін жағдайы немесе бірнеше адамдардың қарым-қатынасының көрінісі. Ал, адамның мінез өзгешелігі, характері оның істеген ісінен, қимыл-әрекетінен айқын танылатыны және талассыз. Ал кейбір шығармаларда кейіпкерлердің характеріне, мінез-құлқына тереңірек бойлап, өмір шындығын ашып көрсетудің орнына, баяндалып отырған жағдайларды ешбір зерлеп, зерттеп жатпай, окиға желісінің өзін қызықтап, соның ізін қуып кету де кездесетінін мойындаумыз керек. Бірак бұл көркемөнердің талабы емес, көбінесе жазушынын талғампаздық, шеберлігінің жетіспеуінен болады. Сюжетті қызықтау, оқиғаны қыздырмалап, бірыңғай баяндау детективтік жанр шығармаларына ғана болмаса, басқа әдеби туындыларда ұтымды болмайды. Көлемді шығармада оқиға желісі бірнеше тарауға бөлініп, қатарласа өрбіп, бір-бірімен жалғаса келіп, бір арнаға құйылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет