Корнеевка ауылдық округінің әкімі Н. Магзумовтың Корнеевка ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014 жылғы есебі және алдағы уақытқа міндеттері туралы



Дата24.02.2016
өлшемі43.57 Kb.
#12261
Корнеевка ауылдық округінің әкімі Н.Магзумовтың

Корнеевка ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014 жылғы есебі және алдағы уақытқа міндеттері туралы

Биылғы жылғы ел тарихындағы маңызды оқиға – Қазақстан Республикасының Президенті, ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол атты Жолдауы болды. Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол – «Қазақстан - 2050» Стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.



Ауыл шаруашылығы экономиканың өзекті салаларының бірі болып табылады.

2014 жылы 14 шаруашылық қожалығы 4768 га жерге егін егіті. Оның ішінде 2094 га бидай, 1500 га арпа, 170 га сұлы. 650 га жерге көп жылдық шөп егілді.Шаруа қожалықтары 5500 тонна мал азығын дайындады.

Ауыл шаруашылығының негізгі бөлігі мал шаруашылығы болып табылады. 2014 жылдың 1 шілдесіне 2013 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда Ірі қара малдың басы 418 басқа көбейді, қой мен ешкі 1478 басқа көбейді, жылқы 356 басқа көбейді. Шаруашылық қожалықтарында 802 бас асыл тұқымды ет бағытындағы ірі қара мал өсіріледі. Округ бойынша 3 шаруашылық қожалықтар асыл тұқымды қазақтың ақбас тұқымын өсірумен жұмыс жүргізіп жатыр. Олар «Жалғас», «Ұлан», «Береке» шаруашылық қожалықтары. 7 шаруашылық қожалықтары «Рахат», «Болат», «Керней», «Абу», «Весна», «Жексенбек», «Заря» асыл тұқымды бұқа сатып алып мал тұқымын асылдандыруда.

Жеке шаруашылықтағы малдың санының көбейуінің себебі, біздің Елбасымыз ауылшаруашылығының дамуына көп көңіл бөледі, оның ішінде мал шаруашылығы саласына.

Өз қаражаттарымен Ақжар ауылының жеке шаруашылықтары «Жалғас», «Береке», «Улан», «Рахат» малдың басын көбейту үшін қыстақтарда мал қораларын, тұрғын үй ғимараттырының құрылыстары салынды. Осы шаруашылық қожалықтарының малдары қыстақтарда ұсталынады.

«Ұлан» шаруа қожалығы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша электр тасымалдау желелерін тарту жоспарланып отыр.

Есепті мерзімде өте қауіпті мал аурулары бойынша профилактикалық – ветеринариялық іс-шаралар жоспары орындалды, төрт ауруға қарсы егу жүргізілді. Екі ауру бойынша тексеру өткізілді. Бруцеллез ауру бойынша 58 ірі қара мал және екі түйе мал басы анықталды. Ветеринария дәрігерінің қадағаланыу бойынша ауруға шыққан малдар толық тапсырылды.

Округ аумағында 1 мал сою алаңы әрекет етеді «Абу» шаруашылық қожалығы.

Ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселенің бірі мал басын бірдейлендіру. 2014 жылы мал басын бірдейлендіру 100 % орындалды. Ірі қара мал – 1705 бас, ұсақ мал – 3030 бас, жылқы – 450 бас, шошқа – 30 басқа.

Есепті жылда жер қатынастары саласында нақты жұмыстар атқарылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жер учаскелерін түгендеу және пайдаланылмайтын жерлерді айналымға енгізу жөнінде жұмыс жүргізілді.

Есепті 2014 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жер учаскелері түгендеу шаралары жүзеге асырылды. Атап Айтқанда Корнеевка ауылдық округі мақсатына сәйкес пайдаланылмаған 12 шаруа қожалығының жалпы аумағы 2847 га жер учаскесі мемлекетке қайтарылып, иесіз мүлік ретінде Бұқар жырау ауданының әділет басқармасында арнайы есепке қойылды. Корнеевка ауылдық округі бойынша 7698 га егістік жердің 4678 га жеріне биыл дәнді-дақылдар салынды яғни 60% ғана қолданылыста десе де болады.

Округ бойынша 77 шағын және орта бизнес субъектілері қызмет етуде, оларда 176 адам қамтылған – бұл экономикалық белсенді халықтың 14,7%.



Энергетика және көркейтуді дамытуға тиісті жұмыс жүргізілді. Электр тасымалдау желілерін күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары атқарылды. Корнеевка, Ақжар, Алғабас ауылдары бойынша 14 КТП ағымды жөндеу жұмысы өткізіліп, сымдары, изоляторлары ауыстырылды. Ақжар ауылы бойынша ВЛ-0,4 кв №3- фидерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік саланы дамытуға ерекше назар аударылады. Білім беру саласындағы жұмыс материалдық-техникалық базаны нығайтуға, шағын орталықтарды дамытуға, сапалы білім қызметін беруге бағытталған. 2015 жылдың 5 қаңтарынан бастап Корнеевка мектебінің шағын орталығы толық жұмыс күніне көшіріледі.

Материалдық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Жаз айларында мектептерде оқушыларды сауықтыру мақсатында 5 маусымдық сауықтыру лагерлері жұмыс істеді.



Үшінші бағыт бойынша - Шержанова Перизат Қарқаралы ауыл шаруашылық колледжін үздік аяқтап Корнеевка ауылының ветеринариялық пунктінің меңгерушісі. Игсатова Гульнар Қарқаралы ауыл шаруашылық колледжінде оқуын жалғастыруда.

Қоғамдық жұмысқа 2 адам қатысты, әлеуметтік жұмысқа 3 адам жұмыс атқарады, олар жалғыз басты адамдарға үй шаруасына көмектеседі.

2014 жылы 83 адам тұрақты және маусымды жұмыспен қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 15 отбасы, 67 адам 624805 теңге, балалары бар отбасы мемлекеттік көмек 27 отбасы, 89 адам 1184894 сомасында 2014 жылдың 1 желтоқсанына жәрдемақы төленді.



Округте құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2014 жылдың 1 желтоқсанына 22 қылмыс тіркелді, оның 6 қылмысы ашылған жоқ. бұл 2013 жылдың деңгейінен төмен 2 пайызға.

Округте «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда, білікті жас мамандарды ауылға тарту және олардың жұмысы үшін қолайлы жағдайлар туғызу жөнінде шаралар қабылданды, Керней орта мектебіне екі жас маман жұмысқа қабылданып мемлекет тарапынан көтерме жәрдемақы алды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2014 жылы 2 млн. 039 мың.тенге қаржы бөлінді, бұл қаржы Ақжар ауылының көшелерін жарықтандыруға жұмсалды. 2015 жылы Алғабас ауылының көшелерін жарықтандыруы жоспарлануда.

Қыс мезгілінде ауыл ішінің жолдарын қардан тазалауға аудн бюджетінен Корнеевка, Алғабас ауылдарына 600 мың теңге, Ақжар ауылына 700 мың теңге бөлініп, жолдар қардан тазаланды.

Өткен кездесулерде халықтан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулері іске асыру бойынша орындалған іс-шаралар:

- Корнеевка ауылы бойынша шағын орталығы толық жұмыс уақытына көшу туралы.

2015 жылдың 5 қаңтарынан бастап Корнеевка мектебінің шағын орталығы толық жұмыс күніне көшіріледі.



- Корнеевка ауылына монша салу туралы.

Жеке кәсіпкер Торжан Сармантаева монша салу құрылысын бастады.



- Корнеевка селосының тұрғыны Нурпейс Манат жұмысқа орналасу туралы.

Нурпейс Манат Керней орта мектебіндегі шағын орталығына жұмысқа қабылданды.



маманын бөлу туралы

Әр ауылға жеке ветеринариялық дәрігері қарастырылмаған.



  • Ақжар ауылы бойынша 5 км қашықты жолына жөндеу

жұмысын жүргізу.

2015 жылдың аудандық бюджетің жоспарына сұраныс берілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет