Корпоративтік дебеттәі карточканы шығаруды ресімдеу бойынша клиенттерге арналған жадынама корпоративтік дебеттік карточка



Дата09.06.2016
өлшемі109.67 Kb.
#124798

КОРПОРАТИВТІК ДЕБЕТТӘІ КАРТОЧКАНЫ ШЫҒАРУДЫ РЕСІМДЕУ БОЙЫНША КЛИЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Корпоративтік дебеттік карточка – Компанияның өкілдік, іссапар және шаруашылық шығындарын жүзеге асыру, сонымен қатар қолма-қол ақшаларды алу шоттағы қаражаттардың шегінде сауда және сервис кәсіпорындарында қызметтер үшін төлем жасауға арналған төлем карточкасы.

Кім Банктің клиенті бола алады?

Қазақстан Республикасының өз қызметкерлеріне өкілдік, шаруашылық, іссапар шығындарын, сонымен қатар кедендік және өзге де төлемдерді жүзеге асыру үшін карточка ашатын заңды тұлға резиденттері мен бейрезиденттер.



Корпоративтік дебеттік карточканың артықшылықтары:

  • Тауарлар мен қызметтер үшін кез келген сауда нүктесінде төлем жасау мүмкіндігі (Visa/MasterCard логотипі бар жерде).

  • Корпоративтік дебет карточкасы бойынша төлем жасау кезінде – жүкті ресімдеу және жіберу Клиент POS – терминалдың чегін ұсынған жағдайда төлемнен кейін дереу жүргізіледі.

  • Кедендік ресімдеу процесін тоқтатпастан жеткіліксіз соманы жедел қосымша төлеу.

  • Уақытша сақтау қоймалары (УСҚ) мен транспортты жалға алу мерзімдерін қысқарту.

  • Компания қызметкерлеріне төлемдерді жүргізу үшін ақшалай қаражаттар беру бойынша процедураларды жеңілдету.

  • Бір негізгі карточка немесе бірнеше қосымша корпоративтік карточкалар немесе бірнеше негізгі корпоративтік карточка ашу мүмкіндігі.

  • өзіндік қызмет көрсету терминалдарына қолжетімділік: банкоматтар, «Cash&Pay» төлем терминалдары.




Төлем карточкасын ресімдеу үшін Сізге төмендегілерді орындау қажет:

1. Банктің кез келген бөлімшесіне келу.

2. Келесі құжаттар пакетін ұсыну:

  1. Заңды тұлғалар-Қазақстан Республикасының резиденттері мен олардың жекешеленген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:

  • қолдар мен мөр бедерлемесінің үлгілерімен бірге нотариалды куәландырылған құжат;

  • клиенттің тіркеуге есебіне алынғандығын растайтын салық қызметі органымен берілген құжаттың көшірмесі;

  • статистикалық карточканың көшірмесі;

  • мемлекеттік тіркеуден өту (қайта тіркеу) айғағын растайтын уәкілетті органмен берілген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;

  • қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктері үшін - қоғамдық және діни бірлестіктертің жарғысы мен филиал немесе өкілдік туралы ережемен қарастырылған тәртіпте сайланған (тағайындалған) қоғамдық және діни бірлестіктердің филиал немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын орыс және/немесе мемлекеттік тілдерде нотариалды куәландырылған құжаттар;

  • заңды тұлғалардың басқа түрлерінің филиалдары мен өкілдіктері үшін – заңды тұлға-Қазақстан Республикасының резидентімен филиал немесе өкілдік басшысына берілген сенімхаттың көшірмесі;

  • жарғының немесе типтік жарғы негізінде заңды тұлғаның қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (жекешеленген бөлімшелер үшін - Ережелер);

  • мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің рұқсаты;

  • заңды тұлғаның оның қызметкеріне карточка ашу бойынша сенімхаты;

  • жеке куәліктің (немесе төлқұжат) көшірмесі және ұйым қызметкерінің салықтық есепке (СТТН) қойылғандығы туралы айғақты растайтын тіркеу органымен берілген белгіленген нысандағы құжат.

  1. Заңды тұлғалар-Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мен олардың жекешеленген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:




  • қолдар мен мөр бедерлемесінің үлгілерімен бірге нотариалды куәландырылған құжат;

  • салық қызметі органымен берілген заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тіркеу есебіне қойылғандығын растайтын құжаттың көшірмесі, заңды тұлға-бейрезиденттің филиалдары мен өкілдіктері үшін олардың Қазақстан Республикасында тіркелген орны бойынша;

  • заңды тұлға-бейрезиденттің филиалдары мен өкілдіктері үшін – уәкілетті органмен берілген мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеу) өту айғағын растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі, сонымен қатар тиісті филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариалды куәландырылған және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде орындалған көшірмесі және заңды тұлға- Қазақстан Республикасының бейрезидентімен филиал немесе өкілдік басшысына берілген сенімхаттың көшірмесі;

  • мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармаларымен белгіленген тәртіпте куәландырылған және қажет жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасы мен қатысушыларының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылған немесе апостилденген заңды тұлға-бейрезидентті тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркеу күні мен орны туралы ақпараттан тұратын сауда тізілімінен алынған көшірмеден үзінді немесе басқа да мазмұны жағынан ұқсас құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі.

  • заңды тұлғаның оның қызметкеріне карточка ашу бойынша сенімхаты;

  • жеке куәліктің (немесе төлқұжат) көшірмесі және ұйым қызметкерінің салықтық есепке (СТТН) қойылғандығы туралы айғақты растайтын тіркеу органымен берілген белгіленген нысандағы құжат.


3) Корпоративтік дебеттік карточканы қайта шығаруға қажетті құжаттар пакеті:

Заңды тұлғалар-Қазақстан Республикасының резиденттері/бейрезиденттері мен олардың жекешеленген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:


  • заңды тұлғаның оның қызметкеріне карточка ашу бойынша сенімхаты/ұйымның қол қою құқығына ие тұлғасының қолымен фирмалық бланкіде ресімделген және ұйымның мөрімен куәландырылған ұймның хаты;

  • жеке куәліктің (немесе төлқұжат) көшірмесі және ұйым қызметкерінің салықтық есепке (СТТН) қойылғандығы туралы айғақты растайтын тіркеу органымен берілген белгіленген нысандағы құжат.

4. Төлем карточкасын шығару туралы өтінішті толтыру және қол қою;

5. Корпоративтік карточка беру мен қолдану тәртібі туралы шартқа қол қою.

6. Карточка бойынша жылдық қызмет көрсету бойынша төлем жасау;

7. Төлем карточкасын дайындау және жеткізу Банк бөлімшесіне хабарласу және карточка шығару туралы өтінішке қол қою уақытытан бастап төмендегідей жүзеге асырылады:

Алматы қаласында – 5-7 жұмыс күнінің ішінде;

басқа қалаларда – 10-12 жұмыс күнінің ішінде.

8. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Сізге жеке басты куәландыратын құжатпен төлем карточкасы мен ДБН-конвертті алу үшін Банк бөлімшесіне келу керек.

Назар аударыңыз! Карточка бойынша бұдан әрі қызмет көрсету үшін Сізге банкоматта операция жүргізу арқылы карточканы жандандыру қажет. Карточканы басқа тұлғаларға бермеңіз және ДБН-кодты жарияламаңыз.

Төлем карточкаларын ұстаушылар төмендегілерге мүмкіндік беретін банктік қызмет көрсету терминалдарына қолжетімділік алады:


  • Банктік шоттарды бақылау (шоттағы қалдық, қолжетімді баланс, үзінді).

  • Қызмет түрлері үшін төлем жасау.

Банкоматтар

Cash&Pay терминалдары

қолма-қол ақшалар шығару, карточкалық шоттағы қалдықты тексеру, ұялы байланыс қызметін төлеу, Банктің карточкаларына ақшалай қаражаттар аудару, төлем карточкасын қолдана отырып банктік шот бойынша шағын-үзінді алу.

банктік шоттарды толықтыру, қызмет жеткізушілерінің пайдасына төлемдер жасау, бюджетке төлемдер енгізу, аударым операциялары, кредиттерді өтеу, анықтамалық ақпарат алу.

Банктің менеджері Сізге банктік өнімнің шарттары туралы кеңес береді және қажет болған жағдайда Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді!

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сіздің Байланыс орталығына хабарласуыңызға болады:

+7 (727) 250-01-11, 250-02-22 – Алматы қ. үшін;
8-8000-800-111 – Қазақстанның тұтас аумағындағы қала телефондарынан тегін қоңырау шалу қызметі;
7111 - ұялы байланыстың барлық операторларына арналған тегін қоңырау шалу нөмірі.



КОРПОРАТИВТІК КРЕДИТТІК КАРТОЧКАНЫ ШЫҒАРУДЫ РЕСІМДЕУ

БОЙЫНША КЛИЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
Корпоративтік кредиттік карточка – Компанияның өкілдік, іссапар және шаруашылық шығындарын жүзеге асыру, сонымен қатар қолма-қол ақшаларды алу шоттағы қаражаттардың шегінде сауда және сервис кәсіпорындарында қызметтер үшін төлем жасауға арналған төлем карточкасы.

Кім Банктің клиенті бола алады?

Қазақстан Республикасының өз қызметкерлеріне өкілдік, шаруашылық, іссапар шығындарын, сонымен қатар кедендік және өзге де төлемдерді жүзеге асыру үшін карточка ашатын заңды тұлға резиденттері.



Корпоративтік кредиттік карточканың артықшылықтары:


  • Жаңғыртылатын кредиттік желі;

  • Тауарлар мен қызметтер үшін кез келген сауда нүктесінде төлем жасау мүмкіндігі (Visa/MasterCard логотипі бар жерде).

  • Корпоративтік кредит карточкасы бойынша төлем жасау кезінде – жүкті ресімдеу және жіберу Клиент POS – терминалдың чегін ұсынған жағдайда төлемнен кейін дереу жүргізіледі.




  • Жедел, кедендір ресімдеу процесін тоқтатусыз жеткіліксіз соманы қосымша төлеу;

  • Уақытша сақтау қоймасы (УСҚ) мен трнаспорттық жалға алу мерзімдерін қысқарту;

  • Компания қызметкерлеріне төлемдерді жүргізу үшін ақшалай қаражаттар беру бойынша процедураларды жеңілдету.

  • өзіндік қызмет көрсету терминалдарына қолжетімділік: банкоматтар, «Cash&Pay» төлем терминалдары.



Төлем карточкасын ресімдеу үшін Сізге төмендегілерді орындау қажет:

1. Банктің кез келген бөлімшесіне келу.

2. Келесі құжаттар пакетін ұсыну:

  1. Заңды тұлғалар-Қазақстан Республикасының резиденттері мен олардың жекешеленген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:

  • қолдар мен мөр бедерлемесінің үлгілерімен бірге нотариалды куәландырылған құжат;

  • клиенттің тіркеуге есебіне алынғандығын растайтын салық қызметі органымен берілген құжаттың көшірмесі;

  • мемлекеттік тіркеуден өту (қайта тіркеу) айғағын растайтын уәкілетті органмен берілген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;

  • қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктері үшін - қоғамдық және діни бірлестіктертің жарғысы мен филиал немесе өкілдік туралы ережемен қарастырылған тәртіпте сайланған (тағайындалған) қоғамдық және діни бірлестіктердің филиал немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын орыс және/немесе мемлекеттік тілдерде нотариалды куәландырылған құжаттар;

  • заңды тұлғалардың басқа түрлерінің филиалдары мен өкілдіктері үшін – заңды тұлға-Қазақстан Республикасының резидентімен филиал немесе өкілдік басшысына берілген сенімхаттың көшірмесі;

  • жарғының немесе типтік жарғы негізінде заңды тұлғаның қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (жекешеленген бөлімшелер үшін - Ережелер);

  • мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің рұқсаты;

  • карточка ұстаушыларының тізімі;

  • клиент қызметкерінің (карточка ұстаушысының) жеке куәліктің (немесе төлқұжат) және ұйым салық төлеуші куәлігінің (СТТН) көшірмесі.




  1. Заңды тұлғалар-Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мен олардың жекешеленген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:




  • қолдар мен мөр бедерлемесінің үлгілерімен бірге нотариалды куәландырылған құжат;

  • салық қызметі органымен берілген клиенттің Қазақстан Республикасында тіркеу есебіне қойылғандығын растайтын құжаттың көшірмесі, заңды тұлға-бейрезиденттің филиалдары мен өкілдіктері үшін олардың Қазақстан Республикасында тіркелген орны бойынша;

  • заңды тұлға-бейрезиденттің филиалдары мен өкілдіктері үшін – уәкілетті органмен берілген мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеу) өту айғағын растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі, сонымен қатар тиісті филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариалды куәландырылған және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде орындалған көшірмесі және заңды тұлға- Қазақстан Республикасының бейрезидентімен филиал немесе өкілдік басшысына берілген сенімхаттың көшірмесі.

  • мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармаларымен белгіленген тәртіпте куәландырылған және қажет жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасы мен қатысушыларының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылған немесе апостилденген заңды тұлға-бейрезидентті тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркеу күні мен орны туралы ақпараттан тұратын сауда тізілімінен алынған көшірмеден үзінді немесе басқа да мазмұны жағынан ұқсас құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі.

  • Карточка ұстаушыларының тізімі;

  • клиент қызметкерінің (карточка ұстаушысының) жеке куәліктің (немесе төлқұжат) және ұйым салық төлеуші куәлігінің (СТТН) көшірмесі.


3. Корпоративтік кредиттік карточканы қайта шығаруға қажетті құжаттар пакеті:

Заңды тұлғалар-Қазақстан Республикасының резиденттері/бейрезиденттері мен олардың жекешеленген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:


  • карточка ұстаушыларының тізмі;

  • клиент қызметкерінің (карточка ұстаушысының) жеке куәліктің (немесе төлқұжат) және ұйым салық төлеуші куәлігінің (СТТН) көшірмесі.


4. Төлем карточкасын шығару туралы өтінішті толтыру және қол қою;

5. Кредит беру туралы оң шешім шығарылған жағдайда, карточка бойынша жылдық қызмет көрсету бойынша төлем жасау;

6. Төлем карточкасын дайындау және жеткізу Банк бөлімшесіне хабарласу және карточка шығару туралы өтінішке қол қою уақытытан бастап төмендегідей жүзеге асырылады:

Алматы қаласында – 5-7 жұмыс күнінің ішінде;

басқа қалаларда – 10-12 жұмыс күнінің ішінде.

7. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Сізге жеке басты куәландыратын құжатпен төлем карточкасы мен ДБН-конвертті алу үшін Банк бөлімшесіне келу керек.

Назар аударыңыз! Карточка бойынша бұдан әрі қызмет көрсету үшін Сізге банкоматта операция жүргізу арқылы карточканы жандандыру қажет. Карточканы басқа тұлғаларға бермеңіз және ДБН-кодты жарияламаңыз.

Төлем карточкаларын ұстаушылар төмендегілерге мүмкіндік беретін банктік қызмет көрсету терминалдарына қолжетімділік алады:


  • Банктік шоттарды бақылау (шоттағы қалдық, қолжетімді баланс, үзінді).

  • Қызмет түрлері үшін төлем жасау.




Банкоматтар

Cash&Pay терминалдары

қолма-қол ақшалар шығару, карточкалық шоттағы қалдықты тексеру, ұялы байланыс қызметін төлеу, Банктің карточкаларына ақшалай қаражаттар аудару, төлем карточкасын қолдана отырып банктік шот бойынша шағын-үзінді алу.

банктік шоттарды толықтыру, қызмет жеткізушілерінің пайдасына төлемдер жасау, бюджетке төлемдер енгізу, аударым операциялары, кредиттерді өтеу, анықтамалық ақпарат алу.


Банктің менеджері Сізге банктік өнімнің шарттары туралы кеңес береді және қажет болған жағдайда Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді!

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сіздің Байланыс орталығына хабарласуыңызға болады:



+7 (727) 250-01-11, 250-02-22 – Алматы қ. үшін;
8-8000-800-111 – Қазақстанның тұтас аумағындағы қала телефондарынан тегін қоңырау шалу қызметі;
7111 - ұялы байланыстың барлық операторларына арналған тегін қоңырау шалу нөмірі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет