Көрсетіледі және жылына бір рет



Дата12.06.2016
өлшемі31.21 Kb.
#129878
Атаулы және мейрам күндеріне әлеуметтік көмек

Атаулы және мейрам күндеріне әлеуметтік көмек уәкілетті ұйымның ұсынуы бойынша Өскемен қаласы әкімдігімен бекітілетін тізімдер бойынша, алушылардан өтініш пен құжаттарды талап етусіз көрсетіледі және жылына бір рет азаматтардың келесі санаттарына ұсынылады:



  1. 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні:

  • Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына.

  1. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:

  • «Алтын алқа» алқасымен, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналарға;

  • «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға;

  • бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға.

  1. 26 сәуір – Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні:

  • 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-дағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға.

  1. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:

  1. 9 мамыр – Жеңіс күні:

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

  • қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;

  • Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдарына, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарға;

  • Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандарға;

  • екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдарға;

  • қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне;

  • қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен әрi «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға;

  • екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;

  • қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына;

  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға;

  • жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар;

  • бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына.


Анықтама телефоны: 551413 – Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет