«Көшпелілер мемлекеттілігі: пайда болуы мен дамуы»


Дәріс 13. Қыпшақ хандығының саяси тарихы



бет4/7
Дата23.02.2016
өлшемі0.53 Mb.
#5008
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс 13. Қыпшақ хандығының саяси тарихы

  1. Қыпшақ хандығының саяси тарихы.

  2. Кәсібі мен шаруашылығы

XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты есті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, қүман, ертедегі башқүрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді.

Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара - Балқаш көлі және Алакөл ойпаты болды. XII ғ. қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттер-мен шектесті, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақ, бек, байлар түрды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға деген жеке меншік еді. Жылқы басты байлық болып саналды. Қыпшақтар елінде көптеген бай адамдары бірнеше мың жылқы үстаған. Олар-дың кейбіреулері он мың және одан да кеп үйірлі жылқы-ны иеленген. Төменгі тапқа малы аз шаруалар, кедейлер жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретінде пайдаланылды. Қыпшақ тайпаларының көшіп-қону аймағы кейде мыңнан астам шақырым жерді қамтыған. Негізгі жайылымдардың орны мен көшу жолдары және осы бағыттағы жи-нақталған сан ғасырлык тәжірбие ұрпақтан-үрпаққа көшіп отырды. Көшу жолдары мен жайылымдарды бөлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдық - көшпелі жүйенің негізгі шарты болды. Мал ұрлау қатаң жазаланды. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер салынды. Малынан айырылған, немесе көшу мүмкіндігін жоғалтқан қыпшақ кедей шаруалары отырық-шы тұрғындар-жатақтар қатарына көшті. Бірақ олар жеткілікті мөлшерде мал жинап алысымен, қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды.

Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе Хорезм шахтары және салжүқтармен табанды күрес жүргізді. 1065 жылы селжүқтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Соғыста жеңіліс тапқан қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжүқтарына тәуелділікке түсті. Алайда, осыған қарамастан XI ғасырдың соңғы ширегінде қыпшақтар Маңғыстау мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында бұрынғыша өз билігін жүргізіп түрды. 1096 жылы "Қүдіретті" хан бастаған қыпшақ бірлестігінің әскерлері Хорезмге қарсы жорық жасады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды.

XI ғ. аяғы - XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Дегенмен XII ғ. алғашқы жартысында осы-нау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азияның билеуші мұсылмандық әулеттері арасындағы қиян-кескі ұрыс алаңына айналады. Хорезмшахы Атсыз (1127-1156жж) Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қып-шақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз кыпшақтарды ойсырата жеңеді. Тап осы кезден бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмді жақтаушылардың көбеюі, қыпшақтарға қарсы қаңлы-лардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді.

Бұл жағдайды Хорезм билеушілері, әсіресе Текеш пен Мұхаммед жан-жақты пайдалануға тырысты. Олар қыпшақ билеушісі Қадыр-Бүке хан мен оньвд немере інісі Алып - Деректің арасындағы бітіспес тақ үшін таласты пайдалан-ды. Қыпшақтардың орталығы Сығнақ қаласын басып алуға әрекет жасады. 1195 жылы Текеш (1172-1200 жж.) өз ойын іске асыру үшін Сығнақты басқарып отырған Қадыр-Бүке ханға жорыққа аттанды. Бірақ, шайқас кезінде Хорезм шахының түріктердің ұран тайпасынан қүрылған сарбаздары Қадыр-Бүке ханмен келісіп, соның жағына шығып кетеді. Осыдан кейін талқандалған әскерінің қалдығымен Текеш Хорезмге қайтып оралады. 1198 жылы Текештің ұлы Мұхаммед Алып-Дерскпен одақтасып Қадыр-Бүке ханға қарсы қайта жорық жасады. Соғыс барысында Қадыр-Бүке жеңіліп, Хорезмге жеткізілді. Хан билігі енді Алып-Дерек-ке көшті. Алайда, ол Хорезм шахтарына қарсы тәуелсіз саясат жүргізді. Қыпшақ ханының одан әрі күшейіп кетуі-нен қорыққан Текеш Қадыр-Бүке ханды босатып, оған Хо-резмнің коп әскерін беріп, Алып-Дерекке қарсы аттандыр-ды. Шайқастың барысыида Алып-Дерек әскерлері жеңіліс-ке үшырады, бірақ қыпшақ билігін қолына алған Қадыр-Бүке ханның өзі де Хорезм-шахқа тәуелді болып шықты. Хорезм шахтары қаңлы, кыпшақ, имек, үран тайпалары топ-тарының жетекшілерін әртүрлі қызметке тартты. Бүдан ба-сқа туысқандық үшін қалыптасқан дәстүрге сай, Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған. Мысалы: ХШ ғ. бас кезінде хорезмшахы Ала ад-дин Мүхаммед қаңлылардың басшы-сы Әмин Мәліктің қызына үйленген. Міне осыған байла-нысты Әмин Мәлік Хорезм-шахтар сарайында маңызды рөл атқарған.

Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:



  1. Қыпшақтардың пайда болуынының маңызы.

  2. Қыпшақ тайпаларының ерекшеліктері

Ұсынылған әдебиеттер:

1Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.

2.Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.

3.Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.

4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.

5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.

Дәріс 14. Моңғол империясының құрылуы


  1. Моғолстан, Әбілқайыр хандығы.

  2. Алтын Орда, Ақ Орда мемлекеттері.

Татар-моңгол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бір деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есугай баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, Моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірген. 1206 жылдың көктемінде Өнан өзенінің сағасында Темучинді жақтаушы-моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып, онда ол салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген атпен моңғолдардың әміршісі болып жарияланды. Осыдан кейін Темучин өзін хан көтерген ақсүйектердің қүлкынын тойғызу мақсатында көрші елдерді жаулау, оларды талау-тонау үшін үлкен әзірлік жүргізді.

Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат /барунғар/, сол қанат /жоңғар/ және орта-лық /гол/ атты үш әскери әкімшілік округке бөлініп, әрбір округте он мың адамнан түратын бірнеше түмгелер /түмендер/ болды. Олар өз кезегінде "мыңдық", "жүздік", "он-дықтан" кұрылды.

Өте қатал тәртібі, мүқият қүрылымы бар әскер басында моңғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкілдері-нояндар, багадурлар, мергендер, сечендер түрды. Шыңғысханға бұлардан басқа, өзіне шын берілген, 10 мың таңдаулы жауынгерлерден түратын кешігі /ұланы/ қызмет етті. Онын көмегімен Шыңғысхан нойондар мен феодалдарды өзіне тәуелді етіп үстады.

1207-1208 жылдардың қысында Шынғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдін оңтүстігіндегі басқа да "орман халықтарын" бағындырды. 1208-1209 жылдары Шыңғысхан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, таңғұттық Си Ся мемлекетін күйретті. Шыңғ-ыстың қаһарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға ез еркімен бағынды. Олардың ел басшысы Баршық өзін Шыңғысханның боданымын деп мойындаған. 1211 жылы Шыңғысханның қолы Солтүстік Қытайға бет алды, 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды /Пекинді/ бағындырды.

Қытайда моңғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатьш машиналарын және оны қолдана білетін адамдарды, қолөнершілерді алған. Шыңғысхан өз әскерінің санын көбейтіп, жауынгерлік дайындығын одан ары жетілдірді.

Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жан-жақты әзірленді. Бүл үшін ол мүсылман көпестерінен, моңғолдардың қол астында болған босқындардан мәліметтер алып, Қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін Хорезм шахындағы ішкі жағдай мен әскери күштер туралы деректерге қанықты, соның негізінде ойластырылған іс-қимылдың бағдарламасын жасады.

Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы най-манның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған 1218 жылы Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз оңай басып алды. Моңғолдарға қарсы түруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның мұсылмандарды қудалауы, қаталдығы, жігерсіздігі, салықпен зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза болған жергілікті халық Шыңғысханға мойын ұсынатынын білдірді. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуеренахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорыққа жолы ашылды. Көп кешікпей оған сылтауда табылды. 1218 жылы көктемде Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенінде монғол жансыздарын қосып есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі Қайырхан Иналшық көпестерді тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды олтіруге бүйырды. Шыңғыс-хан Хорезм шахынан Қайырханды ұстап беруді талап етті. Бірақ Хорезм шахы бүл талапты орындамады, Шыңғысхан жіберген елшілерді олтіруге әмір берді. "Отырар апаты" деп аталатын бүл тарихи оқиға Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысын тездетті.

Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 150 мыңға дейін адамы бар қалың қолды бастап шықты. Моңғол әскері Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастағаи бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған басқа бір шоғырын Сыр бойымен төмен бағыттады. Жебе мен Сүбедей басқарған үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетіп жүктеді. Шың-ғысхан кіші үлы Төлеймен - екеуі әскердің негізгі күштерімен Бүхараға беттеді.

Хорезмнің шахы Мүхаммед моңғолдарға қарсы түруға дайын емес еді. Өзін онша жақсы көрмейтін жергілікті феодалдардың күш біріктіріп езіне қарсы шығуынан корық-қан ол оскери күштерді әр қалаға бөліп үстап отырған. Мүның өзі Шыңғысханға қалаларда түрған шағын-шағын шоғырларды оп-оңай қарсылықсыз қүртып жіберуге мүмкіндік жасады.

1219 жылдың күзінде Шыцғысхан орасан зор армияны бастап Жетісу арқылы Мәуеренахрға аттанды. Оңтүстік Қазақстанның жергілікті халқы моңғол басқыншылығына қатты қарсылық көрсетті. Мүнда Шыңғысхан әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қайырхан ба-сқарған қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Отырар қорғаны-сы Қазақстан мен Орта Азияның халык бүқарасының моңғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқ-ын көрінісі болды. Қарамағында қамал бүзатын техника-сы, соның ішінде жанып кететін күбіршіктер, ататын машиналары болса да, моңғолдар бүл қаланы алты ай бойы ала алмады.Қаланың қүлауына опасыздық себеп болған еді.

Әбілхайыр хандығының саяси рөлі

Әбілхайыр хандығы Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарының көптеген жерін камтыды. Ха-лқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктен-ген түрік-монғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлүқ, қоңырат, қаңлы, үйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бүл тай-палар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және түрмысы жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар "өзбек" деген атпен саяси жағынан бірге аталған.

Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген "Көшпелі өзбектер мемлекетінің" яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста -Жайыққа, шығыста - Балқашқа дейінгі, оңтүстікте - Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте - То-был мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.

Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428-1468 жж.) елдің саяси жағдайында түрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтар мен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулеті - оның ішінде Ибак-хан, Береке-сүлтан, ¥рыс ханның үрпақ-тары Жәнібек пен Керей тағы басқалары - Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. Сондықтан Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағы саяси жағынан бытырыңқы болып қала берді. Бүған Әбілхайыр ханның тоқтаусыз жүргізген соғы-стары мен жорықтарының да үлкен әсері тиді. Әбілхайыр да хандық билікті өз қолына алған соң, басқа хандар сияқ-ты, елдегі үстемтап өкілдерінің талабына сай қызмет етуге әрекет жасады. Осы мақсатта ол басқа елдерге жорық жа-сау, жаңа елдерді басып алу, соғыс барысында қолға бай-лық түсіру, оны ақсүйек-феодал арасында бөліске салу ісімен айналысты.Әбілхайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін XV ғасыр-дың 30-шы жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бой-ында Шайбани үрпағы Махмүд Қожа ханды талқандайды. Жошы балаларының бірі Тоқы-Темірдің түқымдары Махмүд ханмен Ахмед ханның иелігіндегі Арал, Сырдария жерлері үшін Екіретүпте болған шайқаста жеңіске жетіп, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға жол ашады. Әбілхай-ыр Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді басып алады. Өзінің орталығын Тура-дан Орда-Базарға көшіреді. 1430 жылы аз уақыт Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды. 1446 жылы Әбілхайыр өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлар-дың бірі - Мүстафа ханның әскерлерін талқандайды. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау бау-райындағы Созақ, Сығнақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығнақты өз хандығының астанасына ай-налдырды. Сырдария бойындағы қалаларды Әбілхайыр-дың бағындыруының үлкен саяси-экономикалық маңы-зы болды. Өйткені кәсіпшілік пен сауда орталықтары болып саналатын Сырдария қалалары Әбілхайыр хан-дығын нығайтуға айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз еді. Қалалар көшпелі өзбек хандығының әмірлері мен сүлтан-дарына берілді. Созақ өзіне қарасты барлық жерлерімен Бақтияр сүлтанның, кейін оның баласы Әлеке сүлтанның иелігіне кешті, Үзгент - маңғыт Уақас би қол астына берілді. Ал Отырар, Ясы, Сайрам мен Сауран Темір әулетінің қара-мағында қалды.

Әбілхайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алу ағайындас Шайбани үлысы мен Ақ Орда үлысы ру-тайпа-ларының арасындағы қырғи-қабақ қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті. Себебі бүл қалалар мен оның төңірегі-ндегі алқаптарды қарату Барақ ханның түқымдары Керей мен Жәнібек сүлтандардың және оларға тәуелді, Сырда-рия мен Қаратау өңірінде көшіп-қонып жүрген қазақ рула-рының мүдделеріне қайшы келді. Бүл олардың арасындағы күрестің қайта жанданып, қазақ сүлтандары мен оларға Қарасты рулар мен тайпалардың Моғолстан жеріне көшіп кетуіне әкеліп соқтырды.XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілхайыр Мәуеренах-Рдағы Темір үрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бүхараға талау-тонау жорықтарын жүргізді. Әбілхайырдың шапқыншылықтарының табысты болуына, оның жергілікті бай-феодалдармен келісімге келуі ықпалын тигізді.

Көшпелі өзбектер мемлекеті ішкі қайшылықтардың әсерінен ыдырап кетеді.

Моғолстан мемлекеті XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі иелікке - шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Шаға-тай ұлысы қоныс еткен Мауеренахрдың батыс бөлігінде 50-60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, Әмір Темір мемлекеті құрылды. Ал оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті орнады. "Моғолстан" тарихи-жағрафиялық термині "моңғол" атауынан шыққан. "Моңғол" есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы тілдері-ндегі тарихи туындыларда "моғол" деп аталып, жазылатын болған. Моғолстан мемлекеті алғашқы құрылған кезде билік Шағатай ханға адал қызмет еткен Дулат тайпасы әмір-лерінің бірі - Болаттың қолында болған. Шыңғыс тұқымы-нан шықпаған, сондықтан хан болуға құқы болмағандыктан Болат озінің айтқанына кенетін әлі жас 18 жастағы Піағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жылы хан тағына отырғызды.

Моғолстан мемлекетшің құрамына Шығыс Түркістан, Онтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жер-лері кірді- Мемлекеттін шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қала-сына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ер-тістен онтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймактарына дейін созылып жатты. Сонымен XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы бір хандық - Моғолстан мемлекеті қүрылды (орта-лығы - Алмалық қаласы). Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бүл мемлекеттің негізін қала-ған жоғарыда айтылғандай монғол әмірлерінің бірінің баласы - Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.). Ол Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу енірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі келемі зор, таулы-тасты, езенді-көлді, ашық дала-лы, орман-тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тай-палардың басын қосты.

ХІ^-Х^ғасырларда Моғолстан қүрамына кірген тайпа-лар: дүғлаттар (дулаттар), каңлылар (бекшіктер), керейт-тер (керейлер), арғьшдар (арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары. Кейбір тайпалар-дың, мәселен, үйсіндердің аты аталмағанымен, олардың да осы бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ.

Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судьң жоғарғы иесі хан болды. Ақ Ордадағы сияқты мүнда Да бай-феодалдар жерді шартты иеленудің икта, инджу, сойүрғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аймақтар-Да жер жалпы қауымның қарауында болған. Бірақ мал ірі ақсүйек байлардың колында шоғырлануьшен байланысты көшпелі аудандарда қоныс - өрістердің бәрі шынында да солардың меншігіне тиді. Хандар мен ел билеуші ақ сүйектердің пайдасына қала мен ауыл түрғындарынан, егінші пен көшпелі халыктан күпшір, зекет, тағар, баж, қарадж Және тағы басқа да салықтар жиналды. Бүқара халық әртүрлі міндеттерді: әскери, кірешілік, еңбек, пошта т. б. Мщдеттерді атқарды. Мемлекетті басқару ісінде ханға үлыстар көмектесті.

Алтын орда, Ақ орда мемлекеттері

Батыйдың тау суындай екпінді жорығы барысында монғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оның шегі баты-ста - Днестрге, шығыста - Ертіске, оңтүстікте - Солтүстік Кавказға, Солтүстікте Батыс Сібір ойпатына дейін жетті. Батый иеліктерінің қүрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төмен жағындағы жерлер енді. Орыс княздіктері де Батыйға тәуелді бодан болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректеме-лерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Алғашында Алтын Орда Моңғолия империясына оның бір үлысы ретінде енген еді, ал XIII ғасырдың 60-шы жылдарынан кейін ол дербес ел болып

бөлінді.


Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ булғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан үрпақтары, хорезмдіктер түрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес Қыпшақ, Қаңлы, Найман, Қоңырат, Керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтарымен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орта-лық аймағы - Еділ бойы қазіргі Саратовтан Астраханға дейін (астанасы - Берке сарайы немесе Сарай әл-Жадид), негізгі әскери феодалдық күші - қыпшақ тайпалары. Ал-тын Орда өзін билеген хандары - Батый 1241-1256 ж., Бер-ке 1257-1266 ж., Мөңке-Темір 1266-1280 ж., Төде Мөңке 1280-1287 ж., Төле-Бүқа 1287-1291 ж., Тоқа-Темір 1291-1312 ж., Өзбек 1312-1342 ж., Жәнібек 1342-1357 ж. түсын-да қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый Моңғолиядағы үлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытай-мен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналы-сып, қолөнерді дамытты.

Берке хан түсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан түсында үстем дінге айналды.

Ақ Орданың негізін қалаған Шыңғыстың немересі Жошы ханның үлкен үлы Орда Ежен. Ақ Орда алғашқы қүрылған кезде Алтын Ордаға тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отыр-ды. Ол кезде Алтын Орданың астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы еді. Ал Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында бол-ды. Ақ Орда хандарының кестесі оларды болған уақытына қарай мынадай ретпен тізеді. Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы-Бүқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Ұрыс хан, Қой-ьіршақ, Барақ, т.б.

Ақ Орданың кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы. Бүл кезде Ак Орда мемлекетінің шаруа-шылғы, мәдениеті қарыштап дамып гүлденді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өркендеді. Ақ Орда хандары қалаларды қалпына келтіріп, қайта қүруға зор күшжұмсады. Олар хандықтың астанасы Сығнақ қаласында өз аттарынан металл ақша шығарды.

1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған ¥рыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына оты-руға күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойы-мен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хаджы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ ¥рыс ханның үстемдігі үзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Ал-тын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. Өйткені бүл кезде Орта Азиядағы Мауеренахр жерінде билікті өз қолына алып күшейе түскен Әмір Темір Ақ Ор-даның оңтүстік шекарасына шабуыл қауіпін төндірген еді. Ақ Ордаға қарсы шабуылда Әмір Темір Маңғыстау үлесінің билеушісі Түйқожа оғланның баласы Тоқтамысты пайда-лануға тырысты. Түйқожаны ¥рыс хан Алтын Ордаға қар-сы жорықта қолдамағаны үшін өлтірген болатын. Ал Тоқ-тамыс Самарқандка кашып келіп, Әмір Темірді паналады. Әмір Темір Ақ Орданы жаулап алу мақсатын жүзеге асыру үшін қару-жарақ, әскери күш беріп, Тоқтамысты Ақ Ор-даға қарсы айдап салды.

Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері Тоқтамыстың шоғырларын талқандады. Бүл соғыста Үрыс ханның баласы Қүтылық Бүға қаза тапты. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқ-тамыстың екінші жорығы да ¥рыс ханның баласы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді. Әмір Темір Ақ Ордаға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады және бүл жорықты өзі бастап шықты. Әмір Темір әскерімен Сырдариядан өтіп,Отырар маңына орналасты. Үрыс хан әскерімен Сығнаққа келіп тоқтады. Алайда екі әскер тобы осылайша бір-біріне жақындамай, аталған жерлерде үш айдай түрып, шайқаспай кері қайтып кетті. Тек төртінші жорық кезінде Үрыс ханның және оның баласы Тоқтақияның қайтыс болуы Әмір Темірдің жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. 1377 жылы ¥рыс хан қайтыс бол-ғаннан кейін, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкен-ді. Осы кезде Тоқгамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялайды. Ак Орданың көптеген әмірлерінің қолдауына ие болған ол 1380 жылы Сарайды, Хаджы-Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алады. Тоқтамыстың бүл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі нәтижесінде мүмкін болды. Тоқтамыс мүнымен тоқтаған жоқ, әбден күшейіп алғаннан кейін ол Ақсақ Темірдің қам-қор-қамтуынан босануға тырысады. Бірақ, 1388, 1391 және 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қиратылады. Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірге қашып кетті, оны 1406 жылы Сібір ханы Шәдібек өлтірді. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі та-лас-тартыстан XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсірейді. Ол Әмір Темірдің боданына айналды.



1423-1424 жылдары ¥рыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жедіп шығып, Ақ Ордада хандық-ты ез қолына алады. Бүл кезде, Ақ Орданың басты қала-сы Сығнақ, сондай-ақ Сырдың орта ағысындағы қала-лар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Үлықбекке қарсы жо-рыққа аттанып, Сығнақты және Сырдария бойындағы басқа да қалаларды босатты. Осы жеңістін нәтижесінде Ақ Орда Темір әулетінің үстемдігінен тәуелсіз болып алды. Алайда, Ақ Орданың ішіндегі феодалдық талас-тартыс тоқтамады. Осының салдарынан 1428 жылы Ба-рақ хан жауларының қольшан қаза тапты. Ол Ақ Орда-ның ең соңғы ханы болды. Барақ хан өлгеннен кейін Ақ Орда ыдырады да, билік Жошының кіші үлы Шайбан түқымынан шыққан Әбілхайыр сүлтанның колына көшті. Шайбан әулетінен шыққандар Барақ өлгеннен соң, Ак Орда жерінің елеулі болігін басып алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның үлысы екіге жіктелгенде жа-рыққа шыққан Ақ Орда хандығы екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Кешпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамы-ды. Қыруар мал бай-феодалдардың қолына жинақталды, олар жердің нағыз қожасына айналды. Олар қазақ халқының жеке халық болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:



  1. Моғолстан, Әбілқайыр хандығының пайда болуынының маңызы.

  2. Алтын Орда, Ақ Орда мемлекеттерінің ерекшеліктері

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.

  2. Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.

  3. Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.

  4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.

5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.

Дәріс 15. Мауренахр мемлекетінің саяси тарихы

  1. Мәууренахр мемлекетінің пайда болуы. Жоңғар хандығы.

  2. Қазақ халқының пайда болуы. Қазақ хандығы.



1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған ¥рыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына отыруға күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойы-мен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хаджы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ ¥рыс ханның үстемдігі үзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Ал-тын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. Өйткені бүл кезде Орта Азиядағы Мауеренахр жерінде билікті өз қолына алып күшейе түскен Әмір Темір Ақ Ор-даның оңтүстік шекарасына шабуыл қауіпін төндірген еді. Ақ Ордаға қарсы шабуылда Әмір Темір Маңғыстау үлесінің билеушісі Түйқожа оғланның баласы Тоқтамысты пайдалануға тырысты. Түйқожаны ¥рыс хан Алтын Ордаға қар-сы жорықта қолдамағаны үшін өлтірген болатын. Ал Тоқ-тамыс Самарқандка кашып келіп, Әмір Темірді паналады. Әмір Темір Ақ Орданы жаулап алу мақсатын жүзеге асыру үшін қару-жарақ, әскери күш беріп, Тоқтамысты Ақ Ор-даға қарсы айдап салды.



Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері Тоқтамыстың шоғырларын талқандады. Бүл соғыста Үрыс ханның баласы Қүтылық Бүға қаза тапты. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқ-тамыстың екінші жорығы да ¥рыс ханның баласы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді. Әмір Темір Ақ Ордаға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады және бүл жорықты өзі бастап шықты. Әмір Темір әскерімен Сырдариядан өтіп,Отырар маңына орналасты. Үрыс хан әскерімен Сығнаққа келіп тоқтады. Алайда екі әскер тобы осылайша бір-біріне жақындамай, аталған жерлерде үш айдай түрып, шайқаспай кері қайтып кетті. Тек төртінші жорық кезінде Ұрыс ханның және оның баласы Тоқтақияның қайтыс болуы Әмір Темірдің жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. 1377 жылы ¥рыс хан қайтыс болғаннан кейін, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкенді. Осы кезде Тоқгамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялайды. Ак Орданың көптеген әмірлерінің қолдауына ие болған ол 1380 жылы Сарайды, Хаджы-Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алады. Тоқтамыстың бүл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі нәтижесінде мүмкін болды. Тоқтамыс мүнымен тоқтаған жоқ, әбден күшейіп алғаннан кейін ол Ақсақ Темірдің қам-қор-қамтуынан босануға тырысады. Бірақ, 1388, 1391 және 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тасталқан болып қиратылады. Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірге қашып кетті, оны 1406 жылы Сібір ханы Шәдібек өлтірді. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі та-лас-тартыстан XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсірейді. Ол Әмір Темірдің боданына айналды.

1423-1424 жылдары ¥рыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жедіп шығып, Ақ Ордада хандық-ты ез қолына алады. Бүл кезде, Ақ Орданың басты қала-сы Сығнақ, сондай-ақ Сырдың орта ағысындағы қала-лар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Үлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығнақты және Сырдария бойындағы басқа да қалаларды босатты. Осы жеңістін нәтижесінде Ақ Орда Темір әулетінің үстемдігінен тәуелсіз болып алды. Алайда, Ақ Орданың ішіндегі феодалдық талас-тартыс тоқтамады. Осының салдарынан 1428 жылы Ба-рақ хан жауларының қольшан қаза тапты. Ол Ақ Орда-ның ең соңғы ханы болды. Барақ хан өлгеннен кейін Ақ Орда ыдырады да, билік Жошының кіші үлы Шайбан түқымынан шыққан Әбілхайыр сүлтанның колына көшті. Шайбан әулетінен шыққандар Барақ өлгеннен соң, Ак Орда жерінің елеулі болігін басып алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның үлысы екіге жіктелгенде жарыққа шыққан Ақ Орда хандығы екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Кешпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамы-ды. Қыруар мал бай-феодалдардың қолына жинақталды, олар жердің нағыз қожасына айналды. Олар қазақ халқының жеке халық болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

Жоңғар хандығы пайда болуы мен құлауы

XVII ғасырдың біріғіші жартысында ойраттар мен қазақ-тардың арасындағы әскери қактығыстар жиілей түсті. Ойрат феодалдарының Шығыс Моңғолияға қарсы ойдағыдай жүргізген соғыстары олардың күшін нығайтты. XVI ғасырдың аяқ шенінде ойраттар басты-басты төрт тайпалық оірлестіктен құралды. Олар: Тарбағатайдан Шығысқа карай өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғарғы ағысын "олай қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының төңірегіндегі хошоуыттар және Іле өзенінің жоғарғы жағыңдағы шоростар еді.

Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдық ерлер үшін ірі қақтығыстар XV ғасырдың езінде басталған болатын. XVI ғасырдың аяғында ойраттардың шағьің бір бөлігі сәтсіз шабуылдан кейін қазақ ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 жылы қоңтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, егер XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, XVII ғасырдың екінші ширегінде күштердің ара салмағы жоңғар тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақ-жоңғар қатынастары, әсіресе Батур-қоңтайшы /1634-1654 жж./ билік құрған кезде ерекше шиеленісе түсті. Одан кейін Ғалдан-Бошакту (1670-1697 жж.) билеген кезде, оның мұрагері Це-ван-Рабтан (1697-1727 жж.) өкімет басына келгенде қазақ-қалмақ қатынастары қатты шиеленісіп кетті. 1698 жылдан ойраттар мен казақ хандары арасындағы қарулы қақтығыс-тардың жаңа кезеңі басталды. Жоңғарлардың әскер бас-шылары маңызды сауда жолдары ететін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстан жерін басып алуды көздеді. Қазақтың Сығнақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стратегиялық тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның ойраттар-мен күрестегі кейбір сәтті шайқастары оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс барысындағы басымдық ойраттардың жағында болды.

Жан-жақты әскери дайындығы бар және шабуыл жасайтын жерлердегі жағдай жөнінде толық мағлүмат жинаған жоңғарлар 1710-1711 жылдары қазақ жеріне басып кіріп, қырғын соғыс жүргізді. Көп олжа алып, кері оралған олар 1717 жылы жазда Аякөз өзенінің жағасында қазақтардын 30 мың жасағын талқандап жеңді. Келесі жылы жоңғарлардың әскері тағы да қанды жорыққа аттанып Бөген, Шаян, Арыс өзендерінің бойында қазақтарды қырғынға ұшыратты.

1718 жылы Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға өткен түста қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді. Бүл жорықтардың табысты болуына шведтін артиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың тигізген әсері үлкен. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалады, осында Ертістің бойымен жоғары өрлеп бара жатқан Бухгольцтың экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қыста ол қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болған ол қалмақтарды темір балкьітып зенбірек жасауға, оның оғын дайындауға, тіпті баспахана жасап, әріп құюға үйретеді. Сонымен бірге қазақтарды өз қол астына өтуге мәжбүр еткісі келген Ресей қалмактарға Сібір бойындағы бекіністерден зеңбірек берген деседі. Ренаттың көмегімен зеңбірек атыс жарақтарьін жасап, жүз мыңнан астам әскер қүрап, қалмақтар казактарға қарсы соғысқа дайындалып жатқанда казақтар жағы олардан қауіп күтпей, ішкі талас-тартыспен жүрген болатын. Бүл тұста қазақтар мен қалмақтардың шекарасы Ертіс өзені, Балқаш көлі, Шу, Талас өзендерінің аралығымен өтетін.

1723 жылы көктемінде қазақ жерін бет каратпай басып алуға әбден бекінген жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап, барынша толык қаруландырьш, оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадүрін тағайындады. Оныц тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлері стратегиялық екі бағытта қимыл жасауға тиісті болды. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт - қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп, Шыршық өзенінің қойнауына жету еді. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топка бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амур-сана басқарған 70 мың адамнан түратын екінші бір тобы Іле өзенінің бойына, Кеген озенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты.



Сөйтіп, Алатау баурайын жайлаған қаннен-қаперсіз отырған қалың елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлері Қазақтардың қанын судай ағызды. Еркек кіндікті адамдарды қырып, әйелдерді, қыздарды байлап-матап алып кетті. Бейғам отырған ел баскыншыларға ешқандай қарсылық көрсете алмады. Шапқыншылықтың басты ауыртпалығы Ұлы жүздің, Жетісудың халқына түсті. Ешбір бөгетсіз, қарлықсыз, жолындағының бәрін жайпап келе жатқан зұлым жау араға көп уақыт салмай Орта жүз бен Кіші жүздің жеріне жетті. Бұл кезеңді қазақ «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп атады. Яғни қазақтардың табаны ағарғаншы шұбырып, Алқакөлге жетіп, азап пен аштықтан сұлаған жерлері еді дейді.

Қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Әбілхайыр хан және Бөгенбай батыр сайланды. 1727-жылы Кіші жүз жасақтары, ондағы айтулы батырлардың бірі Тайлақ және оның жиені Ұлы жүздің ошақты руындағы тасжүрек тайпасынан шыққан Саңырық батыр, Ырғыздың Оңтүұстік Шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға есенгірете соққы берді. 1729-жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтар арасында тағы бір қатты қырғын соғыс жүрді. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Бөкебай, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді.

Абылай және қазақ әскерлерінің қолбасшылары Қабанбай, Бөгенбай т.б. батырлары қазақ жасақтарының басын қосып, 1750-жылы Аякөз өзені бойындағы ірі шайқаста жеңіп шықты.

Қазақ қалқының қалыптасуы

Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жерінде-гі ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыстар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мүндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үзді. Көптеген бейбіт халық: егінші, малшы, зергер тағы басқа да кәсіп иелері қырылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Моңғол феодалдарының Шығыс Қа-зақстан мен Жетісуда таңдаулы жайылымдарды тартып алуы, әсіресе жергілікті халықтың жиі-жиі ығысуына әсерін тигізді. Моңғол әмірлері өз үстемдігін берік үстау үшін жаулап алған елдерді ұлыстарға бөліп, этникалық жағынан туыстас жергілікті халықты бір-бірінен бөліп тастауға тырысты. Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылық оолғанымен, халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Қайта, керісінше, уақыт өткен сайын моңғол шапқыншыларының өздері өз тілдерінен айырьілып, жергілікті ру-тайпалардың қалыптасқан түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп, XIV ғ. өзінде-ақ толық түркіленіп кетеді. Бірақ бүл кезде бүрынғы екі үлкен Расаның /нәсілдің/ байырғы еуропеидтік және кейін қосылған моңғолоидтық нәсілдердің күрделі араласу нәтижеде қазіргі қазақ халқы қүрамының /антропологиялық этникалық және лингвистикалық негізде/ бірыңғай тұтас қосындысы /қорытпасы/ келіп шығады.

Алайда, бүкіл Қазақстанның жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап, Ақ Орда, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Олар саяси, мәдени және экономикалық жағынан бытыраңқы болды. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бүл ру-тайпалардың барлығы кейін қазақ халқының құрамына кірген.

ХІУ-ХУ ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға үмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына /түрлі тайпалық одақтар мен ертедегі феодалдық мемлекеттерге кіруі/ байланысты этникалық жағынан біртүтастық пен бүтіндікке үмтыла отырып, үш негізгі этникалық - шаруашылық топқа бөлінді. Яғни, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасты. Олар: ¥лы, Орта және Кіші жүз. ¥лы жүздің орталығы - Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орта жүздің орталығы - Орталық Қазақстанда және Кіші жүздің орталығы - Батыс Қазақстанда болды.

¥лы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Оның қүрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған, т.б. ру-тайпалар кіреді. Орта жүз Орталык Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстаннын бір бөлігін қоныс етеді. Оның қүрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа-рулары бар. Кіші жүздің мекені - Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның қүрамындағы тайпалар одағы - Әлімұлы /қарасақал, қаракесек, кете, төртқара, шемекей, шекті/; Байұлы /адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқүрт, шеркеш, ысық, таз, масқар/; Жетіру /табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, телеу, рамадан/.

Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай қүрылғаны әлі жете зерттелмеген.

Үш жүздің пайда болуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпке негізделуінің де әсер етуі ықтимал. Қазақтың үш жүзі ешқашанда бір-бірімен жауласып, өзара араздыққа барьш көрмеген. Керісінше, олар қазаққа қауіп тенгенде, казақ халкының тағдыры шешілер сәтте хандары, батырлары, билері, тағы да басқа беделді адамдары арқылы бір жерден табылып, мәселені бірігіп шешіп отырған. Жоңғарларға қарсы соғыста солай болды. Қазақтар үш жүздің бірлігін қадірлеп, қастерлеп келе жатқан халық. Төле бидің "Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін" - деуі де осыдан.

Мұндай үштіктің шығуына, бір жағынан, Ақ Орда, Ноғай Ордасы және Әбілхайыр хандығының қүрылуы, Моғолстанның оқшаулануы түрік және түріктенген моңғол тайпаларының қазақ халқы болып бұрынғыдан да жедел әрі топтасу процесінің күш алуы комектесті. Екінші жағынан, қазақ тайпаларының феодалдык мемлекеттердің бұл жүйесінде үзақ болуы қазақ халқының үш этникалық тармақ, үш жүз болып қалыптасуын негіздеді.

Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағы-нан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс-мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. Жалпы алғанда, XV ғасыр қар-саңында бүл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек "қазақ" деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталды. Бірақ бүл процесс кейбір себептермен байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этникалық қүрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптаскан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. ХІУ-ХУ ғғ. көптеген жүрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. Мәселен, Темірдің соғыстары кезінде моғол топтары Жетісудан Орта Азияға қоныс аударады. Әбілхайыр тұсында оған Моғолстаннан калучи және бұлғашы тайпалары кошіп келеді. Бір кездері керейлер Жетісудан Орта жүзге кетіп қалады, маңғыт-ноғайлар батыстан Сырдария бойына ауып келеді.

ХҮ-ғасырдың ІІ-жартысы мен ХҮІ-ғасыр қазақ халқының негізгі этникалық территориясы мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процессінің аяқталуын тездетті.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Оңтүстік Батыс территориясы баяғыдан бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық орталығына айналды.

Қазақ хандығының құрылуы

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды /1458-1473 жж./. Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды /1473-1480 жж./. Бұлардың тұсында Жетісудың қазақ рулары мен тайпалары 1462 жылы Моғолстан ханы Есен-бұғы өлгеннен кейін, ондағы феодалдық тартыстардың күшеюіне байланысты, езара ынтымақтықты нығайта түсуге күш қосты. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан жерінен бірқатар рулардың ауа көшіп, Жәнібек пен Керейдің кол астына келуі Қазақ хандығын бұрынғыдан да күшейтті. Бүлар жаңадан қүрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери саяси күш-қуатын арттыра түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолын дағы күресіне қосылды. Бүл күрес 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Оның елінде қиян-кескі қырқыс басталып, халық ыдырай бастады. Мұны қазақ ханыдары Керей мен Жәнібек тиімді пайдаланды. Олар бұдан 12 жыл бүрын өздері көшіп кеткен ата қонысы Дешті Қып-шаққа қайта оралды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның мүрагерлеріне қарсы күрес жүргізді. Бүл күрестің барысында Әбілқайыр ханның орнына отырған мүрагер баласы Шайх Хайдар өлтірілді. Әбілхайыр ханның немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сүлтан Астраханға барып паналады. Күресте жеңіске жеткен Қазақ хандары 40 жыл Әбілхайыр билеген Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды езіне қосып алды. Қазақ хандығының жері едәуір кеңейді.

Керей мен Жәнібек, олардан кейін Бұрындық Шығыс пен Батыс арасындағы сауда жолының үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату үшін бітіспес күрес жүргізді. Сырдария бойындағы қалалар үшін соғыс Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен отыз жылдан астам уақытқа созылды. Өйткені Мұхаммед Шайбани Астрахань қоршауынан кашып шығып, Түркістан аймағына келді. Мұнда ол өзінің билігін жүргізіп отырған Әмір Темір түқымынан шыққан Мұхаммед Мәзит тарханды паналады. Ол Қазақ хандығына қарсы Мүхаммед Шайбаниды айдап салу мақсатын көздеді. Бірақ бұдан ештеме шықпады. 1470 жылы қыста қазақ ханы Керей әскерлерімен Түркістанға шабуыл жасады. Ал Жәнібектің үлкен баласы Махмүд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты.

1472 жылы Мүхаммед Шайбани Түркістанға қайта ора-лып, Ноғай Ордасының әмірі Мүса мырзаның көмегімен Аркок бекінісі мен Сығанақ қаласын басып алды. Бүл уақыт-ша жеңіс еді. Бұрындық сүлтан мен Махмұд сүлтан бастаған қазақтың біріккен жасақтары Қаратаудағы Соғүнлық асуында Мұхаммед Шайбанидің әскерлерін талқандады. Бұрындық сұлтан Сығанақ қаласын қайтарып алды. Бұл соғыста күйрей жеңілген Мұхаммед Шайбани Маңғыстауға қашты. Сырдария жағасындағы қалалар қайтадан Қазақ хандығына өтті.

Бұл кезде Қазак хандығына Мұхаммед Шайбанимен қатар Моғолстан ханы Жүніс және Орта Азия жерінде билік етіп түрған Әмір Темір әулетімен де күрес жүргізуге тура келді. Өйткені бүларда Сырдария жағасындағы маңызды сауда орталықтарын ездеріне қаратып алуды көздеді.

1482-1485 жж. Моғолстан ханы Жүніс әскерлерімен Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды. Ал XVI ғ. басында Моғолстан билеушісі Жүністің баласы Сұлтан Махмұд хан Отырар қаласын басып алып, оны Мұхаммед Шайбаниға берді. Моғолстан ханының қолдауына сүйеніп және Отырарға ие болған Мұхаммед Шайбани тағы да Сауран мен Ясы (Түркістан) қалаларына шабуыл жасап, басып алды.

Сонымен қорытып айтқанда, қазақ хандығының құрылуына ХҮ ғ.ІІ-жартысында Қазақстан жерінде екі мемлекеттің - Әбілхайыр хандығы /көшпелі өзбек мемлекеті/ мен Моғолстанның ішкі саяси ахуалы нақты жол ашты.

Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:


  1. Мәуренахр мемлекетінің пайда болуы. Жоңғар хандығының пайда болуынының маңызы.

  2. Қазақ халқының пайда болуы. Қазақ хандығының ерекшеліктері

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.

  2. Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.

  3. Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.

  4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.

5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.

  1. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР




Тақырып 1. Көшпелілер мемлекеттілігі; пайда болуы және дамуы курсының маңызы

Тақырып 2. Сақтар. Саяси тарихы, деректер. Қоғамдық құрлысы


Тақырып 3. Үйсіндер мемлекеті, қоғамдық құрлысы.

Тақырып 4. Қаңлы мемлекеті, сыртқы саясаты, этникалық құрылымы

Тақырып 5. Ғұндар мемлекеті, қоғамы мен әскери тарихы.

Тақырып 6. Сарматтар туралы тарихи деректер. Қоғамы мен кәсібі.

Тақырып 7. «Түрік» атауы. Қағанаттар тарихы. Әлеуметтік құрылымы

Тақырып 8. Қарлұқтар мемлекеті, әскери тарихы, қоғамдық құрлысы

Тақырып 9. Оғыздар мемлекетінің құрылу тарихы. Феодалдық қатынастар

Тақырып 10. Қимек мемлекетінің қоғамдық құрлысы, әлеуметтік жағдайы.

Тақырып 11. Қара қытайлар мемлекеті. Наймандар мен керейттер ұлысы

Тақырып 12. Қарахан мемлекеті, территориясы мемлекеттік - әкімшілік құрлысы

Тақырып 13. Қыпшақ мемлекеті: қоғамдық құрлысы

Тақырып 14. Моғолстан, Әбілхайыр, Алтын Орда, Ақ Орда мемлекеттері.

Тақырып 15. Мауренахр, Жоңғар мемлекеттері. Қазақ хандығының құрылуы


5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
5.1 Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар.

Өздік жұмысының кең таралған және маңзыд түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастырудағы үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені магистранттың өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға магистранттың тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірніш кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқа да библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау.
5.2 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары


5.2.1.

Көшпелілер мемлекеттілігі, Пайда болуы, дамуы туралы түсінік.

5.2.2.

Сақтардың саяси тарихы. Шаруашылығы мен қоғамы.

5.2.3.

Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы. Үйсіндер қоғамының дамуы.

5.2.4.

Қаңлы мемлекеті, мәдениеті, шаруашылығы мен кәсібі.

5.2.5.

Ғұндар туралы деректер, қоғамының дамуы.

5.2.6.

Сарматтар мемлекеттілігі. Қоғамдық құрлысы.

5.2.7.

Түрік қағанаты. Батыс түрік қағанаты, Түргештер.

5.2.8.

Қарлұқ мемлекеті, пайда болуы, саяси бірлестігі.

5.2.9.

Оғыздар мемлекеті. Мемлекеттің саяси ролі.

5.2.10.

Қимақ мемлекетінің пайда болуы және дамуы.

5.2.11.

Қара қытайлар мемлекеті. Найман мен Керейттер ұлысы.

5.2.12.

Қараханидтер мемлекетінің пайда болуы, даму тарихы.

5.2.13.

Қыпшақ хандығының саяси тарихы. Кәсібі мен шаруашылығы

5.2.14.

Моғолстан, Әбілқайыр хандығы. Алтын Орда, Ақ Орда мемлекеттері.

5.2.15.

Мәуренахр мемлекетінің пайда болуы. Жоңғар хандығы. Қазақ халқының пайда болуы. Қазақ хандығы.


«КӨШПЕЛІЛЕР МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ» КУРСЫ БОЙЫНША
Тест сұрақтары.

1-нұсқа


  1. Темушіннің Шыңғысхан болып жариялануы:

А) 1155 ж.

В) 1182 ж.

С) 1199 ж.

D) 1206 ж.

Е) 1227 ж.


  1. “Отырар апаты” оқиғасының болған жылы:

А) 1206 ж.

В) 1208 ж.

С) 1210 ж.

D) 1211 ж.

Е) 1218 ж.


  1. Шыңғыс хан жорықтарын айыптап шығарма жазды:

А) Ибн Баттұт



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет