Таспалар. Таспалы конвейерлердің тасушы және тартқыш элементі – резеңкеленген таспа. МЕСТ 22644-77 бойынша таспа енінің қатары: 300, 400, 500, 650, 800, 1000, 1200, 1400, 1600, 2000, 2500, 3000 мм.
Таспа жоғары берікті, аз массалы, жоғары икемді, тозуға төзімділігі жоғары және әр түрлі жүктердің әсеріне төзімді болуы керек.
Тірек құрылғылары. Екі шеткі барабандар арасында таспаны шығыршықты тіректер ұстап тұрады.
Конвейердегі орнына байланысты шығыршықты тіректер үстіңгі және астыңғы болып бөлінеді. Үстіңгі шығыршықты тіректер түзу және науалы (желобчатый) болады. Науалы тіректер екі, үш және бес тіректі болып бөлінеді. Үйме жүктерді тасымалдау үшін көбінесе науалы тіректер қолданылса, түзу тіректер дана жүктерді тасымалдауда пайданылады.
Астыңғы шығыршықты тіректер түзу бір шығыршықты цилиндрлі және дискілі болады.
Түзу тіректерде орналасқан жүктердің ауданы
Таспа ені, м
Таспаның қалыптасқан қозғалысында тиелген конвейердің трассасында жалпы кедергі (жалпы кедергі жетектің тарту күшіне тең):
Үйме жүктің сызықтық ауырлық күші, Н/м:
Дана жүктің сызықтық ауырлық күші, Н/м:
Шығыршықты тіректердің айналатын бөлшектерінің сызықтық ауырлық күштері:
жұмыс тармағында
бос тармақта
Таспаның сызықтық ауырлық күші:
Қажетті әдебиет:
Зуев Ф.Г. Левачев Н.А.,Лотков Н.А. Механизация ПРТС работ- М., Агропромиздат,1988 г.,с.447
Жайлаубаев Д.Т., Мансуров С.М. «Тиеп-түсіру, тасымалдау және қойма жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.
Дәріс 3. Шынжырлы конвейерлер. Жiктелуi және құрылымдық схемалар. Конвейерлiк шынжырлардың түрлерi. Динамикалық күштер. Негiзгi есептiк бойланыстар.
Дәріс жоспары:
-
Шынжырлы конвейерлер.
2. Динамикалық күштер Төсемдi конвейерлер.
1. Төсемді деп тарту органына бекітілген жеке пластиналардан құралған төсемдермен жүкті тасымалдайтын конвейерлерді айтады (МЕСТ 22281-76). Тарту органы ретінде бір немесе екі шынжыр, жүкті тасушы орган ретінде қатаң металлды (қажет болған жағдайда – ағаш, пластмасса, резеңкелі − маталы) төсем қолданылады. Тартқыш шынжырларға әсер ететін динамикалық күштер қозғалыс жылдамдығын 1,25м/с-ке дейін шектейді.
Төсемнің, тартқыш шынжыр мен тасымалдау трассасының құрылымы бойынша төсемді конвейерлер екіге бөлінеді: жалпы мақсатқа пайдаланылатын тік тұйықталаған (негізгі түрі) және кеңістікті трассасы бар иілгішті. Арнаулы төсемді конвейерлерге сұйық металлды тасымалдау мен суыту үшін қажет жºне бөліп құйғыш (разливочный) машиналар, эскалаторлар, пассажирлік конвейерлер және күрделі пішінді төсемі бар конвейерлер жатады.
Төсемді конвейер станинадан, оның бір шетінде орналасқан жетекші жұлдызшадан, жетектен және екінші шетінде орналасқан кергіш жұлдызша мен кергіш құрылғыдан тұрады. Жеке металлды (қажет жағдайда – ағаш) пласстиналардан құралған шексіз төсем бір немесе екі тартқыш шынжырларға бекітілген. Бұл шынжырлар шеткі жұлдызшаларды айналып өтеді. Тік тұйықталған тартқыш шынжырларға, сонымен қатар, тіректі катоктар бекітіліп, олар төсеммен бірге станинадағы бағыттағыштар бойынша конвейердің бойымен жылжып отырады. Жүк конвейерге трассаның кез келген жерінде тиегіш құрылғы арқылы тиеліп, конвейерден шеткі жұлдызша және қабылдау құрылғысы арқылы түсіріледі. Ал жүкті аралық учаскеден тек жақтаусыз төсемі бар конвейерде ғана түсіруге болады.
Төсемді конвейерлерді металлургия, химия, көмір, энергия, машина жасау және т.б. көптеген өнеркәсіптерде көлденең және көлбеу бағыттарда әр түрлі үйме және дана жүкті тасымалдауға, сонымен қатар, технологиялық процесс бойынша бұйымды бір орыннан екінші орынға жылжыту үшін қолданады. Кейде бұл конвейерлер жүкті тасымалдап қана қоймай технологиялық операцияларды өткізеді. Мысалы, шынықтыру, қыздыру, суыту, жуу, бояу, жинақтау, бақылау және т.б. Бұл конвейерлерде таспалы конвейерлермен салыстырғанда ауыр ірі кесекті, абразивті (руда, тас) және ыстық жүктерді тасымалдауға болады.
Төсемді конвейерлердің артықшылықтары: ауыр ірі кесекті, ыстық жүктерді үлкен өнімділікпен (2000 м3/сағ дейін) және үлкен қашықтыққа (2 км дейін) тасымалдау мүмкіншілігі; бірқалыпты және шусыз жүріс; жүкті тасымалдау трассасының көптілігі және т.б.
Кемшіліктері: төсем мен шынжырлардың үлкен салмағы және қымбаттылығы; конвейерді пайдалануының күрделілігі.
Тартқыш элемент ретінде төсемді конвейерлерде екі пластиналы катокты (МЕСТ 588-81) немесе төлкелі немесе шығыршықты (МЕСТ 588-81) шынжырлар пайдаланылады.
Шынжырлардың адымы 80; 100; 125; 160; 200; 250; 315; 400; 500; 630; 800 мм.
Катокты шынжырларда катоктар тіректі элемент болып табылады. Каток арқылы төсем мен тасымалданатын жүктің ауырлық күші конвейердің бағыттағыш жолына беріледі. Катоктар ребордалы және ребордасыз, сырғанау немесе домалау ұштіректерінде болуы мүмкін. Домалау ұштіректеріндегі катоктар ауыр типті конвейерлерде қолданылады.
Төлкелі және шығыршықты шынжырларда тіректі элемент ретінде станинада орналасқан стационарлы шығыршықтар қолданылады.
Қажетті әдебиет:
Зуев Ф.Г. Левачев Н.А.,Лотков Н.А. Механизация ПРТС работ- М., Агропромиздат,1988 г.,с.447
Жайлаубаев Д.Т., Мансуров С.М. «Тиеп-түсіру, тасымалдау және қойма жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.
Дәріс 4. Төсемдi конвейерлер. Топтасуы және құрылымдары.
Дәріс жоспары:
1. Төсемдi конвейерлер.
2. Динамикалық күштер.

Дәріс 5. Аспалы конвейерлер. Құрылымдары, элементтері мен тораптары. Негізгі есептік байланыстар.
Дәріс жоспары:
-
Аспалы конвейерлер.
2. Құрылымдары, элементтері мен тораптары. Негізгі есептік байланыстар.
1. Бұл конвейерлерде тасымаданатын жүк аспалы бағыттағыш жол бойында жүріс бөлігімен (кареткалармен және арбашалармен) бірге жылжитын аспаларға орналастырылады.
Тартқыш шынжыр мен аспаның қосылуы және жүкті тасымалдау әдісі бойынша аспалы конвейерлер келесі түрлерге бөлінеді:
-
Аспалы жүкті тасушы конвейерлер. Бұл конвейерлерде жүк аспалары бар катеткаларда тасымалданады. Аспалар тұрақты жылдамдықпен аспалы жолдың бойымен шынжырға бекітіліп жылжиды.
-
Аспалы итергіш конвейерлер. Бұл конвейерлерде жүк орналасқан арбашалар аспамен бірге тартқыш шынжырға бекітілмеген. Олар итергіш көмегімен бөлек аспалы жол арқылы жылжиды. Итергіштер тартқыш шынжырға бекітіліп, арбашаны итеріп тұрады. Шынжыр кареткалармен және итергіштермен бірге тартқыш аспалы жолда, ал арбашалар бөлек жолда қозғалады.
-
Аспалы тасушы итергіш конвейерлер. Бұл конвейерлер алдыңғы екі конвейерлердің құрамасы.
-
Аспалы жүкті жүргізуші (жүкті тартқыш) конвейерлер. Бұл конвейерлерде жүк арбашада цех немесе қойма еденімен қозғалады. Арбашаның тік штангасы бар. Бұл штанга итергішпен немесе қармаумен кареткаға ілінген. Ал каретка тартқыш шынжырға бекітіліп, аспалы жолмен қозғалады.
-
Аспалы тасушы – жүргізуші конвейерлер. Бұл конвейерлерде арбаша кареткаға топсалы бекітіліп, шынжырмен бірге аспалы жолмен қозғалады. Трассаның бір учаскесінде арбаша еденмен қозғалса, екінші учаскесінде (мысалы, басқа қабатқа көтерілсе) арбаша көтеріліп, аспалы түрде қозғалады.
Аспалы конвейерлер жетекке байланысты екіге бөлінеді – бір жетекті және көп жетекті. Ал тартқыш элементі бойынша – шынжырлы және арқанды.
Конвейеелердің артықшылықтары: а) кеңістіктік трасса және трассаның ұзақтығы (бір жетекті – 500 м-ге дейін, көп жетекті – 3 км-ге дейін); ә) бір конвейермен бірнеше қабатта орналасқан өндірістік циклды күтуге мүмкіндік береді; б) өндірістегі технологиялық процесс өзгерістеріне конвейер трассасының оңай бейімделуі; в) тасымалдауға энергияның аз шығындалуы; г) конвейерді басқаруда, сонымен қатар, тиеп-түсіру және жүктерді таратуда автоматтандыруды кең пайдалану мүмкіншілігі; ғ) тиеп-түсіру жұмыстарына қосымша жұмысшыларды қажет ететін және цехта өндірістік ауданды алатын аралық қоймаларды жою үшін конвейерде бұйымның жылжымалы қорын жасау мүмкіншілігі.
Тартқыш элемент. Тартқыш элемент ретінде болат арқан немесе көп жағдайда пластиналы шынжыр қолданылады. Көлденең жазықтықта орналасқан конвейерлерге адымы 65 …200 мм болатын пластиналы шығыршықты және адымы 25 .. 38 мм болатын пластиналы жетекті шынжырлар, ал кеңістіктегі жеңіл конвейерлерде адымы 160 пен 200 мм болатын екі топсалы тұйықталған және ажыратылған шынжырлар, ал орта және ауыр конвейерде адымы 80, 100, 160 мм ыстық штампталған бөлшектелетін шынжырлар пайдаланылады.
Каретка. Каретка консольді өстері және ұштіректері бар екі катоктан, өстері бекітілетін кранштейндерден және астарлардан тұрады. Кранштейндердің ішкі буынына бөлшектелетін шынжырды орнатқаннан кейін, олар өзара болттармен бекітіледі. Кранштейндердің дөңестері шынжыр буынының жағдайын қатаң ұстайды. Болт пен кергіш құбыр жүкті аспаның топсалы бекітілуі үшін қажет.
2. Тиелмеген тарамның сызықтық күші:
Тиелген тарамның сызықтық күші:
Тартқыш элементті ең үлкен керілу арқылы таңдайды
Көлденең түзу сызықты учаске үшін
;
бұру жұлдызшасы үшін
;
шығыршықты батареялар үшін
,
тік бүгілу үшін
;
Қажетті әдебиет:
Зуев Ф.Г. Левачев Н.А.,Лотков Н.А. Механизация ПРТС работ- М., Агропромиздат,1988 г.,с.447
Александров М.П. и др. Подъемно-транспортные машины М., “Высшая школа”, 1985г.
Жайлаубаев Д.Т., Мансуров С.М. «Тиеп-түсіру, тасымалдау және қойма жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.
Дәріс 6. Элеваторлар мен көтергiштер. Мақсаты, пайдалану аймақтары. Есептiк ерекшелiктер. Негiзгi тораптарды таңдау.
Дәріс жоспары:
1. Элеваторлар мен көтергiштер.
2. Мақсаты, пайдалану аймақтары.
1. Элеваторлар тік және көлбеу бұрышы 600-тан асқан трасса бойынша үйме және дана жүктерді тасымалдауға қолданылады. Элеваторлар келесі топтарға бөлінеді:
-
жүкті тасушы элементі бойынша: шөмішті, бесікті және сөрелі;
-
тартқыш элементі бойынша: таспалы және шынжырлы;
-
шынжырлар саны бойынша: бір шынжырлы және екі шынжырлы;
-
кеңістікте орналасуы бойынша: тік және көлбеу;
-
шөміштердің жылжу жылдамдығы бойынша: тез айналатын және баяу айналатын.
Шөмішті элеваторлар үйме жүкті тасымалдау үшін химия, металлургия және машина жасау өнеркәсіптерінде, қоймаларда, тамақ комбинаттрында қолданылады.
Шөмішті элеватор шексіз тартқыш элементтен, оған бекітілген шөміштерден тұрады. Шөміштер жұмыс элементі болып табылады. Тартқыш элемент жетекші және кергіш барабандарды айналып өтеді. Бұл аталған тораптар металл қаптырмамен қапталады. Қаптырманың үстіңгі бөлігі – қалақша, ал астыңғы бөлігі – табанша. Үйме жүк тиегіш құрылғы арқылы келіп түседі де, тартқыш элемент жетекші барабанды айналып өткен кезде түсіру құрылғысы арқылы элеватордан төгіледі.
Артықшылығы: көлденең қимасының кішілігі, жүкті үлкен биіктікке көтеру (60-75 м-ге дейін); өнімділігінің үлкен диапазоны (5...500м3/сағ); тасымалданатын материалдың сақталуы; герметикалы қаптырманың айналадағы ортаны шаңнан және шудан сақтау мүмкіншілігі.
Кемшілігі: шамадан артық күш түскен кезде шөміштердің жұлынып қалуы мен тез тозуы және жүктің бірқалапты берілуі қажет.
Тік шөмішті элеваторлардың негізгі параметрлері МЕСТ 2036-77, ал көлбеу шөмішті элеваторлар МЕСТ 12864-69 бойынша бекітілген.
Шөмішті элеваторлардан жүкті түсірудің үш тәсілі бар: а) центрден тепкіш; б) өздігінен еркін; в) өздігінен бағытталған.
Бірінші әдісте шөміш барабанды (жұлдызшаны) айналып өткен кезде центрден тепкіш күш әсерінен жүк түсіру келте түтікшесіне құлайды. Центрден тепкіштік шартын орындау үшін және жүктің шашылмауы үшін жетекші барабанның айналу жиілігін және түсіру келте түтікшесінің орнын дұрыс қабылдау қажет.
Бұл әдісті тез айналатын (көбінесе таспалы элеваторлардан) шаң, дән тәрізді және кіші кесекті үйме жүктерді тасымалдауда қолданылады. Тасымалдау жылдамдығы 1...4 м/с. Шөміштердің арасындағы қашықтықты таңдаған кезде, төгілген жүк алдындағы шөмішке тимейтіндей етіп таңдау қажет.
Жүк өздігінен еркін түскен кезде ауырлық күштің әсерінен түседі. Бұл әдісті ылғалды, мақта тәрізді, сулы жүктерді (мысалы, көмір, бор, сулы күл шаңдары) тасымалдауда қолданады.
Тік элевваторларда жүк өздігінен түсіру үшін қосымша бағыттаушы барабан (жұлдызша) орнатылады.
Өздігінен бағытталған түсіру шөміштері қабыршыққа ұқсас (шөміштер өте жақын орналасқан) тік және көлбеу элеваторларға тән. Шөміш үстіңгі барабанды айналып өткен кезде жүк алдыңғы шөміштің үстіне түсіп, оның қабырғасымен элеватордың түсіру тетігіне бағытталады. Бұл әдіс түрпілі (гравий, руда, ірі кесекті көмір) жүктерді тасымалдайтын баяу айналатын (жылдамдық 0,4...0,8 м/с) элеваторларда қолданылады.
Өнімділік, л/м
Шөмішпен жүкті қармап алуға кедергі
Қозғалтқыштың қуаты, кВт:
Тартқыш элементтің максималды керілуі:
Жетекші біліктегі керілу:
Тартқыш күш
Қажетті әдебиет:
Зуев Ф.Г. Левачев Н.А.,Лотков Н.А. Механизация ПРТС работ- М., Агропромиздат,1988 г.,с.447
Жайлаубаев Д.Т., Мансуров С.М. «Тиеп-түсіру, тасымалдау және қойма жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.
Дәріс 7. Инерциялық конвейерлер.
Шығыршықты конвейерлер. Кұрылымы. Есептiк ерекшелiктер.
Дәріс жоспары:
1. Инерциялық конвейерлер.
2. Шығыршықты конвейерлер.
1. Тербелетін конвейерлер дегеніміз, тіректі құрылымға ілінген немесе орнатылған ашық немесе жабық, герметикалық науа немесе құбыр. Науаға немесе құбырға тербеліс қозғышы арқылы ілгерлемелі – қайтарымды қозғалыс беріледі. Сонда науа ішіндегі жүк алдыға қарай белгілі бір жылдамдықпен қысқа жылжулар жасап қозғалады.
Науа мен жүк қозғалысының режимі бойынша тербелетін конвейерлер инерциялы және дірілдегіш болып екіге бөлінеді.
Тербелетін конвейерлерді үйме жүкті (дана жүк үшін өте аз қолданылады) көлденең және жайпақ көлбеу бағыттарда кіші қашықтықтарға (50м-ге дейін) тасымалдауға қолданады (химия және металургия өнеркәсіптерінде, құрылыс материялдарын өндіруде).
Тербелетін конвейерлермен жабысқақ және шаң тәрізді жүктерді (мысалы, цемент) тасымалдауға болмайды. Сонымен қатар, құм, гравий, щебень, көмір, тас және т.б жүктерді тасымалдау үшін тербелетін конвейерлерді қолданған дұрыс емес. Ол үшін таспалы конвейерді пайдаланған ыңғайлы, тиімді және сенімді.
Тербелетін конвейердің артықшылықтары: құрылымның қарапайымдылығы; шаңды, улы және ыстық жүктерді тасымалдағанда толық герметикалығы; тасымалдаумен бірге әр түрлі технологиялық операцияларды (кептіру, суыту) орындау мүмкіншілігі; энергияның аз шығындалуы және науаның аз тозуы.
Конвейерлердің кемшіліктері: көлбеу трассамен үстіге жүкті тасымалдағанда өнімділігінің кемуі; жабысқақ жүктерді тасымалдау мүмкін еместігі; шаң тәрізді жүктерді тасымалдағанда жылдамдылығы мен өнімділігінің кемуі; дірілдің конвейер құрылымына берілуі; жетек ±штіректері мен серпімді элементтерінің жұмыс істеу мерзімі кіші.
Инерциялық конвейерлерде жүк инерция күштерінің әсерінен қозғалады. Науа мен жүктің қозғалысына және жүктен науа еденіне түсетін қысымға байланысты инерциялық конвейерлер екіге бөлінеді: айнымалы қысыммен әсер ететін және тұрақты қысыммен әсер ететін инерциялық конвейерлер.
2. Бұл конвейерлер икемді жұмыс органы жоқ конвейерлер тобына жатады.
Жүктерді энергияны шығындамай түсіру үшін олардың салмағын пайдаланатын құрылымдарды гравитациялық көлік деп атайды. Оларға шығыршықты конвейерлер, науалар, құбырлар және бұрандалы құрылымдар жатады.
Қапқа, жәшікке салынған жүктерді көлденең немесе көлбеу жазықтық бойымен тасымалдау үшін шығыршықты конвейерлер қолданылады. Жұмыс принципіне байланысты екі түрге бөлінеді:
Жетекті шығыршықты конвейерлер;
Жетексіз шығыршықты конвейерлер.
Жетексіз конвейерлер жүк баратын жаққа көлбеу орналасады да, жүктер өз салмағымен шығыршықтардың үстінде жүріп отырады. Шығыршықтардың ара қашықтығы жүктің ұзындығынан қысқа болуы керек. Сонда жүк тасымалданѓанда қатар орналасқан кем дегенде екі немесе үш шығыршықтың үстінде орналасады.
Шығыршықтар болаттан, не синтетикалық материалдардан жасалады.
Іші қуыс цилиндрдің ішкі екі шетіне шарикті ұштіректер қағылып, өс арқылы рамаға орнатылған тіректерге бекітіледі.
Жетекті конвейерлер бір – біріне тіркестіріліп орналасуы мүмкін. Сонда жүк бір конвейерден екінші конвейерге бағыттағыштар арқылы тиеліп, әрі қарай жылжи алады. Конвейердің құрылымы МЕСТ 8324-81 талаптарына сай болуы керек.
Қажетті әдебиет:
Зуев Ф.Г. Левачев Н.А.,Лотков Н.А. Механизация ПРТС работ- М., Агропромиздат,1988 г.,с.447
Александров М.П. и др. Подъемно-транспортные машины М., “Высшая школа”, 1985г.
Жайлаубаев Д.Т., Мансуров С.М. «Тиеп-түсіру, тасымалдау және қойма жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.
Дәріс 8. Жүк көтергiш машиналарын жiктеу. Жұмыс режимдерi және есептiк жүктемелер.
Дәріс жоспары:
1. Жүк көтергiш машиналар
2. Жұмыс режимдерi және есептiк жүктемелер.
1. Периодты жұмыс істейтін жүк көтергіш машиналар өз беттерімен жүктерді көтеруге немесе күрделірек жүк көтеретін машиналардың құрамында жұмыс істеуге арналған.
Домкраттар, лебедкалар және тальдер қарапайым жүк көтергіш механизмдеріне, ал крандар мен көтергіштер күрделі жүк көтергіш механизмдеріне жатады.
Домкраттар құрастыру жұмыстарындағы массасы 500кг дейін жүктерді 0,1...1,0 метрге дейінгі биіктікке көтеру үшін арналған.
Жүктерді барабанға оралатын арқан арқылы көтеретін механизмді лебедка деп атайды. Лебедка барабанын қол күшімен немесе электр қуатын пайдалану арқылы айналдырады.
Цех ішіндегі тасқынды желіде жүкті тасымалдау үшін аспалы жолмен жүретін жинақталған кіші лебедкалар - тальдер қолданылады.
Көтегіштер адамдарды немесе жүкті тік көтеру үшін қолданылады. Олар үш топқа бөлінеді: пассажирлік, жүк көтергіш, жүкті - пассажирлі.
Ең көп қолданылатын көтергіштер - шахталық көтергіштер (лифттер). Лифттердің жылдамдығы 0,15...1м/с, ал биік үйлерде 3,5м/с-ге дейін. Пассажирлік лифттілердің жүк көтергіштігі – 140...700кг (2-10адам), ал жүк көтергіштер үшін 0,25...10т.
Жүк кµтергіш машиналардыњ ішінде ењ кµп қолданылатыны - кран. Кран деп жүкті кењістікте қозғалтатын машинаны айтады. Горизонталь бағытымен жүктерді тасымалдайтын крандар құрылымдарына байланысты жебелі және көпірлі болып бөлінеді.
2. Жүк көтергіштік деп, машина көтере алатын жүктің ең үлкен (номиналды) массасын атайды.
Дене салмағы деп, ауырлық күшінің әрекетінен дененің тірекке әсер ету күшін айтады.
Көпірлі крандардың негізгі мәліметтері және техникалық сипаттамалары МЕСТ 6711-81 келтірілген. Бұл крандардың және электр жабдықтарынның құрылымы Мемтаутехбақылау ережелеріне сәйкес болу керек.
Жүк көтергіш машина механизмінің жұмыс істеу циклының толық уақыты
Механизмнің жұмыс істеу уақытының циклдың толық уақытына қатынасы механизмдерді пайдаланудың қарқының сипаттайды. Бұл қатынас қосылыстың салыстырмалы ұзақтығы деп аталады:
%
Қажетті әдебиет:
Зуев Ф.Г. Левачев Н.А.,Лотков Н.А. Механизация ПРТС работ- М., Агропромиздат,1988 г.,с.447
Александров М.П. и др. Подъемно-транспортные машины М., “Высшая школа”, 1985г.
Жайлаубаев Д.Т., Мансуров С.М. «Тиеп-түсіру, тасымалдау және қойма жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.
Дәріс 9. Полиспастар мен барабандар. Құрылымдары мен арқанды бекiту әдiстерi.
Дәріс жоспары:
1. Полиспастар мен барабандар.
2. Құрылымдары мен арқанды бекiту әдiстерi.
1. Полиспаст дегеніміз, күшті немесе жылдамдықты күшейту үшін қолданылатын, икемді байланыспен қосылған, жылжымайтын және жылжымалы шығырлар жүйесі.
Күшті көбейтетін полиспасттар – күштік полиспасттар, ал жылдамдықты көбейтетін полиспасттар – жылдамдықты полиспастар деп аталады.
ЖКМ-да күштік полиспасттар көп қолданылады.
Жалаң қабатты полиспастта арқанның бір шеті барабанға бекітілсе, екінші шеті, жұп еселікте – құрылымның жылжымайтын элементіне, ал тақ еселікте – ілгекті құрсауға бекітіледі.
Қосарланған полиспасттардың есебі жалаң қабатты полиспасттардай жүргізіледі. Әр полиспаст, жүктің жартысы әсер етеді деп, бөлек есептелінеді.
Күштік полиспасттарда кіші диаметрлі арқандарды қолданылатындықтан шығыр мен барабанның диаметрі де, массасы да кіші. Полиспаст еселігін асырса төмендеткіштің беріліс саны азаяды, бірақ ұзын арқан пайдалану және шығырлар санын көбейту қажет.
Ал бұл жағдайда шығындар көбейеді, жүкті көтеруге қажетті қуатты және арқанның майысу санын көбейтеді.
Жылдамдықты полистпасттарда пневма немесе гидроцилиндрден түсетін күш F жылжымалы құрсауға, ал жүк арқанның бос шетіне тіркеледі. Бұл полиспасттардың есептеуі күштік полиспластарды есептеумен бірдей.
2. Барабандар тарту органына байланысты арқанды және шынжырлы болып екіге бөлінеді. Шынжырлы барабандар өте аз пайдалынады.
Арқанды барабандар арқанның оралу қабатына қарай екіге бөлінеді: көп орамды және бір орамды.
Барабан сыртқы қабатының түріне қарай үшке бөлінеді: тегіс, оймалы және үйкелісті.
ЖКМ-да көбінесе бір орамды оймалы барабандар қолданылады.
Барабан бетіне бұрандалы сызық бойынша жасалған оймалар жанасу бетін үлкейтіп, жаншылу кернеуін азайтады және көршілес орамдар арасындағы үйкелісті болдыртпайды. Сондықтан бұндай барабандарда арқанның жұмыс істеу мерзімі артады.
Егер барабан ұзындығы оның 3 диаметрінен кем болса, иілу және бұралу кернеулері сығылу кернеуінен 10...15% құрайды. Сондықтан барабан қабырғасын тек қана сығылуға есептейді.
Арқанның барабанға бекітпесінің құрылымы сенімді, бақылау мен арқанды ауыстыруға ыңғайлы және жасалуы қарапайым болуы қажет. Сонымен қатар, арқан бекітілетін жерде қатты иілмеуі керек. Бекітпелердің құрылымы әр алуан.
Қажетті әдебиет:
Зуев Ф.Г. Левачев Н.А.,Лотков Н.А. Механизация ПРТС работ- М., Агропромиздат,1988 г.,с.447
Александров М.П. и др. Подъемно-транспортные машины М., “Высшая школа”, 1985г.
Жайлаубаев Д.Т., Мансуров С.М. «Тиеп-түсіру, тасымалдау және қойма жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.
Достарыңызбен бөлісу: |