Кредит саны 2 (1+1+0), ects бойынша кредит саны 3



бет1/8
Дата10.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#126476
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

№1 басылым «___» _________ 2012 ж.



Ф 042-05.1.10.03-2011-01

Элективті пәндердің

жиынтығы







БЕКІТЕМІН

Оқу жұмысы жөніндегі проректор_________ Б.А.Рскелдиев

«____» _________ 2012 ж.

2012/2013 оқу жылына 5В020500 – «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша



ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ


№ р/с

Пәндердің

коды


Пәндердің және циклдердің аталуы

Пәндердің қысқаша мазмұны



1

2

3

Жалпы білім беру пәндері

1

Pci 0101

Психология

Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.



Пререквизит - студенттер мектепте жалпы және кәсіптік білім беретін мемлекеттік стандарт бағдарламасы бойынша: Адам анатомиясы, Биология, Валеология, Адам және коғам, Жанұяның этикасы мен психологиясы деген арнайы пәндерді окып үйренеді.

Постреквезит - жоқ.

Оқыту мақсаты:

Қысқаша мазмұны: Психология пәні мен міндеті. Психология пәнінің басқа ғылымдармен байланысы. Психика және адам түсінігі. Тұлғаның құрылымы. Танымдық процесс (жағдай). Қарым-қатынас психологиясы. Жеке тұлға және оның іс-әрекеті.

Күтілетін нәтиже:

Білімі:

  • жалпы психололгияның негізгі түсініктерін;

  • психологиядағы бар әртүрлі бағыттар мен теориялардың мазмұнын;

  • бүгінгі психикалық процесстердің теориялық және қолданбалы ерекшеліктерін;

  • педагогикалық процесте тұлға мен ұжымды зерттейтін негізгі әдістерді білуі керек.

Іскерлігі:

  • окыту және тәрбиелеуге тікелей немесе жанама қатысы бар бір жүйеге келтірілген психология ғылымының жалпы ұғымдарын студенттер менгеруі керек;

  • психологиялық көріністі психологиялық зандылықтарға негіздей отырып талдау.

Дағдысы: Тұлғаның өзін-өзі дамыту деңгейін, кәсіби дағдыларын жетілдіруде психологиялық зерттеу әдістерін практикада пайдалану.

Құзіреттілігі: студенттер өздігінен жұмыс істеу кабілеттерін арттырып, қажетті әдебиеттерді оқып үйреніп, өзіндік ептілігі мен білімін көрсетулері керек.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Бураханова А.Т.

2

Cam 0102

Өзін-өзі тану

Кредит саны – 2 (0+2+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.



Пререквизит - жоқ

Меңгеру мақсаты: Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізу.

Қысқаша мазмұны: Бақыттың кілті өз қолыңда. Студенттік өмір қайталанбас сәт. Менің жан дүнием. Менің жүрек қалауым. Болашақ бүгінненн басталады. Адам тарих ағымында. Адами құндылықтар. Тілдесу мәдениеті. Өзара түсіністік. Ата-ананың қара шаңырағы. Махаббат шуағы. Мен және сен. Өмір әдебі. Әлем, неткен әсем ең.

Күтілетін нәтижелер:

Білім: адамгершілік құндылықтар және өмір, Отан, отбасы, намыс, абырой, сабыр, үміт, сенім, ынтымақ, жауапкершілік, парыз, арман, ақиқат туралы терең білімге ие болады;

Іскерліктер: өзінің мінез-құлқын, физикалық және психикалық жағдайын еркін басқарады, эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алады, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана біледі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алады.

Дағдылар: өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін түсіне отырып, өзара адами қарым-қатынастарды тани алу және оны бағалай алу дағдысы.

Құзырлықтар: нақты жағдаятты бағалай біледі, түрлі мәселелер шешіміне іздестіру жүргізе алады, қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба біледі.

Бағдарлама жетекшісі: психология кафедрасының оқытушысы Кейкова Толқын Қызырбековна

3

Kul 0103

Мәдениеттану

Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ.

Мақсат: Студенттерге мәдениеттану пәні, отандық және әлемдік мәдениет тарихымен таныстыру. Болашақ мамандардың мәдениеттілігін дамыту,

Қысқаша мазмұн:

Заман талабына сай Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындарында, мәдениеттану пәні міндетті курстарының қатарына енгізген. Мәдениеттану-мәдениетті біртұтастай барлық тарихи көпжақтылығын және бүгінгі күнгі тұрмыс тіршілігін, қызметін жан-жақты зерттеитін теоретикалық пән. Мәдениеттану келесі бөлімдерден тұрады: мәдениет теориясы; мәдениет тарихы; қолданбалы мәдениеттану. Мәдениет теориясы кейде мәдениеттану ілімімен тұтастай қабылданады және ол өз сипатында мәдениеттің қызметін, негізгі элементтерін, мәдениет пен қоғамның үйлесімділігін, мәдениет пен тұлғаның үйлесімділігін, т. б сол сияқты мәселелерді зерделейді. Мәдениет тарихы, мәдениеттің тарихи даму процесіндегі әртүрлі түрлерінің тұрмысын зерттейді.



Оқытудағы көрсетілетін нәтиже:

Білім: Мәдениеттін тарихын, қызметін, негізгі элементтерін, мәдениет пен қоғамның үйлесімділігін, мәдениет пен тұлғанын т.б. мәселелерді зерделей білу.

Қабілеттілік: Қоғамдағы мәдениет мәселелерін дұрыс түсінуге және дұрыс шешудің жолдарын таба білуге қалыптастыру.

Дағды: Практикалық білім бойынша мәдениеттану пәніне дағдылану және оқып-түсіну.

Құзіреттілігі: Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстарымен мәдениеттін басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым – қатынасын зерттей отырып адамзат баласынын біртұтас мәдени даму процесінін жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан – жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды.

Бағдарламның жетекшісі: аға оқытушы Татиев Е.Е.

4

Ped 0104

Педагогика

Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизит - жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы.

Постреквезит - 4 курстағы пед. практика

Оқыту мақсаты: студенттерге кәсіби іс-әрекеттеріне қажетті педагогикалық білімнің негізін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Қоғамның әлеуметтік экономикалық жаңаруы кеңестік дәуірдің барлық саласына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бұл білім беру саласына да әсерін тегізді.

Аталған курс педагогиканың белгілі бір мәселелерін толықтырады. Дәріс курсы мүғалімнің кәсіби дайындағымен және педагогикалық іс-әрекетіне, ұстаздың педагогикалық процеске, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды шығармашылықпен және ізгілік демократиялық идеясымен тығыз байланыста жүзеге асады.



Болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұнына шығармашылық ізденісті күшейтуге, білім берудің жаңа технологиясын ендіруге қазіргі тенденция ескерілді.

Күтілетін нәтиже:

Білім: педагогикалық ғылымдар жүйесі туралы, оның қағидалары, міндеттері мен құрылымы; педагогикалық зерттеу әдістерін; педагогика ғылымының категориялық құрылымын білуі керек.

Іскерлік: педагогикалық жағдайларға талдау жасай білу.

Дағды: педагогиканың заңдылықтары мен принциптерін қолдана білу.

Құзіреттілігі: педагогикалық білімін кәсіби әрекетінде қолдана алуы.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Бураханова А.Т.

5

MTIKZh 0105

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Зерттеу мақсаты: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы» (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттің бағдарламасы» (2011), «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (2011), т.б. да заңнамалық актілерді игеру мен жүзеге асыруға оқу – тәжірибелік негіз жасауды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Іс қағаздарын жүргізу тарихы және жіктемесі. Іс жүргізу технологиясы және құжат айналымын ұйымдастыру. Іс қағаздарының нақты түрлері. Құрылтай құжаттары. Ұйымдық құжаттар. Бұйрық-жарлық құжаттары. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Еңбек қатынастарын құжаттау. Жеке құжаттар. Коммерциялық хат алмасу.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Құжат, оның түрлері мен үлгілерін дұрыс толтыра білуді меңгереді.

Икемділік: Маңызды нормативтік әдістемелік құжаттарды бірізге келтіру, стандарттау, рәсімдеу ерекшеліктері мен оларды қозғалысқа келтіру тәртібін игеру нәтижесінде құжаттама қызметінің құрылымын, міндеттерін, лауазымдық құрылымын іс қағаздарын толтыруда дұрыс жазуға икемділік қалыптасады.

Дағды: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқып, игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзырет: Іс жүргізу қағаздарын атқарушы қызметкерге құжаттардың келіп түскенінен бастап, оның толық іске асуына дейінгі аралықтағы іс жүргізу жұмысының тәртібін орындаудың жолдарын үйренеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к. Секей Ж.

6

Val 0106

Валеология

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизиттері – жоқ.

Постреквизиттері – жоқ.

Мақсаты: Денсаулық біртұтас құрылым, салауатты өмір салтының негіздері, ауырулардың алдын алу және нығайту жолдарын, салауатты өмір салтын қалыптастырудың үрдістерін зерделейді.

Қысқаша мазмұны: Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік медицина. Денсаулықтың бұзылуының әлеуметті-гигиеналық мәселелері Денсаулық және өмір салты. Медициналық көмектердің ұйымдастырылуының негізгі бағыттары. Медико-әлеуметтік патронажды ұйымдастыру. Физиология және патология репродукциясы. Валеологиялық қызметтерді ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер:

Білім: Валеологияның теориялық және әдістемелік негіздері, денсаулық, оларды қалыптастыратын, нығайтатын және бұзатын факторлар туралы білімін жетілдіру. Қоршаған орта және ағза дамуындағы заңдылықтарының тығыз байланысын анықтау. Студенттердің физикалық және психикалық жетілу заңдылықтарын оқып зерттеу.

Игеру: Жеке бас гигиена ережелерін білу, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалытастыру үрдістерін анықтау. Студенттердің еңбек және демалыс тәртібінің оптимизациясы және түзетілуі бойынша ұсыныстар әзірлеу, олардың денсаулығына санды және сапалы баға беру.

Дағдысы: Студенттер мен ата-аналарының салауатты өмір салты мотивациясын қалыптастыру. Студенттер мен ата-аналарын дені саулыққа баулу.

Құзіреттілігі: Денсаулықты сақтау және нығайту тәсілдері, олардың сарқылмас жолдарын жасау, денсаулықты қайта қалпына келтіру, адам өміріне әсер ететін факторлар жөнінде білімін қалыптастырады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы А. Нурсафина

7

MEOR

EAZES 0107



ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастар

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Курстың пререквизиттері:

Экономикалық теория;

Халықаралық экономика.

Курстың постреквизиттері:

Мамандық бойынша профильдік пәндер.



Курстың мақсаты: «ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» теориялық мәселелерін, заңдылықтарын және тәжірибелік мәнін зерттеу болып табылады.

Пәннің қысқаша мазмұны:

Еуразиялық экономикалық қауымдастық: мақсаттары, құрамы, құрылымы. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі еркін сауда режимі. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру. ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ экономикалық кеңістік құру. Ортақ экономикалық кеңістік ұғымы. Өзара келісілген экономикалық саясат жүргізу. Экономиканың нақты секторындағы өзара әрекет. Энергетикалық нарықты қалыптастыру және бірлесіп дамыту. Агроөнеркәсіптік сектордағы өзара әрекет. Қызмет көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық. ЕурАзЭқ және БҰҰ. ЕурАзЭҚ және Еуропалық одақ. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік кеден ұйымы. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік банк, Еуропалық даму және реконструкция банкі арасындағы қарым-қатынас. ЕурАзЭҚ және ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық. ЕурАзЭҚ елдерінің ғылыми ұйымдарының өзара әрекеті. Интеграциялық мәселелерді ғылыми–теориялық негіздеу. Интеграция мәселелері бойынша кадрлар дайындау.



Оқытудан күтілетін нәтиже:

Білімі: ЕурАзЭҚ идеясымен, оның іске асу барысымен, оған мүше елдерін, ЕурАзЭҚ шеңберіндегі әртүрлі салалар бойынша қарым-қатынас мәселелерінбіледі.«ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» негізгі теориялықтұжырымдамаларынжәне нормативті –құқықтық базасын біледі.

Игеруі: Өз бетімен экономикалық ойлау мен талдау қабілетіне ие болады, экономикалық саясаттың өзекті мәселелерін зерттеуге ұмтылады.

Дағдысы: Халықаралық экономикалық қатынастар аясында алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға дағдыланады.

Құзіреттілігі: Базалық және жалпы білімін, алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану қабілеттілігін,халықаралық экономикалық қатынасты ұйымдастыру мен басқару мәселелерінде біліктілігін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы С.Қ. Жұмашбекова

8

Shak 0108

Шәкәрімтану

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Зерттеу мақсаты: Шәкәрімтану пәні Абайдың ақын шәкірті, ойшыл, философ, композитор, тарихшы, шежіреші Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын таныту. Ақын мұрасының әлі ашылмай келе жатқан жаңа қырларын айқындай түсу. Шәкәрім шығармашылығындағы руханилылық мәселесіне ерекше зер салу. Қазақ әдебиетінің бас ақыны, ұлы тұлға Абаймен тамырластығы ой сабақтастығына назар аудару. Көптің бірі емес, бірегей ақынды танып қана қоймай, әлемдік деңгейде танытуға ынталандырып, талаптандыруды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы. Ақын шығармашылығының ХІХ-ХХ ғасырдағы әдеби процеспен үндестігі. Әдеби мұраларының тарихпен, әдебиетпен, руханиятпен байланысы.

Шәкәрім – ақын, философ. Ақынның қайраткерлігі. Шәкәрім туралы ой-пікірлер, көзқарастар. Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі. Зерттеушілердің қозғаған басты тақырыптары, проблемалары. Ұлттық айшық, бейнелілік.



Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы және көркем туындыларының мәтінімен танысып, олардағы көркемдік, эстетикалық, танымдық, әдеби-тарихи, т.б. да құндылықтарды меңгереді.

Икемділік: Шәкәрімнің дарыны мен нәр алған рухани өзегімен танысып, Шәкәрімтанудың тарихы, өзекті мәселелері мен салалары жайлы мағлұмат алады. Шәкәрімнің шығармашылық өмір жолын оқып білу арқылы зерттеушілік қабілеттері ашылады.

Дағды: Шәкәрімтанудың салаларын меңгеруге, әдебиет тарихындағы Шәкәрім мұраларының алар орнын жан-жақты оқып игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзырет: Шәкәрімнің Абай дәстүрін жалғастырудағы және өзіндік әдеби тағылым қалыптастырудағы кемеңгердің әдебиетте алар орнын танып біледі. Теориялық білімді практикамен ұштастыруға үйреніп, әдеби-зерттеу жұмысын меңгереді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к., доцент Ж.М.Әубәкір

Базалық пәндер – 44 кредит

9

AK 0201


Әдебиеттануға кіріспе

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизиті – Қазақ халық ауыз әдебиеті

Постреквизиті – ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы; Әлем әдебиетінің тарихы; ХІХ ғасыр әдебиетінің тарихы.

Оқытудың мақсаты: «Әдебиеттануға кіріспені» жеке пән ретінде оқыту арқылы студенттерді әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерін белгілі бір монистикалық қасаңдықпен қарастырмай, барынша тиімді, ашық және жан-жақты қарастыра отырып, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.

Қысқаша мазмұны: Сөз өнері туралы ғылым, оның салалары. Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы. Көркем әдебиеттегі образ және образдылық. Образдың жасалу тәсілдері мен түрлері. Көркем шығарманың құрылысы. Сюжет және композиция. Көркем әдебиет, тіл мәселелері. Тілдің ажарлау құралдары. Әдебиеттегі құбылту құбылыстары. Айшықтау және оның түрлері. Өлең мен оның құрылысы. Өлең ұйқасы мен оның түрлері. Өлең жүйесі. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Көркемдік әдіс. Әдеби бағыттар мен ағымдар. Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінде ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта мейлінше толымды жүйелеп, саралау қажет. Дәрістерде әлемдік эстетика тұғырнамалары, әдеби тәжірибелер ұлттық әдебиеттану, көркем өнер мысалдарымен өзара ұштастырыла негізделмек.

Білуі: Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады.

Дағдысы: Әдебиеттану ғылымының өзіндік ерекшеліктері туралы терең білім алады.

Құзіреттілігі: Әдебиеттанудың өзге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мәні мен сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктері жайлы жан-жақты білім алады

Бағдарламының жетекшісі: Ж.Секейқызы

10

ABA 0202


Әдеби бағыттар мен ағымдар

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизиті – жоқ

Постреквизиті – жоқ

Оқытудың мақсаты: Әдебиеттану ғылымында қалыптасқан әдеби бағыттар мен әдеби ағымдар, олардың ұстанған концепцияларымен жан-жақты таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Әдеби шығармашылықтың гениезі мен оны зерттеу. Әдебиеттану ғылымының тарихындағы танымал ағымдар. Әдеби процесс - әдебиет тарихының көркемдік даму заңдылығы. Әдебиет тарихындағы көркемдік бағыт, әдіс, стиль. Көркемдік тәжірибедегі әдеби заңдылықтар. Орта ғасырлық символизм. Қайта өрлеу кезеңіндегі реализм. Классицизмнің эстетикалық қағидалары. Романтизм. Көркемдік әдіс. Қазіргі замандағы көркем шығармашылық дүниетаным көзқарастары. Натурализм ағымы. Натурализм ағымының негізгі өкілдері. Модернизм туралы түсінік. Модернизмнің қазақ әдебиетіне әсері.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Әдеби ағымдар мен бағыттар, әдебиеттің даму үрдісінен мағлұмат беру.

Білуі: Әдеби ағымдар мен бағыттар жайлы жан-жақты білім алады

Дағдысы: Әлемдік эстетика тұғырнамалары, әдеби тәжірибелер ұлттық әдебиеттану, көркем өнер мысалдарымен өзара ұштастырыла негізделмек.

Құзіреттілігі: Әдебиеттану ғылымында қалыптасқан әдеби бағыттар мен әдеби ағымдар, олардың ұстанған концепцияларымен жан-жақты таныстыра отырып, теориялық ерекшеліктері жайлы жан-жақты білім алады

Бағдарламының жетекшісі: Ж.Секейқызы

11

AShGT 0203


Әдеби шығарманы ғылыми талдау

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизиті – жоқ

Постреквизиті – жоқ

Оқытудың мақсаты: Филологиялық ғылым ретінде сөз өнерінің өзіндік мазмұны мен оны көрсететін пішіндердің даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру үшін көркем әдебиетті зерттеу, сондай-ақ өнертанушы ғылымдардың бірі ретінде көркем шығармашылық түрлеріне, қыр-сырына үңілу, көркем туындыны эстетикалық құбылыс ретінде қарауға үйрету.

Қысқаша мазмұны: Әдеби шығарманы талдау принциптері. Әдеби талдау. Талдау әдістері. Талдаудың терминологиялық мағынасы. Шығарманы танып-білудегі тұтас талдау әдісі. Көркем мәтіндегі эпитет пен метафораның ролі. Эпитет пен метафораның ерекшелігі тұрғысынан көркем шығармаға талдау жасау. Көркем шығарманы проблемалық талдау әдісі. Әдеби талдау барысында көркем туындыны мазмұн мен пішін бірлігіне сай талдау. Көркем шығарманы образдар бойынша талдау. Кейіпкер бейнесін талдаудың әдіс-тәсілдері. Кейіпкер портреті, іс-әрекеті, оның ішкі психологиясы жайлы автор ойы. Кейіпкер табиғатын, оларды бір-біріне қарама-қарсы қою әдісімен (диалог, әңгімелестіру) ашуына қарай әдеби кейіпкер характерін таныту. Прозалық шығармаларды талдау. Көркем шығармадағы өнер мен өнерпаз тұлғасы. Шығарманың негізгі идеялық мақсаттарын талдау. Шығарманың көркемдік ерекшеліктерін талдау. Шығарманың тілі, образ жасау шеберлігі, композициялық-сюжеттік құрылымдағы стильдік ерекшеліктерді талдау. Образ композициясын талдау, кейіпкер тұлғасын құрап тұрған көркем компоненттерді анықтау.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Көркем шығармаға талдау жасаудың ғылыми принциптерін игеру, әдебиет пен фольклорды зерттеп үйренуге қажетті біліммен қаруландыру; әдеби шығарманың мазмұны мен пішінінің арақатынасының сырын ұғыну;

Білуі: әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысып, көркемдікті танитын талғам қалыптасу арқылы әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралап, түрлі қырынан талдауды үйренеді.

Дағдысы: Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелерімен таныс бола отырып, зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.

Құзіреттілігі: Көркем шығарманы таладаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиет пен фольклорды зерттеуге қажетті білім алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет