«Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



Дата03.07.2016
өлшемі108.57 Kb.
#175292
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 96 қаулысына

18-қосымша

«Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың

деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

«Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қағаз жеткізгіште өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі бар еркін нысанда жазылған өтінішті ұсынуы.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімнің


(іс-қимылдың) мазмұны:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінішті қабылдауы және тіркеуі, өтінішті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығына


беруі – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінішке бұрыштама қоюы, өтінішті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік қадағалау департаментіне


(бұдан әрі – БҚД) орындауға беруікүнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

3) БҚД басшылығының уәкілетті қызметкерді белгілеуі және оған өтінішті орындауға беруі – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру:

құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – өтінішті қараудан бас тарту) дайындау, өтінішті қараудан бас тартуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қол қоюы, БҚД уәкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметі алушыға өтінішті қараудан бас тартуды беруі – құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде;

құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда БҚД уәкілетті қызметкерінің өтінішті қарауы, көрсетілетін қызметті алушының кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу бойынша іс-шараларды орындауын тексеру жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құру үшін қызметкерлерді бөлу туралы хаттарды дайындауы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы ұйымдарын инспекциялау департаментіне (бұдан әрі – ҚҰИД) және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға жіберуі – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;

5) БҚД уәкілетті қызметкерінің БҚД, ҚҰИД қызметкерлерінің және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның қатысуымен Комиссия
құруы – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;

6) Комиссияның көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу бойынша іс-шараларды орындауын тексеруді жүзеге асыруы, кредиттік бюроның кредиттік тарихтардың дерекқорларын басқару жүйесін пайдалануға енгізуге дайын болуын (болмауын) көрсете отырып, кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін дайындауы – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;

7) БҚД уәкілетті қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін пошта арқылы жіберуі немесе тікелей көрсетілетін қызметті алушыға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты ұсынған кезде оның уәкілетті өкіліне беруі – осы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойған күні.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы;

3) БҚД басшылығы;

4) БҚД уәкілетті қызметкері;

5) ҚҰИД.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында келтірілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаты
8. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдері (іс-қимылдары) жүйелілігінің сипаты:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;

2) 1-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда пароль енгізу (авторизациялау процесі);

3) 1-талап – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы тексеру;

4) 2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса беру;

5) 3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны таңдауы;

6) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің порталда логин мен парольді енгізуі (авторизация);

7) 1-талап – порталда көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;

8) 2-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және оны порталда өңдеу;

9) 2-талап – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеру;

10) 3-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру;

11) 4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшада берілген.


«Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы

Өтінішке бұрыштама қою және оны БҚД-ға орындауға беру

(күнтізбелік 1 күн ішінде)

3. БҚД басшылығы

Уәкілетті қызметкерді белгілеу және оған құжаттарды орындауға беру

(күнтізбелік 1 күн ішінде)

4. БҚД уәкілетті қызметкері

Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру:

құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті қараудан бас тартуды дайындау, өтінішті қараудан бас тартуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қол қоюы, көрсетілетін қызметі алушыға бас тартуды беру

(құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 12 күн ішінде)


құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда өтінішті қарау, комиссияны құру үшін қызметкерлерді бөлу туралы хаттарды дайындау және ҚҰИД және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға жіберу (күнтізбелік 5 күн ішінде)
БҚД, ҚҰИД қызметкерлерінің және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның қатысуымен Комиссия құру (күнтізбелік 5 күн ішінде)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін пошта арқылы жіберу немесе тікелей көрсетілетін қызметті алушыға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты ұсынған кезде оның уәкілетті өкіліне беру

(мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойған күні)



line 930line 931


5. Комиссия

Көрсетілетін қызметтерді алушының орналасқан жері бойынша кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу бойынша іс-шараларды орындауын тексеруді жүзеге асыру, кредиттік бюроның кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға енгізуге дайын болуын (болмауын) көрсете отырып, кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін дайындау

(күнтізбелік 5 күн ішінде)


line 957


line 937


oval 929
1. Хат-хабарды қабылдауға уәкілетті қызметкер

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінішті қабылдау және тіркеу, өтінішті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығына беру

(күнтізбелік 1 күн ішінде)

line 934

line 958

line 932


line 11273

Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы


прямоугольник 2223



ромб 2296ромб 2301


портал

ромб 2240
2-рәсім

3-рәсім

1-рәсім

2-рәсім



прямая соединительная линия 2249прямая соединительная линия 2241прямая соединительная линия 2251прямая соединительная линия 22931-рәсім

прямая соединительная линия 2245
3-рәсім

4-рәсім
прямая соединительная линия 2215 группа 2231 группа 2232


загнутый угол 2238

сұрау салу


Көрсетілетін қызметті алушы

Шартты белгілер

прямая соединительная линия 2243 Хабарлар ағыны

Рәсім
ромб 2246

Талап
группа 2247

Бастапқы хабар


группа 2216

Аяқтайтын хабар


загнутый угол 2304 Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат


Ақпараттық жүйе

Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне



3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы









autoshape 11292


скругленный прямоугольник 3








autoshape 3716autoshape 3717autoshape 3722




autoshape 3718прямая соединительная линия 2245прямая соединительная линия 2245








autoshape 3738




autoshape 11292


line 3724

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет