Кредо общественное объединение



Дата09.06.2016
өлшемі30.31 Kb.











КРЕДО

Общественное объединение


ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ


PRI (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРМЕ РЕФОРМАСЫ) ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ

ӨКІЛДІГІ



ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК

КРЕДО


ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН

БАСТАДЫ МА?
ӨСКЕМЕН – 2012 жылдың 4 қыркүйегінде «SHINY RIVER» қонақ үйінің мәжіліс залында мемлекеттік органдардың және Шығыс-Қазақстан облысының қоғамдық бірлестіктерінің координациялық кездесіуі өтеді. Аталған шара Еуропалық Одақтың қолдауымен және Халықаралық түрме реформасының (PRI) Орталық Азиядағы өкілділігінің ұйымдастыруымен «Әйел колонияларында ВИЧ/СПИД және туберкулез таратуын алдын ала сақтандыру бағдарламасы» жобасы шеңберінде жүзеге асырылады.

PRI Орталық Азиядағы өкілдігінің директоры Сәуле Мектепбаеваның айтуы бойынша: Қазақстандағы пробация институты 2012 жылдың ақпан айында енгізілді. Өкінішке орай пробация туралы дербес заң қабылданған жоқ, тек қана он нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұған себеп пробацияның жүйе болып енгізілмегендігі және Қылмыстық- атқару жүйесі комитетінің бөліміне берілуі болып табылады. Демек пробация қызметіне үкім сонды элементтері енгізіліп бұл институттың уақытпен қамтылуы және жұмыс әдісі кеңейтіледі деген үміт артылады. Бүгінгі танда пробация тек қана шартты түрде сотталғандарға қолданылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметтері бойынша, қазіргі кезде қылмыстық атқару инспекциясының штаты толығымен жасақталған және 1183 қызметкерді қамтиды. Пробациялық қызметтің офицерлері сотталғанның тұлғасын анықтайды, оларға берілетін әлеуметтік-құқықтық көмек және сотпен жүктелген міндеттердің орындалуын, әр сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша жеке бағдарламасын құрады. Бұл тұрғыда пробациялық қызметтің офицерлері жергілікті атқару органдарымен қарым қатынаста жұмыс істейді, жергілікті атқару органдары өздерінің қызмет құзыретінде пробациялық қызмет тізімінде тұрғанданды квоталармен қамтамасыз ету құқығына ие. Сонымен қатар мемлекетік органдар өз жұмыстарын ҮЕҰ-мен әлеуметтік тапсырыс арқылы нығайта алады.

«Кредо» қоғамдық бірлестігінің директоры Надежда Козаченконың айтуы бойынша: Қазақстанда пробация институты жаңа болғандықтан, біз Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысының пробация қызметкерлерін оқыту шараларын жүргіземіз. Бүгінгі күні Шығыс-Қазақстан аймағының барлық пробация қызметтерін жаңа жұмысының басталуын және қандай қиындықтармен беттесіп жатқандығы туралы сұрақтарды талқылау үшін шақырдық.

Координациялық кездесу Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасының) Орталық Азиядағы өкілділігінің және «Кредо» қоғамдық бірлестігінің сонымен қатар Қарағанды облысының Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің ынтымақтастығымен ұйымдастырылып отыр.
Өскемен қаласы, Солнечная көшесі 8/1, «SHINY RIVER» қонақ үйінің мәжіліс залында өтетін координациялық кездесуге журналистердің қатысуын шақырамыз, сағат 14.30-16.30 ға дейін
Қосымша ақпарат үшін +7 7172 78 76 74, тел./факс немесе ashambilov@penalreform.org. электронды пошта арқылы PRI жоба координаторы Азамат Шамбиловқа немесе + (7172) 97 11 48 телефон және Karlygash.Jamankulova@eeas.europa.eu электронды пошта арқылы ЕО ҚР-ғы Өкілдігінің пресса және ақпарат үшін жауапты маманы Қарлығаш Джаманқұловаға хабарласыңыз.





Аталған жоба Еуропалық одақ тарапынан қаржыландырылады.

Еуропалық одақтың ҚР-дағы Өкілдігінің мекен-жайы:

Астана қ., Космонавтар к-сі, үй 62, инд, 010000

Тел.: (7172) 97-10-40



Факс: (7172) 97-95-63

Еуропалық одақ технологияларын, ресурстарын және тағдырларын біртіндеп біріктіруге шешім қабылдаған 27 мүше-мемлекеттермен құрылған. 50 жыл ішінде бұл мемлекеттер мәдени әртүрлілік, сабырлылық және азаматтық еркіндіктерін сақтай отырып, тұрақтылық, демократия және бекемді даму аймағын қалыптастыра алды. Еуропалық одақ өз жетістіктерін және құндылықтарын шекарасы тысында орналасқан елдер және халықтармен бірге қолдануды мақсат тұтады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> 5 1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
2013 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің
2013 -> Кіріспе Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама
2013 -> 1 «Алаш» партиясының құрылуы
2013 -> Шымкент институты
2013 -> Информационные материалы
2013 -> 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы оперативтік есепке талдамалық жазбахат


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет