Криминалистика



Дата16.06.2016
өлшемі140.54 Kb.
#139646
КРИМИНАЛИСТИКА
Дәріс.

Тақырыбы:

Айырбас шартының түсінігі

Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргізуді,

оралымды басқаруды басқа тараптың меншігіне бір тауарды екіншісіне айырбасқа беруге міндеттенеді (бұл ҚР АҚ 501-бабының тұжырымдамасы).

Түсініктілеу айтатын болсақ, айырбас шарты бойынша бір тарап өз тауарын өзге

(екінші) тараптың тауарына айырбастайды.

Тараптардың әрқайсысы бір біріне тауарды меншікке, шаруашылық жүргізуге,

оралымды басқаруға беру ге міндеттенеді.

Айырбас шарты Рим құқығында шарт нысаны

ретінде сатып сату шартынан бұрын қалыптасқан.

Жеке құқықтық қатыстарды құқықтық реттеу Римде сияқты жоғары дәрежеде болмаған қоғамдарда айырбас қатынастары материалдық объективті ең басты нысаны болды.

Одақ кезіндегі (кеңес одағы) кезіндегі азаматтық құқықта яғни ұйымдардың

қатысуымен айырбас шарттары өте шектеулі қолданылды. ҚР

-да қаржы

-несие жүйесінің

құлдыраған кезінде заңды тұлғалардың қатысуымен жасалған айырбас шарты, шарттық қатынастардың негізгі нысандарының бірі болды. Әсіресе, бұл 1993 ҚР ұлттық валютасы енгізілгенге дейін айқын сезілді. Өз кезегінде бартерлік (айырбас) қатынастар қаржы қатынасына кері әсерін тигізді.

Сондықтан, бартерлік шарттарға тиым салынатын болды.

Қазіргі кезде ҚР АҚқабылдауына байланысты мұндай шектеулер қойылуы мүмкін емес, өйткені занды тұлғаларға, негізінен жеке меншіктегілерге тиісті әрекет қабілеттігіне сәйкес қандай да болсын құқыққа сәйкес қатынастарға кіруіне болады. Бірақ та сол субъектілер құқықтарын теріс

мақсаттарда пайдалана алмайды. Мысалы, егер кәсіпкерлер өздерінің

іскерлік белсенділігін жасыру мақсатымен жаппай заттай айырбасқа көшсе, онда бұл заң шығарушы тарапынан теріс бағалануы тиіс.Айырбас шарты өзінің заңды табиғатына сәйкес

-консенсуалды, өзара және өтеулі (ақылы) шарт болып табылады.

Айырбас қатынастары тек тауарларды басқа бір тауар айырбастағанда емес, сонымен бірге тауарларды белгілі бір қызмет, жұмысқа (оның нәтижесінде) айырбастағанда орын алады, әсіресе егер бір тарап екінші тарап одан белгілі

затты жасау үшін материалын артығымен беретін болса.Зат қызметке, жұмысқа

айырбасталса, онда мердігерлік қатынастарын, ақылы қызмет көрсету бойынша

қатынастардың құқықтық реттелуінің ерекшелігін, туындайтын мінеттемелердің мәнісін ескеру керек болады.Айырбас қатынастарына -бір тауар мен екіншісін айырбастағанда, олардың құны бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты тараптардың бірі қосымша ақшалай өтемақы беретін жағдайларда жатады.

Егер шартта немесе заңнамада өзгеше қөзделмесе айырбас сатып алу-сату

шартының ережесіне сәйкес жүргізіледі.Сондықтан, бұл мәміленің нысанына, оны мемлекеттік тіркеу бойынша талаптар сатып алу-сату шарты бойынша қойылатын тең болып келеді.Айырбас шартының элементтері. Шарттың тараптары заматтар, занды тұлғалар танылады. Айырбас шартының ерекшелегі, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністердің сату шарттарды жасасу мүмкіншілігі өте төмен болып келеді. Бірақ аталған көзқарас даулы болып көрінгенмен айырбас қатынастарында мемлекеттің қатысу мүмкіндігіне көңіл аудару қажет.Бұл жерде мәселе азаматтардың меншігіндегі тұрғын үйлердің жер учаскелері

мемлекет қажеттілігіне алу жағдайына қатысты көтеріледі.

Тұрғын үй аталған жағдайға байланысты алынатын болса, меншік иесінің таңдауына сәйкес, оған жабдықталған тұрғын үй беріледі немесе тұрғын үйдің нарықтық бағасына сәйкес өтемақы төленеді (ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы Заңының 15-бабы).Мемлекет алдымен азаматтың тұрғын үйіңе меншік құқығына иеленеді, сонан соң оған өз қарауы бойынша билік етеді. Біз көріп отырғанымыз тұ

рғын үй иелерінен таңдау мүмкіншілігі беріледі, олар айырбас жасаймыз десе жасайды, жасамаймыз (өтемақы аламыз) десе жасамайды. Содан соң, олар айырбас жағдайларын анықтаса алады, тұрғын үй қандай болатыны, қай жерде болатыны туралы.Айырбас қатынастарына мемлекеттік ұйымдар, қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің қатысуына олардың балансында тұрған мүлікке шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы көлемінде шектеу қойылған.Айырбас шартының бағасы тараптардың әрқайсысы беретін мүліктің құнымен анықталады. Жалпы ерекше сәйкес, айырбасталатын мүліктің құны тең деп танылады.Айырбасталатын мүліктің (заттардың) құнының айқын теңсіздігі орын алса ғана теңсіз айырбас туралы айтуға болады. Мәміле нотариатты рәсімделетін болса, онда бұл жағдай нотариатта мәміленің жарамдылығы жөнінде белгілі бір күдік тудыруы қажет.Заттар бағасының бір-бірінен елеулі айырмашылығы болса, парасат ойға негізделсек, осыған қатысты келіспеушілікті құқығы бұзылатын тарап айту керек екенін танимыз.Ал, айырбасталатын мүлі

к бағасының айырмашылығы аз болса, заттардың құнының теңдігі туралы презумпцияны қолдану керек (ҚР АҚ 502-бап 1-тармақ).Айырбас шарты бойынша

бағасы ақшалай көрсетілмеуі мүмкін.Тараптардың құқықтары мен міндеттері.

Айырбас шартында әрбір тарап өзі беретін заттың сатушысы, ол алатын затының сатып алушысы болып келеді. Сонымен қатар, шарт еркіндігінің қағидаты тараптарға өзіне қолайлы құқықтар мен міндеттерді таңдауға мүмкіншілік береді.

Сондықтан айырбас шартында бір тараптың екіншісіне қарағанда құқығынан

міндетінің көп болуында шек қойылмайды. Бірақ, бұл айырбас қатынастарының түпкі негізіне айтарлықтай әсер етпеуі керек. Айырбас қатынасыныі мәнісі, яғни бір тауардың орнына өзгесі берілуінің талабы мызғымас болып келеді.ІІІарттың әрбір тарабы тиісінше шығындалады, бұл оның тауарын берумен және

қарсы қанағаттануды қабылдаумен байланысты болады. Айырбасталатын тауарлардың саны, сапасы, түр түрі және де жиынтылығы туралы жағдайлар сатып алу-сату туралы жалпы ережелер бойынша анықталады. Егер шарт кәсіпкерлік болса, онда тараптар оған өнім тапсыру туралы ереже олданылатынын қарастыруы мүмкін.Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бір-біріне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берілетін тауардың бағасынан кем тауарды беруге міндеттенген тарап,тауар беру міндетін орындауға дейін немесе одан кейін бағадағы айырманы төлеуга тиіс.Азамат жер учаскесі мемлекеттік қажеттілігіне алынуына байланысты өз тұрғын үйін бұзуға берген кезде сол азаматқа ерекшелік жасалады. Егер тұрғын үй орнына берілген үйдің құны алғашқысынан қымбат болса, оның бағасының айырмасы меншік иесінен алынбайды.Тараптар айырбастайтын тауарларды бір мезгілде беруге міндетті.

Түсініспеушіліктер туындағанда ҚР АҚ 286-бабының ережелері қолданылуы керек, қарсы міндеттемелер бір мезгілде орындалуы тиіс деп танылады. Міңдеттеменің орындалу мерзімі әдет-ғұрыптармен заңнамада немесе шартта тікелей көрсетілсе, олар әртүрлі мерзімде орындалады.Айырбас шарты бойынша тараптардың меншік құқығы (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтары)олардың әрқайсысының шарт бойынша міндеттемелігі орындағаннан кейін пайда болады.

Бұл норма дисдозитивті және тараптармен өзгертілуі мүмкін, сонымен бірге тауар өткізу кезінде мүліктің кездейсоқ бүлінуі немесе жойылуы қаупі туралы мәселе жеке шешілуі мүмкін.Егер заңнамамен немесе шартпен өзгеше

көзделмесе айырбас шартында әрбір тарап үшінші тұлғалардың кезкелген құқықтарынан тыс тауарды беруге міндетті. Осы міндетті орындамаған жағдайда бір тарап екінші тарапқа тауарды қайтаруға міндетті. Тауарды өз күйінде қайтару мүмкін болмаса, оның құнын қайтаруы тиіс. Бұл шараны қолдану мүдделері бұзылған тараптың қарауына байланысты болып келеді.Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi.

Айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату шартының ережелерi қолданылады,

өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және айырбас мәнiне қайшы келмейдi.

Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды беруге мiндеттенетiн сатушы

деп және айырбастап алуға мiндеттенетiн сатып алушы деп танылады.

Осы тарауда көзделген ережелер, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе және ол тиiстi мiндеттемелер мәнiнен туындамаса, құқықтарды айырбастауға жұмыстар, қызмет көрсетулер) қолданылады.Айырбас шарты бойынша баға мен шығындар.

Егер шарттан өзгеше туындамаса, айырбастауға жататын тауарлар бiр-бiрiне тең деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдап алу жөнiндегi шығындарды әрбiр жағдайда тиiстi мiндет жүктелетiн тарап жүзеге асырады.Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бiр-бiрiне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берiлетiн тауардың бағасынан кем тауарды беруге

мiндеттенген тарап, егер шартта өзгеше тәртiп көзделмесе, тауар беру мiндетiн

орындағанға дейiн немесе одан кейiн бағадағы айырманы тiкелей өзi төлеуге тиiс.

Айырбас шарты бойынша өзара тауар беру мiндеттемелерiн орындау.

Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарларды беру мерзiмдерi тұспа-тұс келмейтiн

жағдайларда тауар беруге тиiстi тараптың тауарды беру мiндеттемелерiн

басқа тарап тауар берген соң орындауына өзара мiндеттемелердi орындау туралы ережелер қолданылады.Айырбасталатын тауарларға меншiк құқығының ауысуы.

Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, айырбасталатын тауарларға меншiк құқығы айырбас шарты бойынша сатып алушы болатын тараптарға тараптардың әрқайсысы тиiстi тауарларды беру мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн бiр мезгiлде ауысады.Айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды алып қойғаны үшiн жауапкершiлiк.Айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды үшiншi тұлғалар алып қойған тарап Кодекстiң 414-

бабында көзделген негiздемелер болған кезде басқа тараптан оның

айырбасқа алған тауарын, ал тауарды заттай алу мүмкiн болмаған жағдайда оның құнын қайтаруды талап етуге құқылы.Меншiк құқығы субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы оған мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен кейін жүзеге асады

Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер

жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.Азамат өлген жағдайда оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, мұрагерге немесе заңға сәйкес басқа тұлғаларға өтеді.Заңды тұлғаның таралуы жағдайында оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, қайта құрылған заңды тұлға құқық мұрагері заңды тұлғаларға өтеді.Қайта құрылған жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен бастап жүзеге асады.

Мүлік иегерінің қалауысыз, иегердің мүлігін басқа тұлғаға меншікке беру жол берілмейді, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрсетілген

жағдайлардан басқа (бұдан әрі ҚР АҚ).Жарна қорына құқығы бар, пәтерге, саяжайға, гаражға, басқа да жайға өзінің пай жарнасын толық қосқан бұл тұлғаларға кооперативпен қолдануға берілген тұтынушы кооператив мүшелері (үй

-жайлық, үй-құрылыстық, саяжайлы немесе гаражды) және басқа да тұлғалар көр

сетілген мүлікке меншік құқығына иелікті алады.Шартқа екiжақты және көпжақты мәмiлелер туралы ережелер қолданылады.Екiден көп тараптармен жасалатын шарттарға (көпжақты шарттар), егер бұл осындай шарттардың көпжақтылық сипатына қайшы келмесе, шарт туралы жалпы ережелер қолданылады.

Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар Шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн.

Шарттан туындаған мiндеттемелерге, осы тараудың ережелерiнде және осы

Кодексте аталған шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше

көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады.

Шарттан (бiрлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қат

ынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелерi қолданылады.Шарт еркiндiгi. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу

мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi. Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады.Аралас шарт. Тараптар заңдарда көзделген түрлi шарттардың элементтерiбар шарт жасаса алады (аралас шарт). Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келiсiмiнен немесе аралас шарттың мәнiнен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтерi бар шарттар туралы заңдардың тиiстi бөлiктерi қолданылады.Шарт жағдайларын анықтау. Тиiстi шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелерi тараптардың өз қалауы бойынша белгiленедi.Шарттың

ережесi заңдарға сәйкес қолданылатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше (диспозитивтiк қалып) белгiленбесе, тараптар өздерiнiң келiсiмдерiмен қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпта көзделгеннен өзгеше жағдайды белгiлей алады. Егер шарттың ережесiн тараптар немесе диспозитивтiк қалып белгiлемеген болса, тиiстi жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтармен белгiленедi.Шарт және заңдар. Шарт тараптар үшiн оны жасасу кезiнде қолданылып жүрген заңдармен белгiленген мiндеттi ережелерге (императивтiк қалыптарға) сәйкес келуге тиiс.Егер шарт жасалғаннан кейiн шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшiн мiндеттi ережелер заңдармен белгiленген болса, жасалған шарттың ережелерi оның күнi бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгiлегендегiден басқа жағдайларда, өз күшiн сақтайды.Ақылы және ақысыз шарт. Шарт бойынша тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алуы немесе бiр-бiрiне бiр нәрсе беруi керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады.Бiр тарап екiншiтарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бiр нәрсенi ұсынуды мiндетiне алған шарт ақысыз шарт болып табылады.Егер заңдардан, шарттың

мазмұнынан немесе мәнiнен өзгеше туындамаса, шарт ақылы болуы мүмкiн.

Баға. Шарттың орындалуы тараптардың келiсiмiмен белгiленген баға бойынша

төленедi.Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар белгiлейтiн немесе реттейтiн баға (тарифтер, бағалар, ставкалар және т.б.) қолданылады.Шарт жасалғаннан кейiн бағаны өзгертуге шартта,заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайларда немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша жол

берiледi.Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерiн негiзге ала отырып оны анықтау мүмкiн болмаған реттерде шартты орындау шарт жасасу кезiнде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшiн алынатын баға бойынша жүргiзiлуге тиiс деп есептеледi.

Шарттың қолданылуы. Шарт оны жасасқан кезден бастап күшiне енедi және

тараптар үшiн мiндеттi болып табылады.Тараптар өздерi жасасқан шарттың ережелерi олардың шартты жасасуға дейiн пайда болған қатынастарына қолданылатындығын белгiлеуге құқылы.Егер заңдарда немесе шартта шарттың қолданылу мерзiмi көзделсе, осы мерзiмнiң аяқталуы, шарт бойынша тараптар мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына әкелiп соқтырады.Қолданылу мерзiмi көрсетiлмеген шарт тараптардың онда белгiленген мiндеттемелердi

орындауы аяқталып бiткен кезге дейiн қолданылады деп танылады.

Шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы тараптарды осы мерзiм бiткенге дейiн орын алып келген шартты бұзғандық үшiн жауапкершiлiктен босатпайды.

Жария шарт. Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына

қарай оған өтiнiшпен келетiн әркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметiн көрсету және т.б.). Коммерциялық ұйымның заңдарда көзделген жағдайлардан басқасында, жария шарт жасасу жөнiнде бiреуге басқалардан артықшылық жасауға құқығы жоқ.

Тұтынушылардың кейбiр категорияларына жеңiлдiк беру заңдармен жол берiлетiн

жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтiң бағасы, сондай-ақ жария шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бәрiне бiрдей болып белгiленедi.

Тұтынушыға тиiстi тауарлар (жұмыс, қызмет) ұсыну мүмкiншiлiгi бола тұра коммерциялық ұйымның жария шарт жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi.

Коммерциялық ұйым жария шарт жасасудан негiзсiз жалтарған жағдайда осы Кодекстiң 399-бабындағы 4-тармақта көзделген ережелер қолданылады.

Заң құжаттарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi

жария шарттарды жасау және орындау кезiнде тараптар үшiн мiндеттi ережелер (үлгi шарттар, ережелер және т.б.) шығаруы мүмкiн.Егер белгiлi бiр себептермен өзiнiң қажеттерiн қанағаттандырмайтын болса немесе қажеттi қасиеттерi болмаса, тұтынушы өзi сатып алған сапалы азық-түлiк емес товарды айырбастауға праволы.Тұтынушы сапалы өнiм айырбастап алуға праволы мерзiм РК заң актiлерiмен белгiленедi.Егер кепiлдiк берiлген мерзiм немесе жарамдылық мерзiмi iшiнде, ал олар болмаған ретте республиканың заң актiлерiмен немесе шартпен белгiленген мерзiм iшiнде тұтынушы товардың caпасыз екенiн байқап қалса, ол өз қалауы бойынша товардың сатып алу бағасын соған сәйкес кемiтудi, не оның кемшiлiктерiн тегiн түзеп берудi немесе сапалы товарға айырбастап берудi, не келген зиянды өтей отырып шартты бұзуды талап етуге праволы.

Кепiлдiк берiлген мерзiмдер нормативтiк-техникалық құжаттамалар немесе шарт

арқылы белгiленедi және товарлар сатылған күннен бастап, ал жарамдылық мерзiмдерi дайындалған кезiнен бастап есептеледi.Тұтынушының осы статьяның 1-тармағынан туындайтын талаптары товар үшiн белгiленген кепiлдiк берiлген мерзiм iшiнде товар сатып алынған жердегi сауда ұйымына,

сатушыға немесе тұтынушының тұрған жерiндегi оның өкiлiне қойылады.

Кепiлдiк берiлген мерзiм белгiленбеген товарлардың кемшiлiктерi байқалған жағдайда сатып алған күндi санамағанда 14 күндiк мерзiм iшiнде немесе лабораториялық талдау арқылы, не сауда сарабынан өткiзу нәтижесiнде расталған жасырын ақаулар болған жағдайда және одақтық, республикалық органдар бекiткен жекелеген ережелерде айырбастау тәртiбi айтылмаған жағдайда 6 ай iшiнде талап қойылады. Одақтық товарлар (киiм, тepiдeн жасалған және басқа бұйымдар) үшiн кiнә қою мерзiмi тиiстi маусым келген кезден бастап есептеледi.Өткiзiлетiн товарлардың профилiне сәйкес мемлекеттiк сауда ұйымдары мен товардың сатушысы емес тұтынушылар кооперациясының сауда ұйымдары тиiстi сауда жүйелерiнiң сатушысы -сауда ұйымдарының өкiлдерi функцияларын атқарады.Меншiктiң өзге формаларына негiзделген сатушы -сауда ұйымдарының өкiлдерi олар құрған, тиiстi профильдегi товарларды өт

кiзетiн сауда ұйымдары болады.Тұтынушы дайындаушыға, не өзiнiң товарларын жөндеу және оған қызмет көрсету үшiн құрған ұйымдарға немесе дайындаушымен шарт жасасу негiзiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзiп қызмет көрсетушiге де товарды айырбастау, оның кемшiлiктерiн тегiн түзеп беру немесе оны түзеу жөнiндегi шығынның орнын толтыру туралы талап қоюға праволы.

Сатушы, дайындаушы (олардың өкiлдерi) тұтынушыдан товарды қабылдап алуға мiндеттi. Товар болған жағдайда тұтынушының оны айырбастау талабы дереу қанағаттандырылуы керек, ал сапасын тексеру қажеттiгi пайда болған кезде республиканың заң актiлерiмен немесе тараптардың келiсiмiмен белгiленген мерзiм iшiнде (бiрақ 14 күннен асырмай) қанағаттандырылуы керек.

Товар болмаған жағдайда тұтынушының айырбастау талабы тиiстi өтiнiш жасалған

кезден бастап 2 ай мерзiм iшiнде қанағаттандырылуы керек.Осы тармақта аталған

мерзiмдердi бұзған әрбiр күнi үшiн сатушы (оның өкiлi, дайындаушы) тұтынушыға

айырбасталған товарды берумен бiрге товар құнының бiр процентi мөлшерiнде айып төлейдi.Товар айырбасталған жағдайда кепiлдiк берiлген мерзiм айырбасталған күннен бастап қайтадан есептеледi.Өндiрушi кепiлдiк берiлген пайдалану мерзiмiн белгiлейтiн товарлар бойынша тұтынушыға кепiлдiк берiлген мерзiм iшiнде көзделген барлық қызметтердiң көрсетiлуi қамтамасыз етiлуге тиiс.

Бұл тиiстi сауда жүйелерi арқылы сатылған отандық товарларға да, шетелдiк товарларға да қатысты.Товардың түр-түсiнiң, тұтынушылық қасиеттерiнiң, пломбыларының немесе жазбаларының, товарлық немесе кассалық чегiн

iң немесе сатушы тұтынушыға сатылған товармен бiрге берген басқа да құжаттардың сақталуы товар айырбастаудың мiндеттi

шарты болып табылады.Айырбастау кезiнде ондай товар сатуда болмаған жағдайда тұтынушы товардың құнын қайта есептетiп, сол жерде бар това

рлардың кез келген түрiн сатып алуына болады, не товардың құны мөлшерiндегi ақшаны қайтарып алуына яки тиiстi товар сатуға түсiсiмен сондай товарға айырбастап алуына болады. Сатушы товар айырбастап берудi талап еткен сатып алушыға оның сатуға түскенi туралы хабарлауға мiндеттi.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы, 2003.

2.Азаматтық құқық. Жайлин Ғ.А., Оқулық, Ерекше бөлім. 1 том.

-Алматы: Заң әдебиеті.-2005.-90-110 б

3.Гражданское право: Учеб. / Под ред. М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина. Алматы,

2000.


4.Басин Ю.Г. Избранные труды по гражданскому праву (Сер. Классика

казахстанской цивилистики). Алматы, 2003.



5.Басин Ю.Г. Принципы гражданского законодательства Республики Казахстан //

Гражданский кодекс РК (Общая часть)–толкование и комментирование. Алматы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет