Фазалық құрамы өзгермелі ықтимал стандарттардың спектрлерінің түрліше құрамын және таралымын анықтау
Фазалық құрамы өзгермелі ықтимал стандарттардың спектрлерінің түрліше құрамын және таралымын анықтау үшін олардың ішінен бір немесе бірнеше «теориялық» қоспаның ықтимал варианттарын қарастырады. Бұл әдісте бірінші сатыда таңдап алынған ықтималдық стандартынан құрылған мүмкін болатын қоспалардың спектрлері салыстырылады. Олардың саны:
мұндағы - і-бойынша Мі-ден құралған сандар.
Осы теориялық қоспалардың біреуі өзінің құрамы және мазмұны бойынша сарапталатын нұсқаға сәйкес келеді деп жорамалдайық. РФА-ның бұл вариантында, есептелген шартты таралымынан басқа түрліше модельдердің және сарапталатын спектрлердің сәйкестіктері зерттелінеді. Математикалық модельдер спектрлерінің шамадан тыс (оның статистикалық мәндерінің және ескерілмеген басқадай факторлардың ғана әсері жеткіліксіз) нақты емес, сарапталатын нұсқаның спектріне жуық спектр алудың ықтималдығы аса көп. Сондықтан сараптаманың соңғы нәтижесі ретінде мұмкін болатын бірнеше теориялық қоспалардың спектрін алған дұрыс болады.
Салыстырмалы спектрлердің жақын болуын бағалау оларға сәйкес келетін, соның ішінде жоғарыда қарастырылған критерилердің көмегімен жүргізу керек. Критерий нақты мәнінен қашық болса, онда қолданылған мәліметтер қорына қажетті стандарт туралы мәлімет болуы мүмкін. Мәселені шешудің критериін дұрыс таңдап алу үшін рентгендік фазалық сараптамада арнайы есептеу қолданылады.
Мынадай (di,k; Ii,k,T) жиынтығы бар мәліметтер қорының (і-рефлекстің фазасы, к-фазаның индексі) құрамы және қасиеттері зертелетін кристалға сәйкес келетін топ бөлініп алынады. Одан кейін рентгенограммадан бірінші рефлекстің кесте үлгімен (таблица эталон) сәйкес келетін фазалары есептелінеді.
Мұнда К=1 деп алынады.
Мұндағы dі,к,т және І і,к,т – жазықтықаралықтың арақашықтығы және бірінші үлгіге сәйкес алынған үлгілік фазаның і рефлексінің интенсивтілігі; d/d, I/I - тәжірбие жүзінде d-ны және І – ді анықтаудың салыстырмалы қателіктері, І , К және K - экспереметтің нәтижесімен анықталады.
Барлық рефлекстің ішінде i- дің ең үлкен мәні бар рефлексті кестелік мәнімен салыстырады, осылай жалғаса береді. Сәйкес келудің интегралдық мәні s=i,э формуласымен анықталады. Одан кейін келесі кестемен салыстырады (ақпараттық базадағы келесі жазумен) және т с .с. Үлгінің фазасын түбегейлі таңдап алу үшін х -тің мәнінің ең үлкен варианттарын алу керек. Егер кесте –үлгіде «артық» рефлекстер болса, онда -ны есептеуде «артық» рефлекстреге сәйкес келетін 1/(d/d, I/I) шаманы ескеру керек.
РФА автоматтық жүйеде мәселені шешу үшін интерактивті (диалогты) режим қолданылады.. Бұл режим ақпаратты кіргізуде, сараптаманың параметрлерін анықтауды және аралық нәтижеге сәйкес есептеу процесін басқаруды қаматамасыз етеді. Сараптаманың қорытынды нәтижесі дисплейдің экранына немесе принтерге беріледі.
Кристалдық қоспалардың фазалық құрамының басты сатысы ретінде Россия ғалымдарының ашқан ФАЗАН (фазавый анализ), АРФА (автоматический рентгеновскии фазовый анализ) және АРИС (автоматическое рентгеновское исследование состав) жүйелері басты бағыт болуда. АРИС-ті материалдар туралы мәліметтердің автоматтандырылдған ақпараттың жүйесі деп те қарастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |