Тежеулік рентген сәулесі
Рентген сәулесін алу үшін Рентген түтігі қолданылады. Рентген түтігі – ішінен ауасы жоғары вакуумға дейін (10-7 – 10-8 мм сынап бағанасында) сорылып алынған және ішіне екі электрод А анод пен К катод орналастырылған (1-сурет). Катод металлдан жасалған, оны ток көзіне қосқанда қызады да бетінен электрондар бөлініп шығады. Осы құбылысты термоэлектрондық эмиссия дейді.
1 - сурет
|
Электрондардың нысанасы ретінде А анод орналастырылған. Оны кейде антикатод деп те атайды. Анодтың атомдық номері үлкен, балқу температурасы жоғары, жылу өткізгіштігі жақсы және химиялық белсенділігі төмен материалдан жасайды. Олардың қатарына W, Cu, Pt және т.б. металдар жатады. Сонымен қатар анодтың катодқа қараған беті айна бетіндей тегіс болып, оны катодпен салыстырғанда 450 бұрыш жасай орналастырады. Анод пен катодтың арасына U жоғары кернеу бергенде күшті электр өрісі пайда болады. Осы өрістің әсерінен катодтан бөлініп
|
|
шыққан электрондар анодқа қарай үдей қозғалады да, онымен соқтығысады. Соқтығысу нәтижесінде анод қызады. Егер ол температура балқу температурасына жетсе анодтың балқып кетуі де мүмкін. Сондықтан анодты үздіксіз суытып тұратын арнайы суытқыш жүйесі қолданылады.
Егер анод пен катодтың арасындағы кернеу U болса онда электронның энергиясы
Eе=eU
болады. Мұндағы е –электронның заряды.
Анодқа қарай үдей қозғалған электрондар онымен соқтығысады, яғни қозғалыс жылдамдығы тежеледі де, электромагнит толқынның көзіне айналады. Электромагнит толқынның жиілігі электрондардың бастапқы кинетикалық энергиясына және тежелу интенсивтілігіне тәуелді болады. Олардың бастапқы кинетикалық энергиясы бірдей болғанымен анодпен әсерлескенде тежелу мөлшері әртүрлі болады. Сондықтан фотондардың энергиясы, олай болса, жиіліктері де әртүрлі болады. Осындай сәулені тежеулік рентген сәулесі дейді. Тежеулік рентген сәулесінің спектрі тұтас болады (2-сурет).
|
Катодтан бөлініп шыққан электронның энергиясы
Eе = eU. (1)
Фотонға берілген электромагниттік толқын энергиясы
, (2)
мұндағы ħ –Планк тұрақтысы, с- жарық жылдамдығы, - толқын ұзындығы.
EМ = Eе (3)
олай болса,
|
2-сурет
|
Осы теңдеуден мынандай қортынды жасаймыз: теж- еулік рентген сәулесінің энергиясы анод пен катодтың арасындағы U кернеуге тура пропорционал да, толқын ұзындығына кері пропорционал болады (2-сурет). Сонымен рентген сәулесінің толқын ұзындығы неғұрлым үлкен болса тасымалдайтын энергиясы солғұрлым аз болады және керсінше, толқын ұзындығы неғұрлым кіші бола тасымалдайтын энергиясы солғұрлым үлкен болады.
Рентген сәулесінің қуаты (Р) электрон зарядының (е) және олардың үдеуінің () квадраттарына тура пропорционал:
Ре22
Электрон үдеуінің тежелу уақытын есептеп, сәуле шығару қуатын анықтауға болады. Тежелу уақытында Е электронның энергиясы мынаған тең:
Ее=P е22 .
Мұндағы 0 –электронның бастапқы жылдамдығы.
Достарыңызбен бөлісу: |