Тетрогональдық кристалдар
Тетрогональдық кристалдар үшін (ав, 90о)
Гексогональды кристалдар
Гексогональды кристалдар үшін ,90, 120
(20)
басқа сингонийлер үшін осылай жалғаса береді. Кристалографияалық жүйеде тригональды сингонияның координаталық өсінің екі орыны бар: R-орны c, және Н-орыны, ол гексогональды сингонияға сәйкес келеді. Бірсыналы моноклинная сингония -α≠≠c,==90. Үшсыналы триклинная кристалдың сингониясы үшін квадраттық теңдеу 14 формуланың шарты толық қанағаттандырылады. Себебі бұл кристалдың параметрлеріне де, бұрыштық параметрлеріне де ешбір шектеу қойылмайды.
Рентген дифрактометрімен жұмыс кезінде техникалық қауыпсыздықты сақтау талаптары
Рентген дифрактометрінің жұмысы кезінде назар аударатын екі топқа бөлінетіні факторлар бар.
Рентген дифрактометрі, басқа рентген аппараттары сияқты, жоғары кернеулі электр тогымен жұмыс істейді. Жоғары және төмен кернеулі тоқты өткізетін барлық бөліктері изоляцияланған болғандықтан толық жиналған рентген дифрактометрі, электрлік тұрғыдан қарағанда, қауыпсыз болады. Электр тоғымен зақымдануды болдырмау үшін жоғары вольтты блоктың барлық қабырғалары жабық және рентген түтігіне қосылған барлық кабельдер ақаусыз болуы керек. Рентген аппараттары ток көзіне қосулы тұрғанда қандай да болмасын жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиым салынады.
Барлық рентген аппараттары, оның ішінде рентген дифрактометрлері де – иондағыш сәулелер көзі. Рентген түтігінің терезелері пердемен жабылса ондай дифрактометр қызметкерді радиациялық қауыптан сақтайды. Рентген дифрактометрі рентген сәулесін жұтатын қорғасын тұзы қосылған шыныдан жасалған экранмен жабдықталған. Қызметкер мен рентген түтігінің сәуле шығатын терезесінің арасында және қызметкер мен нұсқаның арасында радиациялық қауыпсыздықті қамтамасыз ететін экран болуы керек. Гониометрді юстирлеу жүргізгенде де аса сақ болу қажет.
Дифрактометр жұмыс істеп тұрғанда ол бөлмеде бөгде адамдар мен басқа қызметкерлердің болмағаны дұрыс. Егер бөлмеде қызметкердің болуы қажет болса, онда дифрактометрмен жұмыс істеп тұрған адамға қажет болғанда, көмек көрсетуге дайын тұрған басқа қызметкер болуы керек.
Дифрактометрмен жұмыс істейтін барлық қызметкерлер мен жұмысшылар, рентген аппараттарымен жұмыс істейтіндер сияқты, техника қауыпсыздығы туралы міндетті түрде арнайы нұсқаудан өтуі қажет. Нұсқауды арнайы тағайындалған маман жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |