Күршім ауданындағы білім беру мекемелерінің 2014-2015 оқу жылы және 2015 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмысының қорытындысы туралы ақпарат



Дата15.06.2016
өлшемі260.53 Kb.
#136258
Күршім ауданындағы білім беру мекемелерінің 2014-2015 оқу жылы және 2015 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмысының қорытындысы туралы ақпарат
Білім берудің басты мақсаты – білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке, ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынды өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Білім – халықтың бүгіні мен ертеңі, ел болашағының темірқазығы. Ендеше осы темірқазықтың дұрыс бағыт алуы мақсатында білім бөлімі мен аудан мектептерінде бірқатар жұмыстар атқарылуда.     

Ауданымызда 46 мектеп қызмет етеді, соның ішінде 23 орта, 20 негізгі орта, 3 бастауыш мектеп. Оқу жылының басында аудан мектептерінде барлығы 4473 оқушы болса, бүгінгі күні оқушылар контингенті- 4411 оқушы құрап отыр.

Биылғы оқу жылын «жақсы» және «өте жақсы» деген бағаға 2561 (58%) оқушы аяқтады , өткен жылы 2532 (56,18%) , 2012-2013 оқу жылы 2653 (54,91 %) болған . Негізгі орта білімді аяқтау туралы «Үздік» куәлікке 36 оқушы аяқтады. (өткен оқу жылында 40 оқушы). Білім сапасы аудан бойынша 58 % құрайды.

Білім беру сапасы, бірінші кезекте, сапалы даярлығы бар оқытушылармен айқындалады. 2014-2015 оқу жылында білім беру сапасын жаңа көзқарас тұрғысынан түсіне отырып, ауданда 872 мұғалім қызмет атқарды. Оның ішінде: 747 мұғалім - жоғары білімді, 125-і - орта арнайы білімді. Аудан мектептерінде жоғары санатты – 77, бірінші санатты – 320, екінші санатты-245, санаты жоқ -230 мұғалім қызмет етеді.

«Ел болашағы-білімді жастардың қолында» деген қағида негізінде аудан мектептеріне 2012 жылы 24 жас маман жұмысқа орналасты, оның ішінде 9 жас маман аудан әкімінің грантымен жоғары оқу орнын тәмамдады, 2013 жылы 29 жас маман жұмысқа орналасты, оның ішінде 13 аудан әкімінің грантымен жоғары оқу орнын тәмамдаса, ал 2014 жылы барлығы 29 жас маман жұмысқа орналастырылды, оның 13-і - аудан әкімінің грантымен жоғарғы оқу орнын тәмамдағандар. Жас мамандарға тәлімгерлер бекітіліп, іс-тәжірибе жинақтауларына жағдай жасалып, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар ұстаздар арасында педагог қызметкерлердің кәсіподақ ұйымы төрағасы Ә.Қ Қосамбековтың демеушілігімен жас ұстаздардың дарынын ашып, мамандығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жас маман-2015» атты байқау  өтті.  Жас ұстаздарымыз бұл байқауда әр қырынан таныла білді. Нәтижесінде, бас жүлдені Ақбұлақ орта мектебінен келген жас маман Жунусбекова Риза иеленсе, бірінші орынға № 3 Күршім гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мадиева Назым ие болды. Ал, екінші орынға Қалжыр орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Коксинова Динара, үшінші орынға Сарыөлең орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Бейсенбина Әйгерім ие болды. Жеңімпаздарға мадақтама қағаздар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

Бүгінгі таңда біліктілікті арттыру бағдарламасын жаңарту және білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.   Осыған орай,    аудан мектептерінің мұғалімдері Алматы, Астана, Өскемен, Семей қалаларында білім жетілдіру курсынан жоспарлы түрде өтіп отырады.


        Біліктілікті арттыру курстары "Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығы" акционерлік қоғамының базасында, сондай-ақ "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының базасында педагогикалық шеберлік орталығында курстық даярлықтан өтіп, біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін педагогке еңбекақысына әсер ететін 1-, 2-, 3-деңгейлі курстар градациясына сай тиісті сертификат берілуде.
Күршім ауданы бойынша 43 мектептен бүгінгі күні барлығы 135 мұғалім деңгейлік курстардан өтіп, сертификат алды. 1 деңгейден – 17 мұғалім, 2- деңгейден – 15 мұғалім, 3 деңгейден – 103 мұғалім сертификатталып отыр. Ауданда «Аруна» желілік қоғамдастығы жұмыс атқарады. Жылдың басында желілік қауымдастықтың жоспар құрылып, осы жоспарға сәйкес 5 желілік қауымдастық жұмыс істеді. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің пәндік құрамы: қазақ тілі мен әдебиеті-25, орыс тілі мен әдебиеті – 13, математика -18, шет тілі-15, химия-7, биология-6, география – 4, физика-2, тарих-13,бастауыш сынып-20, информатика – 9, дене шынықтыру-1,өзін-өзі тану-2,басшы кадрлар – 2.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2012 жылдың 13 қарашадағы № 382 бұйрығы, Күршім ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 3143, №3144 Қаулылары негізінде «№3 Күршім гимназиясы» КММ базасында 2011 жылы, 2014 жылы 10 қаңтардан бастап Құмаш Нұрғалиев гимназиясының базасында тірек мектебі (ресурстық орталық) ашылған, орталыққа 14 магниттік мектептер бекітілген, оған 6 НОМ және 8 ОМ тартылған. 2 РО 154 оқушы білім алды.

3 Күршім гимназиясы базасына магнит мектептердің ҰБТ қорытындысы:

Мектеп

2012 ж

2013ж

2014ж

2015 ж

Аксуат ОМ

61,8

86

62,8

-

Қаратоғай ОМ

69,16

70,85

65,83

93

Сарыөлең ОМ

59,5

83,71

77,28

99,66

Қайыңды ОМ

63,6

-

-

-

Теректібұлақ ОМ

71

81,5

76,16

91,4

Бурабай ОМ

60

73,33

72,75

-

Мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру және іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатында аудан мектептерінің мұғалімдері арасында пәндік олимпиадалар, сайыстар жоспарлы түрде өткізіліп отырылады. «Сабақ беру - жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер», - дегендей, аудандық, облыстық сайыстарда жетістіктерге жеткен ұстаздарымыз көптеп саналады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту-үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі. Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл-ауқаты үшін де өмірлік маңызы зор. 2014-2015 оқу жылында ауданда 0 жастан 7 жасқа дейінгі бала саны - 3556. 4 балабақшаға 475 бала, 40 шағын орталыққа 1065 бала қабылданды. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім берудің жаңа бір түрі мектепке дейінгі шағын орталықтар болып табылады. Аудандағы 40 шағын орталықтың 23- толық мерзімді, 17- қысқа мерзімді. Балалардың 675- толық мерзімді, 390-қысқа мерзімді шағын орталықтарда тәрбиеленіп, білім алуда. Аудан бойынша 2-5 жас аралығындағы 1540 бала балабақша және шағын орталықтармен қамтылды. Мектепке дейінгі мекемелермен қамту 100% құрайды.

Балабақшада - 50, шағын орталықта- 52 тәрбиеші қызмет атқарады. Барлығы 102 мұғалім-тәрбиеші дәріс беруде. Оның ішінде: жоғары білімді - 49 (48%), арнаулы орта білімді - 53 (52%), 12- 1 санатты, 56- 2 санатты, қалған 34 тәрбиешінің санатын көтеру бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылы мектепке дейінгі мекемелерге 2 жас маман қабылданды, ол 1,96% құрайды.

Тәрбиешілер жоспарлы түрде Алматы, Астана, Өскемен қалаларынан білімдерін жетілдіру курсынан өтіп отырады. 2011-2012 оқу жылында 30, 2012-2013 оқу жылында 35 тәрбиеші біліктілігін арттырды, 2014-2015 оқу жылы 25 тәрбиеші курстан өтті.

Балалардың жас ерекшеліктеріне сай оқу іс-әрекетін әрбір педагог-тәрбиеші шығармашылық ізденіс негізінде жүзеге асырады. Тәрбиешілер қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы білімдерін қалыптастыра отырып, олардың интеллектуалдық қабілетін, ақыл-ой дағдыларын, таным мен қызығушылықтарын ойын арқылы дамытуда. 4 балабақшаның ортаңғы және мектепалды топтарының балалары 2012 жылдан бастап балаларға арналған Республикалық «Үркер», «Пони», «Балапан» марафондарына қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Білім бөлімінің ұйымдастыруымен әр жылы мектепке дейінгі тәрбие беріп жүрген тәрбиешілерге арналған семинар-практикум өткізіледі.

«Балапан» бағдарламасын іске асыру бағытында 2010-2012 оқу жылдар аралығында мектепке дейінгі жастағы балаларды қамтитын толық мерзімді 9 шағын орталық ашылды. Қалжырда 75 балаға, Қ.Нұрғалиев атындағы гимназия 50 балаға, Қарой, Қаратоғай, Құйған, Теректібұлақ, Үшбұлақ, Барақ батыр мектебінде 25, Ақбұлақ мектебінде 20 орындық шағын орталық ашылды. Осы мекемелерге республикалық бюджеттен 8,2 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 9,4 млн.теңге, барлығы 17,6 млн. теңге қаржы бөлінген. Республикалық бюджеттен 1 жылда 1 балаға жұмсалатын шығыс 172 500 теңге, жергілікті бюджеттен 1 жылға 1 балаға 92 300 теңге, барлығы 264 800 теңге құрайды.

Ата-аналардың бала бақшадағы балалардың тамағына 1 айда төлейтін төлемақысы-7000 теңге, шағын орталықтағы балаларға-4000 теңге.

2014 жылғы ақпан айында аудандық прокуратура тексерісі бойынша ойыншықтардың жеткіліксіз екені ескертілген. Күршім ауылының балабақшасына 180 000 теңгеге тапсырыс беріліп, ойыншықтар алынды және 2015 жылға 200 000 теңгеге тапсырыс берілді. Күршім ауылының «Болашақ» балабақшасы 260000 теңгеге ойыншықтарға тапсырыс берді. Теректі ауылының балабақшасы 2014 жылы қыркүйек айында үнемделген қаражат есебінен 300000 теңгеге ойыншық алды, 2015 жылға 100000 теңгеге қосымша тапсырыс берді. Балабақшаларда ойыншықпен қамтылу 70%. «Балапан» бағдарламасы бойынша 2012 жылы қыркүйек айында Күршім ауылынан 140 орындық «Болашақ» балабақшасы ашылды, оған 19,2 млн. теңге қаражат жұмсалды.

2013 жылы Қайыңды орта, Қарашілік негізгі орта мектебінен 20 балаға арналған толық мерзімді 2 шағын орталық ашылды. Шағын орталықтарды жабдықтауға 2,5 млн.теңге жұмсалды.

2014 жылы Күршім ауылындағы балабақшада 15 балаға, Теректі ауылындағы балабақшада 20 балаға арналған қосымша 2 топ ашылды. Республикалық қордан электр шығынына, тәрбиешілердің айлық ақысына бөлінген қаражат 4,5 млн. теңге, Күршім ауылының балабақшасының ағымдағы жөндеу жұмысына 15 млн. теңге, Теректі балабақшасына 3 млн. теңге жұмсалды.

Барлығы 2014 жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша республикалық қаржыдан 87 996 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде материалдық-техникалық жабдықтауға 2 млн. 95 мың теңге жұмсалды.

2015 жылы 25 мамырда Ақсуат орта, Жаңаауыл, Шеңгелді негізгі орта мектептеріндегі қысқа мерзімді шағын орталықтар толық мерзімді шағын орталықтарға ауыстырылып, салтанатты мерекеде ашылу рәсімі жасалды. Осы мақсатқа республикалық қордан ағымдағы жұмысқа 6131,0 мың теңге қаржы бөлінді. 2015 жылға «Балапан» бағдарламасы бойынша жалпы бөлінген қаражат 98 481,0 мың теңгені құрайды. Қазіргі уақытта Ақсуатта 25, Жаңаауыл мен Шеңгелдіде 20 баладан барлығы 3 топта 65 бала толық мерзімді шағын орталықта тәрбиеленуде.

Сонымен қатар, ауданда 90 орындық жекеменшік балабақша ашу бойынша жұмыс қолға алынып, бүгінгі күні ашылатын мекеменің жөндеу жұмыстары және құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүйесі әлемдік тәжірибені ескере отырып, аудан мектептерінде де енгізіліп, Қазақстан оқушыларының білім беру сапасының халықаралық зерттеулеріне қатысуы қамтамасыз етілген: PISA (15–16 жастағы оқушылардың математика сауаттылығы мен оқу және жаратылыстану бойынша сауаттылығын бағалау), TIMSS (4 және 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану бойынша білімінің сапасын бағалау), PIRLS (оқу деңгейі мен сапасын салыстыру, әлем елдеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді түсінуі).


Аудан мектептері оқушыларының білім сапасын анықтау мақсатында жыл сайын осындай зерттеулер жүргізіліп отырылады. 2015 жылғы 7 сәуір күні Күршім ауданы бойынша 5 мектептің 9-сынып оқушыларынан оқу жетістіктерін сырттай бағалау тесті алынды. Қазақстан негізгі орта мектебінен 6 оқушы (ортақ бал 52), Үшбұлақ орта мектебінен 10 оқушы (ортақ бал 56,9), Жаңаауыл негізгі орта мектебінен 6 оқушы (ортақ бал 33,8), Қ. Нұрғалиев атындағы гимназиядан 16 оқушы (ортақ бал 57,1), Қаратоғай орта мектебінен 5 оқушы қатысты (ортақ бал 48,2). Барлығы 43 оқушы қатысты, ортақ бал 52,07 құрайды.

     Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiлеу енгiзiлгенi белгiлi. Бүгінгі таңда Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді өткізу елімізде үлкен жауапты шараға айналды. Себебі жалпы орта білім беру ұйымдары бітірушілерінің қорытынды мемлекеттік аттестаттауы мен жоғары оқу орындарының қабылдау емтихандарын біріктіру болып табылады. 2014-2015 оқу жылы аудан бойынша орта мектепті 256 оқушы бітірді. ҰБТ –ке қатысуға 179 оқушы өтініш білдіріп, 177 оқушы сынақтан өтті. «Үздік аттестатқа» үміткер 1 оқушы өз білімін, «Алтын белгі» белгісіне үміткер 13 оқушының 5-еуі өз білімдерін дәлелдесе, 3 түлек 1 ғана ұпай жетпей «Үздік аттестатқа» ие болды (38,5%) , өткен оқу жылында 14 үміткердің 2-уі, (14,3%)), ал 2012-2013 жылы 20 үміткерлердің 6-уы растады (30 %).



2015 жылғы тестілеудің қорытындысы бойынша көрсеткіш 87,64 балл, ал 2013 жылы 76,1 балл, 2014 жылы 76,48 балл болған. Өткен оқу жылымен салыстырғанда биылғы көрсеткіш 11,16 балға жоғарылады.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 2010-2014 жылдар аралығында Күршім ауданы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 262823,0 мың теңге теңге қаржы бөлініп, игерілді. Оның ішінде 131445,0 мың теңгесі жергілікті бюджеттен, 131378,0 мың теңгесі республикалық бюджеттен. 2011-2014 жылдар аралығында аудан мектептеріне жергілікті және республикалық бюджеттен 59 жаңа модификациялы кабинеттер сатып алынды. 2014 жылдың аяғына мектептердің жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықталуы 58,7 % - ды құрап, жалпы саны 108 –ге жетті. Оның ішінде физика кабинеті -29, мультимедия -33, химия – 24, биология -22. Білім беру мекемелерін ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге 2011-2014 жылдар аралығында 404598,0 мың теңге қаржы жұмсалып, 24 нысан жөндеуден өткізілді.

2014 жылдан бастап аудан бойынша 2 мектеп: Күршім № 4 Күршім орта мектебі және Қалжыр орта мектебі жан басына қаржыландырудың пилоттық жобасына енгізіліп, республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Білім беру мекемелерін ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге 2015 жылы республикалық бюджеттен барлығы 32 315 мың, жергілікті бюджеттен 19  879 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда ауданда 7 нысанда ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Қаратоғой ОМ жылыту жүйесін жөндеу жұмысына 9 799 мың, Ақбұлақ ОМ жылыту жүйесін жөндеу жұмысына 6394,1 мың, Сарыөлең ОМ ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмысына 14 784 мың, Мөнекей ОМ спорт залының шатыры мен еденін ағымдағы жөндеуге 1 338 мың теңге бөлінсе, жергілікті бюджеттен Бірлік НОМ ғимаратын ағымдағы жөндеуге 2 189 мың, Күршім № 5 ОМ ғимаратын ағымдағы жөндеуге 14 925 мың, Балалар шығармашылық үйі ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмысына 2 765 мың теңге қаражат бөлінді.



     Сондай –ақ, аудан мектептерінің оқушылары Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өтетін сайыстарға, байқауларға, олимпиадаларға белсене қатысып отырады.

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 5 желтоқсанда Өскемен қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңі өтті. Күршім ауданынан аудандық кезеңнің 11 жүлдегері қатысып, 8-і жеңімпаз атанды. Олар Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияның оқушылары: Марқабаев Жарқын (ІІІ орын), Бақтиярова Жансая (ІІ орын), №3 Күршім гимназиясының 9- сынып оқушысы Сейтқазин Абылайхан (ІІІ орын), №1 Теректі орта мектебінің оқушылары Ошаев Шерхан (ІІ орын), Пайзулдина Дина (ІІІ орын), Қалжыр орта мектебінен Қайсанов Ақжан (І орын), Сайлаубекова Жансая (ІІ орын), №2 Теректі орта мектебінің 9 сынып оқушысы Түсіпбек Қуан (ІІІ орын). 19 желтоқсан күні Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде республикалық ғылыми жобалар сайысының ІІІ кезеңі өтті. Сайысқа Күршім ауданынан 4 оқушы қатысып, 3-уі республикалық кезеңге жолдама алды. Олар: Марқабаев Жарқын, Бақтиярова Жансая (Қ.Нұрғалиев гимназиясы), Қайсанов Ақжан (Қалжыр ОМ). 2015 жылдың 16-21 ақпан күндері Алматы қаласында өткен ғылыми жобалар сайысының республикалық кезеңіде Бақтиярова Жансая (Қ.Нұрғалиев гимназиясы)- ІІ орын, Қайсанов Ақжан (Қалжыр ОМ)- ІІІ орын, Марқабаев Жарқын сертификатпен марапатталды. 2014 жылдың 12 желтоқсан күні 2014-2015 оқу жылында ғылым негіздері бойынша 8-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі №1 Күршім орта мектебінің базасында өткізілді. Олимпиадаға ауданның 37 мектебінен 415 оқушы қатысып, 241 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. Ауданнан облыстық кезеңге 20 оқушы өтті. . Олар: Алтаева Ақтоты (№3 Күршім гимназиясы, 9 сынып, география)- І орын, Никифоров Стас (№1 Күршім ОМ, 10 сынып, қазақ тілі)-ІІ орын, Заданова Махаббат (№3 Күршім гимназиясы, 11 сынып, қазақ тілі)-ІІ орын, Мұратбек Қауле (Сарыөлең ОМ, 9 сынып, биология)-ІІ орын, Алтынбекова Аяулым (Қалжыр ОМ, 10 сынып, математика)- ІІІ орын, Зиябеков Еламан (Қалжыр ОМ, 10 сынып, информатика)-ІІІ орын, Қанатқызы Шуақ (Қалжыр ОМ, 10 сынып, физика)-ІІІ орын, Ақылбекова Нұршат (Қалжыр ОМ, 9 сынып, химия)-ІІІ орын, Қабденов Олжас (Қалжыр ОМ, 10 сынып, биология)-ІІІ орын, Нұролдина Айназ (Қалжыр ОМ, 11 сынып, биология)-ІІІ орын, Мамбетқанов Азат (№4 Күршім ОМ, 11 сынып, химия)-ІІІ орын, Бақтыбайқызы Жансая (№1 Күршім ОМ, 9 сынып, математика)-ІІІ орын, Ошаев Шерхан (№1 Теректі ОМ, 11 сынып, математика)-ІІІ орын, Бақытжанов Еркебұлан (№3 Күршім гимназиясы, 9 сынып, физика)-ІІІ орын, Замзина Айгерім (№3 Күршім гимназиясы, 10 сынып, орыс тілі)-ІІІ орын, Мұхаметқалиева Ақерке (№3 Күршім гимназиясы, 10 сынып, қазақ тілі)-ІІІ орын, Айтжан Ғалымжан (№3 Күршім гимназиясы, 11 сынып, Қазақстан тарихы)-ІІІ орын, Боровикова Анна (Төсқайың ОМ, 11 сынып, қазақ тілі)-ІІІ орын, Қожабаева Айжан (№3 Күршім гимназиясы, 11 сынып, орыс тілі)- сертификат алды. Облыс бойынша Күршім ауданының командасы «Үздік олимпиада командасы-2015» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. І орын алған №3 Күршім гимназиясының 9 сынып оқушысы Алтаева Ақтоты Орал қаласында өткен республикалық кезеңде серитификат алып қайтты.

2015 жылдың 30 қаңтар күні Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен оқушылардың «Ақберен» байқауы өткізілді. 2015 жылдың 13 ақпанында «Ақберен» байқауының облыстық кезеңі өтті. Ауданымыздан қатысқан 6 оқушыдан тұратын команда жүлделі ІІ орынды иеленіп қайтты. №3 Күршім гимназиясының 9 - сынып оқушысы Шарипханова Мөлдір, Сарыөлең орта мектебінің 11- сынып оқушысы Өнер Камшат І орынға ие болды. 19-21 наурызда Түркістан қаласында өткен республикалық кезеңде Өнер Камшат 1-орын иеленіп, грант иегері атанды.

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығының және «Нұр орда» халықаралық мектебінің ұйымдастыруымен 27 ақпан күні «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Ауданнан барған 9 оқушының 7-уі жүлделі орындармен марапатталды.

2015 жылдың 30 наурыз- 7 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» атты ХІ Халықаралық ғылыми жобалар сайысы өтті. Осы сайысқа Күршім ауданынан 2 оқушы қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Олар: Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияның 11- сынып оқушылары Бақтиярова Жансая – І орын, Марқабаев Жарқын- ІІ орын.

2015 жылдың 31 наурызы күні бастауыш сынып оқушыларының пәндік олимпадасының аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 233 оқушы қатысты. Осы аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша І орын алған оқушылар олимпиаданың облыстық кезеңіне жіберілді.Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде өткен бастауыш сынып оқушыларының пәндік олимпадасының облыстық кезеңіне ауданымыздан 10 оқушы қатысып, барлығы түгелдей жүлделі орындармен марапатталып, облыс бойынша Күршім ауданының командасы І орынға ие болды.

2015 жылдың 21-24 сәуірі күндері Өскемен қаласында Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы өтті. Ауданымыздан облыстық кезеңнің І орын игері №3 Күршім гимназиясының 11- сынып оқушысы Заданова Махаббат қатысып, ІІ орынмен марапатталды.

„Дарын“ орталығының ұйымдастыруымен жыл бойындағы өтетін интеллектуалдық ойындарға аудан мектептері қатысып отырады. Соның ішінде „Ақбота-2014“ интеллектуалдық марафонына 14 мектептен 426 оқушы қатысып, оның 23-і жүлделі орындарға ие болды. „Айналайын“ интеллектуалдық конкурсына 27 мектептен 668 оқушы қатысып, 236 оқушы жүлделі орындарға ие болды. „Кенгуру- лингвист“ халықаралық интеллектуалды марафонына 46 оқушы (8 орын), „Кенгуру- метематика для всех“ интеллектуалды марафонына 187 оқушы қатысып, 28- і орындармен марапатталды. „Асыл тас“ конкурсына 19 мектептен 356 оқушы қатысып, 69 оқушы орындармен марапатталды. „Русский медвежонок“ конкурсына 25 оқушы, „Малахит“ конкурсына 633 оқушы (130 орын), „Тұлпар“ 306 оқушы (78 орын), ЧИП 39 оқушы (8 орын), „Золотое руно“ 114 оқушы (14 орын), „Балапан“ облыстық конкурсына 288 оқушы (170 орын) т.б. қатысты.

Аудан мектептерінде спорт және дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысатын балалар санын арттыру мақсатында 2100 оқушыны қамтитын 147 спорт үйірмелері жұмыс істейді. Бұл 4473 жалпы оқушылар құрамынының 49,9 % құрайды. Аудан әкімінің «Спорттағы жетістіктері үшін» медалімен марапатталған оқушылар саны - 17. Биылғы оқу жылында спорттағы жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтай. Волейболдан республикалық жарыстардың жеңімпаздары атанып, № 1 Күршім орта мектебінің оқушысы Айдос Қинаятов, № 3 Күршім гимназиясының оқушысы Азат Әділғожин «Спорт шеберіне» үміткер атағын жеңіп алды. 15 спортшы спорттың әр түрлері бойынша облыстық жарыстың жеңімпаздары І разрядты спортшы атағына ие болды. Биылғы оқу жылында Күршім ауданының оқушыларынан құралған командалар қысқы 7-облыстық оқушылар спартакиадасы бағдарламасындағы спорттың бес түріне қатысып, жоғары орындардан көріне білді. Атап айтсақ, қысқы Президенттік көпсайыстан 2-орын, шаңғыдан 5-орын, шайбалы хоккейден 1-орын, волейболдан өткен «Мектеп лигасы» жарысында 3-орынды, жеңіл-атлетикалық кросста 1-орынды иеленді. Қысқы Президенттік көпсайыстан Уранхай, Маралды, Сарыөлең мектептерінен құралған оқушылар ауданның намысын қорғаса, шайбалы хоккейден «Жұлдызша» облыс әкімінің жүлдесіне арнап өткізілген жарыста аудан намысын №1Теректі, Ақсуат, Қ. Нұрғалиев гимназиясы, №5 Күршім орта мектептерінің оқушыларынан құралған команда қорғады. Волейболдан өткен жарысқа № 3 Күршім гимназиясы, № 1 Күршім, Қалжыр, № 4 Күршім, жеңіл- атлетикалық кроссқа Үшбұлақ, Маралды, Алғабас, Сарыөлең орта мектептерінен құралған оқушылар қатысты. Шайбалы хоккейден Ақсуат орта мектебінің 2 оқушысы облыстық дарынды балаларға арналған спорт мектебіне оқуға түсуге сынақ тапсырды. Бірінші сынақтан өтіп, тамыз айында өтетін 2- сынаққа жолдама алды. Қысқы Президенттік көпсайыстың қорытындысы бойынша жекелей бірінші, екінші орын алған Урунхай негізгі мектебінің 2 оқушысы, Маралды мектебінің 1 оқушысы республикалық жарысқа жолдама алып, қатысып қайтты. Маралды мектебінің оқушысы А. Қайролда республикалық жарыста «Спорт шеберіне үміткер» атағына ие болды.


     Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады.
Бағдарламада білім беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық ұйымдарының тәрбие беру әлеуетінің тиімділігіне баса назар аударылған. Сонымен қатар, бағдарламада мектептердегі және мектептен тыс ұйымдардағы көркем және музыкалық шығармашылық үйірмелерінің, спорт секцияларының жұмыс деңгейін көтеру мәселесі көтерілген. Бағдарламада көтерілген мәселелерді дұрыс жолға қою мақсатында ауданда Күршім және Теректі балалар музыка мектептері мен Балалар шығармашылық үйі оқушыларға қосымша білім беріп, шығармашылық ізденістерін жетілдіретін, жеке басының мәдениетін қалыптастыратын, қоғамдық өмірге бейімділігін арттыра отырып, елжандылыққа тәрбиелеу бағытында қызмет атқарып жатыр. Қосымша білім беру мекемелеріне осы оқу жылында 543 бала тартылды. Ол барлық оқушылар санының 12,1 % құрайды (2013 ж -11,7 %). Пайыздың өсуі аталмыш мекемелерде қосымша үйірмелердің ашылуына байланысты: Теректі музыкалық мектебінде хореография, балалар шығармашылық үйінде көркем сурет, дойбы мен шахмат, фото және бейне үйірмелері. Мектепте оқушыларды сабақтан тыс уақытта бос жүруіне жол бермеу, оқушылар арасында тіл үйрену, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, шығармашылыққа баулу мақсатында үйірмелер ұйымдастырылған. Барлық үйірме жұмыстары оқушылардың бос уақытын мәнді әрі белсенді өткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған. Биылғы оқу жылында ауданның 46 білім беру мекемелерінде 208 үйірме жұмыс жасап, 2208 (49,4 %) (2014 ж- 2265, 49,1 %) оқушыны қамтыды, соның ішінде 45 техникалық шығармашылық үйірмелері бар және құрамына 531 оқушы кіреді, натуралистік-биологиялық 20 үйірмеге 226 оқушы қатысады, көркем-өнер үйірмелеріне 689 оқушы қызығушылық білдірді, экология мен туристтік-өлкетану үйірмелеріне 155 оқушы және басқа үйірмелерге 607 бала қамтылған.

Аудандық білім беру бөлімі тарапынан қосымша білім беру мекемелеріндегі оқытудың барысы, оқушылардың білім сапасы, пәндердің оқытылуы, оқытудың жаңа технологиясын қолдану барысы, оқу-педагогикалық құжаттардың жүргізілуі тексеріліп, әдістемелік көмек көрсетіледі.

2014-2015 оқу жылында балалар шығармашылық үйінде 302 оқушы қамтылды. Атап айтқанда, би үйірмесінде 55, қолөнерде 36, жас техник 64, драма 20, шахмат 14, өлкетану 53, фото үйірме 30, көркем сурет 30.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда 2014-2015 оқу жылында 4473 оқушы 100 пайыз ыстық тамақпен толық қамтылған, оның ішінде, 1-4 сынып оқушылары -1778 (562 оқушы аз қамтылған) және аз қамтылған жанұя балаларының саны – 1604 оқушылары тегін, (1653 оқушы ақылы тамақтанады).

2014 жылы жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген 56 303,0 мың теңгенің 10 275,0 мың теңге балға, 10 216,0 мың теңге сүтке бөлінген.

2015 жылы тегін ыстық тамаққа бөлінген қаражат- 81 573,0 мың теңге. Жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген 46 917,0 мың теңгенің ішінде 1- 4 сынып оқушыларының тамақтануына – 16 438 мың теңге, 5-11 сынып оқушыларының аз қамтылған отбасы балаларына- 30 479 мың теңге бөлінген. Жалпы 1-4 сынып оқушыларына (1778 ) бөлінген қаражат- 51 094 мың теңге. 10 275,0 мың теңге балға, 10 216,0 мың теңге сүтке бөлінген.

Мектептерде тетрапакеттегі сүт, айран пайдаланылады. Аудан оқушыларының 1-4 сыныптарына күніне 10 грамм, ал 5-11 сынып оқушыларына 20 грамнан қалбырланған бал, аптасына үш рет 200 грамнан сүт беріледі. Балға Маралды ауылындағы жеке кәсіпкер Л. Какимовамен келісімшарт жасалынған.

Күршім аудандық білім бөлімінің 25 мектебінде жетім және ата- анасының қамқорынсыз қалған 45 бала, 35 патронаттық тәрбиедегі балалар бар. Осы ата-анасының қамқорынсыз қалған 45 баланың 25-і - ата- анасынан айырылған балалар. Қалған 20 баланың ата – аналары - әр түрлі себептермен өз борышын өтеуден бас тартып жүргендер. Бұл категориядағы балалардың тұрмыс- тіршілігі, тәрбие жағдайлары жылына 2 рет тексеріліп, қадағаланылып отырылады. Барлығы аудан бойынша жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған 90 бала бар.

Қамқоршылықтағы балалардың қамқоршыларына, патронаттық тәрбиешілерге патронаттық тәрбиедегі баланы күтіп-бағу үшін ай сайынғы төлеу мөлшері 19 820 теңгені құрайтын әлеуметтік жәрдемақы уақтылы төленіп отыр.

Аудан мектептерінде асырап алу ата-ана мектебі жүйелі жұмыс жүргізеді. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбиені насихаттау мақсатында асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар), патронатты тәрбиеленушілер және баланы отбасына тәрбиеге алу жұмысы мектептер тарапынан жүйелі жүргізіліп, өз нәтижесін беріп отыр.

Бүгінгі күні Маралды орта мектебінде 11 бала, Үшбұлақ орта мектебінде 16, Қыстау-Күршім орта мектебінде 1 бала, Күршім №4 орта мектебінде 1 бала, Күршім №1 орта мектебінде 1 бала, Ақши негізгі орта мектебінде 3 бала, Ақжайлау негізгі орта мектебінде 2 бала патронаттық тәрбиеде тәрбиеленуде.

Барлығы 35 бала.

2011 жылы - 27 бала

2012 жылы- 3 бала

2013 жылы- 2 бала

2014 жылы- 2 бала

2015 жылы - 1 бала

2015 жылы патронаттық тәрбиеге бала алуға тілек білдірген 6 үміткер ата-ананың 1-еуі 1 баланы патронаттық тәрбиеге алды.

Алдағы уақытта қалған отбасылардың да балалар үйіндегі балаларға жылылық сезім сыйлайтыны анық. Ауданымыздағы қорғаншылықтағы, патронаттық тәрбиедегі балалар жыл сайын өткізілетін Елбасымыздың, облыс әкімінің, аудан әкімінің шыршасына қатысып, жаңа жылдық сыйлықтарға ие болуда.

Жыл сайын қорғаншылықтағы, патронаттық тәрбиедегі балаларды медициналық тексеруден өткізу әр мектепте басшылыққа алынған. Жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек түрлері белгіленіп, тегін ыстық тамақпен қамтылған. Патронаттық тәрбиедегі балалардың барлығы оқуға тартылған. Әр мектеп патронаттық тәрбиедегі балаларға қыркүйек айында өткізілетін «Қайырымдылық» акциясы кезінде қажетті киім- кешекпен, оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөніндегі облыстық кешенді жоспар аясында «МЕЙІРІМ» акциясы ауданымызда жақсы жалғасын тапты. Ауданымыздағы жетім 25 бала, патронаттық тәрбиедегі 35 бала, Серебрянск қаласындағы «Психикалық дамуы тежелген жетім балаларға арналған орталау түзеу мектеп –интернатының» 6 баласы білім беру ұйымдары және жеке бөлімдерге, ауылдық әкімдерге, кәсіпорындарға, жеке кәсіпкерлерге бекітіліп беріліп, осы балалардың «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы жеке есеп шоттарына қазіргі уақытта барлығы 10 407 400 теңге қаржы аударылды.

Айта кетерлік үлкен қайырымдылық іс жыл сайынғы «Ризашылық» мерекесінде мекемелердің, мектептердің бөлініп берілген патронаттық тәрбиедегі балаларына барып, сый-сияпат көрсетіп, отбасылық мереке сыйлап қайтуы дәстүрге айналған. 2012 жылы 680 мыңның көмегі көрсетілсе, 2013 жылы 760 мыңның, 2014 жылы 1 200 000 теңгенің көмегі көрсетілді.

Ағымдағы оқу жылында балалардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 126 «2013-2014 жылдардың жазғы маусымында облыс балаларының демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» қаулысы негізінде және аудандық білім бөлімімен әзірленген «Жаз-2015» Концепциясы негізінде қаланды.

Жаз айларында балалардың сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастыру негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

-сауықтыру демалысы

- қызығушылықтары бойынша демалыс

-жазғы еңбек демалысы

-спорттық-туристік саяхат.

2014-2015 оқу жылында ауданның 46 мектебінің 1-10 сыныбын 4158 оқушы аяқтады, оның ішінде: 1531- аз қамтылған отбасы  балалары (2014 ж – 1491 бала), 20 – ата-ананың қамқорынсыз қалған (2014 ж-21 бала), 25-жетім , 34- патронаттағы балалар (2014 ж - 35 бала) (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалардың 45-нің 4 баласы мектепке дейінгі және 4 оқушы 11 сынып оқушысы) және аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрған 6 бала (2 оқушы -11 сыныпта оқиды) (2014 - 5 бала). Аталған санаттағы балалар жас ерекшеліктеріне қарай демалыспен және сауықтырумен қамтылып, еңбекке тартылуда.

Аудан бойынша мектеп жасындағы мүмкіншілігі шектеулі балалар саны – 181, оның 26-сы үйден оқытылады. Осы балалар мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарында демалды.

Оқушылардың жазғы сауықтыруын ұйымдастыру және жазғы сауықтыру мекемелерінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 3 лагерь басшысы, 2 дене шынықтыру, 2 туризм инструкторлары семинарлар мен дәреже көтеру курстарынан өтті.

Жазғы демалысты ұйымдастыруға осы жылы жергілікті бюджеттен балалардың сауықтырылуына 19 675,0 мың теңге, аудандық кәсіподақ ұйымынан 960,0 мың теңге, ата-аналардың демеушілігімен 2 975,0 мың теңгеге қаражатқа балалардың демалысы ұйымдастырылуда. Жалпы бөлінген қаражат 23 610,0 мың теңгені құрайды. Ал, 2014 жылы балалардың сауықтырылуына жергілікті бюджеттен 15 125,0 мың теңге және аудандық кәсіподақ ұйымынан 1 400,0 мың теңге жұмсалған.

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру бойынша ауданда бірқатар жұмыстар атқарылуда:

Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру алаңдарының, Қалжыр, Ұрынхай Төсқайың, №2 Теректі ауылындағы лагерьлердің, Сарыөлең ауылындағы «Балдәурен» сауықтыру лагерінің жұмысы күнделікті бақылауда.

Аудан бойынша 42 мектепте мектеп жанындағы сауықтыру алаңдары 1-27 маусым күндері өз жұмыстарын аяқтады. Қамтылған оқушы саны - 1753.

«Балдаурен» сауықтыру лагерінде 2 ауысым өз жұмысын аяқтап, 3 –ауысым 30 маусым күні 100 баланы қабылдады. Қамтылған бала саны 300.

«Балдаурен» сауықтыру лагері жанында шатырлы «Толағай» лагері 2015 жылдың 1-30 маусым аралығында 4 ауысыммен өз жұмысын аяқтады. Қамтылған бала саны 300.

2015 жылдың 20 маусымында Қалжыр ауылындағы лагерьдің 3 ауысым жұмысын аяқтап, барлығы 90 бала демалды, 27 шілдеде 4- ауысымға 30 бала қабылданады.

№2 Теректі лагерінде 2 ауысымда жұмыс істеді. Қамтылған бала саны 70. Бүгінгі күні лагерь өз жұмысын аяқтады.

Төсқайың лагерінде 3 ауысымда жұмыс істеді. Қамтылған бала саны 65. Бүгінгі күні лагерь өз жұмысын аяқтады.

Ұрынхай ауылындағы лагерьдің 3 ауысымы 28 маусым күні аяқталды. Барлық ауысымдарда демалған бала саны - 45. 4-ауысым 30 маусым күні өз жұмысын бастады. Қабылданған бала саны -15. Аяқталу мерзімі 5 шілде.

Құйған ауылындағы лагерінде 1 – ауысым өз жұмысын 6 шілде күні бастайды. Қабылданатын бала саны - 70.

«Кеңсу» туристік үйі 30 маусым күні өз жұмысын бастады. Қабылданған бала саны 35. 1 ауысымның аяқталу мерзімі - 5 шілде.

Қаратоғай ауылындағы лагерь 1 – ауысым өз жұмысын 29 маусым күні бастады. Қабылданған бала саны - 50.

Жалпы аудан бойынша оқушылардың лагерьлерде сауықтыру және демалыспен қамтылуын төмендегі кестеде көрсетілген.




Лагерьлер

Жаз айларында сауықтыру және демалыспен лагерьлерде қамтылатын бала саны

Қамтылғаны

Орындалу %

1

"Балдаурен" сауықтыру лагері

700

300

42,85

2

Құйған лагері

490

ашылу мерзімі 6.07.2015

 

3

Қалжыр лагері

155

90

58,06

4

Қаратоғай ЛТО

250

50

20

5

Ұрынхай лагері

150

45

30

6

Кеңсу демалыс үйі

200

35

17,5

7

Төсқайың лагері

65

65

100

8

Теректі №2 лагері

70

70

100

9

"Толағай" шатырлы лагері

300

300

100

 

Жалпы саны

2380

955

40,12

Демалыс және сауықтырумен қамтылған балалар саны – 2723 (65,48 %).

2015 жылдың 1-7 маусым аралығында аудан мектептерінің 23 оқушысы „Отанымыздың елордасы – Астанамен танысамыз“ атты өлкетану жобасын іске асыру мақсатында Астана қаласына барып қайтты.

6-15 маусым аралығында Күршім гимназиясының 1 оқушысы Алматы қаласына республикалық жас астрономдар мен ғарышкерлер слетіне барып, саяхаттап қайтты.

Аудан мектептерінде оқитын бастауыш сыныптың 1758 оқушысы 3 күндік саяхаттарға шықты.

Қыстау – Күршім негізгі орта мектебінің 20 оқушысы „Менің Отаным- Қазақстан“ бағдарламасы аясында Кемеркөлге 3 күндік саяхатқа барып қайтты.

Шамамен 394 бала ата-анасының демеушілігімен әр түрлі демалыс орындарында және саяхаттарға шығады деп жоспарланған, бүгінгі күні мектептердің берген ақпараты бойынша 171 оқушы қамтылды.



Туристік саяхаттармен қамтылған бала саны - 1953 (46,96%).

Жаз айларында балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудандығы 3 қосымша білім беру мекемелері және әр мектептерде 144-тен астам үйірмелер (музыка, шахмат, тоғызқұмалақ, компьютер сауаттылығы, спорт) қызмет атқаруда. Жоспарланған бала саны 1520, бүгінгі күні 602 бала үйірмелерге тартылды. Ауданда орналасқан спортмодульде, жасанды және мектеп жанындағы спорт алаңдарында және «Сарытау» спорт кешенінде жаз айларында 708 бала денсаулықтарын шынықтыруда. 7 аулалық кіші футбол командасының 73 оқушысы спорттық кездесулер өткізеді.



Балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырған шаралармен қамтылатын бала саны - 1383 (33,26%).

Ауданның 1003 оқушысы мектеп ауласын абаттандыруға, жер телімдерінде, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе үлескілерінде жұмыс істеуде.

Оның ішінде: 24 мектептегі өндірістік бригадаларға 201 бала тартылды.

Ұрынхай, Маралды, Төсқайың, Үшбұлақ ауылдарындағы 32 мектеп оқушысы орман шаруашылығына көмектесуде.



Еңбекпен қамтылған бала саны 1236 (29,72%).

Білім қызметкерлерінің сапалы қызметі ұстаздар мен сала қызметкерлерінің демалысы, көңіл күйлеріне тікелей байланысты екені белгілі. Білім қызметкерлерінің спартакиадасын өткізу дәстүрге айналдырылып, саламатты өмір салтын ұстану дағдысы үлгі етілуде. Биылғы жылы өткізілген білім қызметкерлерінің ХYІІІ спартакиадасы да ұйымдасқан түрде өткізілді.

Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып, білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Сондықтан болашақта:

- педагог мәртебесін және педагог кадрларының кәсіби шеберлігін арттыруға;

- білім сапасын арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне енгізуді жетілдіре отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге;

- оқушылардың әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейту, түлектерді жоғары кәсіби білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау тиімділігін арттыруға;

- әр түрлі деңгейдегі оқушылардың толыққанды білім алуға қолжетімдігінің бірдей болуына, оның оқушылар қабілеттеріне, жеке икемділіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес болуына;

- сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;

- балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтылуын, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге үлкен көңіл аудару қажет.



Күршім ауданы

әкімінің орынбасары М.Калелов

орындаған Б.Елеубаев



тел.3-15-61



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет