Күші жойылды-ҚҚА №214 23. 09. 2006ж. ҚРӘМ №4309 25. 07. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН



Дата25.02.2016
өлшемі27.96 Kb.
#18336
күші жойылды-ҚҚА № 214 23.09.2006ж.
ҚРӘМ № 4309 25.07.2006ж. тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ


ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2006 жылғы 17 маусым № 130



Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттерінің-эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 271 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Агенттік Басқармасының «Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттерінің-эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 271 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3833 тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттерінің-эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесінде:

2-тармақтағы «шығару андеррайтерлері (менеджерлері))» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жазбаша хабарлама жасау немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы депозитарлық қолхаттарды немесе эмитенттің жай акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі эмитенттің өз акционерлеріне ұсынысы және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген талаптардың орындалуы туралы ақпараттарды» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақта:

бірінші абзацтағы «ұстаушылардың» деген сөз «меншіктенушілердің» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші абзацтағы «2-қосымшасына» деген сөздер «3-қосымшасына» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, «Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне және сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.

4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.




Төраға А. Дунаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет