Кјсіпкерліктіѕ пайда болу тарихи


I. Шағын бизнестің мәні мен маңызы және ерекшеліктері



бет2/12
Дата03.01.2022
өлшемі216.5 Kb.
#450927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы курстық жұмысы

I. Шағын бизнестің мәні мен маңызы және ерекшеліктері

1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі
Рынок қатынастарының пайда болуы мен дамуы көптеген жағдайларды қажетсінеді, әсіресе қызмет істеу ортасы өте маңызды рөл атқарады. Рынокты экономикалық қызмет ету ортасы белгілі бір факторлардың болуын көздейді. Негізгілері: икемді рынок жүйелерін құру, бәсекелестік пен кәсіпкерлік қызметті дамыту. Кәсіпкерлік нышандары рыноктық қатынастар кезінде ғана емес, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде пайда болатын өзіне тән ерекшеліктері бар құбылыс.

Сонымен қорыта айтқанда «Кәсіпкерлік», «Бизнес» және «Коммерция» түсініктері әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерге тән болған. Бірақ ғылыми және күнделікті айналысқа бұл түсініктер тек капитализм тұсында ғана енгізілді.

Алғашқы қауымдық қоғамда қатынастар іскерлік негіздегі бартерлік мәмілелер формасында болған. Осы мәмілелердің табиғи іскерлігі аталған қауымдастықтардың ыдырап құл иеленушілік қоғамның пайда болуына алып келді.

Құл иеленушілік және феодалдық қоғамдағы кәсіпкерлік құрылуының мақсаты – жаулап алу нәтижесәнде экономикалық мазмұнға ие болған нышандар.

Алайда, кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі - сауданың пайда болуы және өркендеуі. Орта ғасырда көпестер, саудагерлер, қолөнершілер және миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болған.

Осылайша, халықаралық сауданың дамуы өткізу рыноктарында қиыншылық тудыруымен байланысты көпестердің бірігуіне, сөйтіп алғашқы акционерлік қоғамдардың құрылуына – Ост-Индиямен, Гудзон шығанағымен сауда жасаған ағылшын және голландия компанияларының пайда болуына алып келді. Бұдан кейін акционерлік капитал өнеркәсіпте, банк саласында ары қарай жалғасын тапты. Осы мезгілде бұрын болмаған жаңа мамандық пайда болды. Ол – менеджер.

Қазақстандағы кәсіпкерлік және коммерция жағдайына келсек, мұнда бұл салалар тарихи ерте заманда пайда болған. Ежелгі түрік дәуірінде Жетісу қаласы тек аялдау орны ғана емес, сонымен қатар, мұнда сауда және қолөнер орталықтары болған.

XIII ғасыр мен XV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Қазақстан территориясы арқылы сауда қызметінің дамуында маңызды рөл атқарған Батыс Шығыс халықаралық сауда жолы өткен.

XVIII ғасырда қазақтар Орта Азия, Ресей, Қытай, Иран патшалықтарымен – мал, жылқы, тері, жүн және аң аулау бұйымдарымен сауда жасаған. Қазақ жерлері арқылы Орта Азиядан Ресейге керуендер жөнелтілген. Орынбор, Тобыл, Семей арқылы сауда жасау өте маңызды болған.

XIX ғасырдаң алғашқы жартысында тұз табумен айналысу, тау-кен ісі дами бастады. Сонымен қатар, мыс, қалайы, күміс, тас көмір қазу басталып, балқыту және темір илеу зауыттары ашыла бастады. Малдың тауарлық маңызы барынша өсті.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет