II. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы.
2.1. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы
Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі – шағын бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеу, жұмыссыздық мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын бизнес шешуші фактор ретінде маңызды роль атқарады. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті Қазақстан Республикасы Агенттігінің мамандандырылған бюллетенінде жарияланылған статистикалық мәліметтерге сәйкес, статистика бойынша қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің жеке меншік субъектісіне жалпы жеке меншік, мемлекеттін және муниципалды қоғамдық шағын кәсіпорындар 86 пайызы келеді. Бұл мәліметтер шағын кәсіпкерліктің дамуының тез дамып келе жатқанын көрсетеді.
Тіркелген, сондай-ақ жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың саны жағынан ең көбі Алматы қаласында байқалуда, онда тіркелген 33395 кәсіпорынның 23034-і жұмыс істеуде немесе 69%. Астана қаласында бұл көрсеткіш сәл жоғарырақ, ол жерде тіркелген 5282 шағын бизнес субъектілерінің 4342 немесе 82,2%, Қостанай қаласында жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың пайызы 80,3%.
2001 ж. 1 қазанынан бері Қазақстан Республикасында 885906 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін шаруа қожалықтарын қосқанда бүгінгі таңда 257937 жеке кәсіпорын жұмыс істеуде.
Аймақтар арасында жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша алдыңғы орында Оңтүстік Қазақстан облысы иеленуде, онде шағын бизнеспен 54849-дан астам адам айналысуда немесе республика бойынша жалпы көрсеткіштің 21,2%.
Ақтөбе облысында 22865 шағын бизнес субъектілері тіркелген, бұл 1998 жыл басындағы көрсеткіштің 128% құрайды. Жалпы облыстағы шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндер саны бүгінде 77080 адамды құрауда немесе өткен жылдың мерзіміне қарағанда 147%. 2007 ж. ауылшаруашылық жобаларын қолдау мен дамыту үшін 11 ай ішінде 24 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 44,9 млн. теңге бөлінді. Ақтөбе облысында шағын бизнес жалпы соммасы 12,7 млрд. теңгеге тең өнім өндірілді, бұл 2007 жылғы көрсеткіштерден 2 еседей жоғары.
Шығыс Қазақстан облысының шағын бизнес кәсіпорындары 2006 жылы 9 ай ішінде 76,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл 1998 жылғы осы кезең ішінде облыс бойынша өндірілген өнімнің жалпы үлес салмағының 157% құрайды. 2007 жылы қазан айының басындағы жағдай бойынша облыста 37235 шағын бизнес субъектілері, 22048 жеке кәсіпкерлер және 15198 заңды тұлғалар тіркелген.
Солтүстік Қазақстан облысында 01.10.2007 ж. 14249 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелді, олардың 2932-сі – заңды тұлғалар, 11317-сі – жеке кәсіпкерлер.
Қазақстан Республикасында экономиканың шағын секторында жұмыс істейтіндердің саны 01.10.2005 жылы орта есеппен 1481600 адамды құрады, олардың ішінде 886000 адам жеке кәсіпкерлер. Салалық құрылымда көрсетілген сомада (354494,1 млн. теңге) өндірілген өнім (жұмыс, қызмет көрсету) көлемінің 54%-дан көбі саудаға тиесілі. Өнеркәсіп саласында тек 28724,1 млн. теңге соммасында өнім өндірілген немесе 8,1%, ауылшаруашылығында – 34223 млн. теңге (6%), көлік және байланыс – 12456 млн. теңге (3,5%), қонақ үйлер мен мейрамханаларда – 4346 млн. теңге (1.2%).
2000 жылдың басынан Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен мемлекеттік қолдау көрсету шаралары туралы» 1997 ж. 6 наурызда қабылданған №3398 Үкімінің орындалуымен республикада қолданылмай қаңырап тұрған 4565 объектілер мен ғимараттар айқындалды. Олардың 2066-сы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сатылды.
Елімізде отандық шағын бизнестің белсенді дамуы 1992-1993 жылдары басталды. Осы бірнеше кезең ішінде мемлекеттің меншігі бірте-бірте жеке меншікке ауысты. Олар әртүрлі шаруашылық ассоциялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шағын кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар формаларында қайта құрылды.
Егеменді қазақстанымызда кәсіпкерліктің даму тарихына он жеті жыл толды. Шағын бизнестің өсу динамикасын келесі 1 кестеден және 2 кестелерден көруге болады.
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |