Кудушева нургайша ахметжановна


Зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау



бет28/49
Дата06.10.2024
өлшемі1.32 Mb.
#504360
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49
kudusheva-n-a-phd-s-sp-dorabotka

2.4 Зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау
2.4.1 ЖОО студенттерінің тұлғалық өзіндік тиімділігі дамуына әсер ететін мотивациялық процестерді талдау
Академиялық мотивация шкаласы студенттерге тән жеті сапалы әр түрлі оқу мотивтерін бағалауға мүмкіндік беретін мотивацияны диагностикалау әдісі болып табылады:

  • ішкі мотивтердің үш түрі: таным, жетістікке жету және өзін-өзі дамыту (жетілдіру) мотиві,

  • сыртқы мотивтердің үш түрі: экстерналды (проблемаларды болдырмау үшін іс-әрекеттерді орындауға ұмтылу), интроекцияланған (автономия қажеттілігінің бұзылуымен анықталған және борыш пен ұят сезімін сезінуде көрінетін) және өзін құрметтеу мотивациясы.

  • амотивация (оқу әрекетіне қызығушылықтың болмауы).

5-кестеде және 8-суретте академиялық мотивация шкаласының нәтижелерін талдау кезінде алынған сипаттамалық статистика көрсетілген (қысқ. АМШ, ағылш. The Academic Motivation Scale, қысқ. AMS)
Кесте 5 - Академиялық мотивация шкаласының сипаттамалық статистикасы






Орташа

Орташа квадраттық
ауытқу

Дисперсия

Танымдық мотивация

15,591

3,8701

14,978

Өзін- өзі дамыту мотивациясы

15,255

3,6307

13,182

Жетістікке жету мотивациясы

14,700

4,1653

17,350

Өзін құрметтеу мотивациясы

14,664

4,1514

17,234

Интроекцияланған мотивация

12,691

5,1201

26,216

Экстерналды мотивация

10,909

4,9891

24,891

Амотивация

8,973

4,5200

20,430




Сурет 8 - Студенттердің академиялық мотивациясының орташа


арифметикалық мәні

5 - кесте мен 8 - суреттен студенттер арасында ішкі мотивацияның (46,5%) басым екенін көруге болады: танымдық мотиві (орташа ариф. = 15,6), жетістікке жету мотивациясы (орташа ариф. = 14,7) және өзін-өзі дамыту мотивациясы (орташа ариф.=15.3).


Бұл мотивтердің пайыздық үлестірімі 6-кестеде көрсетілген: студенттердің 51,9%-ында жетістікке жету мотивациясы, 44,7%-ында танымдық мотивация, 42,8%-да өзін-өзі дамыту мотивациясы басым екендігі көрінді;

Кесте 6 - Студенттердің ішкі мотивациясының жиілік кестесі (%)








Жоғары көрсеткіш

Орташа көрсеткіш

Төмен көрсеткіш

Танымдық мотивация

44,7

30

25,3

Өзін-өзі дамыту мотивациясы

42,8

30

27,2

Жетістікке жету мотивациясы

51,9

30

18,1

Ішкі мотивация

46,5

30

23,5




    • студенттердің 18,1% - ында жетістікке жету мотивациясы, 25,3% - ында танымдық мотивациясы және 27,2% - ында өзін-өзі дамыту мотивациясы төмен екендігі анықталды. Ішкі мотивация көрсеткіштері орташа мәндер аймағына түседі. Ол 23,5 %-ды құрады.

Сыртқы мотивацияның жиілігін талдау нәтижелері 7-кестеде келтірілген.

Кесте 7 - Студенттердің сыртқы мотивациясының жиілік кестесі (%)








Жоғары көрсеткіш

Орташа көрсеткіш

Төмен көрсеткіш

Өзін құрметтеу мотивациясы

38

34,5

27,5

Интроекцияланған мотивация

47,3

28,1

35,4

Экстерналды мотивация

30

24,6

45,4

Сыртқы мотивация

38,4

29,1

36,1

Сыртқы мотивация студенттердің 38,4% - ында басым екендігі анықталды, бірақ бұл жерде орташа көрсеткіш өзін-өзі бағалау мотивациясы бойынша ең айқын екенін атап өткен жөн (орт.ариф.=14,7), бұл берілген мотивацияның орташа даму деңгейіне сәйкес келеді.


Интроекцияланған мотивация бойынша көрсеткіш (орташа арифметикалық = 12,7) және экстерналды мотивация бойынша көрсеткіш (орташа арифметикалық мән = 10,9) басқа мотивтерге қатысты иерархияда төмен болғанымен, таңдаманың орташа көрсеткіштеріне сәйкес келеді.
Амотивацияның жиілілік талдау нәтижелері 8-кестеде келтірілген.

Кесте 8 - Студенттердің амотивациясының жиілік кестесі (%)








Жоғары көрсеткіш

Орташа көрсеткіш

Төмен көрсеткіш

Амотивация

47,1

29

26,4

8-кестеде және 9-суретте студенттердің орташа ұпайы 9 баллды құрайтыны көрсетілген, бұл жоғары деңгейді көрсетеді: студенттердің 47,1 %-ы амотивті,
26,4 %-ы ғана мотивация ұпайлары төмен.
Жиілік талдауы әрбір мотивтің академиялық мотивация құрылымына қосқан үлесін бағалауға және сыртқы, ішкі мотивация мен мотивация мен амотивация арақатынасын қарастыруға мүмкіндік берді (сурет 9).

а) мотивация басым б) мотивация азайған

Сурет 9 - Студенттердің мотивация түрлерінің иерархиясы (%)


Алынған нәтижелер студенттердің 47,1% - ында мотивация жоқ екенін көрсетеді. Айта кетейік, Э. Деси мен Р. Райанның пікірінше, амотивациялық ішкі жүйе белсенділіктің, қызығушылықтың жоқтығынан және оқу әрекетінің мәнділігін түсінбеуден көрінеді.


Осылайша, зерттелген студенттердің көпшілігінде келесі ерекшеліктер басым:

  • олардың қабылдауында мінез-құлық пен оқу нәтижелері арасында байланыс жоқ;

  • оларда қабылдайтын құзыреттілік деңгейі төмен, өзін-өзі бағалау деңгейі төмен және өзіндік детерминация деңгейі төмен (өзіндік тиімділік);

  • оларға дәрменсіздік, қабілетсіздік, бақылаусыздық сезімінің болуы тән, өйткені студенттер өзіндік детерминация (өзіндік тиімділік) қабілетін бағаламайды;

  • эмоциялары көрінбейді.

Екінші орында ішкі мотивацияның ішкі жүйесі жатады, ол студенттердің 46,5% басым. Ішкі мотивациялық ішкі жүйе құзыреттілік (өзіндік тиімділік) және өзіндік детерминация қажеттілігіне негізделген.
Яғни, студенттердің екінші тобына мынадай тұлғалық қасиеттер тән:

    • шешім қабылдау және өз мотивтерін эффективті басқару;

  • ішкі қабылданатын себептілік (каузалды) локусы;

  • марапат ретіндегі өзіндік детерминация сезімі;

  • адам қабылдайтын өз құзыреттілігінің (өзіндік тиімділіктің) жоғары дәрежесі және өзін-өзі бағалаудың жоғары деңгейі;

  • эмоцияларды анықтаудағы ішкі сигналдардың басым рөлі. Эмоциялар мінез-құлықты қоршаған ортадан алынған және естегі бар ақпаратпен бірге анықтайды. Мінез-құлықты таңдауда ақпарат көзі ретінде қарастырылатын эмоцияларға интуитивті және феноменологиялық бағалау бар.

Студенттердің үшінші тобында (38,4%) сыртқы мотивация басым көрініс тапты, оның өзі мінез-құлықтың келесі ерекшеліктерін көрсетеді:

  • ішкі ынталандырудан гөрі сыртқы заттарға көбірек жауап беру үрдісі;

  • сыртқы көрінетін себептілік локусы;

  • адамның жеке таңдауымен емес, марапатпен басқарылатын мінез-құлық;

  • ішкі мотивациясы басым студенттерге қарағанда, өзін-өзі бағалау деңгейі төмен;

  • санасыз және автоматтандырылған мінез-құлық;

  • эмоциялар сыртқы жағдаяттарға көбірек байланысты.

Мотивтер арасындағы қатынастардың ішкі құрылымын зерттеу үшін интеркореляциялар есептелді, алынған мәліметтер 9-кестеде және 10-суретте көрсетілген.
Танымдық мотивация (ТМ) келесі мотивтермен үш оң және бір теріс корреляцияға ие болды:

  • Жетістіке жету мотивациясы (r=0,774**);

  • Өзін - өзі дамыту мотивациясы (r=0,781**);

  • Өзін құрметтеу мотивациясы (r=0,583**);

  • Амотивация (r=-0,458**).

Жетістікке жету мотивациясы (ЖМ) келесі мотивтермен үш оң және бір теріс корреляцияға ие болды:

  • Танымдық мотивация (r=0,774**);

  • Өзін-өзі дамыту мотивациясы (r=0,790**);

  • Өзін құрметтеу мотивациясы (r=0,525**);

  • Амотивация (r=-0,295**).

Кесте 9- Мотивтердің интеркорреляциялық (өзара байланысының) матрицасы





Спирмен коэффиценті

Танымдық мотивация

Жетістікке жету мотивациясы

Өзін- өзі дамыту мотивациясы



1

2

3

4



Жетістікке жету мотивациясы

0,774**







Өзін - өзі дамыту мотивациясы

0,781**

0,790**




Өзін құрметтеу мотивациясы

0,583**

0,525**

0,764**

Интроекцияланған мотивация







0,300**

Амотивация

-0,458**

-0,295**

-0,370**



9 – кестенің жалғасы



1

2

3

4




Өзін құрметтеу мотивациясы

Интроекцияланған
мотивация

Экстерналды мотивация



Интроекцияланған
мотивация

0,440**







Экстерналды мотивация

0,225*

0,674**




Амотивация




0,296**

0,644**



Сурет 10 - Академиялық мотивтердің интеркорреляциялық байланысы


Өзін-өзі дамыту мотивациясы (ӨДМ) келесі мотивтермен 4 жағымды және 1 теріс корреляциялық байланысты көрсетті:



  • Танымдық мотивация (r=0,781**);

  • Жетістікке жету мотивациясы (r=0,790**);

  • Өзін-өзі дамыту мотивациясы (r=0,781**);

  • Өзін құрметтеу мотивациясы (r=0,764**);

  • Интроекцияланған мотивация (r=0,300**);

  • Амотивация (r=-0,370**).

Өзін құрметтеу мотивациясы (ӨҚМ) келесі мотивтермен 5 жағымды корреляцияға ие болды:

  • Танымдық мотивация (r=0,583**;

  • Өзін-өзі дамыту мотивациясы (r=0,764**);

  • Жетістікке жету мотивациясы (r=0,525**);

  • Ішкі мотивация (r=0,440**);

  • Экстерналды мотивация (r=0,225*).

Ішкі мотивация (ІМ) келесі мотивтермен 4 оң корреляциялық байланысты көрсетті:

  • Өзін-өзі дамыту мотивациясы (r=0,300**);

  • Өзін құрметтеу мотивациясы (r=0,440**);

  • Экстерналды мотивация (r=0,674**);

  • Амотивация (r=0,296**).

Экстерналды мотивация (ЭМ) келесі мотивтермен 3 оң корреляциялық байланысты көрсетті:

  • Өзін құрметтеу мотивациясы (r=0,225*);

  • Ішкі мотивация (r=0,674**);

  • Амотивация (r=0,644**).

Амотивация (АМ) төмендегі мотивтермен 2 оң және 3 теріс корреляцияға ие екендігін көрсетті:

  • Танымдық мотивация (r=-0,458**);

  • Жетістікке жету мотивациясы(r=-0,295**);

  • Өзін-өзі дамыту мотивациясы(r=-0,370**);

  • Интроекциялық мотивация (r=0,296**);

  • Экстерналды мотивация (r=0,644**).

Құрылған корреляциялық плеяда (10-суретті қараңыз) студенттердің академиялық мотивтерінің өзара байланысының ерекшеліктерін көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді:

  • Жетекші мотивтердің үштігін құраған: өзін-өзі дамыту, өзін сыйлау және амотивация;

  • Мотивацияның келесі қабаты – танымдық мотивация, жетістікке жету мотивациясы және интроекцияланған мотивация;

  • Ең маңызды академиялық мотив – экстерналды мотивация.

Корреляциялық талдау нәтижелері мен құрастырылған плеяда сипаттамалық статистика мен жиілікті талдау кезінде анықталған қарама-қайшылықты деректерді шешеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет