Қорытынды 1:
Студенттерде үш академиялық мотив басым:
өзін-өзі дамыту мотивациясы – оқу іс-әрекеті аясында өз қабілеттерін, әлеуетін дамытуға, шеберлік пен құзыреттілік сезіміне жетуге ұмтылу.
өзін құрметтеу мотивациясы – өзінің маңыздылығын түсіну және оқудағы жетістіктері арқылы өзін-өзі бағалауды арттыру үшін оқуға деген ұмтылыс.
амотивация – оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығы мен оның мәнділігін түсіну сезімінің болмауы.
Осы мотивтер арасында корреляциялық өзара байланыстар табылды, өзін құрметтеу мотивациясы өзін-өзі бағалау мотивациясымен оң корреляциялы, ал амотивациямен теріс корреляциялы. Яғни, студенттер оқу іс-әрекеті аясында өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін дамытуға қаншалықты ұмтылса, соғұрлым олар өздерінің қажеттілігін сезінеді және оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтары мен оның мәнділігін түсіну сезімдері жоғарылайды. Керісінше, студенттердің оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтары мен мәнділік сезімі неғұрлым төмен болса, соғұрлым олардың оқудағы өз мүмкіндіктерін ашуға және қабілеттерін дамытуға бейімділігі төмендейді, ал өзін-өзі бағалауы төмендейді.
Алынған академиялық мотивацияның иерархиясына сәйкес зерттеу студенттердің үш тобын анықтайды: ішкі мотивацияның басымдылығымен (мотивінің ядросы өзін-өзі дамыту) және сыртқы мотивацияның басымдылығымен ( мотивінің ядросы- өзін құрметтеу) көрінетін амотивация үстемділігі. Үшінші топтағы өзара байланыс біріншісіндегідей жұмыс істейді, өйткені корреляцияның векторы жоқ, бірақ бұл жерде адамның өз маңыздылығын арттыру мотиві олардың қабілеттерін дамытуға және әлеуетін ашуға деген ұмтылысын күшейтеді, яғни студенттердің бірінші тобында ашылған әлеуеті өзін-өзі бағалауын арттырады.
Бұдан кейін біз студенттер арасындағы мотивациялық процестер мен өзіндік тиімділік арасындағы байланысты зерттедік, алынған мәліметтер 10-кестеде және 11-12-суретте келтірілген.
Танымдық мотивация (ТM) өзіндік тиімділіктің келесі көрсеткіште 2 оң корреляциялық байланысты екендігін көрсетті: жалпы өзіндік тиімділік (r=0,414**) және заттық іс-әрекет аумағындағы өзіндік тиімділік (r=0,172*).
Жетістікке жету мотивациясы (ЖЖМ) өзіндік тиімділік көрсеткіштерімен 2 оң корреляциямен байланысты: жалпы өзіндік тиімділік (r=0,414**) және заттық іс-әрекет аумағындағы өзіндік тиімділікпен (r=0,162*).
Өзін-өзі дамыту мотивациясы (ӨӨДМ) өзіндік тиімділіктің келесі көрсеткіште 1 оң корреляциялық байланысты екендігін көрсетті: жалпы өзіндік тиімділік (r=0,515**).
Өзін құрметтеу мотивациясы (ӨҚМ) өзіндік тиімділік көрсеткіштерімен 3 оң корреляциямен байланысты: жалпы өзіндік тиімділік (r=0,517**), заттық іс-әрекет аумағындағы өзіндік тиімділік (r=0,216*) және тұлғааралық қатынастар саласындағы өзіндік тиімділікпен (r=0,300**) (кесте 9).
Кесте 10 - Студенттердің өзіндік тиімділігі мен мотивациялық процестерінің өзара байланысы
Спирмен коэффиценті
|
Жалпы өзіндік тиімділік
|
Заттық іс-әрекет аумағындағы өзіндік тиімділік
|
Тұлғааралық қатынастардағы өзіндік тиімділік
|
Танымдық мотивация
|
0,414**
|
0,172*
|
|
Жетістікке жету мотивациясы
|
0,481**
|
0,162*
|
|
Өзін- өзі дамыту мотивациясы
|
0,515**
|
|
|
Өзін құрметтеу мотивациясы
|
0,517**
|
0,216*
|
0,300**
|
Интроекцияланған мотивация
|
|
0,244**
|
0,387**
|
Экстерналды
мотивация
|
|
|
0,358**
|
Амотивация
|
-0,328**
|
0,180*
|
0,272**
|
Интроекцияланған мотивация (ИМ) өзіндік тиімділіктің келесі көрсеткіште 2 оң корреляциялық байланысты екендігін көрсетті: заттық іс-әрекет аумағындағы өзіндік тиімділік (r=0,244**) пен тұлғааралық қатынастар саласындағы өзіндік тиімділікпен (r=0,387**) (сурет 11,12).
Сурет 11 - Өзін құрметтеу мотивациясының жалпы өзіндік тиімділікпен және тұлғааралық қатынастар саласындағы өзіндік тиімділікпен байланысы
Мұндағы,
р 0,05 оң корреляция
р 0,01
теріс корреляция
Сурет 12 - Амотивация мен өзіндік тиімділік арасындағы байланыс
Экстерналды мотивация (ЭМ) өзіндік тиімділіктің келесі көрсеткіште 1 оң корреляциялық байланысты екендігін көрсетті: тұлғааралық қатынастар аумағындағы өзіндік тиімділікпен (r=0,358**).
Амотивация (АМ) өзіндік тиімділіктің келесі көрсеткіште 3 оң корреляциялық байланысты екендігін көрсетті: жалпы өзіндік тиімділік (r=0,328**) және заттық іс-әрекет аумағындағы өзіндік тиімділікпен (r=0,180*), тұлғааралық қатынастар саласындағы өзіндік тиімділікпен (r=0,272**).
10-кестеден және 11-суретте бейнеленген плеядадан өзін құрметтеу мотивациясы (ӨҚМ) жалпы өзіндік тиімділікпен (ЖӨТ) және заттық іс-әрекет аумағындағы өзіндік тиімділікпен (ЗІӨТ) және тұлғааралық қатынастар аумағындағы өзіндік тиімділікпен (ТҚӨТ) оң корреляциялы байланыста екендігін көруге болады.
Яғни, студенттер өздерінің маңыздылығын сезіну үшін және оқудағы жетістіктері есебінен өзін-өзі бағалауын жоғарылату үшін неғұрлым көп оқыса, табысқа ықпал ететін ішкі факторлар, алған білімдері, іскерліктері, сондай-ақ жинақтаған тәжірибелері болашақ кәсіби қызметінде сәтті қолданылатынына деген сенімдері соғұрлым жоғары болады және олар қарым-қатынас мәселелерін конструктивті түрде шеше отырып, табысты коммуникатор бола алатындарына сенімдірек болады.
12-суретте және 10-кестеде көрсетілген мотивация мен заттық іс-әрекет аумағының корреляциясына ерекше назар аудару керек, өйткені заттық іс-әрекет аумағындағы өзіндік тиімділік университетте болашақ маманның белсенді дайындығы жағдайында өзін-өзі бағалау сипаттамасы болып табылады. Амотивация (АМ) жалпы өзіндік тиімділікпен теріс корреляциялық байланысты, заттық іс-әрекет аумағындағы өзіндік тиімділік пен тұлғааралық қатынастар аумағындағы өзіндік тиімділікпен оң корреляциялық байланыста екендігін көрсетті.
Студенттердің оқуға деген қызығушылығының төмен болуы және оқу іс-әрекетінің маңыздылығын сезінбеген сайын, олардың жалпы сенімділіктері соғұрлым төмен болады. Бірақ олар өздерінің алған білімін, машықтанған дағдыларын, іскерліктерін, сондай-ақ жинақтаған тәжірибелерін болашақ кәсіби қызметінде сәтті қолданыла алатындығына және коммуникативті міндеттерді сындарлы түрде шеше алатындығына, сонымен қатар табысты коммуникатор бола алатындығына деген сенімдерінің жоғары болуы оларды тиімді етеді . Яғни, бұл оқуды қаламау туралы, бірақ олар жақсы маман бола алады және тұлғааралық қатынастарда сәтті бола алады деген сеніммен үйлеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |