Қорытынды 2:
Корреляциялық талдаудың нәтижелері көрсетеді:
жоғары жалпы өзіндік тиімділік таным мотивімен, өзін-өзі дамытуға және өзін сыйлауға қол жеткізудің жоғары дамыған мотивтерімен оң корреляцияланады;
заттық іс-әрекет аумағындағы жоғары өзіндік тиімділік жоғары дамыған таным мотвтерімен, жетістікке жету, өзін қадағалау, ұят және мотивацияның болмауының жоғары дамыған мотивтерінің оң корреляцияларымен байланысты;
тұлғааралық қатынастар аумағындағы жоғары өзіндік тиімділік өзін сыйлаудың, ұяттың, борыштың жоғары дамыған мотивтерімен және мотивацияның болмауымен оң корреляцияланады;
заттық іс-әрекет аумағындағы жоғары өзіндік тиімділік амотивациямен оң корреляциялы, маңызды кәсіби қызметке қызығушылықтың болмауымен байланысты, бұл тек сыртқы локусты, «әйтеуір жұмыс істесем болды» дегенді білдіреді.
2.4.2 Тұлғалық өзіндік тиімділіктің дамуына ықпал ететін реттеушілік процестерді талдау
Реттеушілік процестер екі әдістемелерді қолдана отырып зерттелді:
Дж. Тэнгни, Р. Баумайстер, А.Л. Бунның «Өзін қадағалаудың қысқаша шкаласы»;
Е.Ю.Мандрикованың «Іс-әрекетте өзін-өзі ұйымдастыру» сауалнамасы;
13-суретте және 11-кестеде студенттерде реттеушілік процестердің қалыптасуының сипаттамалық статистикасы келтірілген.
Кесте 11 - Студенттердегі реттеушілік процестерінің жиілік кестесі (%)
|
Жоғары көрсеткіш
|
Орташа көрсеткіш
|
Төмен көрсеткіш
|
Өзін қадағалау
|
12,6
|
73,9
|
13,5
|
Жоспар қоя білушілік
|
16,3
|
58,3
|
25,4
|
Мақсаттылық
|
13,6
|
45,5
|
40,9
|
Табандылық
|
16,4
|
51,9
|
31,7
|
Фиксация
|
43,7
|
50
|
6,3
|
Өзін-өзі ұйымдастыру
|
34,6
|
55,3
|
10,1
|
Осы шаққа бағдарланушылық
|
45,4
|
34,5
|
20,1
|
Жалпы көрсеткіш
|
29,8
|
47,9
|
22,3
|
Сурет 13 - Студенттердегі реттеушілік процестері көрсеткіштерінің орташа арифметикалық мәндері
Өзін қадағалау біздің зерттеуімізде импульсивті мінез-құлықтан аулақ бола отырып, өзінің мінез-құлқын, эмоцияларын, тілектерін басқару және ойлы әрекет ету қабілетін қамтитын тұлғаның қасиеті ретінде қарастырылады. Студенттердің орташа балы 36,1, бұл нормаға сәйкес келеді. Студенттердің 73,9%-ы реттеушілік процестерінің осы көрсеткішінің нормасын көрсететінін атап өту маңызды.
Өзін-өзі ұйымдастырудың параметрлері мен деңгейін диагностикалау студенттердің жеке әлеуетін бағалаудың маңызды элементі болып табылады.
Іс-әрекетте өзін-өзі ұйымдастыру сауалнамасы жеке уақытты құрылымдау, жоспарлар құру, мақсат қою арқылы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу дәрежесін көрсетеді, сонымен қатар тактикалық жоспарлау және стратегиялық мақсат қою қабілеттерінің қалыптасу дәрежесін сипаттайды.
Ұйымдастырылған, тұтас және бірізді оқиғаларға толы өмірді бағалайтын студенттер өмірдің жоғары мағыналық деңгейімен, өзін-өзі қабылдауымен және қарым-қатынасымен, өмір (уақыт) аралығын тұтас және қисынды түрде қабылдауымен ерекшеленеді.
Енді, осы әдістемеден алынған нәтижелерді қарастырамыз:
студенттердің 47,9% - ы өзін-өзі реттеудің орташа көрсеткішін көрсетеді (ор.ариф.=112,6), бұл оларды өз өмірінің уақытын стихиялылық пен икемділікпен ұйымдастыруға құрылымдық көзқарасты біріктіруге қабілетті ретінде сипаттайды, олар психологиялық уақытының құрамдас бөліктерін бағалай біледі және өз өмірінің көп қырлы тәжірибесінен өзі үшін құнды тәжірибе алады;
шкалалардың көпшілігінде студенттер орташа баллды көрсетеді, бірақ одан әрі талдау үшін назар аударуды қажет ететін бірқатар нәтижелер бар;
студенттердің 45%-ы осы шаққа бағдарланушылық бойынша жоғары көрсеткіштерді көрсетеді, бұл қазіргі уақытта болып жатқан «осында-және-қазір» болып жатқан оқиғалардың ерекше құндылығы мен маңыздылығы туралы айтады; осы көрсеткіш бойынша 34,5% - ның орташа нәтижелері (ор.ариф.=9.7), бұл студенттер үшін өткен, қазіргі және болашақтың тең мәнін көрсетеді.
студенттердің 43%-ы фиксация бойынша жоғары көрсеткішті көрсетеді, бұл олардың орындаушылығын, міндеттілігін, басталған істі барлық ықтимал тәсілдермен аяқтауға деген ұмтылысын көрсетеді, сонымен қатар өзінің оқу қызметін жоспарлауда және курстастарымен қарым-қатынас жасауда икемділіктің жоқтығын көрсетеді. Студенттердің 50%-ында орташа көрсеткіштер көрсетілген (ор.ариф.=23,8).
студенттердің 40,9%-ы мақсаттылығы бойынша төмен нәтижелер көрсетеді, бұл олардың өз мақсаттарын әрдайым анық көре бермейтіндігін немесе алдына нақты мақсаттар қоюға бейім еместігін, қойылған мақсаттарға жету үшін мақсатты түрде ұмтылуға және күш салуға бейім еместігін білдіреді. Студенттердің 45,5% мақсаткерлігі бойынша орташа балды көрсетеді.
студенттердің 34,6%-ы өзін-өзі ұйымдастыру бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді, бұл жоспарлау кезінде олар көмекші құралдарды (Google күнтізбесі, Todoist немесе Trello, Notion, тайм-менеджмент сияқты планнингтерді пайдалануға бейім екендігін көрсетеді. Студенттердің 55,3% - ы орташа балл жинады (ор.ариф.=13,0);
студенттердің 31,7% - ы табандылықтың төмен баллын көрсетеді, бұл басталған істі оның логикалық аяқталуына дейін жеткізу үшін күш салу қиын екенін білдіреді, олар сыртқы істерге алаңдамайды. Студенттердің 51,9% - ы орташа балды көрсетеді (ор.ариф.=17,9).
Реттеушілік процестердің өзара байланысының ішкі құрылымын зерттеу үшін интеркорреляциялар есептелді, алынған мәліметтер 12-кестеде және 14-суретте көрсетілген.
Кесте 12 - Реттеушілік процестердің интеркорреляциялық матрицасы
Спирмен коэффиценті
|
Өзін-өзі бақылау
|
Жоспар қоя білушілік
|
Мақсаттылық
|
|
Жоспар қоя білушілік
|
0,232**
|
|
|
Мақсаттылық
|
0,311**
|
0,518**
|
|
Табандылық
|
0,578**
|
0,183*
|
0,325**
|
Фиксация
|
|
0,434**
|
0,503**
|
Өзін-өзі ұйымдастыру
|
|
0,393**
|
0,197*
|
Осы шаққа бағдарланушылық
|
0,214*
|
0,495**
|
0,699**
|
Спирмен коэффиценті
|
Табандылық
|
Фиксация
|
Өзін-өзі ұйымдастыру
|
|
Өзін-өзі ұйымдастыру
|
|
0,256**
|
|
Осы шаққа бағдарланушылық
|
0,188*
|
0,588**
|
0,177*
|
Сурет 14 - Реттеушілік процестерінің интеркорреляциялық байланысы
Өзін қадағалау (ӨҚ) келесі реттеушілік процестермен 4 жағымды корреляцияға ие болды:
Жоспар қоя білушілік (r=0,232**);
Мақсаттылық (r=0,311**);
Табандылық (r=0,578**);
Осы шаққа бағдарланушылық (r=0,214*).
Осы шаққа бағдарланушылық (ОШБ) мынандай реттеушілік процесстермен 6 оң корреляциялық байланысты көрсетті:
Өзін қадағалау(r=0,214*);
Жоспар қоя білушілік (r=0,495**);
Мақсаттылық (r=0,699**);
Табандылық (r=0,188*);
Фиксация (r=0,588**);
Өзін-өзі ұйымдастыру (r=0,177*).
Жоспар қоя білушілік (Ж) келесі реттеушілік процестермен 6 жағымды корреляцияға ие болды:
Өзін қадағалау (r=0,232**)
Мақсаттылық (r=0,518**);
Табандылық (r=0,183*);
Фиксация (r=0,434**);
Өзін-өзі ұйымдастыру (r=0,393**);
Осы шаққа бағдарланушылық (r=0,495**).
Мақсаттылық (М) мынандай реттеушілік процесстермен 6 оң корреляциялық байланысты көрсетті:
Өзін қадағалау (r=0,311**)
Мақсаттылық (r=0,518**);
Табандылық (r=0,325**);
Фиксация (r=0,503**);
Өзін-өзі ұйымдастыру (r=0,197*);
Осы шаққа бағдарланушылық (r=0,699**).
Табандылық (Т) төмендегі реттеушілік процестермен 4 жағымды корреляцияға ие болды:
Өзін қадағалау(r=0,578**);
Жоспар қоя білушілік (r=0,183*);
Мақсаттылық (r=0,325**);
Осы шаққа бағдарланушылық (r=0,188*).
Фиксация (Ф) мынандай реттеушілік процесстермен 4 оң корреляциялық байланысты көрсетті:
Жоспар қоя білушілік (r=0,434**);
Мақсаттылық (r=0,503**);
Өзін-өзі ұйымдастыру (r=0,256**);
Осы шаққа бағдарланушылық (r=0,588**).
Өзін-өзі ұйымдастыру (ӨҰ) келесі реттеушілік процестермен 3 жағымды корреляцияға ие болды:
Жоспар қоя білушілік (r=0,393**);
Мақсаттылық (r=0,197*);
Фиксация (r=0,256**).
Осылайша, алынған нәтижелер студенттік жаста реттеушілік процестердің негізін жоспарлау, мақсаттылық және осы шаққа бағдарланушылық құрайды деп айтуға мүмкіндік береді.
Бұл көрсеткіштер бір-бірімен оң корреляциялармен байланысты, яғни студенттер өз мақсаттарын неғұрлым жақсы түсініп, оларды жүзеге асыруға ұмтылса, олардың стратегиялық дағдылары мен осы шақта фиксациялануы соғұрлым жақсы дамиды.
Екінші орында өзін-өзі бақылау, табандылық және фиксация сияқты реттеушілік процестер тұр, олар бір-бірімен де, корреляциялық плеяданың өзегімен де оң корреляциямен байланысты.
Осылайша, реттеу процестерінің бір элементінің дамуы екіншісінің дамуына әсер етеді. Алайда, студенттердің жеткілікті үлкен пайызы мақсаттылық пен табандылық шкалаларында төмен нәтижелерге ие, бұл барлық реттеушілік процестерінің дамуына кері әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |