Кудушева нургайша ахметжановна



бет32/49
Дата06.10.2024
өлшемі1.32 Mb.
#504360
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
kudusheva-n-a-phd-s-sp-dorabotka

Қорытынды 2:
Студенттерде реттеушілік және мотивациялық процестердің өзара байланысының келесідей ерекшеліктері анықталды:

  • Өзін қадағалау және жетістікке жету мотивациясы психикадағы реттеушілік және мотивациялық құрылымдардың өзара әрекетін қамтамасыз ететін қиылысатын процестер болып табылады.

  • Реттеушілік және мотивациялық құрылымдардың өзара іс-әрекетін жүзеге асыратын маңыздылықтың екінші деңгейінде 3 мотив (таным, өзін-өзі дамыту және өзін құрметтеу) және 3 реттеушілік механизмі (осы шаққа бағдарланушылық, мақсат қою және табандылық) орын алады.

  • Екі мотивтер (экстерналды және интроекцияланған), сонымен қатар амотивация реттеушілік процестердің тиімділігін төмендетеді.

Осыдан кейін, біз студенттердің өзіндік тиімділігі мен реттеушілік процестерінің өзара байланысын зерттедік, алынған мәліметтер 14-кестеде және 16-суретте көрсетілген.

Кесте 14 - Студенттердің реттеушілік процестері мен өзіндік тиімділігінің өзара байланысы





Спирмен коэффиценті



Жалпы өзіндік тиімділік

Заттық іс- әрекеттегі өзіндік тиімділік

Тұлғааралық қатынастардағы өзіндік тиімділік



Өзін қадағалау

0,224**

-0,232**

-0,261**



Жоспар қоя білушілік

0,170*

0,160*





Мақсаттылық

0,477**

-0,408**

-0,419**



Табандылық

0,178*

0,371**

0,178*



Фиксация

0,161*






Өзін-өзі ұйымдастыру







Осы шаққа бағдарланушылық

0,452**






Өзін қадағалау өзіндік тиімділіктің 3 көрсеткішімен корреляцияланады: жалпы өзіндік тиімділікпен оң корреляциялы (r=0,224**) және екі, яғни заттық іс әрекет аумағындағы өзіндік тиімділікпен (r=-0,232**) және тұлғааралық қатынастар аумағындағы өзіндік тиімділікпен (r=-0,261**) теріс корреляциялы. Жоспар қоя білушілік жалпы өзіндік тиімділікпен (r=0,170*) және заттық іс- әрекет аумағындағы өзіндік тиімділікпен (r=0,160*) оң корреляциялы байланыста (сурет 16).




Сурет 16 - Студенттердің реттеушілік процестері мен өзіндік тиімділігінің өзара байланысы


Мақсаттылық жалпы өзіндік тиімділікпен (r=0,477**) оң корреляциялы және екі, яғни заттық іс-әрекет аумағындағы өзіндік тиімділікпен (r=-0,408**) және тұлғараралық қатынастар аумағындағы өзіндік тиімділікпен (r=-0,419**) теріс корреляциялы.


Табандылық өзіндік тиімділіктің 3 көрсеткішімен оң корреляциялы байланыста: жалпы өзіндік тиімділік (r=0,178*) және заттық іс-әрекет аумағындағы өзіндік тиімділік (r=0,371**) және тұлғааралық қатынастар аумағындағы өзіндік тиімділікпен (r=0,178*).
Фиксация жалпы өзіндік тиімділікпен оң корреляциялы (r=0,161*).
Осы шаққа бағдарланушылық жалпы өзіндік тиімділікпен оң корреляциялы (r=0,452**).
Корреляциялық талдау нәтижелері қарама-қайшы. Бір жағынан, реттеушілік процестердің механизмдері, олар күшейген және дамыған сайын, студенттерде жалпы өзіндік тиімділік сезімін арттыратыны анық, екінші жағынан, өзін қадағалаумен мақсаттылықтың артуы заттық іс-әрекет аумағындағы және тұлғааралық қатынастар аумағындағы өзіндік тиімділік сезімінің төмендеуіне әкеледі. Заттық іс-әрекет аумағындағы және тұлғааралық қатынастар аумағындағы өзіндік тиімділікке табандылық сияқты реттеушілік механизмін дамыту оң әсер етеді.
16-суретте 3 реттеушілік процестердің өзара байланысы – мақсат қоя білушілік, табандылық, өзін-өзі бақылау және 3 өзіндік тиімділік көрсеткіштері көрсетілген. Реттеушілік процестердің бұл көрсеткіштері өзіндік тиімділіктің барлық көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Фиксация, осы шаққа бағдарлану және жоспар қоя білушілік тек өзіндік тиімділіктің жеке көрсеткіштерімен байланысты. Өзін-өзі ұйымдастырудың өзіндік тиімділік көрсеткіштерімен корреляциялық байланысы жоқ. Сондай-ақ, жалпы өзіндік тиімділік барлық дерлік реттеушілік процестерімен байланысты екенін ескереміз (өзіндік тиімділіктен басқа).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет