Кудушева нургайша ахметжановна



бет33/49
Дата06.10.2024
өлшемі1.32 Mb.
#504360
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
kudusheva-n-a-phd-s-sp-dorabotka

Қорытынды 3:
Студенттерде реттеушілік процестерімен өзіндік тиімділіктерінің өзара байланысының келесідей ерекшеліктері анықталды:

  • Жалпы өзіндік тиімділіктің жоғары деңгейі реттеушілік процестерінің жоғары деңгейінің дамуымен байланысты.

  • Өзін-өзі қадағалаудың, мақсаттылық пен табандылықтың жоғары деңгейі, бір жағынан, адамның өз іс-әрекетінің тиімділігіне және оларды жүзеге асырудан табыс күтуге деген сенімін нығайтады, ал екінші жағынан, оны заттық іс-әрекет аумағында да және тұлғааралық қатынастар аумағында да жоюға дейін жеткізеді. Бұл қайшылықты нақтылау қажет.

  • Заттық іс-әрекет аумағындағы және тұлғааралық қатынастар аумағындағы өзіндік тиімділікке табандылық сияқты реттеушілік механизмінің дамуы оң әсер етеді.

2.4.3 Студенттердің тұлғалық тиімділігі дамуына әсер ететін аффективтік процестерді талдау


Аффективтік процестер өзіндік тиімділікке оң (егер белсенділік пен құштарлық ретінде қабылданса) немесе теріс (егер алаңдаушылық, қаттылық, қорқыныш және тежелу ретінде қабылданса) әсер етуі мүмкін.
Аффективтік процестерді және олардың өзіндік тиімділікті дамытуға әсерін ескеру маңызды, өйткені өзіндік тиімділік функцияларының бірі мәселелерді шешу процесінде және оны аяқтағаннан кейін эмоционалды қорғанысты қамтамасыз ететін өзін-өзі қолдау функциясы болып табылады. Олардың ықпалы болашақ маман ретінде өзіне деген эмоционалды-құндылық қатынасты қалыптастыру үшін де аса маңызды.
Аффективтік процестер К. Риффтің психологиялық әл-ауқат шкаласы арқылы зерттелді. Әдістеме өмірдің белгілі бір кезеңінде адамның нақты психологиялық әл-ауқатын диагностикалауға арналған.
Психологиялық әл-ауқат өмірдің мәнділігімен, құндылық-мағыналық аумағымен және мотивациямен тығыз байланысты екені анықталды.
К. Рифф 6 компонентті бөліп көрсетті:

  • өзіне және өзінің өткен өміріне оң көзқарас (өзін-өзі қабылдау);

  • қамқорлық пен сенімге толы басқалармен қарым-қатынас (позитивті қарым-қатынас);

  • күнделікті өмір талаптарын орындай білу (құзыреттілік);

  • өмірге мән беретін мақсаттар мен әрекеттердің болуы (өмірлік мақсаттар);

  • үздіксіз даму және өзін-өзі жүзеге асыру сезімі (тұлғалық өсу);

  • өз сенімін ұстану қабілеті (автономия) [250].

17-суретте және 15-кестеде студенттердегі реттеушілік процестерінің қалыптасуының сипаттамалық статистикасы берілген.
Кесте 15 - Студенттердегі аффективтік процестердің жиілік кестесі (%)






Жоғары көрсеткіш

Орташа көрсеткіш

Төмен көрсеткіш

Оң қатынас

5,9

57

37,1

Автономия

3,1

53,5

43,4

Ортаны басқарушылық

3,9

53,4

42,7

Тұлғалық өсу

13

47,9

39,1

Өмірдегі мақсаттар

0

20,3

69,7

Өзін-өзі қабылдау

5,8

46,2

48

Психологиялық әл-ауқат

5,5

37,8

56,7




Сурет 17 - Студенттер арасындағы аффективтік процестердің көрсеткіштерінің орташа арифметикалық мәндері


Психологиялық әл - ауқат деңгейі бойынша орташа балл - 37,5-бұл нормаға сәйкес келеді. Айта кету керек, студенттердің тек 37,8% - ы аффективтік процестердің осы көрсеткіші бойынша норманы көрсетеді, студенттердің 56,7% - ы төмен баллға ие.


Алынған нәтижелерді егжей-тегжейлі қарастырамыз:

  • студенттердің 57% - ы оң қатынастың орташа көрсеткішін көрсетеді (ор.ариф.=56,3), бұл студенттердің басқалармен жеткілікті қанағаттанарлық, сенімді қарым-қатынаста екенін білдіреді; дегенмен, студенттердің 37,1% - ы бұл көрсеткіш бойынша төмен балл көрсетеді, яғни олар басқалармен сенімді қарым-қатынастың шектеулі санына ие: оларға ашық болу, жылылық таныту және басқаларға қамқорлық жасау қиын; тұлғааралық қарым-қатынаста олар оқшауланған және көңілсіз.

  • студенттердің 53,5%-ы автономия бойынша орташа ұпайды көрсетеді (ор. ариф. = 49,5), яғни студенттер жағдайға байланысты өз бетінше де, басқа адамдардың пікірін ескере отырып әрекет ете алады; студенттердің 43,4%-ы автономия бойынша төмен балл көрсетті, бұл олардың басқалардың пікірі мен бағасына тәуелді екенін көрсетеді; маңызды шешімдер қабылдауда олар өз бетінше емес, басқа адамдардың пікіріне сүйенеді; қоғамның оларды белгілі бір жолмен ойлауға және әрекет етуге мәжбүрлеу әрекеттеріне көндігеді.

  • студенттердің 53,4% - ы ортаны басқарушылықтың орташа көрсеткіштерін көрсетеді (ор. ариф.=53,6), бұл өздерінің коммуникативтік әлеуетін ашуға деген ұмтылысын, олардың алдында өтіп жататын мән-жайларды басқаруды үйренуді білдіреді; сондай-ақ осы көрсеткіш бойынша 42,7% - да төмен нәтижелер алынды, бұл студенттердің күнделікті іс-әрекетті ұйымдастыруда елеулі қиындықтарды бастан өткеріп жататындықтарын, қалыптасқан мән-жайларды өзгертуге немесе жақсартуға қабілетсіз сезінетінін, айналасында болып жатқан оқиғаларды бақылауда сезімдерінің төмендігін көрсетеді .

  • студенттердің 47,9% - ы тұлғалық өсу бойынша орташа көрсеткішті көрсетеді (ор. ариф.=58,3), бұл олардың орындаушылығын, міндеттілігін, өмірлік тәжірибеге салыстырмалы түрде ашықтықты және өз мүмкіндіктеріне күмәндануға қарамастан, өз әлеуетін іске асыруға деген ұмтылысын көрсетеді. Студенттердің 39,1%-ының көрсеткіштері төмен, олар өздерінде өзіндік дамудың жоқтығын түсінеді, өзін-өзі жүзеге асыру сезімін бастан кешірмейді, зерігушілік пен мінез-құлқын өзгертуге қабілетсіздігін сезінеді.

  • студенттердің 69,7% - ы өмірдегі мақсаттары бойынша төмен нәтижелер көрсетеді, бұл олардың мақсаттары мен ниеттері аз екенін білдіреді; студенттерде бағдар сезімі жоқ, олар өткен өмірлерінде мақсат таба алмайды және өмірдің мағынасын анықтайтын перспективалары жоқ екендігін байқатады. Студенттердің 20,3% - ы өмірдегі мақсаттары бойынша орташа балды көрсетеді (ор. ариф.=48,0); ұқсас нәтижелер мақсаттылығы бойынша да алынды (10-кестені қараңыз)

  • студенттердің 48%-ы өзін-өзі қабылдауда төмен балл жинады, бұл өз-өздеріне қанағаттанбаушылық сезімдерінің бар екендігін, өткенге көңілдері толмайтындығын, кейбір жеке қасиеттерге алаңдайтынын, өзінің кім болғысы келетіндіктерін түсінбейтіндіктерін көрсетеді. Студенттер осы қаралымда 46,2%-ы орташа балл жинады (ор. ариф. = 51,8).

Аффективтік процестердің өзара байланыстарының ішкі құрылымын зерттеу үшін өзара байланыстар есептелді, алынған мәліметтер 16 - кестеде келтірілген.

Кесте 16 - Аффективтік процестердің интеркорреляциялы матрицасы





Спирмен коэффиценті

Оң қатынас

Автономия

Ортаны басқарушылық




Автономия

0,432**







Ортаны басқарушылық

0,486**

0,658**




Тұлғалық өсу

0,447**

0,765**

0,653**

Өмірдегі мақсаттар

0,451**

0,324**

0,610**

Өзі-өзі қабылдау

0,558**

0,706**

0,725**

Психологиялық әл ауқат

0,660**

0,764**

0,851**

16- кестенің жалғасы



Спирмен коэффиценті

Тұлғалық өсу

Өмірдегі мақсаттар

Өзін өзі қабылдау




Өмірдегі мақсаттар

0,478**







Өзі-өзі қабылдау

0,760**

0,591**




Психологиялық әл-ауқат

0,826**

0,687**

0,893**

16 - кестеден барлық аффективтік процестер бір-бірімен күшті оң корреляциялармен байланысты екендігі, олардың біреуінің өсу бағытында да, төмендеу бағытында да өзгеруі студенттердің субъективті әл-ауқатының барлық саласына әсер ететіні байқалады. Аффективтік процестердің көрсеткіштері бойынша төмен баллдардың көп болуы студенттердің бұл аумақтың қысымға ұшырағанын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет