Кудушева нургайша ахметжановна



бет34/49
Дата06.10.2024
өлшемі1.32 Mb.
#504360
түріДиссертация
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
kudusheva-n-a-phd-s-sp-dorabotka

Қорытынды 1:
Студенттерде аффективтік процестердің келесі ерекшеліктері анықтады:

  • психологиялық әл-ауқаттың жалпы деңгейі орташа, студенттердің 37,8% - ы осы аффективтік процестердің көрсеткіші бойынша норманы көрсетеді, ал 56,7% - ында бұл көрсеткіш төмен болды.

  • Өмірдегі мақсаттар және өзін-өзі қабылдау 60%- дан астам студенттерде төмен.

  • Психологиялық әл-ауқат шкаласы бойынша жоғары көрсеткіштер жоқ, студенттер орташа және төмен нәтижелері бар екі топқа бөлінді.

Осыдан кейін, біз студенттердегі аффективтік және мотивациялық процестердің өзара байланысын зерттедік, алынған мәліметтер 17-кестеде және 18 және 19-суретте көрсетілген.

Кесте 17 - Студенттердегі аффективтік және мотивациялық процестердің өзара байланысы





Спирмен коэффиценті

Оң қатынас

Автономия

Ортаны басқарушылық




Оң мотивация

0,175*

0,413**

0,615**

Жетістікке жету мотивациясы

0,195*

0,406**

0,594**

Өзін өзі дамыту мотивациясы




0,311**

0,529**

Өзін құрметтеу мотивациясы







0,310**

Интроекцияланған мотивация

-0,382**




-0,201*

Экстерналды мотивация

-0,474**

-0,399**

-0,491**

Амотивация

-0,475**

-0,469**

-0,571**

Спирмен корреляциясы

Тұлғалық өсу

Өмірдегі мақсаттар

Өзін өзі қабылдау




Танымдық мотивация

0,614**

0,552**

0,610**

Жетістікке жету мотивациясы

0,567**

0,473**

0,588**

Өзін-өзі дамыту мотивациясы

0,549**

0,475**

0,562**

Өзін құрметтеу мотивациясы

0,297**

0,289**

0,365**

Интроекцияланған мотивация




-0,211*

-0,181*

Экстерналды мотивация

-0,327**

-0,536**

-0,485**

Амотивация

-0,566**

-0,739**

-0,584**

Оң қатынас (ОҚ) 5 мотивациялық процестермен корреляциялы байланыста:



  • Танымдық мотивациямен (r=0,175*) және жетістікке жету мотивациясымен (r=0,195*) оң корреляциялы.

  • Интроекцияланған мотивациямен (r=-0,382**), экстерналды мотивациямен (r=-0,474**) және амотивациямен (r=-0,475**) теріс корреляциялы.

Автономия (А) мынандай 5 мотивациялық процестермен корреляциялы байланыста екендігі алынды:

  • Танымдық мотивациямен (r=0,413**), жетістікке жету мотивациясымен (r=0,406**) және өзін-өзі дамыту мотивациясымен (r=0,311**) оң корреляциялы.

  • Экстерналды мотивациямен (r=-0,399**) және амотивациямен (r=-0,469**) теріс корреляциялы.



Сурет 18 - Аффективтік және мотивациялық процестердің оң корреляциялық өзара байланысы




Сурет 19 - Аффективтік және мотивациялық процестердің теріс корреляциялы өзара байланысы


Ортаны басқарушылық (ОБ) 7 мотивациялық процеспен корреляциялы байланысына ие болды:

  • Танымдық мотивациямен (r=0,615**), жетістікке жету мотивациясымен (r=0,594**), өзін-өзі дамыту мотивациясымен (r=00,529**) және өзін құрметтеу мотивациясымен (r=0,529**) оң корреляциялы,

  • Интроекцияланған мотивациямен (r=-0,201*), экстерналды мотивациямен (r=-0,491**) және амотивациямен (r=-0,571**) теріс корреляциялы.

Тұлғалық өсу (ТӨ) 6 мотивациялық процестермен корреляциялы байланыста:

  • Танымдық мотивациясымен (r=0,614**), жетістікке жету мотивациясымен (r=0,567**), өзін-өзі дамыту мотивациясымен (r=0,549**) және де өзін құрметтеу мотивациясымен (r=0,297**) оң корреляциялы,

  • Экстерналды мотивациямен (r=-0,327**) және амотивациямен (r=-0,566**) теріс корреляциялы.

Өмірдегі мақсаттар (ӨМ) мынандай 7 мотивациялық процестермен корреляциялы байланысқа ие :

  • Танымдық мотивациямен (r=0,552**), жетістікке жету мотивациясымен (r=0,473**), өзін-өзі дамыту мотивациясымен (r=0,475**) және өзін құрметтеу мотивациясымен (r=0,289**) оң корреляциялы,

  • Интроекцияланған мотивациямен (r=-0,211*), экстерналды мотивациямен (r=-0,536**) және амотивациямен (r=-0,739**) теріс корреляциялы.

Өзін-өзі қабылдау (ӨӨҚ) 7 мотивациялық процестермен корреляциялы байланысқа ие:

  • Танымдық мотивациямен (r=0,610**), жетістікке жету мотивациясымен (r=0,588**), өзін өзі дамыту мотивациясымен (r=0,562**), өзін сыйлау мотивациясымен (r=0,365**) оң корреляциялы,

  • Интроекцияланған мотивациямен (r=-0,181*), экстерналды мотивацияменй (r=-0,485**) және де амотивациямен (r=-0,584**) теріс корреляциялы.

18 және 19 – суреттерде және 17-кестеде көрсетілген корреляциялық плеяданың ядросы 3 аффективті процесті – ортаны басқарушылық, өмірдегі мақсаттарды және өзін-өзі қабылдауды құрайтындығын көруге болады.
Бұл процестер танымдық мотивациямен, жетістікке жету мотивациясымен, өзін-өзі дамыту және өзін құрметтеу мотивациясына деген оң корреляциямен байланысты (19-суретті қараңыз) және экстерналды мотивациямен, интроекцияланған мотивациямен және амотивациямен теріс корреляциялық байланыста.
Танымдық мотивация, жетістікке жету, өзін-өзі дамыту және өзін құрметтеу студенттердің мотивациялық әлеуетінің негізін қамтамасыз ететін жалғыз блок болып табылатындығын айта кетеміз (18-суретті қараңыз).
Амотивация, сонымен қатар экстерналды және интроекцияланған сияқты тағы да екі мотив аффективтілік процестердің жұмыс тиімділігін төмендетеді.
Яғни, студенттер өздеріне қаншалықты оң қатынас жасайтын болса, өздерінің әр түрлі қырларын жете түсіне бастайтын болады, жақсы және жаман қасиеттерін ажырата алатын болады, өмірге деген нақты мақсаттарын қоя алатын болады, бағдарлануда айқындылық танытатын болады, ұсынылған мүмкіндіктерді тиімдірек пайдалана алады және де сыртқы белсенділіктерін қадағалауды үйрену, әлеуетін дамыту және күрделі мәселелерді шеше отырып, максималды нәтижелерге қол жеткізуге деген қызығушылықтарын арттыру орын алатын болады.
Керісінше, студенттер өздеріне қаншалықты теріс қатынас жасайтын болса, кейбір жеке қасиеттері туралы алаңдайтын болады, өзінің кім болғысы келетінін түсінбейді, өмірде бағыты мен мақсаты жоқ, күнделікті іс-әрекеттерді ұйымдастыруда қиындықтарға тап болады, жағдайды өзгертуге немесе жақсартуға қабілетсіз сезінеді, көп нәрсеге қызығушылық танытпайтын болады, оқуға деген қызығушылығы төмендейді, осы ретте ұят сезімін, ата-ана мен қоғам алдындағы парызды ұстанады.
Осыдан кейін біз студенттердегі реттеушілік және аффективтік процестердің өзара байланысын зерттедік, алынған мәліметтер 18-кестеде және 20-суретте көрсетілген.

Кесте 18 - Студенттердегі аффективтік және реттеушілік процестердің өзара байланысының көрсеткіштері





Спирмен коэффиценті

Оң қатынастар

Автономия

Ортаны меңгерушілік






Өзін қадағалау

-

0,201*

0,405**

Жоспар қоя білушілік

-

-

0,352**

Мақсаттылық

0,371**

0,464**

0,590**

Табандылық

0,354**

0,337**

0,532**

Фиксация

-

0,169*

-

Өзін- өзі ұйымдастыру

-

-

-

Осы шаққа бағдарланушылық

0,195*

0,312**

0,351**




Тұлғалық өсу

Өмірдегі мақсаттар

Өзі-өзі қабылдау






Өзін қадағалау

0,284**

0,368**

0,338**

Жоспар қоя білушілік

0,159*

0,339**

0,292**

Мақсаттылық

0,603**

0,586**

0,743**

Табандылық

0,293**

0,427**

0,337**

Фиксация

0,269**

-

0,229**

Өзін өзі ұйымдастыру

-

-

-

Осы шаққа бағдарланушылық

0,380**

0,369**

0,469**

Оң қатынастар мақсаттылық (r=0,371**), табандылық (r=0,354**) және осы шаққа бағдарланушылық (r=0,195*) сияқты 3 реттеушілік процестермен оң корреляциялы байланыста. Мақсаттылық – алдына қойған жоспарларды есте сақтау және тұжырымдалған мақсаттарды ұмытпау, туындаған кедергілерді жеңе білу және қиындықтарға тап болған кезде әрі қарай әрекет жасау қабілеті. Табандылық – белгілі бір уақыт аралығында сақталатын мінез-құлық және мақсатқа жету үшін ішкі және сыртқы кедергілерді жеңуге көмектесетін ерікті қасиет. Осы шаққа бағдарланушылық студенттердің психологиялық әл-ауқат сезімін қалыптастыру үшін қолайлы, қазіргі уақытқа назар аудару оптимизммен оң байланысты.


Келесіде, аффективтік және реттеушілік процестердің өзара байланысының корреляциялық плеядасы схемалық түрде көрсетіледі.

Сурет 20 - Студенттердегі аффективтік және реттеушілік процестердің өзара байланысы


Автономия өзін-өзі қабылдау (r=0,201*), мақсаттылық (r=0,464**), табандылық (r=0,337**), фиксация (r=0,169*) және осы шаққа бағдарлану (r=0,312**) сияқты 5 реттеушілік процестермен оң корреляциялы.


Ортаны басқарушылық өзін қадағалау (r=0,405**), жоспар қоя білушілік (r=0,352**), мақсаттылық (r=0,590**), табандылық (r=0,532**) және осы шаққа бағдарланушылық (r=0,351**) сияқты 5 реттеушілік процестермен оң корреляцияға ие.
Тұлғалық өсу 6 оң корреляциялы мынандай реттеушілік процестермен байланысты:
өзін қадағалау (r=0,284**);
жоспар қоя білушілік (r=0,159*);
мақсаттылық (r=0,603**);
табындылық (r=0,293**);
фиксация (r=0,269**) және осы шаққа бағдарланушылық (r=0,380**).
Өмірдегі мақсаткерлік 5 оң корреляциялы реттеушілік процестермен өзін қадағалау (r=0,368**), жоспар қоя білушілік (r=0,339**), мақсаттылық (r=0,586**), табандылық (r=0,427**) және осы шаққа бағдарланушылықпен (r=0,369**) байланысты.
Өзін-өзі қабылдау өзін қадағалау (r=0,338**), жоспар қоя білушілік (r=0,292**), мақсатттылық (r=0,743**), табандылық (r=0,337**), фиксация (r=0,229**) және осы шаққа бағдарланушылық (r=0,469**) сияқты 6 оң корреляциялы реттеушілік процестермен байланыста.
Мотивациялық және реттеушілік процестері бар аффективтік процестердің плеядасын талдау байланыстардың тығыздығын көрсетеді, бұл эмоциялар мотивтер мен реттеушілік механизмдерді толтырады және оларға рең береді.
20-сурет пен 18-кестеден плеяданың ядросын екі аффективтік процесс құрайтынын көруге болады-тұлғалық өсу және өзін-өзі қабылдау, дәл осылардың артуы мен дамуы студенттердің тактикалық жоспарлауы мен стратегиялық мақсат қою дағдыларын, өзін-өзі ұйымдастыру іс-әрекетін құрылымдаудың ерекшеліктерін қалыптастыруға әкеледі.
Маңыздылықтың екінші деңгейінде қоршаған ортаны басқару, өмірдегі мақсаттар және автономия ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет