Кудушева нургайша ахметжановна


Зерттеу әдістері мен әдістемелері



бет9/49
Дата06.10.2024
өлшемі1.32 Mb.
#504360
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49
kudusheva-n-a-phd-s-sp-dorabotka

Зерттеу әдістері мен әдістемелері: Қойылған міндеттерді шешу және зерттеу болжамын тексеру үшін келесі әдістер мен әдістемелер қолданылды:

  • теориялық: зерттеу мәселесі бойынша сұрақтар спектрін көрсететін ғылыми әдебиеттерді талдау, жүйелеу, жалпылау;

  • эмпирикалық деректерді жинау әдістері:

тест әдістері – «Жалпы өзіндік тиімділігі шкаласы» (Р. Шварцер, М. Ерусалем, В. Ромекпен бейімделген нұсқасы); «Өзіндік тиімділік шкаласы» (SES) Шерер, Мэддокс; Дж. Тэнгни, Р. Баумайстер, А.Л. Бунның «Өзін-өзі қадағалаудың қысқаша шкаласы»; Е.Ю. Мандрикованың «Іс-әрекетте өзін-өзі ұйымдастыру» сауалнамасы; «Академиялық мотивация шкаласы» (қысқар. AMШ, ағылшын. The Academic Motivation Scale, қысқ. AMS); К. Риффтің «Психологиялық әл-ауқат шкаласы».
– зерттеу нәтижелерін сапалық талдау және түсіндіру әдістері;
– статистикалық талдау әдістері мен процедуралары – деректерді сандық және сапалық түсіндіруде қолданатын SPSS 23.0 статистикалық пакеті (сипаттамалық статистиканы бағалау, параметрлік емес критерийлер: Манна-Уитнидің U-критерийі, Краскел-Уоллистің H-критерийі, корреляциялық талдау, кластерлік талдау).
Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі мен дәлелділігі қарастырылып отырған мәселенің теориялық негізділігімен, дәлелденген психодиагностикалық әдістерді кешенді қолданумен, зерттеудегі таңдаманың репрезентативтілігімен, математикалық статистика әдістерін пайдаланумен, анықталған факторлар мен заңдылықтарды мазмұнды талдаумен, алынған нәтижелердің басқа авторлардың зерттеу деректерімен арақатынасын бағалаумен, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін апробациялаумен қамтамасыз етілді.
Зерттеу мәселесінің талқылану деңгейі:
А. Бандура ұсынған «өзіндік тиімділік» тұжырымдамасы адамның қазіргі жағдайларда сәтті әрекет ету қабілетін қабылдауы ретінде түсініледі. Ол жеке факторларды, мінез-құлық белсенділігін және қоршаған ортаны өзара анықтау қағидатына негізделген және адамның өмірге әсер ететін оқиғаларды басқару қабілетіне деген сенімі ретінде тұжырымдалады. Ғалым және оның ізбасарлары өзіндік тиімділік қасиеттерін тұжырымдап, оның қалыптасу көздерін анықтап, өзіндік тиімділік мақсатты таңдау, оған жетудегі табандылық, эмоциялар, қиындықтарды жеңу сияқты әртүрлі мотивациялық сипаттамаларға әсер ететінін көрсетті.
Өзіндік тиімділік мәселесі шетелдік ғылымда үлкен қызығушылық тудырды және өзіндік тиімділіктің әр алуан түрлерін зерттеуге байланысты психологиялық ғылыми зерттеулерде көрініс тапты (Дж. Маддукс, М. Шеер, Р. Шварцер), білім беру процесінде өзіндік тиімділікті дамыту мәселелері (Д.Фэйдимэн, Р. Фрэджер, Д. Шанк), өзіне деген сенімділік, табандылық, оптимизм, күресу стратегиялары, бақылау локусы, үйренген дәрменсіздік сияқты жеке құрылымдармен және көріністермен байланыс (М. Ерусалем, Дж. Капрара,
Э. Лангер, Дж. Роттер, М. Селигман, Д. Сервон, С. Хобфолл, Р. Шварцер).
Ресейлік зерттеушілердің еңбектерін талдау да өзіндік тиімділік феноменінің мәнін зерттеуге айтарлықтай көңіл бөлгенін көрсетеді (М.И.Гайдар, Т.О. Гордеева, Т.И. Васильева, Р.Л. Кричевский, Т.Л. Крюкова, А.А. Погорелов және басқалар). Д.А. Леонтьев және оның ізбасарлары өздерінің ғылыми мектебінің шеңберінде өзіндік тиімділікті тұлғалық әлеуеттің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады және оны өзін-өзі реттеудің басқа психологиялық ресурстарымен байланысты зерттейді, мысалы: каузалды бағдарлар, бақылау локусы, табандылық және т.б.
Білім беру саласындағы өзіндік тиімділігін зерттеу пәні оның студенттердің оқу жетістіктеріне, мақсат қоюына, мансаптық өсуіне, жалпы нәтижеге әсерін зерттеумен байланысты мәселелер болып табылады.
Біздің ойымызша, қолда бар ғылыми алғышарттар ЖОО студенттерінің тұлғалық өзіндік тиімділігі мәселелері бойынша зерттеу міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Осыған қатысты тұлғаның жеке қасиеттерінің тиімділігіне өзін-өзі қабылдауын, өзін құрметтеу, өзін ұйымдастыру, өзін-өзі бағалауын және өзіне деген сенімділігін көрсететін тұлғалық өзіндік тиімділігі тұжырымдамасын енгізу маңызды болып көрінеді. Тұлғаның өзіндік тиімділігі студент үшін де, болашақ маман үшін де кәсіби маңызды деп санауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет