ҒАЛЫМДАРДЫ, ӘРІПТЕСТЕРДІ ЕСКЕ АЛУ ПАМЯТИ УЧЕНЫХ, КОЛЛЕГ IN MEMORY OF SCIENTISTS, COLLEAGUES ҚҰБЫҒҰЛ БОЗАЙҰЛЫ ЖАРЫҚБАЕВ (1929-2021) Педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор Қазақстанның педагогика және
психология ғылымдарынң әдісна-
малық-теориялық негізделуіне және
қолданбалы-практикалық бағытта
дамуына зор үлес қосқан танымал
ғалым, екі ғылым саласының да док-
торы, профессор Құбығұл Бозайұлы
Жарықбаев осы жылдың қараша
айында дүниеден өтті. Ғасырға
жуық ғұмырын ғылым мен білімге
арнаған көрнекті ғалым, ұлағатты
ұстаздың өмір жолын өнеге мектебі
деп білеміз. Абыз ақсақалдың отба-
сына, туған-туыстарына, ізін жалғастырып келе
жатқан ғылыми ортаға қайғырып көңіл айтамыз.
Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев 1929 жылы
Ақтөбе облысының Алға ауданында туған.
1951 жылы Қазақ тың С.М. Киров атындағы
мем лекеттік университетінің логика және
психология бөлімін бітір ген соң, оны Қазақ
ССР оқу ми нистр лігі Қызылорданың Н.В. Го-
голь атындағы пединститутына қызметке
жібереді (қазіргі Қор қыт ата атындағы
мемлекеттік уни вер ситеті). 1958-1977 жылдары
Шым кент пединститутының педагогика және
психология кафедрасында қызмет атқарды, 1974
жылдың соңында психология кафедрасының
меңгерушісі болды. 1977 жылдан ҚазМУ-де
доцент, кейін 1980 жылдан бас тап жаңадан
ұйымдастырылған психология кафедрасының
меңгерушісі қызметін абыроймен атқарды.
1961-1967 жылдары М.В. Ломоносов атындағы
университеттің, В.И. Ленин атындағы Мәскеу
мемлекеттік пединститутының психология
кафедраларының аспирантурасында оқыды.
1967 жылы «Қазақстандағы психологиялық
ойпікірлердің дамуы» атты кандидаттық диссер-
тация қорғайды.
Мәскеу жоғары оқу орын да ры ның аспи-
рантурасында оқып жүргенде, сондай-ақ одан
кейінгі кездесулерде ол психология сала сындағы
белгілі ғалымдармен (Б.Г. Ананьев, В.А. Арте-
мов, П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, Н.Ф. Доб-
рынин, Н.И. Жинкин, П.И. Зинчен-
ко, Н.Д. Левитов, А.Н. Леонтьев,
Б.Ф. Ломов, А.Р. Лурия, Н.А. Мен-
чинская, В.С. Мерлин, А.А. Смир-
нов, Б.М. Теплов, О.К. Тихоми-
ров, Д.Б. Эльконин т.б.) жүздесті,
олардың ғылыми ақыл-кеңестерін
тыңдауға мүмкіндік алады.
Ғылыми жетекшісі Ресей Білім
акаде мия сының академигі, пси-
хология ғылымдарының докторы,
профессор Артур Владимирович
Пет ровский болды. 1982 жылы
Киев тің М. Горький атындағы мем лекеттік
педагогикалық институтында «Қазан төңкерісіне
дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой-
пікірлердің дамуы» тақы рыбында докторлық
диссертация қорғайды.
1969-1978 жылдар арасында ол КСРО
Оқу министрлігінің пси хология Ғылыми-
методикалық кеңесінің мүшесі, ал 1983-1991
жылдары КСРО Психологтар қоғамының
Орталық кеңесінің, Одақтық уни вер ситеттердің
психологиялық ғылыми-мето дикалық кеңесінің
мүшесі, 1964 жылдан Қазақстан психологтар
қоғамының төралқа мүшесі.
1983-2003 жылдары Алматы педагогика
университеті жанындағы педагогика мен пси-
хологиядан диссертация қорғайтын мамандан-
ды рылған екі ғылыми Кеңестің мүшесі,
Алматы облыстық «Ұлттық тәлім-тәрбие қауым-
дас тығының» төрағасы (1991), Әл-Фараби атын-
дағы ҚазҰУ жанынан құрылған академик Т.Т. Тә-
жібаев атындағы этнопсихология және этнопеда-
гогика Орталығының директоры (1998) болды.
Қ.Б. Жарықбаев осы кезге дейін философия
және саясаттану факультетіндегі жалпы және
қолданбалы психология кафедрасының профес-
соры болды. Ол 6 монографияның, 54 оқулық
пен оқу құралының және 800-ден астам ғылыми
мақалалардың авторы. Ұстаз, ғалым Құбығұл
Бозайұлы Жарықбаевтың есімі әріптестері мен
шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталады.