76
Білім алушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін квалиметриялық тәсілдер арқылы бағалау
жұмыстары арналған (А.А. Мирошничен-
ко [8], Е.В. Коробейникова [9], А.В. Маль-
цев [10], Д.А. Примеров [11], Н.Б. Фомина
[12], Э.Э. Кожевникова [13], В.В. Юшкова [14]
және т.б.). А.А. Мирошниченко өз еңбегінде
болашақ мұғалімдерді квалиметриялық даяр-
лау кезеңдерін бөліп көрсетеді (Мирошничен-
ко, 2017: 114) [8]. Жоғарыда аталған авторлар
жалпы білім
беру мекемелері басшыларының,
педагогтердің, білім алушылардың және т.б.
квалиметриялық құзыреттілігін қалыптастыруды
қарастырады. «Квалиметриялық құзыреттілік»
пен «квалиметриялық құзырет» ұғымдарының
беретін мағынасы туралы бірыңғай пікірдің
жоқтығын атап өткен жөн. Ғалымдар өз ең-
бектерінде оларды кейде синоним ретінде түсін-
діреді. Болашақ педагогтердің квалиметриялық
құзыреттілігі олардың педагогикалық қызметін-
де квалиметриялық әдістерді сәтті қолдану үшін
қажет жинаған білімдерінің, дағдыларының,
машықтарының және практикалық тәжірибесінің
жиынтығы ретінде түсіндіріледі (Коробей-
никова, 2007: 56) [9]. Педагогикалық жоғары
оқу орны студенттерінің квалиметриялық
құзыреттілігі
деп квалиметриялық білімді,
дағ дыларды, машықтарды және тұлғалық
қасиеттерін болашақ кәсіби-педагогикалық
қыз метінде табысты қолдану қабілетін атай-
мыз (Юшкова, 2012: 89) [14]. Зерттеушілер
тұлғаның құзыреттеріне білім, дағды, машықты
жатқызғанымен, мүдде, зейін, құндылықтар,
эмоциялар, рефлексивті ойлау және т.б. сияқты
адамның тұлғалық психологиялық сипаттама-
ларын ескермейді. Квалиметриялық бағалау
құзыреттерінің мазмұнында бағалау мен
өлшеу саласындағы білім мен дағдыларды ғана
емес, сонымен
бірге адамның қабілеттерін,
оның құлшынысын, көзқарасын, ерік-жігерін,
құндылықтары мен басқа да тұлғалық жеке
қасиеттерін де қарастырған жөн. Бұл мәселені,
біріншіден, квалиметриялық бағалау құзыретінің
қалыптасуына негіз болатын психикалық
қасиет (түйсік, қабылдау, темперамент және
т.б.) пен тұлғаның
сапасын дамытатын орта-
ны арнайы ұйымдастыру арқылы, екіншіден,
«квалиметриялық бағалау құзыреті» ұғымын
енгізу арқылы шешуге болады деп санаймыз
(Панюшкина, 2019: 203) [15].
Бұны адам психикасының жеті саласының
(зияткерлік, ынталандыру, эмоционалдық, ерік-
жігері, пәндік-практикалық, өзін-өзі реттеу және
экзистенциалды сала) сипаттамасы кіретін жеке
тұлға тұжырымдамасының (Гребенюк, 2000: 48)
[16] аясында қарастыра аламыз. Бағалау үдерісіне
психикалық саланың барлық компоненті
қатысады, демек бағалауға қатысатын қажетті
психикалық салалардың компоненттерін дамыту
квалиметриялық бағалау құзыретінің дамуына
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: