Куәлік №16507-Ж. Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) иб №15211


қойылған болса, әр бөлімнен соң қорытынды  сұрақтарға жауап алынып отырды. Бөлімнен  кейінгі сұрақтар мынадай



Pdf көрінісі
бет90/174
Дата21.10.2023
өлшемі3.54 Mb.
#481329
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   174
vestnik-pedagogika-4-69-2021-dlya-sajta

 
қойылған болса, әр бөлімнен соң қорытынды 
сұрақтарға жауап алынып отырды. Бөлімнен 
кейінгі сұрақтар мынадай:
 
1. Бөлімнің оқу материалдары теориялық 
және практикалық оқу нәтижелерін алуға бағыт -
талған ба? Өз пікіріңізді қысқаша баяндаңыз. 
2. Бөлімнің мәтіндері мен тапсырмала-
ры оқу сауаттылығын қалыптастырудың қай 
деңгейіне жатады? 
3. Бөлімнің мәтіндері мен тапсырмалары 
ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалып-
тастырудың қай деңгейіне жатады? 
4. Оқулықтың баяндау тілі мен лексикасы 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келе ме? 
5. Денсаулық сақтау қағидасы бұзылмай 
ма? Егер иә десеңіз, онда қай тақырыптарда 
және қалай? 
Сауалнамаға қатысқан мұғалім-респондент -
тердің берген жауаптарының нәтижесінің 
көрсеткіші келесідей болды: оқулық сапасына 
жоғары баға берген мұғалім саны – 35 % (өте 
жақсы); жақсы деген баға берген мұғалім саны – 
47 %; қанағаттанарлық баға берген мұғалім саны 
– 18 %. Пән мұғалімдерінің сауалнамаға жауабы 
практик маман ретіндегі объективті пікір мен 
нақты ұсыныстарды қамтыды. Оқыту бағыттары 
бойынша сауаттылықты қалыптастыруға бай-
ланысты жауаптар оқулықтардағы белгілі бір 
сабақ бойынша кемшіліктерді айқындауға мүм-
кіндік берді. Пәнаралық байланыс ұстаны мын-
дағы кем тұстар да осы жерде көрініс берді. 
Мұғалімдер ең алдымен жаңартылған білім беру 
бағдарламасы бойынша дайындалған оқулық-
тардағы оқу материалдарының берілу сапасы-
на, тапсырмалардың мөлшеріне, тақырыпқа 
қа тысты қызықты деректер мен ақпараттарға 
көп көңіл аударғандары байқалды. Білім беру 
үдерісіндегі басты тұлға ретінде пән мұға-
лімдері оқулық сапасына қойылатын біз айқын-
дап көрсеткен критерийлердің негізділігін өз 
ойлары мен пікірлері арқылы дәлелдеп шықты. 
Атап айтқанда, оқулық мазмұнындағы терми но-
логиялық кемшіліктер, орфографиялық, пунктуа-
циялық, грамматикалық, стильдік қателіктер, 
Блум таксономиясының жоғары сатыларын (жи-
нақ тау және бағалау) меңгеруге ықпал ететін 
тап сыр малардың аздығы, т.б. сияқты елеулі 
кем шіліктерді көрсетті. Бұл өз кезегінде оқулық 
са пасына қойылатын критерийлер мазмұнын 
жетілдіре түсуді қажет ететіндігін айқындап 
берді.


90
Мектеп оқулықтарының сапасын анықтаудағы апробация критерийлері
Осы бағыттағы жұмыстар ата-аналармен де 
жүргізілді. Оқушының білім сапасын қадағалау 
әрі ол білімді практикада қолдану тәжірибесіне 
тікелей араласатын ата-аналардың оқулық тура-
лы пікірі басқа респонденттерден бірде бір кем 
емес.
Оларға арналған сауалнама:
1. Сіздің ойыңызша, оқулықтағы мәтіндер 
мен жаттығулар балаңызды қызықтыра алды ма? 
Оны әрі қарай білім алуға ынталандыра алды 
ма? Өз пікіріңізді жазуыңызды өтінеміз.
2. Балаңыз Сізбен бірге қандай да бір 
тақырыпты талқылап, алған білімі және 
әсерлерімен бөлісті ме? Немесе сабақтағы 
қиындықтар туралы Сізге айтты ма?
3. Сіздің ойыңызша, қандай тапсырмалар 
мен мәтіндер өмірлік тәжірибеге негізделген, 
яғни бала оларды өмірде қолдана ала ма?
4. Сабақ материалдарының басқа пәндердің 
оқу материалдарымен байланысы бар ма? Олар 
баланың ой-өрісін кеңейтуге қалай ықпал етеді? 
5. Заманауи білім берудің міндеттерінің бірі 
– оқу сауаттылығын қалыптастыру. Бала мәтінді 
түсініп қана қоймай, мақсатына жету үшін, 
білімі мен мүмкіндіктерін арттыру, әлеуметтік 
өмірге араласу үшін мәтіндегі ақпаратты пай-
далана білуі керек. Сабақ материалдары оқу 
сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ете ме 
және ол қандай деңгейде?
6. Сабақтың материалдары математикалық 
сауаттылықты қалыптастыруға бағытталуы 
керек. Яғни құбылыстарды сипаттау және 
түсіндіру үшін математикалық құралдарды 
пайдалануға, математиканы өмірге қатысты 
әртүрлі жағдайларда қолдануға үйрету керек. 
Бала оқулықта берілген кестелерден, график-
терден, диаграммалардан қажетті ақпаратты 
ала алады ма? Жалпы, оқулық материалдары 
математикалық сауаттылықты қалыптастыруға 
қалай ықпал етеді?
7. PISA талаптарына сәйкес баланың жа-
ратылыстану сауаттылығы да жоғары болу 
керек. Оқушы қоршаған әлемнің процестері 
мен құбылыстарын дұрыс түсініп, берілген 
ақпаратты талдап, қорытынды жасауды білуі 
керек. Сабақ материалдары жаратылыстану 
сауаттылығын қандай деңгейде қалыптастырады 
деп ойлайсыз?
8. Оқулық құндылықтарға бағыттау және 
тәрбиелік қызметін жеткілікті түрде жүзеге 
асырады ма? Рухани-адамгершілік, патриоттық 
және жағымды жеке қасиеттерді қалыптастыруға 
қатысты Сіздің пікіріңізді білгіміз келеді – деген 
мазмұнда болды.
Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың бер-
ген жауаптарының нәтижесінің көрсеткіші 
келесідей болды: оқулық сапасына жоғары баға 
берген ата-аналар саны – 38 % (өте жақсы); 
жақсы деген баға берген мұғалім саны – 28 %; 
қанағаттанарлық баға берген мұғалім саны 
– 34 %. Ата-аналардың пікірі оқушылар мен 
мұғалімдердің пікір, ұсыныстарынан аса алшақ 
болмағанмен, олардың өз балаларының әр пән 
бойынша қандай жетістігі мен кемшілігі ба-
рын толық білетіндігі байқалды. Дегенмен
басқа респонденттерге қарағанда, ата-аналар 
сауалнамасының нәтижесі аздаған қарама-
қайшылықты көрсетті. Респонденттердің негізгі 
екі тобы «өте жақсы» және «қанағаттанарлық» 
деген нәтиже көрсетуі осыны дәлелдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет