Курбанбеков бакытжан алимханович



Pdf көрінісі
бет11/40
Дата16.11.2022
өлшемі3.46 Mb.
#465003
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
sajt-kurbanbekov-dissertacija-2021-30.04.2021-sajt

Болашақ физика мұғалімдерін кәсіби педагогикалық даярлау бойынша 
бірқатар отандық ғалымдардың еңбектеріне талқыланған. Раманкулов Ш.Ж. 
ӛзінің «Білімді ақпараттандыру жағдайында болашақ физика мұғалімдеріне 
«Оптика» пәнін оқыту әдістемесін дамыту» атты зерттеу жұмысында 
«Физикалық эксперимент – оқытудың ең нәтижелі, әсерлі әдістерінің бірі 
болып есептелінеді, қазіргі уақытта ЖОО-да компьютерлер жеткілікті 
болғандықтан демонстрациялық экспериментте компьютердің пайдаланылу 
мүмкіндігі күрделі техникалық қиындықтардан тұрмайды»-деп Физикалық 
эксперимент және оны ұйымдастыру кезіндегі компьютердің ролін кӛрсеткен 
[81].
Усембаева И.Б. «Болашақ физика мұғалімдерін даярлауда «Электр және 
магнетизм» пәнін оқытудың қолданбалы бағдарлылығын АКТ арқылы 
арттыру» атты зерттеу жұмысы бойынша «АКТ-ның бағдарламалық 
құраушысының бірі – қолданбалы физика бойынша оқу ресурстарында 
«виртуалдық ақиқат» ортасы (интерактивті модельдер (соның ішінде 3D-
модельдер), жаттықтырғыштар, интерактивті конструкторлар, виртуалды 
лабораториялар және т.б. бар болуы маңызды [82]. 
Уалиханова Б.С. «Медициналық жоғары оқу орнында физиканы кәсіби 
бағытта оқытудың әдістемесі» атты зерттеу жұмысында физика пәнін оқытуда 
физикалық экспериментің маңыздылығын және оны ұйымдастырудың 
алгоритмін 1) Эксперимент мақсатын қоя алу; 2) Гипотезаны құру мен негіздей 
алу; 3) Гипотезаны тексеру тәсілдерін ұсына алу; 4) Физикалық экспериментті 
жоспарлай алу-деп кӛрсеткен [83]. 
Оспанбеков Е. А. «Атомдық және ядролық физика» курсын орта мектепте 
оқытуға мұғалімдерді даярлаудың әдістемелік негіздері» атты зерттеу 
жұмысында «Педагогикалық жоғары оқу орындарында физикалық құбылыстар 
мен процестерді, оның ішінде атомдық және ядролық физика бойынша 
құбылыстар мен процестерді оқытуда кӛңіл аударарлық факторлардың бірі – 
білім алушыларға құбылыстардың компьютерлік модельдерін құра білуді, 
оларды сабақта қолдана білуді үйрету»-деп Физиканы оқытудағы модельдеу 
әдісінің мәнін түсіндіреді [84]. 
Ақжолова Ә.Ә. ӛзінің зерттеу жұмысында физикалық оқу экспериментін 
ұйымдастыруда 
виртуалдық 
физикалық 
практикумдарды 
қолданудың 
артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып ӛткен [85]. 
Битибаева Ж.М. зерттеу жұмысында физика пәнін оқыту үдерісінде білім 
алушылардың зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыру – негізі физикалық 
эксперимент болып табылатын эмперикалық деңгейде тиімді әрі мүмкін болады 
деп кӛрсеткен[86]. 
Университетте болашақ физика мұғалімдеріне кәсіби педагогикалық білім 
беруді сәтті жүзеге асыру үшін білім берудің мақсаттарын ғана анықтап қоймай 
оның мазмұнын, оған қойылатын ғылыми талаптарды егжей-тегжейлі түсініп, 
оны жетілдіру жолдарын ұсына білу қажет. Кәсіби педагогикалық білім беру 


19 
мазмұны деп болашақ физика пәні мұғалімі оқыту үдерісінде меңгеруі тиіс 
ғылыми білім, практикалық дағдылар, жеке және кәсіби маңызды қасиеттер 
жүйесін түсінеміз. 
Ресей ғалымы И.М.Агибованың кӛзқарасы бойынша болашақ физика пәні 
мұғалімі үшін қажетті негізгі құзыреттіліктер: конструктивті, шығармашылық, 
гностикалық, 
ұйымдастырушылық, 
болжамдық, 
коммуникативті, 
аналитикалық, 
проективтік, 
ақпараттық. 
Арнайы 
құзыреттіліктер: 
эксперименттік, оқушылардың эксперименттік дағдыларын қалыптастыру, 
физикалық мәселелерді шешу, оқушыларды физикалық мәселелерді шешуге 
үйрету, білім алушылардың техникалық шығармашылығы, физика кабинетін 
жинақтау және т. б[87]. 
«Білім алушылардың техникалық шығармашылығы» түсінігін анықтауға 
педагогикалық және психологиялық деп бӛліп қарастыруға болатын екі 
кӛзқарас бар. Педагогтар білім алушылардың техникалық шығармашылығын 
тек қана білім алушыларды әр түрлі техника әлемімен таныстыруға, қабілетін 
дамытуға бағытталған қызмет түрінде ғана емес сондай-ақ еңбекке тәрбиелеу 
мен политехникалық білім берудің тиімді тәсілдері ретінде қарастырады. 
Психологтар білім алушылардың техникалық шығармашылығына білім 
алушыларда белгілі шығармашылық түрінің, қабілетінің ӛз уақытында пайда 
болуына кӛбірек зейін аударады, оларда қалыптасу мен даму жүйелілігін 
анықтайды.
Б.Т.Ортаев 
ӛз 
еңбегінде 
«білім 
алушылардың 
техникалық 
шығармашылығы - нәтижесінде пайдалы және жаңалықтың белгілері бар 
материалдық объектілерді әзірлеуде білім алушылардың шығармашылық 
қабілетін дамыту мен оқытудың мақсатты бағытталған процесі, тәрбиелеудің 
тиімді құралы»-деп кӛрсетті. Психологиялық-педагогикалық талдау жасау және 
тәжірибе, техникалық, шығармашылық бәрінен бұрын білім алушылардың 
техникалық ойлауы үшін ыңғайлы жағдай жасайды деген қорытынды жасауға 
мүкіндік береді [88].
Білім алушылардың техникалық шығармашылығы физика сабақтарында 
ұйымдастырылатын тәжірибелерге қажетті құрал жабдықтарды таңдағанда, 
істен шыққан құралдардың ақауын жою мәселесі туындағанда т.б. мәселелерде 
ӛз жемісін кӛрсететінін физикалық тәжірибе ұғымын қарастыру барысында кӛз 
жеткізуге болады.
Физикалық тәжірибе арқылы физикалық құбылыстар және осы 
құбылыстарды сипаттайтын физикалық шамалардың бір-біріне тәуелділігі 
зерттеледі. Физикалық тәжірибе (эксперимент) ұғымы туралы деректер 
кӛптеген шетелдік және отандық ғалымдар еңбектерінде жарық кӛрген.
Б.Е. Акитай ―оқу эксперименті деп арнаулы құрал-жабдықтардың 
кӛмегімен сабақта физикалық құбылысты немесе заңдылықты қайтадан кӛз 
алдына әкелу. Сондықтан да ол бір мезгілде білім берудің кӛзі, оқыту әдісі әрі 
кӛрнекілік болып табылады‖-деп кӛрсетеді [36, б. 36].
Ғ.К. Жүсіпқалиева, ―Арнаулы құралдардың жәрдемімен физикалық 
процестерді демонстрациялап кӛрсету және оқушылардың ӛздерінің істеп, 


20 
зерттеп, бақылауы физикалық оқу эксперименті деп аталады. Ол фазиканы 
оқытудағы ең негізгі кӛрнекі құрал болып саналады, себебі оны пайдаланудың 
нәтижесінде физикалық ұғымдар (үдеу, ӛріс, жарық дисперсиясы т.б.) 
қалыптастырылады, құбылыстар арасындағы ӛзара байланыстар (күш пен 
масса, ток күші мен кедергі, жылудың механикалық эквиваленті т.б.) 
тағайындалады, физикалық заңдар (Ньютон, Ом заңдары т.б.) тексеріледі‖-деп 
тәжірибенің теорияны практикада тексеру екенін меңзейді [90, б. 158-159]. Бұл 
ғалымдардың еңбектеріндегі физикалық тәжірибеге берген анықтамаларынан 
кӛретініміз физикалық тәжірибені ұйымдастырған зерттеушінің тәжірибе 
жүргізу сапасына қарай ӛз білімін практикада қалай қолданатынын бағалауға 
болады.
Сонымен, физикалық тәжірибе дегеніміз физикалық шамалардың бір-
біріне тәуелділігін бақылау немесе зерттеу мақсатында арнайы құрал-
жабдықтардың көмегімен осы шамалар сипаттап тұрған құбылыстың пайда 
болуына жағдай жасау деп қорытындылауға болады. 
Мектептегі физика пәнін оқыту үдерісінде физикалық тәжірибенің алатын 
орын ерекше екені кӛптеген ғалымдардың еңбектерінде кӛрініс тапқан. 
М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов ӛздерінің еңбектерінде физика сабақтарын 
демонстрациялық 
тәжірибелерсіз 
ӛткізуге 
болмайтынын 
және 
демонстрациялық тәжірибелерсіз сабақты түсіндіру жарық спектрінің түрлі 
түстерін соқыр адамға түсіндірумен бара-бар деп кӛрсеткен [3, б. 45]. Сонымен 
қатар Б.Е.Акитай «Мектеп физика курсындағы эксперимент – бұл физика 
ғылымына тән, зерттеудің ғылыми әдісінің кӛрінісі. Физикалық экспериментті 
негізге алып құбылыстарды оқып үйрену – оқушылардың ғылыми 
кӛзқарасының қалыптасуын, физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек 
меңгеруін, мектеп оқушыларының пәнді оқып-үйренуде қызығушылығын 
арттыруға, және ӛлшеу икемділіктері мен дағдыларын меңгеруге септігін 
тигізеді» деп кӛрсеткен [89, б. 36]. Сондықтан болашақ физика пәні мұғалімі 
мектепке мұғалім болып барғанда әр түрлі мақсаттағы тәжірибелерді 
ұйымдастыра алатын тәжірибелік дайындығы болуы қажет.
Арнайы педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді және диссертациялық 
зерттеулерді талдай келіп, болашақ физика мұғалімдерінің тәжірибелік 
дайындығы ұғымына толық сараптама талдау жасадық.
Біздің зерттеуімізде, болашақ физика мұғалімдерінің тәжірибелік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет